Тақырып 6: Кəмелетке толмаған балалардың азаматтық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайы.

1. Кəмелетке толмағандардың құқық қабілеттілігі мен əрекет қабілеттілігі

2. Кəмелетке толмағандарға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындау

3. Жасөспірімдердің азаматтық құқықтық жауаптылығы

Азаматтардың əрекет қабілеттілігі.

Азаматтардың өз əрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға жəне оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық əрекет қабілеттілігі) кəмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемде пайда болады.Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемде əрекет қабілеттілігіне ие болады. Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың қабілеттілігі тең болады.

Заң құжаттарында көзделген реттер мен тəртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен əрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен əрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен əрекет қабілеттілігін шектеудің заң құжаттарында белгіленген шарттары мен тəртібінің немесе олардың кəсіпкерлік не өзге де қызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиісті шектеуді белгіленген мемлекеттік немесе өзге де органның құжатын жарамсыз деп тануға əкеліп соқтырады. Азаматтардың құқықұ қабілеттілігінен немесе əрекет қабілеттілігінен толық немесе ішінара бас тартуы жəне құқық қабілеттілігін немесе əрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған басқа да мəмілелер жарамсыз болады, бұған мұндай мəмілелерге заң құжаттарында рұқсат берілген реттер қосылмайды.

Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кəмелетке толмағандардың əрекет қабілеттілігі. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кəмелетке толмағандар мəмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кəмелетке толмағандар жасайтын мəміле үшін белгіленген нысанға сай келуі тиіс. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кəмелетке толмағандар өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне жəне өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мəмілелер жасасуға құқылы. Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық жəне қамқоршылық органы кəмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне жəне өзі жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеуі немесе ол құқықтан айыруы мүмкін. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кəмелетке толмағандар осы баптың ережелеріне сəйкес өздері жасағна мəмілелер бойынша дербес жауапты болады жəне өздерінің əрекеттерінен келтірген зиян үшін жауаптылықта болады.

Кəмелетке толмаған адамды толығымен əрекетке қабілетті деп жариялау (эмансипатция)

1. Жасы он алтыға жеткен кəмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін болса немесе ата-анасының, асырап алушыларының немесе қамқоршысының келісімімен кəсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толығымен əрекетке қабілетті деп жариялануы мүмкін.

2. Кəмелетке толмаған адамды толығымен əрекетке қабілетті деп жариялау ата-анасының екеуінің де, асырап алушылардың немесе қамқоршысының келісімімен қорғаншы жəне қамқоршы органның шешімі бойынша не ондай келісім болмаған жағдайда соттың шешімі бойынша жүргізіледі.

3. Эмансипатцияланған кəмелетке толмаған адам. ҚР-ның заңнамалық актілеріне сəйкес ие болу үшін жас шектеуі белгіленген құқықтар мен міндеттерді қоспағанда, азаматтық құқықтарға ие болады жəне міндеттерді (оның ішінде өзінің зиян келтіруі салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша) мойнына алады.

Ата-аналар, асырап алушылар мен қамқоршы эмансипатцияланған кəмелетке толмаған адамның міндеттемелері бойынша жауапты болмайды.

Он төрт жасқа дейінгі кəмелетке толмағандардың əрекет қабілеттілігі.

1. Он төрт жасқа дейінгі кəмелетке толмағандар үшін мəмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды.

2. Он төрт жасқа дейінгі кəмелетке толмағандар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мəмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Заң құжаттарында кəмелетке толмағандардың мəміле жасауына жəне кəмелетке толмағандар үшін мəміле жасауға қорғаншылық жəне қамқоршылық органның алдын ала келісімі талап етілетін жағдайлар белгіленуі мүмкін.

Кəмелетке толмағандардың банкілерге салымдар салу жəне салымдарға билік етуге құқығы.

1. Кəмелетке толмағандар банкілерген салымдар салуға жəне өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы.

2. Он төрт жасқа толмаған кəмелетке толмағандардың атына басқа біреудің салған салымдарына олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері билік етеді, ал он төрт жасқа толған кəмелетке толмағандар өздерінің атына басқа біреу салған салымдарға өз бетінше билік етеді.

Тақырып 7.Отбасы құқығы бойынша отбасы мен кəмелетке толмағандарды қорғау

1. Отбасы заңнамасында көзделген баланың жеке жəне мүліктік құқықтары

2. Ата-аналық құқықтарынан айыру жəне шектеу негіздері

3. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру (асырап алу, қорғаншылық, патронат, қамқоршылық, балалар үйі)

4. Алименттік міндеттемелер

Наши рекомендации