Зін-өзі бақылау үшін тапсырмалар
1.Оқушының "дамуы", "тәрбиесі" және "жеке тұлғалық қалыптасуы" деген түсінікті ашыңдар.
2.Мектеп оқушыларының жас мөлшеріне байланысты кезеңдерге сипаттама беріңдер.
3.Білім беру және тәрбие беру процесінде балалардың жас мөлшерінін және жеке дамуының заңдылығын есепке алудың ерекшеліктері кандай?
4."Индивид", "вундеркинд", "акселерация" деген ұғымдарды анықтандар.
5."Дарынды" және "педагогикалық жағынан қараусыз қалған" деген терминдерді қалай түсінесіңдер?
6.Педагогикалық процесте жеке ерекшеліктерді есепке алудың ерекшеліктерін көрсетіңдер.
Дебиеттер
1.Возрастная и педагогическая психология /под.ред. Д.В.Петровского. М., 1984.
2.Караковский А.П. О подростках М., 1970.
3.Керимов Л.К. Педагогические основы иидивидуализации и перевоспитания трудных подростков. Ллматы, 1994.
4.Ковалев С.В. Подготовка старшеклассников к семейной жизни. М., 1992.
5.Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии М., 1972.
6.Кербаков А.И. Психологические основы формирования личности. М.,1967.
7.Эльконин А.Б. Возрастные и индивидуальные особенности младших подростков, М., 1974.
8.ЭсуповИ.М. Психология взаимопонимания, М, 1980.
З бетімен жұмыс үшін тапсырма
1."Жас мөлшерін кезеңдерге бөлудің бүгінгі жағдайы және педагогикалық процесс".
2.Бақылау жасау арқылы бастауыш сынып жаындағы балалармен, жасөспірімдермен және жоғары сынып оқушыларымен /жас мөлшерін әркім өзі таңдап алсын/ педагогикалық жұмыс жүргізудің идеясы жөнінде материал жинақтап, оны сипаттап жазындар.
3.Мектеп оқушыларының типологиясын сипаттандар.
Реферат тақырыптары
1.Мектеп оқушысының жеке тұлғалық дамуының жас мөлшерлік кезеңдері.
2.Бастауыш сынып жасындағы балаларға сипаттама.
3.Мектеп оқушысының жасөспірім шағы.
4.Мектеп оқушысының жеке тұлға ретіндегі табиғи мүмкіндігі.
5.Мектеп оқушысының жеке тұлға ретінде дамуының әлеуметтік жағдайлары.
6.Мектеп оқушысының жеке тұлға ретіндегі өзіндік ерекшеліктерінің сипаттамасы.
7.Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі акселерация проблемасы.
8.Қазіргі мектептерде оқытудың дифференциясы және жеке ерекшеліктерді есепке алу.
9.Мектеп оқушысының өзіндік қабілеті.
10.Мектеп оқушысының жеке тұлға ретіндегі әлеуметтік жағынан өсіп-жетілуін тәрбие процесінде есепке алу.
ЕКІНШІ МОДУЛЬ.
Біртұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
Біртұтас педагогикалық процесс педагогиканың пәні және мұғалім іс - әрекетінің объектісі.
Мақсаты: Біртұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін анықтау.
Міндеттері.
а) "Объект" және "пән" деген ұғымдардың мәнін ашу.
б) Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның
обьектісі болатындығын көрсету.
в) Тұлғаның біртұтас педагогикалық процесте дамуына
сипаттама беру.
Жоспар
1.Педагогикалық процесс мұғалім іс - әрекетінің обьектісі ретінде.
2.Педагогикалық процестің белгілері, сапалары және
өзіндік сипаттары.
3.Қарама - қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші.
Негізгі ұғымдар: объект, пән, ғылым, жүйе, әлеуметтік жүйелер, "ұстаздар — оқушылар" жүйесі, педагогикалық процесс, педагогикалық ситуация, қозғаушы күштер, тәрбиелеуші тетіктер, диагностика,болжамдау.
Пәнаралық байланыстар: философия, психология, жүйелердің теориясы, басқару теориясы.
Педагогикалық процесс мұғалім іс - әрекетінің объектісі. Адамның қандайда болмасын іс - әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс - әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың біртұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс - әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті-тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.
Педагогикалық іс - әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары-ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері.
Осыған байланысты, білім "сананың біртұтастық объектісі" болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.
Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс - әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол "оқу-методикалық" құралдарының өзінде орныкқан. Бірақ бұл іс-әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс- әрекеттің объектісіне сейкес болмайды .
Диалектикалық-материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекеттің ролі туралы жан-жақгы зерттелген. Адам іс-әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60-шы жылдарында ғана мұғалім іс-әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А. Амонашвили , В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко және т.б.) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс- әрекеттің нақтылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу- тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикалық (оқыту-тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс- әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс-әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұндай бағыттың қажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:
-біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасың, біртұтас педагогикальіқ процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес (В.С. Ильин);
-мұғалім іс - әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағытталушылықпен жету мүмкін емес (Ю.К. Бабанский);
-егер оқушының іс - әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П. Радченко);
-мектеп әкімшілігі іс - әрекетінің тиімділігі тек қана. біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И. Кондаков);
-біртұтас педагогикалық процестің теориясын жасамайынша, басқару шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру, одан әрі дамыту өте күрделі болады (Ю.А. Конаржевский);
Мұғалім іс - әрекетінің объектісін оқып үйрену біртұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына — мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.
Қазіргі кезеңдегі біртұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақталады, өйткені педагогикалық құбылыстар компонентерінің, қасиеттері, заңдылықтар туралы дербес білімдері бірте - бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес. "Педагогикалық процесс" деген сөздік (термин) ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында (П.Ф. Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс - әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болады.
Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, Л.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б. Т. Лихачев, К). К. Бабанский, В. М. Коротов және т. б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарларына педагогикалық процестің әртүрлі жақтары білікті эмпирикалық жолмен жинақталған білімдер жайлы болады.
Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің бірлігі (А.Ф. Каптерев, М.А Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі , (ІО.К.Бабанский) оқушылардың өзара әрекетінің ерекшеліктер қалай анықталады (С.Т Шацкий, Н.К.Крупсқая, В.А.Сухомлинский); өзара әрекет тек қана
оқудан тыс уақытқа тән бола ма (А.С. Макаренко); біртұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т. Лихачев) және қызмет істеулерін басқару (В.С. Ильин, И.П.Радченко) және т. б. Пайда болған сұрақтарға жауап басқа кеңістікте жатыр — ол біртұтас педагогикалық процестің барлық сапалары мен қасиеттерін сипаттау. Ал бұл қойылған сұрақтарға эмпирикалық емес, теориялық методологиялық деңгейдегі жауап.
Бір деңгейден (жеке құбылыстарды сипаттаудан) басқа түтастықтың мәнін және оның бөліктері арасындағы өзара байланыстылығын анықтау деңгейіне көшу теориялық талдауға көшуді талап етеді. Жекелік абстрактылықтан нақтылыққа көшу күрделі құбылыстарды теориялық талдау әдісі болады , ал оны бірінші К.Маркс өзінің еңбектеріңде бірінші болып сипаттап қолданады. Жасалған көрсетілген әдісінің ерекшеліктерін В.И. Ленин осы әдістің орнын және оның нақтылы ғылыми зерттеулерде философиялық жігі жалпы ғылыми талдау үшін қолдануды көрсетеді.
Затты теориялық қарастырудың объектісі болып заттың басқалармен байланысы мен дербес өздері емес, белгілі бір нақтылықтың ішіндегі басқа заттармен заттың бірі байланысы, оған қатынасы бар. Бірақ бұл мұндай мүмкіншіліктің болуы, егер эмпирикалық зерттеулерде алдын ала теориялық қорытынды жасалып, ұғымдар мен анықтамаларда тұтастықтың жалпы жақтары мен байланыстары көрсетіліп белгіленсе ғана мүмкін. Онда тұтастыққа теориялық талдау заттық нақтылықтың ішіндегі қатынастарын анықтау болады (А.Н. Шептулин).
Қандайда болмасын объектіні тұтас қарастыру мүмкіншілігі оның әрбір элементтік бөлігін өз негізінде дербес жүйе ретінде есебінде қарастырылуы, мүмкін яғни, таным, соның ішінде педагогикалық шындықты тану осы аспектіде нақтылы таным болады. Мұндай объектіні теориялық тәсілмен елестету, онда шындық әртүрлілігінің бірлігі ретінде оның өмір сүруінің әртүрлі ішіндегі бөліктер бірлестіктерінің формалары мүмкін болады. (Ж. М. Абдильдин). Біртұтас объектіні (немесе объективтік біртұтастықты) тұтастықгың ең кішкентай "кереге көзсіз" генетикалық бірліксіз елестету мүмкін емес.
Жүйелілік бағыттағы көзқараста педагогикалық процесті элементарлық бірлік "кереге көз" арқылы қарастыру арқылы оны моделсіз ретінде құрастыруға болады, негіз болатын абстракция ("кереге көз") ең аз дегенде екі қасиеті болуы керек: өз нәрсенің мәнін, себептерін аша алуы және басқалармен шегіне жеткен, жанама түрде емес (керісінше, оның өзі құбылыс басқа жақтары мен қасиеттерімен жанамаласады). Басқаша айтқанда, көрсетілген абстракция осы нақтылы көп нақтылықтан абстракциялаудың шегі соңы болады, бұдан әрі құбылысқа сай кеселсіз көрсету мүмкін емес. Немесе былайша айтуға болады: көрсетілген абстракция дамыған біртұтастықтың дамымаған бастамасы , яғни тұтастық барлық баска созылатын, шығатын тұтастық көз негіз (М.М. Розенталь).
Элементарлық бірлікті ("кереге көзді") марксистік педагогикада негіздеуге көптеген зерттеушілер және оның әртүрлі объектілеріне қатысты және ат салысты. (Н.Чакыров, А.П. Сидельковский, М.И. Алексеев, В.И. Загвязинский, Г.И. Легенький және т.б.). Бірақта бұл істелген жұмыстар нәтижесі жеткілікті дәрежеде емес еді, себебі оны жасаушылар қойылатын методологиялық абстракцияны анық көрсету мен оны қолдану жағдайына қойылатын талапты бұзған еді. Белгілі бұл бағыттардың әлсіздігі мынадан байқалады, авторлардың ойларын белгілі бір дәрежеге жеткізе алмады, онда педагогикалық теория өзінің дамуының ғылыми негізделген логикасына ие бола алмады. (М.А. Данилов).
Педагогикалық процесті біртұтас объект ретінде қайта жасауға бастапқы абстракция көмегімен ол жанама бөліктердің күрделену шынжыр буыны ретінде көрінуі керек. Олар арқылы объективті сол процестің өзара қарама
- қайшы мәндерді шарасыз өтулері керек.
Педагогикалық процестің белгілері, сапалары мен қасиеттері. Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама
- қайшылықтарды шешумен бүл іс- әрекеттегі ересектердің
мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің
әрекеттік қабілеттеріне өзгерту (распредмечивание) мен
көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен
қабілеттерінің заттық формаға ауысуының (опредмечи-
вание) бірлігі (Ж.М.Абдильдин). Демек, егер педагогика-
лық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде
қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестің элементар-бірлігі, оның "кереге көзі" бастапқы абстракция болып "қалыптасудың қас қағым сәті" (педагогикалық ситуация) болуы керек. Нақтылы шындықтан тыс алынған педагогикалық ситуация тұлға қалыптасуының қасқағым сәті ретіндегі педагогикалық ситуация бастапқы абстракцияның көрсеткен талабына қатынасушылар, негізгі қарама-қайшылықтардың ерекшеліктеріне толық сәйкес келеді.
Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану сапалық қасиеттерін жоғалтпай мүмкін болмайды.
Педагогикалық ситуация педагогикалық шындыққа тән, көп жақты болады, нақтылықтан көңіл бөлу (орыны, уақыт, себеп-салдар және пайда болуы, жағдайы, қатысушылардың жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психофизиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекеттің мазмұны мәні тәсілі) барлық жағдайда айқын бола түседі, "қалыптасуды" қас қағым сәтің арқылы педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалысымен дамуын көруге мүмкіндік туады.
Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жөн-ересектер (ұстаздар, ата-аналар) распредмечиванияның қызметін алады, яғни, әлеуметтік тәжірибеде алынған (опредмеченных) іс - әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуы (опредмечивание) жүзеге асады. Тұлғаның іс-әрекет субъектісіне алмасуы, оқушының даму процесіңде калай болатындығы көрінеді.
Белгілі бір уақытқа дейін оқушы өз бетімен әлеуметтік тәжірбиені іс-әрекетке ауыстыра (распредмечивание) алмайды, яғни мазмұннан іс-әрекет тәсілдерін ала алмайды ("бұны қалай істеуге болады"). Сондықтан ол баска "ұстаз-оқушы" жүйесінің бөлігі болады. Оқушы өз бетімен өзін-өзі бағалауды қалыптастыра алмайды. Өзін бағалау басында оның әрекет нәтижесін басқалардың бағалауы керек. Сондықтан, оған басқа адамдармен қарым - қатынаста болу қажет. Осыдан барып басқа "оқушы - окушылар" жүйесі пайда болады. Ол бұл алғашқы коллектив сатысы , онда оқушы білімдерді және жаңа әлеуметтік ролдерді меңгеріп
дайындалады, бұл алға қойған өміріне белсене қатысуын қамтамасыз етеді. (И. Кон).
Барлық мәдени байлықтарды және іс - әрекеттер түрлерін меңгеру пәндік оқыту арқылы жүргізген тиімді. Бұнымен тағы бір жүйенің пайда болуы байланысты,оған мұғалім "сынып ұстаздары" элементі ретінде кіреді. Сынып ұстаздарының балалардың бастапқы коллективі мен өзара әрекеттері барысында жоғары деңгейдегі жүйе "сынып ұстаздары", "сынып оқушылары" пайда болады.
Қоғамдық өмірге оқушылардың қатысу тәжірибесін қалыптастьіру , педагогикалық процестің оқудан тыс кеңістігінде көптеген іс - әрекеттер түрлерін меңгеру барлық оқушылардың өзара әрекеттерін және ұстаздар тарапынан басшылық болуын қажет етеді. Сондықтан да мектеп үшін макро жүйе "мектеп ұстаздары - мектеп оқушылар коллективі" қалыптасады. Қоғам бұл жүйеге қатысты жүйе ретінде болады, сонымен , "мектеп- оқушылар" жүйесінің омір сүруі қызметі (жағдайының өзгеруі) мектептің педагогикалық процессі болады.
Педагогикалық процесті қысқаша абстрактылықтан (қалыптасу қас қағым сәті") бірінші деңгейдегі жүйеге "адам" көтерілу арқылы сипаттау және одан әрі одан да жоғары деңгейдегі жүйелерге көтерілу жалпы білім беретін мектептің олардың типтерінен тәуелсіз педагогикалық процестің жүйе ретіндегі бірқатар белгілерін көрсетеді:
-бұл әлеуметтік жүйе адамдардың өзара әрекеттері есебінен өмір сүреді;
-мектеп педагогикалық процесі көп деңгейлі және поли құрылымдық құбылыс, себебі ол өзінен кейінгі деңгейдегі жүйелерді жинайды;
-жүйе тек іс - әрекетпен алмасуда ғана өмір сүреді: егер ұстаздар әртүрлі іс - әрекеттер, тәсілдеріне (адам тегі күшін) оқытса, онда оқушылар, оларды меңгере отырып педагогикалық процестің белсенді қатысушылары болады, тек қана репродуктивке ғана емес, қайта құру творчестволық белсенділікке дайын болады;
-педагогикалық процесте мұғалімнің басқару объектісі оқушылардың іс - әрекеті болады;
-іс - әрекеттің барлық элементтері (мақсат, міндеттер мазмұны және т.б.) жүйелі компоненттері бөліктері сыңары болады, себебі іс-әрекеттің элементтерін, бөліктерін
баланың меңгеруі үшін әрине, үлкендердің, ата-аналардың, ұстаздардың іс - әрекеті осыған бағытталуы керек;
-педагогикалық процестегі мұғалімнің басқару заты іс -әрекет субъектілері арасындағы қатынастар болады, олар арқылы субъектілердің өзара әрекеті мен дамуына тиімді жағдайлары қамтамасыз етіледі. (біртұтас педагогикалық процестің графикалық моделін қарасаңыз).
Көрсетілген белгілер негізінде анықтама жасауға болады: педагогикалық процесс оқушылардың бірлескен ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын іс - әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған, дамуға және өзін еңбекте және қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын. Бұл анықтамадан педагогикалық процесс оқу және оқудан тыс аймақтарының бірліктігінің қажеттігі туады, ал ол оқушылар үшін тұлға қалыптасуының басты жағдайы болады және сол процестің өзінің біртұтастығын көрсетеді.
Сонымен бірге ұсынылып отырған анықтаманың мазмұны біртұтас педагогикалық процестің бірқатар қасиеттерінде көрсетеді:
-педагогикалық процесс әлеуметті оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың арасындағы іс -әрекеттерімен алмасуымен анықталады;
-ынтымақгастық оқушы (тек қана ұстаздармен ғана емес, мұғалімдермен, бір- бірімен де) үшін әртүрлі іс -әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық процестегі іс - әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы болады;
-"ұстаздар-оқушылар" жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
-педагогикалық процестің негізі интегративтік қасиетін әртүрлі тектегілердің бірлігі деп есептеу керек, ондағы үздіксіз өзара қиылыстағы жүйелердің оқушылар тұлғасыны" қалыптасуына әсері іс - әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен анықталады.
"Педагогикалық процесс" объектісінің сапасы оның қасиеті ретінде көрінеді, оларсыз педагогикалық процесс өзіндік ерекшеліктерінен айырылады:
-белсенділік пен қатынастың бірлігі, процеске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған бірлескен дербес іс - әрекеттері;
-әртүрлі сатыдағы жүйелердің қызметінің арнайы мамандануы;
-субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым - қатынастарының жиынтығы.
Педагогикалық процестің сапалары мен қасиеттерін қызмет ету жағдайларын объективті талап етеді. Сонымен педагогикалық процесс, өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс - әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса, онда "ұстаздар - оқушылар" жүйесінің тұрақтылығымен өзін - өзі дамыту мәселесі шешіледі.
Қарама-қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші. Педагогикалық процесс статикалық емес, ол "ұстаздар - окушылар" жүйе жағдайының үздіксіз өзгеруі болады. Ал жағдай жақсы жаққа да, жаман жаққа да өзгеруі мүмкін. Оның барлығы ұстаздың белгілі бағытта қажетті жағдай жасай алуына дайындығына байланысты. Бірақ бұл деген процестің дамуына әсер ықпал ету даму барысындағы процеске тән оның сол қарама- қайшылықтардың мәнін оның қозғаушы күштері болатын түсінбейтінше ол мүмкін емес дегенді білдіреді.
Педагогика ғылымында қарама-қайшылықтардың ролін XX ғасырдың барлық кезеңдеріңце ашып көрсетуге тырысты. Әрине, оқытудың қарама-қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген (М.А. Данилов, М.Н. Алексеев, М.Н. Скаткин, Ю.К. Бабанский , В.И. Загвязинский). Кейбір жұмыстарда коллективтің қарама - қайшылығы (Л.И. Новикова) тәрбие процесінің (И.С. Марьенко , Г.И. Щукина, В.С. Ильин, Б.Т. Лихачев) білім берудің мазмұнындағы қарама -қайшылықтар (Г.И.Батурина) зерттелді.
М.А. Данилов алғашқылардың бірі болып оқыту процесінің қозғаушы күштерін зерттеуге көңіл бөлді, бірақ нәтижесінде объективті әлеуметтік шек жекемен қосылып кететін біртұтас педагогикалық процестің диалектикасын зерттеу керектігіне тек қана осы бағытта ол педагогиканың ғылым ретіндегі жобалау қызметінің күшейе түсуіне ықпал ететін білімді анықтай білу мүмкіндік болатындығын және практик ұстаздарды сол бір ғылыми саймандар мен күрделі
тұлғаны қалыптастыру саласындағы құбылыстар мен процестерді басқаруға күш беретінін көре білді. Ю.К. Бабанский қарама-қайшылық көп жағдайда (нередко) кездейсоқ бірізділікте қарастырылатындығын анықтады. Ол жоспарлау процесдурасына сәйкес келмейді, оқыту процесін ұйымдастыру мен реттеуде мұғалімдер мен әдіскерлер нақтылы жағдайда процесті жасау ескерілмейді.
Зерттеу нәтижесінде мыналар анықталады:
-қарама-қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық процесті жүйе ретінде олар зерттелетін объектінің мәнін, ашуы тиіс:
-қарама-қайшылықты ұстаздар мен оқушылар іс -әрекетін-педагогикалық процесті басты құрамын көрсеткіш ретінде сипаттау керек;
-қарама-қайшылықтар жүйесін ғана емес, сонымен бірге оларды шешу әдістемесін негіздеу керек.
Педагогикалық процесстің мақсаты оқушылар түлғасын, қалыптастыру болады. Демек, бірінші және негізгі қарама-қайшылықтар тобы-бұл даму үстіндегі тұлғаның қарама-қайшылықтары. Бұл педагогикалық процестің қарама-қайшылықтар тобын психологтар жеткілікгі дәрежеде жақсы зерттеген. Олардың санына Г.К. Костюк келесі қарама-қайшылықтарды жатқызады:
-жаңа қажеттілік, мүдделер, ұмтылушылық пен тұлға мүмкіншілігінің жеткен даму деңгейі арасындағы ;
-жаңа ғылымдардың міндеттерінен бұрын қалыптасқан ойлау тәсілдері мен іс-әрекет тәсілдері арасындағы;
-тұлға дамуындағы жеткен деңгейімен оның өмір сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын, оның орны, атқаратын қызметі арасындағы;
-жақсы жетістіктерге ұмтылушылық пен қиыншылықты жеңе алмайтындық қорқынышы арасындағы;
-дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жетіспеуі арасындағы;
-мақсаттылық, стереотиптік (еліктеушілік), тұрақтылық пен ширақтылық, өзгергіштікке ұмтылушылық арасындағы;
-тұлғаның ерікті әрекет пен қоғамдық қажетті іс - әрекет арасындағы:
Өз күшіне деген сенімділікті оқушы педагогикалық процеске басқа да қатысушылар мен бірлескен іс - әрекет барысында жеткен жетістіктері арқылы алады. Бұл оқушы
тұлғасының қалыптасуы ол жүйе болатын коллективтің дамуымен тығыз байланыстылығы мен анықталады. М.Ю. Красовицкийдің зерттеулерінде көрсетілгендей оқушы коллективінің тәрбиелік ролі қоғамдық пікір арқылы жүзеге асады, онда құндылық бағыттың жүйесі беліленеді. Бірақ керекті тәрбиелік деңгейдегі қоғамдық пікір ұтаздардың аса қадағалаумен қамқорлықтарын талап етеді. Оны қалыптастыру барысында мұғалім балалар коллективінің қалай даму үстінде екендігін, оған дамудың қандай қайшылықтары тән екендігін ескерілмейінше болмайды.
Олардың қатарына келесі қайшылықтарды жатқызуға болады:
-коллектив мүддесімен индивидтің жеке мүдделері арасында ;
-индивидтердің бірлесуге ұмтылушылығы мен тұлғаның өзінің тәуелсіздігіне өз еркімен безбеу арасындағы;
-тұтас еріктілігі мен коллективтің тәртібіне бағыну қажеттілігі арасындағы;
-коллективтің талаптары мен тұлғаның тілектері арасындағы;
-коллективтегі пайдалы әдеттерінің қажеттілігі мен формализм қауіптілігі арасындағы;
-бастапқы коллектив ұйымының қажеттілігімен топтық бөлініп шығуы қауіптілігі арасындағы .
Көрсетілген коллективтің даму қайшылықтары көптеген жылдар бойы бақылаудың негізінде қалыптасқан. Қайшылықтардың алғашқы екі топ қайшылықтарын шешу мүғалімдердің оқушылармен бірлескен іс-әрекеттерін-ұйымдастыру барысында мүмкін болады. Бірақ бұнда да мұғалім пайда болған қиындықтарға назар аудармай болмайтын көреді. Бұл қиындықтар оқушылар іс - әрекетін ұйымдастырудың мәні:
-педагогикалық басшылықтың міндеттілігі мен оқушылардың бастамасы мен қайраткерлігі арасындағы;
-мектептегі іс - әрекеттің коллективтік сипаттылығы мен әрбір оқушының адамға тән барлық өзіндік қасиеті бар тұлға ретіндегі даму қажеттілігі арасындағы;
-коллективтің қоғамдық мәні мақсатына байланысы жүйесін ұйымдастыру қажеттілігі мен бір жастағы
балалардың әлеуметтік тәжирбиесінің шектелгендігі арасындағы;
-оқушыларды атадан қалған ,адамға тән іс - әрекет түрлерінің (қатынас, ойын, еңбек, таным, өнер, табиғатты қорғау іс - әрекеті дайындау қажеттілігі мен оқушылардың осы іс - әрекеттер түрлерін меңгеруінің келешегі арасындағы;
-әрбір оқушының өзін - өзі билеушілігін қалыптастыру қажеттілігі мен жеке жауаптылықтың жеткіліксіздігі арасындағы;
-оқушылардың қоғамдық өмірдегі қатынасу ықыласы мен өмірде өзін жүзеге асыру тәсілдерінің жеткіліксізділігі арасындағы.
Тұлға дамуындағы қайшылықтарды білу жеткілікті дәрежеде әдісін біліп педагогикалық әрекеттің жұмыс жемісін жасауға мүмкіндік береді, ол оқушыларға дербес тәуелсіздікке, өз орнын табуға ұмтылушылдықтағы оның формалары мен әдістерін табуға көмектеседі. (Г.К. Костюк). Дұрыс педагогикалық басшылық жасай алынбаса қайшылық шешілмейді, тұйыққа кіргізеді, әкеледі, ол бұл әдетте қатты дау жанжалға әкеледі, дамуда тоқырауларға әкелетін кейбір үзілістер пайда болады. Бір құбылыстың ішінде пайда болған қайшылық оның өз ішінде шешілмейді, басқа жоғары деңгейдегі құбылыстармен байланыстары арқылы, яғни жаңа, өте күрделі даму формасы құрылуы арқылы жүзеге асады (Э.В. Ильенков). Қайшылық дегенміз қарама -қарсылықгардың бірлігі. Егер субъектінің іс - әрекеті арқылы қарама - қарсылықтардың бірі басқаға сәйкес келсе онда қайшылық шешіледі деген сөз. Бұл деректі анықтау қозғаушы күштерге ықпал ету әдістемесіне оқытумен тікелей байланысты.
Осы анықтамалардың көмегімен педагогикалық процестің негізгі қайшылығын шешуді қарастырайық. Кіші микро жүйеден бастайтын, яғни қатысушылар құрамы деңгейі ең аз жүйе. Оқушы өзінің тұлға ретінде қалыптасу процесінде әлеуметтік тәжірибені меңгеруі керек, ол бұл оның өз іс - әрекетінсіз мүмкін емес. Бірақ, ол іс - әрекет тәсілдерін өз бетінше меңгере алмайды тек қана басқалардың көмегі арқылы ол іс - әрекеттің субъектісі бола алады. Яғни, қайшылық "адам" жүйесінде пайда болады, ол оның жетілуі жаңа "адам - адам" жүйесінің, оған бірінші
жүйе қосымша жүйе ретінде кіреді, пайда болуы арқылы шешіледі.
Ұстаз көрсетілген жүйенің бір бөлігі ретінде өзінің міндеті етіп оқушыға пайда болған танымдық міндеттер мен, оның өзінің ойлау тәсілдерінің және іс - әрекеттері арасындағы, қайшылықтарды оны оқушы пайда болған қиыншылық ретінде субъективті қабылдайды және жеңуге көмектеседі. Бұл қайшылық әлеуметгік тәжірибенің әртүрлі саласына қатысты болғандықтан, мұғалім оқушыға әртүрлі іс - әрекеттер түрлерінің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, олармен көптеген ұрпақтар бойы әлеуметтік тәжірибе жасалады. Негізінен, мұғалім нақтылы кезеңдегі қайшылықтың анықталған ерекшелігіне байланысты оқушыларға (педагогикалық басшылықтың мәні міне осында) өз орнын табуға керекті тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. Демек, кең мағынада түсіндірілетін заттық (пәндік) іс - әрекет, оған мұғалімнің басшылығымен оқушы енгізілінеді,- қайшылықтарды шешудің құралы болады, ал ол индивидтің субъект ретінде қалыптасуына әкеледі.
Қайшылықтар дамуының ерекшелігі мынада, мұғалім міндетті түрде оқушының өзіндік ерекшеліктерін сол нақтылы коллективтің кіші микро топтарының ерекшеліктерін және әрбір оқушының тұлға қатынастары жүйесіндегі орнын бетке ұстауы керек балалар коллективімен оны басқарудың әлсіздігі, қайшылықтардың көп жағдайда дау — жанжалға өсуіне ұласып отырады. (Ф.М.Бородин, Н.М.Коряк, М.Ю.Красовицкий, Р.С.Немов жәнет.б.). Маманданған мүғалімнің педагогикалық сауатты басшылығы пайда болып келе жатқан қайшылықтарды, тану біліктерімен байланысы коллективтегі дау жанжалдар оқушылардың өздерінің және үлкендердің азғана араласуымен шешуіне әкеледі.
Қайшылық оқушылар коллективі жүйесінде пайда болғанымен оларды шешу одан жоғары деңгейдегі "сынып ұстаздары — сол сыныптың оқушылар коллективі" жүйеде шешілуі мүмкін. Сонымен бірге қайшылықтардың бір бөлігі пән мұғалімдерінің оқушылардың коллективтік танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыру барысындағы күш жұмсауы барысында шешілуі мүмкін. (М.С.Виноградова, Н.С. Дежникова, В.В. Котов, И.Б. Лиймете, В.Б. Первин, Н.Н. Хан және т.б.) Басқа қайшылықтарды шешу сынып
жетекшіге байланысты болады. Ол бастапқы сынып коллективтіне жалпы мектеп қатынастары жүйесінде өз орнын табуға, яғни өз оқушыларының сыныптан жалпы мектеп ісіндегі әлеуметтік белсенділік кеңістігін кеңейе түсе көмектеседі.
Сонымен, мұғалім мақсатты педагогикалық процестің дамуына ықпал еткісі келсе "ұстаздар — оқушылар" жүйесіне тән бірнеше қайшылықтар тобының болатындығын қайшылықтар топтары өзара байланысты болатындығын, ал оларды шешу педагогикалық процесс субъектілерінің іс-әрекеттерін қайта кұру арқылы болатындығын ескеруі керек. Сонымен бірге, мұғалім өзінің әрбір нақтылы практикалық іс - әрекеттерінің қас қағым уақытында оқушы тұлғасының нақтылы даму қайшылықтарына бір ғана емес бірнеше оқу, көркем өнер, спорт және т.б. коллективтің жүйесі болатын (А.Т. Куракин), онда жетекші іс-әрекет әртүрлі қайшылықтарды шиеленістіре түсуі мүмкін. Нақтылы педагогикалық процестегі қайшылықтар оның сыртқы бетінде жатпайды. Мұғалім процесс барысында ауытқудан пайда болып келе жаткан қайшылықтарды білуді, олардың ерекшеліктерін анықтау үшін және осыған байланысты өз әрекетінің ұзақ мерзімдік жоспарын ал қажет болса тез шешім қабылдау үшін керекті оған сай теориялық және әдістемелік дайындық керек.
Егер мұғалім, сол нақтылы қайшылықтың басқа топтар жүйесіңдегі орнын көре білсе, онда оның қабылдаған шешімі педагогикалық процестің негізгі интерактивтік қасиетін оқушы тұлғасына өзара қиылыстағы қосымша жүйелердің үздіксіз ықпалын көрсетеді. Ұстаздың басшылығымен жұмыс істейтін адамдардың әрекеттерінде қалай, болса да педагогикалық процестің - белсенділікпен қатынастың бірлігі, қосымша жүйенің қызметтік мамандануы, көп жақгы қатынастардың процесс субъектілерінің өзара әрекетінің нәтижесі сияқгы қасиеттері көрінеді.
Қайшылықтардың бағыттылықпен шешілуі педагогикалық процестің табиғатына сай дұрыс қызмет істеуіне әкеледі. Мұғалімнің алатын негізгі нәтижесі оқушылардың оқу және окудан тыс кеңістікте белсенді түрде іс-әрекет тәсілдерін меңгере түсуімен байланысты, бұнсыз олардың әрекетінің дамуы мүмкін емес.