Бақылауға арналған сұрақтар. 1.Табиғатты пайдалану қызметі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды жоспарлау маңыздылығы неге байланысты?

1.Табиғатты пайдалану қызметі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды жоспарлау маңыздылығы неге байланысты?

2.Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық бағдарламасы қандай блоктардан тұрады?

3.Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны жоспарлау әдістемесін түсіндіріңіз.

Тақырып. Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мен халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлау

Дәріс мақсаты: Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мен халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлау әдістемесін меңгеру.

Негізгі сұрақтары:

12.1 Жұмыс күшіне қажеттілік пен оның ұсынысын жоспарлау

12.2 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының динамикалығы және оны жүзеге асырудағы жоспарлардың рөлі

12.3 Халықтың тұрмыс деңгейін жоспарлаудағы әлеуметтік нормативтер мен ең төменгі тұтыну бюджетінің рөлі

Жұмыс күшіне қажеттілік пен оның ұсынысын жоспарлау

Еңбек ресурстары –бұл дене қабілеті, арнайы білім мен тәжірибе жиынтығына орай материалдық жасай және қызмет көрсету саласында еңбек ете алатын халық бөлігі.

Халықтың жалпы санынан еңбек ресурстарын бөлудің критерийлері мемлекет орнатып, қоғамдық құрлысқа, адамдардың өмір сүру ұзақтығына, өзге әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты болып, осыған орай ресми мемлекттік актілерді қабылданатын еңбекке қабілетті жастың шектері болып табылады. Мысалы, АҚШ-та еңбекке қабілетті жастың ең төменгі шегі ұлдар мен қыздар үшін 14 жас, жоғарғы шегі ерлер үшін – 65 жас, әйелдер үшін – 63 жас деп белгіленген. Қазақстан Республикасында ерлер үшін еңбекке қабілетті жас 16-63 жас аралығын, әйелдер үшін 16-58 жас аралығын құрайды.

Еңбек ресурстарының құрамына мыналар кіреді:

- еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық

- жұмыс істеуші жасөспірімдер (16 жасқа дейінгі);

- қоғамдық өндіріске қатысушы жұмыс жасынан үлкен халық.

Еңбекке қабілетті халыққа жұмыс істемейтін 1 және 2 топтағы мүгедектер, сондай-ақ жалпы тәртіппен белгіленген жұмыс жасынан жеңілдетілген шартпен зейнеткерлікке өткен тұлғалардан басқа, жұмысқа қабілетті жастағы адамдар жатады.

Еңбек қізметіне байланысты еңбек ресурстарының құрамында санаттар ажыратылады.

- қоғамдық өндірісте шұғылданатындар;

- жеке еңбек қызметімен шұғылданатындар;

- үй немесе жеке қосалқы шаруашылықпен шұғылданатындар;

- әскери қызметшілер.

Еңбек ресурстарының сандық және сапалық сипаттамасы бар. Алғашқыларға сан мен құрам көрсеткіштері (жасы, жынысы, қоғамдық топтар және т.б.), екіншілерге – білім деңгейінің, кәсіби біліктілік құрлымының және т.б. көрсеткіштері жатады.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының динамикалығы және оны жүзеге асырудағы жоспарлардың рөлі

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты –бұл халықтың материалдық әл-ауқатын, рухани және физикалық дамуын жақсарту, мүгедектер мен табысы аз азаматтарға қолдау көрсету жөніндегі ұйымдық, экономикалық және өзге шаралардың кешені.

«Әлеуметтік саясат»түсінігінің кешенді және сан қырлы анықталуы негізінде оны әдетте келесі құрағыш бөліктерге бөледі:

1) халық табысының саясаты;

2) азаматтарды әлеуметтік қорғау;

3) денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, тауарлармен, қызымет көрсетулермен, тұрмыс жағдайымен қамтамасыз ету жүйесін дамыту;

4) жастар саясаты.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатында халық табысын қалыптастырудың барынша тиімді механизмін әзірлеу мен қолдану әсіресе маңызды орын алады. Халықтың экономикалық белсенді бөлігіне шамасы алынатын жалақы сомасынан, меншікті иелену түсімдерінен,қоғамдық тұтыну қорларының төлемдері мен кейбір өзгелерінен тұратын қаражат табуға мүмкіндік беретін қолайлы жағдай жасау оның басты мазмұны болып табылады. Табыс денгейіне әсер ету қызметшілер мен жұмыс берушілер арасындағы шарттық қатынастар, салық салу жүйесі, жалақының өсуі үшін жағдай жасау мен өзге элементтер арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтарды әлеуметтік қорғау халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына (зейнеткерлерге, мүгедектерге және т.б.) материалдық және өзге қолдау көрсету кіреді. Азаматтарды әлеуметтік қорғау өрісінде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді маңызды орын алады.

Наши рекомендации