Тақырып 31. Халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ұғымы мен түрлері.

Есірткі заттардың немесе психотроптық заттардың заңсыз айналысымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сатудың түсінігі мен белгілері. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлау не қорқытып алу. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру.

Адамгершілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар. Жезөкшелікпен айналысуға тартудың түсінігі мен белгілері. Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық. Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату. Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау: ұғымы, жасау нысандары.

Тақырып 32. Медициналық қылмыстық құқық бұзышылықтар.

Медициналық қылмыстық құқық бұзышылықтардың түсінігі мен түрлері.

Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы. Заңсыз аборт жасау. Науқасқа көмек көрсетпеудің түсінігі мен белгілері. Дәрігерлік құпияны жария ету.

Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецепттерді беретін немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау.

Тақырып 33. Экологиялық қылмыстық құқық бұзышылықтар.

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтардың ұғымы мен түрлері.

Қоршаған ортаны қорғаумен байланысты ережелерді бұзумен байланысты қол сұғушылық. Қызметің арнайы түрлерін жүзеге асыру кезінде экологиялық қауіпсіздік ережелерін бұзумен байлынысты қол сұғушылықтар. Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзудың, микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзудың және ветеринарлық ережелерді және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуының түсінігі және белгілері.

Тірі емес табиғатты қорғау ережелеріне қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар. Суларды ластау, бітеу және сарқудың ұғымы мен белгілері. Атмосфераны ластау. Теңіз аясын ластау. Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы. Жерді бүлдіру. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу. Бұл қылмыстық құқық бұзушылықтардың саралану белгілері.

Тірі табиғатты қорғау ережелеріне қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар. Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу. Заңсыз аңшылық. Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу. Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу. Ормандарды жою немесе зақымдау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау.

Тақырып 34. Көліктегі қылмыстық құқық бұзышылықтар.

Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтардың ұғымы мен түрлері.

Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу. Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу. Бұл қылмыстардың сараланған белгілері. Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу. Көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу: ұғымы мен түрлері.

Көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерді бұзу. Ұшудың халықаралық ережелерін бұзу.

Тақырып 35. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзышылықтар

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың бағыттарының бірі ретінде.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың ұғымы мен түрлері.

Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану. Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты заңсыз жария ету немесе өзгедей заңсыз пайдалану. Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану: ұғымы және жасалу жолдары. Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау. Пара алудың, пара берудің, парақорлыққа делдал болудың ұғымы мен белгілері. Қызметтік жалғандық жасау. Қызметтегі әрекетсіздік: бұл қылмыстың түрлері. Салақтық.

Наши рекомендации