Тақырып бойынша теориялық білімін бақылау үшін сұрақтар мен тапсырмалар

Аржыны басқарудағы қаржы саясатының рөлі

2. Қаржы саясаты өндірістің дамуындағы заңдылықтардың орындалуы

3. Қаржы секторының негізгі ішкі құрылымдық проблемалары және даму үрдістері

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Дағдыларды дамытуға бағытталады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізу.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер - 1, 3, 4, 5, 6.

Заңдамалар мен нормативтік актлер

Мерзімді басылымдар

Интернет көздері.

Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Қаржы академиясы» АҚ

Аржы саясаты және құқығы» пәні бойынша

Семинар (тәжірибелік) сабақтарының жоспары

Астана - 2016

Студенттердің тәжірибелік жұмысының мазмұны Ұсынылатын әдебиет Бақылау түрі Бақылау мерзімдері
1-тақырып. Қаржы саясаты – басқару құралы 1,2 Ауызша сұрау 1 апта
2- тақырып. Қаржы саясатының принциптері . 3,4 Ауызша сұрау 2 апта
3- тақырып. Қаржы механизмі мен қаржы саясатының байланысы 5,6 Тест сұрақтарына жауап беру 3 апта
4- тақырып. Қаржылық-құқықтық нормалары мен қаржылық құқықытық қатынастары 7,8 Тест сұрақтарына жауап беру 4,5 апта
5- тақырып. Бюджет саясаты, ҚР бюджет заңдамалары 9,10 Тест сұрақтарына жауап беру 6 апта
6- тақырып. Салық саясаты, ҚР салық заңдамалары 11,12 Жазбаша бақылау жазу 7 апта
7- тақырып. Ақша-несие саясаты, Ұлттық Банк және ҚР банктік заңдамалары 13,14 Тест сұрақтарына жауап беру 8 апта
8- тақырып. Валюта саясаты, ҚР валюта заңдамалары 14,15 Тест сұрақтарына жауап беру 9,10 апта
9- тақырып. Қаржы саясатының классификациясы мен Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері   16,17 Тест сұрақтарына жауап беру 11,12 апта
10- тақырып. Қазақстан Республикасының қаржы саясатының институционалды негіздері 18,19 Жазбаша бақылау жазу Есептер шығару 13,14 апта
11- тақырып. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының қаржы саясаты 21,22 Презентация 15 апта

Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Қаржы академиясы» АҚ

Аржы саясаты және құқығы» пәні бойынша

Орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтары

Астана-2016

Келесі ережелерді ескере отырып, пәнді иерген жөн:

Дәрістер:оқу сабағының нысаны, оның мақсаты логикалық формадағы пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру болып табылады.

Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу.

Тәжірибелік сабақтар- жаңалықтарды үйренуге және оқиғалардың бірқалыптылығын дамытуға арналған оқу сабақтарының формасының бірі, сонымен қатар студенттердің өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі.

Студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) бойынша өткізілетін сабақтарда келесідей нысанда өткізіледі: тақырып бойынша талқылауға арналған сұрақтар, мәнжазба және баяндамаларды талқылау, студенттің тақырыпқа қатысты сұрақтарына жауап беру.

Талқылауға арналған сұрақтар – студенттің дәріс сабағында алған теориялық білімін бекітуге мүмкіндік беретін СОӨЖ-да орындалатын тапсырмалардың бірі. Оған студенттер алдын-ала берілген сұрақтарға үйден дайындалып, сабақ барысында оны ортаға талқылауға салады. Сұраққа қатысты әрбір студент өз ойын білдіруге мүмкіндік алады және олардың талқылау нәтижесінде мол ақпарат алуына жол ашылады.

Мәнжазба – студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі.

Мәнжазба жазу төмендегідей тәртіпте жүзеге асырылады:

1) Мәнжазба тақырыбы оқу жылының басында студенттерге таратылады;

2) Мәнжазба тақырыбын таңдау «таңдау еркіндігі» принципіне негізделе отырып жүргізіледі;

3) Мәнжазба жазуға студенттің қабілетіне және тақырыптың күрделілігіне байланысты 1 ай, 1 семестр уақыт беріледі;

4) Мәнжазба жазбаша формада аттестация уақытына дейін қорғалады.

Мәнжазба төмендегідей бөлімдерден құрылуы керек:

- кіріспеден;

- негізгі мәтіннен;

- қорытындыдан;

- пайдаланылған әдебиеттен.

Мәнжазбаны орындауды 6 кезеңге бөлуге болады:

- тақырып таңдау;

- әдебиет таңдау және оқу;

- мәнжазба жоспарын құру;

- нақты және статистикалық материалдарды жинау және өңдеу;

- мәнжазба жазу;

- мәнжазбаны қорғау.

Мәнжазба тақырыбы ұсынылатын тақырыптардың ішінен өз бетінше таңдалады. Кей жағдайда тізімде болмаған тақырыпты студент өзі ұсына алады. Тақырыбы таңдалғаннан кейін каталог бойынша қажет әдебиет тізімі қаралып, таңдап оқылады. Студенттің басты міндеті – қазақстандық, ресейлік және шетелдік әдебиеттің ішінен тек мәнжазбаның таңдалған тақырыбына қатысты сұрақтарды мазмұндайтын оқулықтар, журналдар мен мақалаларды ғана таңдау. Әдебиетті таңдап оқығаннан кейін студент мәнжазбаның мұқият ойластырылған жоспарын құруы керек, ол оның негізгі сұрақтарын неғұрлым толық ашуға мүмкіндік береді. Жоспар – бұл мәнжазбаның негізі, оның қалай құрылғанынан барлық жазбаша жұмыстың деңгейі тәуелді болады.

Әдебиет таңдалып, жоспар құрылып, нақты материалдар алынып және сәйкесінше өңделгеннен кейін мәнжазба жазуға көшуге болады. Бұл кезеңде жұмыс жоспарын нақтылауға, маңызды сұрақтарды пункттер мен подпункттерге бөлуге болады.

Мәнжазба сәйкесінше безендірілуі керек. Безендіруге қойылатын талаптар төмендегідей:

1) титулдық бет;

2) жұмыс жоспары мен атауы;

3) кіріспе;

4) негізгі мәтін;

5) қорытынды;

6) әдебиет, мұнда нормативтік – құқықтық актілер, сонымен қатар авторлар аты-жөні алфавиттік тәртіпте құрылады.

Жұмыстың мәтіні мұқият тексерілуі және қолмен түсінікті жазылуы немесе компьютерде терілуі керек. Мәнжазбаның беттері нөмірленуі керек.

Баяндама – студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі. Ол студенттің ғылыми ізденуіне дағдыландыратын тапсырманың бірі. Баяндамада тақырыптың өзектілігі сипатталып, тақырып мазмұны логикалық тізбектілікпен, жүйелікпен орындалуы қажет.

Наши рекомендации