Тақырып. Табиғатқа экскурсия ұйымдастыруға берілген нұсқау

Жоспар:

1. Арнайы мектеп оқушыларының табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру

2. Арнайы мектепте жүргізілетін экскурсияның ерекшеліктері

3. Бақылауды тірі табиғат бұрыштарында ұйымдастыру

Жылдың барлық мезгілі әдемі, барлық өмір құбылыстарының өзіндік құпия заңдылықтары бар: көктемдегі нәзіктік, күзгі әдемі түстер, қыстағы жауған қар астындағы тыныштық және жаздағы әр түрлі өнімдердің жаппай пісуі, зердесі бұзылған оқушыларға барлық тіршіліктің дамуы мен өсуінің заңдылығы оның сыртқы ортаның мезгілдік факторына тәуелділігін міндетті түрде арнайы көрсету қажет.

Бұндай жағдайда табиғатқа экскурсияның ұййымдастырудың үлкен маңызы бар. Педагогикалық уақытты үнемдей отырып, табиғатқа деген тұракты танымдық қызметті және табиғатты эстетикалық кабылдау негізінде калыптастырады.

Акыл-ойы дамымаған балалармен табиғатты бакылауды қыркүйектен бастайды, педагог балалар көңілін ауа райының не жаман немесе жақсы екеніне емес, ауа райының әр түрлі болатынын аударады. Бұл үшін ол балалар көңілін аспан түсіне, бұлттың, желдің барлығына, күннің суык немесе салкын екеніне аударады. Педагог төртінші сынып окушыларының танымдык кызметін жандандыруға арналган сұрактар кояды: Аспан түсі кандай? Бұлт бар ма? Олар көп немесе аз ба? Күн кайда тұр? Жел бар ма? Педагог окушылар көңілін келесіге аударады:

Адамдардың киіміне карап, далада күннің суык немесе жылы екенін аныктауга болады. Күн суыган сайын адамдар жылы киіне бастайды. Сонымен катар жылы және суық сөздері тұрмыста әр түрлі максатта пайдаланылады, сондыктан олардың ауа райының температурасының дәл көрінісін бермейтінін ұмытпаган жөн.

Жылы және суык сөздерінің мәндерін ерекшелеп, оларды балалардың киім түрімен байланыстыру керек, ыстык — балалар шолак шалбар, жұка кеудеше, жеңіл көйлек, белдемше киеді; жылы — көйлектің үстінен кеудеше киеді; салкын — ұл балалар шалбар, кыз балалар ұзын шаш көптеген балалар күртеше, бөрік киеді; суық— күртешенің жылы киінеді, жылы көйлек, белдемше және шалбар; аяз — барлығы жылы пальто, тон, дока және жүннен тоқылған бөрік, жылы етік, колғап киеді.

Педагог келесі экскурсияда окушылар зейінін мына жагдайларға аударады: бұлттар аз немесе аспанды тұтас жапкан, олар бір орында тұр немесе жүзіп жүр; бұлттардың түсі ак, сұр немесе кара; қатты немесе самал жел, желдің соғу багыты кандай; жаңбыр суык, ірі тамшылары.

Күздің жылы күні педагог балаларды ағаш түбіне жинап, жан-жағына карауды ұсынады, бірақ бұрынғыдай аспанға емес, жерге карап ауа райын аныктайды. Бұндай әдіс окушылардын байкаушылығын қабілетін, белсенділігін арттыруға көмектеседі: олар күн сәулесінің шөпке, жолға, түсетінін, заттардың көлеңкесін (ашық күні), желдің барлығын (бұтақ көлеңкесі қозғалады), жаңбырдың болғанын байқайды. Егер көлеңке жоқ болса, жерге түскен күн сәулесі өзгереді, педагог балалардан не болғанын сұрайды (бұлт күн көзін жабады), бірақ бұндай жағдайда балалардан аспанға қарамай, ойлап табуын өтінеді.

Балаларды біртіндеп өлі табиғаттың сан алуан құбылыстарын, ауа райын өздері бақылай білулеріне үйретеді: бұлттардың пішніні әр түрлі, олар жоғары, төмен орналасады, жел суық, жел қатты болады және т.б.

Балалар экскурсия кезінде жылдың әр түрлі мезгіліндегі өсімдік пен жануарлар, адамдардың еңбегі туралы түсініктерді меңгеруге міндетті. Педагог бұл міндетті шешу мақсатында мектеп жанындағы өлкедегі өсімдіктерді қарауды, жәндіктер мен құстар өмірін бақылауды ұйымдастырады.

Педагог табиғатты бақылаумен қатар, оқушыларды адамдардың мезгілдік еңбектерімен таныстыру шараларын арнайы жоспарлайды. Балалардың көптеген адамдардың қызметі қоршаған табиғатпен байланысты болатынын түсінгені манызды. Ауыл адамдары бақ пен егіс- тіктерді өңдейді, орманшылар орманды бақылайды. Қалада ағаш, гүл отырғызып, саябақтарды жөндейді. Бұл адамдардың жұмыстары белгілі бір мезгілге байланысты, өзінің уақыты және мақсаты болады.

Педагогтың ұйымдастырған экскурсиялары ақыл-ойы дамымаған балаларда табиғатпен эмоциялық қатынастың пайда болуына көмектеседі.

Бұл үшін негізгі уақыттың бәрін міндетті қызметпен (әңгіме, ойын, ұжымдық тапсырмалар) аяқтамай, баланың табиғатпен жеке қатысы үшін де сәл уақыт бөлу керек. Өз бетімен еркін жүрсін, өзіне қызықты бір нәрсе тауып, құстардын әнін немесе өзен суының сылдырын тыңдап, тіпті жан-жағына қарасын. Педагог балаларды қоршаған табиғатты эмоциялық бағалауға, әңгімелерінің әсерлі, мазмұнды болуына үйретеді.

Табиғатпен әрбір таныстыкты балалардың шыгармашылығын дамытуға арналған сабакка айналдырады. Табиғат өзінің сан алуандығымен балаға эмоциялык әсер етіп, оны табиғатты тереңірек талуға деген кызығушы- лығын оятады. Мысалы, кар ерісімен, балаларға жасыл шөпті табуды ұсынады. Күн жылығанда, алғашкы көктем гүлдерін табу үшін, орман, саябакка барады. Оларды караған кезде, педагог сайдағы кардың еріп бітпегенін, бірак ағаш түптерінде ак және көгілдір жауказындардың өсіп шыкканы туралы әңгімелейді.

Алғашкы көктемгі гүлдермен кездескенде балаларға гүлдерді жұлуға, таптауға болмайтынын ескертеді.

Балаларға жұмбактар шешкізуге болады:

Қар астында қыстады, Ақпен бөркін тастады.

Көктеммен танысканда, педагог кішігірім әңгімелерді пайдалана алады.

"Көктемде" әңгімесі

Күндей күліп көктем келді! Сен көрдің бе? Ағаштардың бұтағында көк бүршіктер пайда болды. Кейін ол бізге сая болады. Көктем жыл көркі деген осы емес пе? Айнала кандай көркем! Көбелек куған балалар. Алтын түсті аралар ызыңдап жүр. Алыстан сайраған бұлбұл мен өз атын өзі шакырған көкектің дауысы естіледі.

Бағбандар жеміс ағаштарының артык бұтактарын кесті. Балалар ағаш түбін актады.

Экскурсия кезінде өгей шөппен таныстырады.

Педагог өгей шөптің пайдасы, адамдар оны жөтелге карсы дәрі ретінде қолдану үшін кептіреді, содан кейін одан тұнба жасалады. Көктемде тамырларын закымдамай, өте ұкыптылыкпен жапырактарын кесіп алып, кептіріп, дәріханаға тапсыруға болады.

Экскурсияда, сабактардағы жүретін өсімдік өмірімен таныстык, табиғат бұрышында өтетін сабақтармен үйлесе өткізілу керек. Барлық бақылаулар Бакылау күнделігінде, табиғат, ауа райы күн тізбесінде тіркелуі қажет.

Жаз бен күзде, акыл-ойы дамымаған балалардың білімдерін бекітуге көмектесетін гербарий жинауға болады.

Экскурсия кезінде экологиялық тәрбиелік міндеттер де шешіледі: балаларды гүл, ағаш, бұталарға және коршаған өмір тіршілігіне ұкыптылықпен карауға, құстар мен жануарларға қамқор болып, қоршаған табиғат сұлулығын көре білуге үйрету.

Бақылауды тірі табиғат бұрышында ұйымдастыру

Әрбір мектеп мекемесінде өсімдік және кейбір жануарлар болатын тірі табиғат бұрышы бар. Бұл педагогтарға экологиялық тәрбие міндеттерін шешуге, тіршілікке ұқыптылықпен карау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

Бұндай міндеттер негізінен сабақтан тыс уақыттарда орындалады, бірақ ол жерде жиналған білімді нақтылау, жалпылау және жүйелеу бүгін арнайы сабақтарды ұйымдастыруға болады. Бұл сабақтарды өткізудің бірнеше кезеңін ерекшелеуге болады.

Бірінші кезең (дайындық)

Оньң мақсаты — ақыл-ойы дамымаған балаларды тірі объектілерді бақылауға, оған қызығушылық туғызуға, сол сияқты осы объект туралы балалардың түсінігін нақтылауға дайындау. Бұнда иллюстрацияларды, және бейнефильмдерді көрсетеді, кітап оқып және тірі табиғат бұрышындағы жұмыстарды орындайды және т.б. Сонымен бөлме өсімдіктерімен таныстыру сабақтарың өтерде педагог табиғат мүсісіне баруды ұйымдастырады: гүлдеп тұрған өсімдіктің әдемілігіне балалардың зейінін аударып, олардың күтімі туралы әңгімелеп, өсімдіктерді суаруды ұсынады.

Екінші кезең (бақылауды бастау)

Оның мақсаты — балалардың көңілін объектілерге аударып, оларға деген кызығушылықты туғызу. Сабактар біркелкі, көңілсіз басталмауы керек. Сабактың алғашқы минутынан бастап-ак эмоциялык көңіл-күй, куанып сезімін тудыру кажет. Сондыктан педагог осы кезеңде балаларды жұмбактармен, қыска өлеңдермен, проблемалы жагдайлармен кызыктыруға тырысады.

Үшінші кезең (негізгі)

Оны шартты түрде бірнеше бөлікке бөлуге болады. Бірінші бөлігі — объектіні бүтіндей бакылау. Оның максаты — объектіге жағымды қатынас туғызу. Өзінің әсерлерімен бөлісу сезімін туғызу. Бұл кез, әсіресе зейіні тұраксыз акыл-ойы дамымаған балалар үшін маңызды. Мысалы, педагог балаларды үй қоянымен таныстырады, ол қоянды әрбір балаға жакындатады, оны сипауды және қарауды ұсынады. Балалар бұған өте куанады, олар үй қоянын қашан, қайда көргенін және оны немен қоректенетінін естеріне түсіре бастайды.

Жануарға кайырымды катынас, кызығушылық, жақсы эмоциялық әсер, бақылауды ары қарай жалғастыру және объектінің сыртқы ерекшеліктері, коректенуі мен баска да түсініктерді қалыптгастыруды көздеген екінші бөлікке өтуге негіз болады. Бұл бөлікте оқытудың тиімді тәсілдерін, әдістерін қолдана отырып, балалардың кызметін қажетті білімге өздерінің қолы жететіндей етіп ұйымдастыру керек.

Балалардьщ ойлау қызметін жандандыруға арналған сұрақтарды алдын-ала дайындауға болады, мысалы:

Тоты құс неге кертеден кұламайды?

Атжалман жеуге қорек тапқанда, не істейді?

Баска да проблемалы жағдайларды ұсынуға болады.

Мысалы, педагог сабакта мысықтың не жейтінін, ішетінін айтпай, мысықтың алдына сүт, су, ет, балық және т.б. салынған ыдыстарды кояды. Балалар бақылай отырып, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Ақыл-ойы дамымаган балаларға жануарлардың өздеріне тамак іздеуін бакылау, иіс сезу сезімдерінің маңызын көрсету үшін, педагог түсі бірдей калталарға әр түрлі тамак салады, олардың аузын жауып, мысыктың алдына кояды. Балалар мысықтың алдымен калталарды иіскелеп, бірін тырнағымен жыртып, етті жегенін бакылайды. Олар мысыктың етті иісіне карай тауып алғанын бакылап, корытындылайды.

Тағы да бір мысал келтірейік:

Педагог балалардың зейінін тоты кұстың көру кызметіне аудару үшін, ол тоты кұстың торына ашык түсті коңырау іліп, кұсты бакылауды ұсынады. Тоты құс басына жан-жағына бұра, ілінген затты қарай бастайды.

Тоты құс карағанда неге басын бұрады? — деп сұрайды. Балалар құстың көзі басының екі жағына орналаскандықтан, олар басын бұрып карайтынын айтып өздері корытындылауы керек. Балаларға объектіні "тексеруді": жануарлардың денесінің немен жабылғанын білу үшін сипауға, каттылығын білу үшін тасбаканың аркасын сипау сияқты жануарлардың кейбір дене мүшелеріне қол тигізуге болады.

Кейбір сабақтарда бұндай тәсілдерді (мысалы, құстар немесе балық) пайдалануға болмайды. Балаларға зерттелетін тіршілік иесінің сыртқы жамылғысының нақты түсінігін беру үшін, тексеру, карау үщін құстың жүнін, балыктың қабыршағын алдын-ала дайындап қойған дұрыс.

Жануарларды қарауды жоспарлы түрде жүргізеді: алдымен балалардың көңілін жануардың денесіне, содан кейін басына, аяғына және құйрығына аударады. Бұндай бақылау әдісін мысықты, кірпіні қарағанда пайдаланады. Егер жануардың сыртқы түрі қызық, ерекше болса, таныстықты сол ерекшелігінен бастаған жөн. Мысалы, балаларды тиінмен таныстырғанда, балалар көңілін бірден оның құйрығына; қоянның құлағына аударады. Өсімдікпен таныстырғанда, оның ашық түсті бөлігінен (гүл) бастаған дұрыс, егер гүлі болмаса, ең ірі, ашық түсті жапырағы немесе сабағынан бастайды.

Объектінің ерекше белгілерін бергенде, көркем сөздерді пайдалануға болады. Мысалы, балаларға жұмбак беріледі:

Далада жур шапқылап, Керемет тым саққулақ.

Тек есектен басқада, Оған асар жоқ құлақ.

Балалар жұмбақты шешкен соң, педагог: Қоянның кұлағы кандай? Қоянның жөні калай? —деп сұрайды. Балалар үй коянының кұлағының ұзын екенін, жүнінің жұмсақ екенін айтады.

Егер акыл-ойы дамымаған балалар оларды өздері тамақтандырса жануардың нені және калай жейтінін, жаксы меңгереді (мұғалім сабакка аш коянды алып келеді). Балалар оны бақылағаннан кейін дұрыс жауап береді (Қоян тамақты калай жейді? Бұл кезде қандай дыбыс естіледі?). Көргендерін өздері қорытындылайды: Қоян көкөністі мүжиді, оның тісі өткір. Сабактың үшіінші бөлігі корытындылауға арналған. Балалар өз көргендері мен білімдеріне сүйене отырып, өз бетімен корытындылай алады. Мысалы, мұғалім сабак соңында балаларға әр түрлі сұрактар қояды: Қоянды кеміргіш жануар деп атауға бола ма? Неге? Тағы да қандай кеміргіш жануарларды білесің? Біз неге бұл жануарларды кеміргіштер деп атаймыз?

Сабақтың төртінші бөлігі — соңғы бөлік. Оның мақсаты — жалпы қорытындылау. Бұл бөлімде бұрынғы айтылғандарды кайталамай, екі, үш сұрақты бере отырып, сабақты балалардың өздері аяқтауына мүмкіндік туғызады. Мысалы: "Қоян сендерге неге ұнады?", "Тиін туралы кандай қызық жағдайларды білдің?", Үй өсімдіктерін неге үйде өсіреді?".

Сабақта бұл бөлігінде балалардың өз бетімен бақылауды жалғастыруларына жағдай туғызу керек (егер объект табиғат мүсінінде болса). Мысалы, жануар кандай жемді ұнатады, тәуліктің кай мезгілінде белсенділік көрсетеді.

Табиғат мүсісінде бакылауды ұйымдастыруда келесі жағдайлар маңызды:

Білімді тек сөз аркылы ғана емес, көріп кабылдауға да жағдай туғызу. Сұрактар мен кыска түсініктемелер олардын көргендерін атауға итермелейді, осыған байланысты келесі талаптар туындайды.

Әрбір накты бакылауда бакыланатын объектінің (аквариум, кұсы бар тор және т.б.) жанына бәрі сыйып, аныктап карай алатындай етіп, балалардың санын реттеу керек.

Барлық балаларды бакылаумен камту керек. Шағьш топпен љтетін љрбір накты бакылау бірнеше рет кайтала- нады.

Бакылау жњмысы жануарлар мен, өсімдіктердің түр ерекшелігіне, биологиялык айырмашылықтарына негізделеді. Жоспарланған бакылауларға арнайы жағдай туғызу керек. Мысалы, егер тасбақаның денесі кызса (күн мен рефлектормен), оның белсенділігі де жоғарылайды, бұндай кезде оның коректенуін, козғалуын бакылауға болады. Сонымен "Айналамен таныстыру" пәні бойынша сабактарда сан алуан әдістердің өзара үйлесуі педагогика акыл-ойы дамымаған балаларға тек табиғат мәнісі тұрғындары туралы белгілі бір білімді беріп кана коймай, оларды бакылауға кызығушылықтарын қалыптастырып, танымдық кабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Наши рекомендации