Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтарға берілген анықтамаларды теориялық тұрғыда талдап көрсетіңіз

Тұлға құндылықтарының иерархиясы

2. Абсолюттік жалпы адамзаттық құндылықтар

3 Жалпыадаматтық құндылықтар және адами тұлғасы болмысы.

Аксеология (грекше құдылық, ілім құндылық «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы. Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай күйлерді «құндылықтар» деп аталынады.Жеке адамның барлық құндылықтары белгілі бір деңгейде иерархияланған: жеке адам үшін бірінің маңызы жоғары болса екнішісінің маңызы азырақ болады. Иерархияның басында адам өмірін айқындайтын бір немесе бірнеше базалық құндылықтар қатар болуы мүмкін.Құндылықтар тұрақтап қалмайды: құндылықтар иерархиясы жеке адам санасында мәңгілік тұрақтап қалмайды, өмір ағыны барысынада бір құндылықтар бірінші кезекке шықса, енді бірі екінші кезекке жылжиды, яғни құндылықтардың орны маңыздылығына байланысты ауысып тұрады. Өмірдегі түрлі жағдаяттар, мәселен емі жоқ ауру, жақынан адамынана айырылу т.б. жеке тұлғаның құндылықтар жүйесі мен мінез құлық нормасын қайта қарауына негіз болуы мүмкін.Тұлғаның өмірдегі бағыт бағдарына қоғамдағы қолданылатын құндылықтар жүйесі де айтарлықтай ықпал етеді.

Жеке тұлғаға басқа бір беделді тұлға да өзінің құндылықтық көзқарастарымен зор ықпал ете алады.Қорыта айтқанда адами құндылықтар жүйесі адам өмірінің соңына дейін тұрақтап қалмайды.Сондықтан дамып келе жатқан адамға қой құндылықтар қажет деген заңды сұрақ туындайды. Студенттердің рухани жан дүниесін ашамыз, құдіретті қуат біздің ішімізде. Құндылықтар туралы мәселені алғаш рет Сократ көтерді. Бұл мәселені өз философиясының негізі етіп ады және оны игілік тұрғысында қарастырды.(И.Я.Лернер, В.Оконь Л.Я.Зорина) т.б.Құндылықтарға бағытталған материалдарады білім берудің базалық мазмұнына енгізу мәселесі рухани адамгершілік және жалпыадамзеттық құндылықтарды жаңғыртуға байланысты өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан да қазіргі білім мазмұнда бар материалды пайдаланады. Онда назардан тыс қалған құндылықты әлеуетті жарыққа шығару міндеттері туындап отыр.

Тұлға бойына міндетті түрде қажет және оның құндылықтар жүйесіің өзегі болатын, ешқашан өзгермейтін негізгі құндылықтар жүйесінің жиынтығы туралы сөз қозғау керек. Сондықтан да рухани адамгершілік тәрбие мазмұнының негізіне айналатын білім материалдарының мазмұнын іріктеу кезінде гуманистік бағыты мен жалпы адамзаттық мәнімен, маңыздылық деңгейімен, жан жақтылығымен ерекшеленетін құнлыдықтарды басшылыққа алу қажет.

Т.И.Петракова: ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.

Табиғи құндылықтар бұл адамның табиғи күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары: яғни ақыл ой, сезім, күш жігер (ақылдың айқындылығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалағы, естің сенімділігі, күш жігердің қайраттылығы).

Жүре пайда болған құндылықтар бұл адамның интеллектуалды және алдамгершілік тұрғыда дамуы барысында меңгерген құндылықтар әдептілік,

Сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық т.б.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен, шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар. Абсолюттік (мәңгілік) жалпы адамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды. Мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады. Жалпы адамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады.

Жалпыадамзеттық құндылықтар және адам тұлғасының құрылымы

Ішкі үйлесімділіке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай апектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс.

Қиянат жасамау – рухани деңгей

Ақиқат – интеллектуалды деңгей (ажырату деңгей)

Сүйіспеншілік – адамгершілік деңгей

Тыныштық – эмоциялық деңгей (сезім)

Дұрыс әрекет – физикалық деңгей.

Мінез–адамның басты байлығы.

Интуиция жеке «меннің» аясынан тыс.Жоғарғы санадан туындайды. (интуиция ретінде көрінетін Ақиқат) Жоғарғы «Мен» бүкіл сананы қамтып өтеді. Ақиқат, Дұрыс әрекет, тыныштық, Сүйіспеншілік және қиянат жасамау адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына және діни, мәдени тиістілігіне байланыссыз және уақытпен шектелмейді. Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір біріне еніп, дама руханияты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды. Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса,сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады.

Ақиқат» құндылығының мәнін «Мен кіммін?» , «Менің өмірдегі мақсатым не?» сұрақтары арқылы өз тәжірибеңізден талдап көрсетіңіз

1.Барлық болмыстың бастапқы болмыс туралы білім.

2. Шындықтың мәні туралы

3.Абсолюттік және салымстырмалы Ақиқат.

4. Нағыз шындық ол Ар ұждан

Болмыс – бар болу. Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынадай сұрақтар қоюға итермелейді:Мен кіммін?Менің өмірдегі мақсатым не?Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын? Өзімнің ішкі «Менімді» қалай тани аламын?

Біздің әрқайсысымызда үш тұлға бар:

Біріншісібіздің физикалық тәнімізді саналы түрде сезінуіміз. Екіншісібасқа адамдардың біз туралы ойларынана қалыптасатын болмыс. Көптеген адамдар жалған бет перде арқылы өзінің білікті, көңіл қойып, сыйлауға тұраралық адам екендігіне бақаларды да өздерін де сендіруге тырысады. Бұлардың екеуі де нағаз және мәңгілік болып табылатын ішкі рухан нұрдың төңірегіндегі құрылған болмыс.Үшіншісі –сүйспеншіліктен жаратылған шынайы және нағыз Болмыс.

Ақиқатты жарыққа шығаруға оқытудың мақсаты –баланың шынайы болмасын ізденуіне және бұл ізденіс –өмірдің басты мақсаты екеніні жете түсінуіне көмектесу, өйткені Ақиқат – адамның шынай болмысы. Ақиқатты жете түсіну адамның ішкі кеңістігін толтыратын энергияның қуатты ағынына жол ашады. Адам баласы тумысынан дұрыс пен бұрыстың айырмашылығын ажырата білу инеллектісіне ие. Баланың бойында келесі деңгейді, яғни сенімді ақапаратты алу – интуицияны дамыту үшін алғышарттар жасай отырып ажырата білу қабілетін дамыту маңызды.

Тән мен жан үйлесу керек.

Салыстырмалы ақиқат Абсолюттік ақиқат:
- жеке - әмбебап
- өзгермелі - өзгермейтін,
- сезім деңгейінде табылады (логика) - сезімнен жоғары (уақыт пен кеңістіктен тыс)
- алуан түрлі - біртұтастықты білдіреді

Мен денеге қонақпын ол ақиқат. Ақиқат кеңістік пен уақытпен шектелмейді. Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін Ақиқат – біреу. Ол өзгермейді. Оның бірнеше пішіні болғанымен ол – жалғыз. Біз Ақиқатты пендешілік өмірге қолданамыз да, сөйтіп сыртқы әлеммен теңдестіреміз.Пендешілік немесе матералдық әлемдегі Ақиқаттың мәні – іс жүзінде болған нәрсені немесе ойды шынайы жеткізу. Матералдық тұрғыда, Ақиқаттқа жүгіну –айтқан, істеген, көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу деп саналады.

Бірақ нағыз шындық–ол Ар–ұждан. Мысалы: Бір үйге ұры түседі. Полиция екінші күні ол адамды ұстап алады, әрине ол мойыламайды, алайда оның Ар–ұжданы үнемі оның есіне салып тұрады. Сөз Ар – ұжданды басшылыққа алса, ол Ақиқатқа айналады. Ақиқат үшін қиындықтарға жолығуың мүмкін.Бірақ қиындықтан қашып, өтірік жолына түсуге болмайды. Өтірік айтып, сіз қиындықтан құтылуыңыз мүмкін, бірақ мезгілі келген кезде сіз ауыр сынаққа кезігесіз. Дұрыс іс әрекет – Ақиқат жолын ұстау болып табылады.

Бұғы туралы аңыз.Аңшылар бұ,ына атып алмақшы болады, ол қашып келе жатып әлгі адамның алдынана өтеді, аңшылар оадан бұ,ыны көодің бе? Сұрайды. Ол: Менің көзім көрді аузым сөйлемейді, Аузым сөйледі бірақ көзім көрген жоқ.

Наши рекомендации