Тақырыпқа арналған ақпараттық материал. Тақырыбы: №14. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың стратегиясы

МАШЫҚТАНУ САБАҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Тақырыбы: №14. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың стратегиясы. «ҚР 2007-2024 жж. арналған тұрақты дамуға көшу жөніндегі Концепциясы»

Мамандықтар: 5В 130100 - «Жалпы медицина»,

5В 130200 – «Тіс емдеу»

Пән: «Экология және тұрақты даму»

Құрастырғандар: м.ғ.к., ассоц. профессор Рыскулова А.Р.,

б.ғ.к., доцент м.а. Аскарова У.Б.,

Алматы 2016

№14 машықтану сабағы. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың стратегиясы. «ҚР 2007-2024 жж. арналған тұрақты дамуға көшу жөніндегі Концепциясы»

2.Мақсаты:ҚР 2007-2024 жж. арналған тұрақты дамуға өту Концепциясы негізінде тұрғындардың денсаулығына ластанған қоршаған ортаның әсерi, урбанизация, ҚР демографиялық жағдай, оған әсер ететін факторлар, қоршаған ортаның сапасы және тұрғындар денсаулығы. туралы жан-жақты білімді қалыптастыру.

3.Оқытудың міндеттері:студенттерді Қазақстанның 2006 жылы қараша айында қабылдаған тұрақты дамуға өту жөніндегі Концепциясымен таныстыру, талдау жасауға үйрету.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. ҚР тұрақты дамуға көшу өзектілігі мен алғы шарттары.

2. «ҚР 2007-2024 жж. арналған тұрақты дамуға көшу жөніндегі Концепциясының» негізгі принциптері, басымдылықтары, мақсаты мен міндеттері.

3. ҚР тұрақты даму концепциясының кезеңдері.

4. ҚР тұрақты даму концепциясының бағыттары мен механизмі.

5. Қоғамның тұрақты дамуға көші механизмдерін интеграциялау.

6. ҚР тұрақты дамуға көшудің саяси алғы шарттары.

7. Қоғамның тұрақты дамуы және тұрақты экоономикалық даму.

8. Экологиялық тұрақтылық пен ҚР аймақтарындағы тұрақты даму.

9. ҚР тұрақты дамуға көшуді институционалдық қамтамасыз ету.

10. ҚР тұрақты дамуға көшу нәтижесінің қорытындылары.

5.Оқыту әдістері: дискуссия, шағын топтарда жұмыс жасау.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1. «Қазақстан Республиқасының 2007-2012 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырмымдамасы туралы». Қазақстан Республиқасы Призедентінің №216 (14.11.06) Жарлығы.

2. «ҚР Экологиялық кодексі», (23.01.07).

Орыс тілінде:

3. Концепция перехода Республики Казахстан к устойчивому развитию на 2007-2024 годы. Указ Президента республики Казахстан №216 (14.11.06).

4. «Экологический кодекс РК» (23.01.07).

5. Семенова Л.И. Устойчивое развитие: Учебное пособие. – Алматы: Фонд «ХХI век», 1997.

5. Доклад конференции ООН по окружающей среде и развитию. – Рио-де-Жанейро, 1992 (т.1). – Нью-Йорк,1993.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бусыгин А.Г. Десмоэкология или теория образования для устойчивого развития. –Симбирск: Сибирская книга,2003.- 224с.

2. Данилов –Данильян В.И.,Лосев К.С. Экологический вызов и устойчивое развитие.- М.: Прогресс,2000.

3. Урсул А.Д., Романович А.Л. Концепция устойчивого развития и проблема безопасности. - М., 2001.

4. Введение в теорию устойчивого развития. – М.: Ступени, 2002. – 240 с.

5. Корякина Н.И., Жевлакова М. А., Кириллов П. Н. Образование для устойчивого развития: поиск новых стратегий, подходов, технологий. Под общей ред. Алексеева С. В. — СПб, 2000.

6. Китинг М. Программа действий // Повестка дня на XXI век и другие документы конференции в Рио-де-Жанейро в популярном изложении. - Женева, 1993.

7.Бақылау сұрақтары:

1. Тұрақты дамуының түсініктемесін беріңіз.

2. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға өту Концепциясы қашан қабылданды және ол қандай аралыққа жобаланған?

3. Тұрақты дамудың мақсаты және негізгі принциптері.

4.Өмір сүру сапасының деңгейі.

5.Адам потенциалыныі даму индексі.

6.Ресурстарды пайдалану тиімділігі.

7.Халық саны.Болжамдау.

8.Тұрақты дамуға өту кезеңі.

Тақырыпқа арналған ақпараттық материал

Біздің еліміз егемендік алған уақыт ішінде, әрқашан тұрақты даму саласындағы болған барлық халықаралық процестердің белсенді мүшелерінің бірі болды. ҚР дүние жүзілік қауымдастықтың толық қанды мүшелерінің бірі ретінде, ХХI ғасырдың Күн тәртібіндегі (Рио-де Жанейро, 1992), мыңжылдық Саммитінің (Нью-Йорк, 2000) және тұрақты даму жөніндегі Дүние жүзілік саммиттің (Йоханнесбург, 2002) деклорацияларында қойылған міндеттерді орындауға белсене ат салысуда. Осы мақсатта ҚР бірқатар маңызды құжаттарды қабылдады. Ең алдымен, Қазақстанның 2030 жылдарға дейінгі Даму стратегиясы, Қазақстан үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламасында тұрақты даму принциптері негізінде ҚР бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету негізгі стратегиялық міндет етіп қойылды.

Қазақстан республикасы Европа, Азия мемлекеттері арасындағы саяси, мәдени және экономикалық жағынан осы құрлық елдерінің арасын байланыстырушы көпір ретінде континенттегі ландшафтық және экологиялық жүйелердің дамуында да осындай функция атқарады. Қазақ елінің территориясының ауданы, климаттық жағдайларының әртүрлілігі, аймақтағы су көздері балансының ерекшеліктеріне байланысты, бүкіл Евразия территориясындағы экологиялық жағдай Қазақстандағы тұрақтылыққа тікелей тәуелді деуге болады.

Біздің елімізде 2006 ж. 14 қарашада ҚР Президентінің Жарлығымен аса маңызды саяси құжат – «ҚР 2007-2024 жылдарға тұрақты дамуға өту жөніндегі Концепциясы» қабылданды.

ҚР тұрақты дамуға өту жөніндегі Концепциясы ұзақ жылдар бойына жинақталған мәліметтерді талдау, математикалық модельдеу, бекітілген қолайлы параметрлерді есептеу арқылы ғылыми методолгиялық негізде дайындалды. Осы талдаулар нәтижесінде, Қазақстан республикасындағы көптеген әлеуметтік – экономикалық проблемалардың негізінде, елдегі табиғи ресурстарды пайдалану мен өндіру арасында үлкен алшақтық бар екені, яғни тарихи қалыптасқан сәйкессіздік бар екені анықталды. Қабылданған Концепция осы теңсіздіктер мен сәйкессіздікті жоюға арналған құжат болып саналады.

Әлемдегі көптеген елдер тарапынан тұрақты даму бағытында жасалып жатқан шараларға қарамастан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін, бұл жұмыстардың барлығы әлі де жеткіліксіз. Тұрақты даму концепциясын іске асыру үшін, экологиялық апаттардың алдын алу үшін, дүние жүзіндегі барлық елдер мен халықтардың бірлескен, тиімді халықаралық ынтымақтастығы қажет. Сондықтан, БҰҰ тарапынан дүние жүзіндегі барлық мемлекеттердің қатысуымен, ғылыми негізделген халықаралық нормативтер, жаңа экологиялық таза технологиялар жасалып, өндіріске енгізілуі керек. Ал біздің елімізде, ең алдымен халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, төмендегідей іс-шараларды жүзеге асыруы керек:

* экология мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру;

* қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды басқару механизмдерін жетілдіру;

* адамның экологиялық қажеттіліктері мен табиғаттың экологиялық мүмкіндіктерін сәйкестендіру;

* қоғамның экологиялық мүддесін алдыңғы орынға қою;

* қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалар мен іс-шараларды қаржыландыруды ұлғайту;

* эколог-мамандар: экологтар, эколог-заңгерлер, эколог-экономистер, эколог-инженерлер дайындауды жақсарту;

* қоғам мүшелерінің экологиялық білімі, тәрбиесі мен мәдениетін жоғарылату;

* табиғи нысандар мен ресурстар қорын тиісті деңгейде есепке алу, оларға бақылауды күшейту.

Тұрақты даму дегеніміз- бұл, қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында келешектегі ұрпақтардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың мүмкіндіктеріне нұқсан келтірмейтін даму.

Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі, осы кезге дейін әлемдік нарықта шикізат бағасының өсімі және табиғи байлықтарды жоғары деңгейде пайдалану есебінен жүзеге асып келе жатырБұл бағытта аса ауқымды көлемде түрлі шығындар мен табиғи капиталдың деградациялануы орын алуда. Жалпы ішкі өнімнің өсуімен бірге қоршаған ортаға ірі көлемде эмиссиялар бөлінуі байқалып отыр. Кейбір мәліметтер бойынша, ел территориясының 75% жуығы экологиялық тұрақсыздық қаупінде. Шөлейттену пролемасы өте өзекті мәселелердің бірі. «Тарихи ластаушылар», қалдықтарды көму, стационарлық және жылжымалы көздерден шығатын улы заттар мөлшерінің барған сайын артуы, табиғи ортаның жағдайы мен адамдардың денсаулығына өте үлкен қауіп төндіріп отыр.

Қазақстан, сол сияқты, өкінішке орай, әлемнің дамыған елдерінен тұрақты дамудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналатын, өмір сүру сапасының деңгейі жағынан да артта қалып отыр.

Қазіргі кезде өмір сүрудің сапасы төмендегідей негізгі құрам бөліктерімен сипатталады: тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы, әл-ауқат деңгейі, білім деңгейі және қоршаған табиғи ортаның жағдайы.

Халықаралық қоғам, табиғат және адам университеті (Дубна, Ресей) бекіткен өмір сүру сапасының деңгейі бойынша, Қазақстан 78 орында, бұл көрсеткіш коэффициенті – 1,17; Норвегия алдыңғы орында, коэффициенті – 3,83; Ресей – 1,57; Қытай – 0,34.

Қазақстан тұрғындарының денсаулық жағдайы мен өмір сүру ұзақтығы бойынша басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда, әлде қайда артта қалған. Мысалы,біздің еліміздегі тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 2005 жылы 65,9 жыл болды, ал Жапонияда бұл көрсеткіш 80 – ге жетеді.

Экологиялық заңнамалар мен саясат жөніндегі Йель орталығы (АҚШ, Йель университеті) және Жер туралы ғылымдардың халықаралық ақпараттар жүйесі Колумбия орталығы (АҚШ, Колумбия университеті), экожүйелердің жағдайы, экологиялық стресс, тұрғындардың денсаулық жағдайының экологиялық жақтары, мемлекеттердің әлеуметтік және институционалдық мүмкіндіктері мен халықаралық белсенділіктерін қоса алғандағы 76 көрсеткіштерге негізделіп, бекітілген экологиялық тұрақтылық индексі бойынша, Қазақстан Республикасы 63,8 индекспен 70 орынды алады, ал бұл көрсеткіш дамыған елдерде – Жаңа Зеландияда, Швеция мен Финляндияда – 87-88 баллға жетеді.

Қазақстан, адам ресурстарын дамыту индексі бойынша, мемлекеттер арасында 80 орын алады. Әлемдегі негізгі мемлекеттер арасында Қазақстан Республикасының осы индекстің құрам бөліктері: адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы және әрбір тұрғынға есептегендегі жалпы ішкі өнімнің мөлшері бойынша алатын орны 2-суретте көрсетілген.

Ер адамдар мен әйелдердің өмір сүру орташа ұзақтығының айырмашылығын қазіргі кездегі 11 жылдан 7,5 жылға дейін азайту керек. Концепцияда осы сияқты бірқатар мәселелер көтерілген, бірақ біздің ойымызша, кейбір мәселелерді тиімді шешудің механизмдері көрсетілмеген немесе көтерілсе, жеткілікті дәрежеде емес.

Тақырыпқа арналған ақпараттық материал. Тақырыбы: №14. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың стратегиясы - student2.ru

2-сурет. Тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы (жас) және жалпы ішкі өнімнің мөлшері бойынша (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша, мың АҚШ долларымен) Қазақстанның әлемдегі дамыған елдер арасында алатын орны

Тақырыпқа арналған ақпараттық материал. Тақырыбы: №14. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың стратегиясы - student2.ru

3-сурет.Тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы мен экологиялық тұрақтылық индексінің қатынасы бойынша Қазақстанның алатын орны

Қазақстан Республикасы тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы мен экологиялық тұрақтылық индексінің қатынасы 3- суретте көрсетілген.

Сонымен, 2024 жылға қарай Қазақстан Республикасы тұрғындардың өмір сүру сапасының деңгейі бойынша тұрақты түрде әлемдегі бәсекеге қабілетті және дамыған елдердің қатарына қосылуы үшін, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын жоғарылату және экологиялық тұрақтылық индексін көтеру қажет. Жүргізілген есептеулер бойынша, 2013-2018 жж. Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан тұрақты түрде орын алу үшін, тұрақты даму көрсеткіштері төмендегі параметрлерге сай болуы керек:

* РПТ - 43% кем болмауы керек,

* ресурстар тұтынудың жалпы мөлшері – 246,86 ГВт төмен болмауы керек;

* жылдық өндірілген жалпы өнім -113,1 ГВт төмен болмауы керек.

РПТ 53% болғанда, елдің тұрақты даму жолына түсуі мен экономикалық өсуі қайта қалпына келтірілмейтін ресурстарды пайдалану есебінен емес,алдыңғы қатарлы тиімді технологияларды пайдалану есебінен жүзеге асырылады (3-сурет).

Тақырыпқа арналған ақпараттық материал. Тақырыбы: №14. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың стратегиясы - student2.ru

4- сурет. Қазақстан Республикасының 2030 ж. дейінгі мүмкін болатын дамуының моделі

Қазақстан Республикасындағы халық саны да тұрақты дамудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Халықтың тығыздығының төмен болуы да, мемлекеттің дамуының тұрақсыздығын көрсететін фактор. Халық санының өсуі экологиялық, экономикалық және әлеуметтік факторларға тікелей байланысты болып табылатын демографиялық көрсеткіштермен сипатталады. Қазақстандағы негізгі демографиялық көрсеткіштердің соңғы жылдардағы динамикасы төмендегі кестеде көрсетілген.

Кесте

Негізгі демографиялық көрсеткіштердің динамикасы (ҚР статистика агенттігінің мәліметі бойынша)

Көрсеткіштер Жылдар
Туылым (1 мың адамға шаққанда) 15,3 16,6 18,2 18,4 19,6 20,79
1 жасқа дейінгі сәбилер өлімі (1 мың туылған сәбиге шаққанда) 17,0 15,7 14,5 15,1 14,1 14,5
Әртүрлі себептерден өлім саны (1 мың адамға шаққанда) 10,0 10,4 10,1 10,4 10,3 10,2
Табиғи өсім (1 мың адам) 5,2 6,2 8,0 8,0 9,3 10,57

Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып, дер кезінде қабылданған Концепцияның мақсаты - Қазақстан республикасында халықтың әл-ауқатын жақсарту және елдің алдағы ұзақ жылдар бойына бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және саяси салалардағы сәйкестікті қалыптастыру болып табылады [2].

Бұл мақсаттарға жету үшін, тұрақты даму саласында төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек:

1. РПТ (ресурстарды пайдалану тиімділігі) көрсеткішін 2012. ж. 37%-ға, 2018 ж. 43 %- ға, 2024 ж. 53 % - ға көтеру;

2. Тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығын 2012 ж. 68 жасқа, 2018 ж. 70 жасқа, 2024 ж. 73 жасқа жеткізу, бұл кезде туылым көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 18-22 нәресте деңгейінде ұстап тұру;

3. Экологиялық тұрақтылық индексін 2012 ж. 10%-ға, 2018 ж. 15%-ға, 2024 ж. 25%-ға көтеру,

4. Ішкі және сыртқы саясатты жоғары деңгейде жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Тақырыпқа арналған ақпараттық материал. Тақырыбы: №14. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың стратегиясы - student2.ru

1-сурет. Қазақстан Республикасында ресурстарды пайдалану тиімділігі (РПТ) көрсеткіштері есебінің кестесі (2005 ж)

Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерінен тұрғындардың денсаулығын қорғау үшін, қоршаған орта факторларының адамдардың денсаулығына қолайсыз әсерін төмендетуге, экологиялық төтенше жағдайлардың және экологиялық терроризмнің алдын алуға, республикада олардың зардаптарын жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру керек.

Қазақстан Республикасында тұрақты дамуға өту төмендегідей кезеңдер бойынша іске асырылады.

Дайындық кезеңі (2007-2009 жж.)-тұрақты даму принциптерін қоғамдық және саяси қызметтің барлық салаларына енгізу үшін жағдайларды дайындау; экономиканы диверсификациялау, технологиялық жоғары мүмкіндіктерге қол жеткізу;

Бірінші кезең (2010-2012 жж .) – Қазақстан Республикасының әлемнің бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына қосылуын қамтамасыз ету.

Екінші кезең (2013-2018 жж.) – тұрғындардың өмір сүру сапасының деңгейі жөнінен, елді әлемдегі алдыңғы қатардағы дамыған елдер қатарынан орын алуына қол жеткізу; табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану нәтижесінде орын алып отырған шығындарды едәуір азайту мен елдің жоғары экологиялық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету.

Үшінші кезең (2019-2024 жж.). – тұрақты даму концепциясының халықаралық көрсеткіштеріне қол жеткізу.

6 - кесте.

Қазақстан Республикасының тұрақты даму бойынша параметрлері (2005-2024 жж.).

Рет № Интегралды көрсеткіштер 2005 ж. 2009 ж. 2012 ж. 2018 ж. 2024 ж.
1. Халық саны, млн. адам. 15,05 15,66 16,13 17,13 18,18
2. Орташа өмір сүру ұзақтығы,жыл 65,91 67,87 68,89 70,99 73,14
3. Орташа нормаланған өмір сүру ұзақтығы 0,66 0,68 0,69 0,70 0,73
4. Әйелдердің ерлерден өмір сүру ұзақтығының артықшылығы,жыл 11,47 10,00 9,3 8,5 7,5
5. Қуат тұтыну деңгейі (өткен жылғы), ГВт 94,85 130,45 154,86 264,86 468,38
6. Қуат өндірісі (2006 ж.), ГВт 29,40 43,05 57,30 113,10 248,24
7. Қуат шығыны, ГВт 65,45 87,40 97,56 151,77 220,14
8. Ресурстарды пайдалану тиімділігі, РПТ 0,31 0,33 0,37 0,43 0,53
9. Қоршаған ортаның сапасы 0,91 0,95 0,99 0,93 0,95
10. Өмір сүру деңгейі, КВт/адам. 1,95 2,75 3,55 6,60 13,65
11. Өмір сүру сапасы, КВт?сағат 1,17 1,78 2,43 4,35 9,49
12. Экологиялық тұрақтылық индексі, балл

Қазақстан Республикасында 2006 ж. қарашада қабылданған «ҚР 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға өту жөніндегі Концепциясының» негізгі бағыттары мен міндеттерін жүзеге асыру нәтижесінде, елімізде төмендегідей жағдайларға қол жеткізуге мүмкіндік туады, олар:

* тұрғындардың өмір сүру сапасын әлемдегі бәсекеге қабілетті және жоғары дамыған елдердегі деңгейге дейін жоғарылату;

* экономикалық өсудің негізгі механизмдерінің бірі ретінде ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру;

* 2024 жылға қарай елдегі халық санын 18 миллионға жеткізуге, еңбек ресурстарының сапасын арттыру;

* антропогендік қысымды төмендету және «тарихи» экологиялық проблемаларды шешу арқылы қоршаған ортаның жағдайын жақсарту;

* елдің түрлі аймақтарының дамуының тұрақтылығын арттыру;

* тұрақты даму бойынша Қазақстан Республикасында ірі көлемдегі халықаралық форумдар өткізу.

Біздің еліміздің тұрақты дамуға өтуі – ауқымы жағынан аса ірі көлемдегі экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуді талап ететін, ұзақ мерзімді процесс, сондықтан, ол бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асырылады. Бұл жолдағы ең негізгі мәселелер: ең алдымен, экологиялық апат аймақтарындағы аса күрделі болып отырған әлеуметтік, экономикалық проблемаларды шешу мен қоршаған орта жағдайларын жақсарту; экономикалық даму процесін мүмкідігінше түгелдей экологияландыру; бүкіл әлемдік қауымдастық пен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың үйлесімділігін қалыптастыру, т.б.

Ерекше айта кету керек, тұрақты дамуға өту процесі, бұрынғыдай, биосфераның мүмкіндіктерін ескермейтін және осының нәтижесінде туындайтын экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген үлкен жауапкершілікті сезінбеу сияқты ескі стереотиптерден міндетті түрде арылуды талап етеді. Көптеген алдыңғы қатарлы ғалымдар мен мамандардың пікірі бойынша, адамзат қоғамының дәл осы тұрақты дамуға қарай бет алуы, ең соңында, кезінде В.И.Вернадский айтып кеткен биосфераның, ақыл-ой сферасына (ноосфераға) өтуіне, Қоғам мен Табиғат арасында үйлесімділіктің қалыптасуына әкеледі.

Жақындап келе жатқан экологиялық апаттың алдын алу –Жер планетасындағы барлық халықтардың ортақ міндеті. Табиғатқа жаңа, экологиялық көзқарас қана адамзатты Жер бетінен жойылып кетуден сақтайды, көк аспан, жасыл ормандар мен жайқалған далаларды, көк түтінге оранған қалаларды қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Ал табиғатқа жаңа, экологиялық көзқарасты қалыптастыру үшін қоғам мүшелерінің барлығын, мектепке дейінгі мекемелердегі балалардан бастап, жоғары оқу орындарындағы студенттерге дейін қамти отырып, қоғамның, экономиканың барлық салаларын экологияландыру қажет. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің атқарып отырған шараларының бірі бойынша 2009-2010 оқу жылының бағдарламасында жоғарғы оқу орындарында оқытылатын «Экология» пәнінің аты «Экология және тұрақты даму» деп өзгертіліп, оқу жоспарында бұл пәнге берілетін сағаттар саны екі есеге көбейді. ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің 2010 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің экономикасының дамуындағы баса көңіл бөлетін бағыттардың бірі - экологиялық мәселелер екенін атап өткені баршаға мәлім.

Наши рекомендации