Тақырып бойынша теориялық білімін бақылау үшін сұрақтар мен тапсырмалар

Репродуктивті деңгей:

1. Валюта саясатының мәні

2. Валюта саясатының мақсаты мен міндеттері

3. Валюталық саясаттың әдістері, нысандары мен бағыттары

4. Валюталық саясатты жүзеге асырудың құралы

5. Қаржылық қатынастарындағы валюта саясатының рөлі

Шығармашылық жұмыс: Қазіргі кездегі валюта саясаты және оның қаржы саясатындағы рөлін талқылау.

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Кейс құрастыру. Кейс нақты жағдайды білдіреді, мысалы, автор тарапынан оны бағалауы және дұрыс біртекті шешімі болмайтын шынайы фактілер мен оқиғаны суреттеуді айтады. Оның баяндау стилі - ресми және академиялық. Сөзбен жеткізу мүмкіндігі болады. Кейс құрылымы - уақытша, сюжеттік, түсініктемелік.

Кейс түрлері:

- дәстүрлі «гарвардтық»;

- түрлендірілген;

- стратегиялық;

- тактикалық.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер - 1, 3, 4, 5, 6.

Заңдамалар мен нормативтік актлер

Мерзімді басылымдар

Интернет көздері.

Тақырып Қазақстан Республикасындағы қаржы саясатының классификациясы және оның құқықтық негіздері

Сабақтың мақсаты: Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары мен оның құқықтық негіздерін зерделеу.

Дәріс жоспары

Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары

2. Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялары

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: салық-бюджет саясаты, салық түсімдер, мемлекеттік борыш, міндетті төлемдер, республикалық бюджетке, жергілікті бюджет, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қосымша құн салығы, корпоративтік салық.

1. Фискальдық (салық-бюджет) саясат – бұл үкіметтің халықтың жұмыспен қамтылуын және инфляцияға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған салық салу, мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік бюджет саласындағы саясаты. Басқа сөздермен айтқанда, салық-бюджет саясаты – бұл мемлекеттік бюджеттің және салық жүйесінің көмегімен экономиканы тұрақтандыруға бағытталған саясат.

Салық-бюджет саясаты қаржы саясатының өзектік бөлігі және мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Салық салу мен мемлекеттік шығыстар саласындағы үкіметтің шаралары экономикалық өсуге, кірістерді бөлу мен кедейшілік деңгейіне аса зор ықпал етуі мүмкін, соның салдарынан олар, әдетте, экономикалық және саяси пікірталастардың ортасында болады.

Салықтар – бұл заңның негізінде қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін заңды және жеке тұлғалардан мемлекет алатын бюджетке міндетті төлемдер. Салықтар кіріс алатын заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыруға қатысу міндеттерін білдіреді.

Салықтар – мемлекеттік бюджет кірістерінің негізгі көзі. Сондықтан бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшері елеулі шамада екі шамаға - өз кезегінде төлем қабілеті бар экономикалық агенттердің санымен, мөлшерімен және жұмыс істеуінің тиімділігімен айқындалатын салық ауыртпалығы мен салық базасының шамасына тәуелді болады.

Қазақстанда салықтар республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Айталық, мысалы, мұнай секторын ұйымдастырудан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы; қосымша құнға салынатын салық және т.б. республикалық бюджетке, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқалары – жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.

Мемлекеттік борыш анықтамасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде берілген. Мемлекеттiк борыш - Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес, өзара талаптарды есепке алмай, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышына немесе мәслихаттардың шешiмдерiмен жергiлiктi атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерiлген) және өтелмеген мемлекеттiк қарыздардың, концессиялық міндеттемелердің белгiлi бiр күнге, сондай-ақ борыштық мiндеттемелердiң белгiлi бiр күнге сомасы. Осылайша, Қазақстанның мемлекеттік борышы Үкіметтің, Ұлттық банкінің және жергілікті атқарушы органдардың борыштарын қамтиды.

Мемлекеттік борыштың пайда болуы бюджет тапшылығын қаржыландыру және қоғамдық мұқтажды қанағаттандыру үшін ақша ресурсын тартудың бір нысаны ретінде мемлекеттік қарызды пайдаланумен туындаған. Мемлекеттік борыштың болуы белсенді дамушы мемлекет үшін қалыпты жағдай болып табылады. Мемлекеттік борыш өз бетінше елдің экономикасы үшін оң немесе теріс фактор болып табылмайды. Егер оның экономикасы тұрақты болса, заң шығарушы база осы қарым-қатынас саласын нақты белгілейді және мемлекеттік борыштың болуы елдің халықаралық имиджіне теріс әсер етпейді. Мысалы, АҚШ экономиканың көптеген көрсеткіштері бойынша көшбасшы бола тұра, оның мемлекеттік борышы да бар.

Р Ұлттық қоры

Алайда, әлемдік тәжірибе шикізат ресурстарына бай кейбір дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізе алмай, әлемдік тауар шикізат нарығындағы бағаның өзгеруіне қатты тәуелді болатынын көрсетеді.

Сонымен қатар, табиғи ресурстарды экспорттаудың үлкен үлесіне ие және пайдалы қазбалар қорына бай – Австралия, Канада, Норвегия, АҚШ секілді дамыған елдердің де мысалы бар

2.Қазақстан Республикасының валюталық саясаты ұлттық валютаның және ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді.

Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарады.

ҚР Ұлттық банкі түрлі күрделі операцияларды орындайтын және ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамассыз ететін негізгі буын болғандықтан бірінші деңгейлі банк болып есептеледі.

Валюталық және өзге де экономикалық халықаралық қатынастар аясында жүзеге асырылатын валюталық саясат, шаралардың жиынтықтағы нарықтық экономиканы реттеу жүйесінде маңызды орын алады. Ел дамуының белгілі бір кезеңінде сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асыру және ұлттық экономиканың өсуі соның тиімділігіне байланысты болады. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат аса маңызды орын алады. Сондықтан да, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары анықталған, соның ішінде негізгі мақсат болып ақша-несие саясаты екендігі баса айтылған. Себебі, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және экономикалық өсу мен ынталандыруды қатамасыз ететін негізгі бағыт екені айқын көрсетілген.

Сондықтан да, валюталық саясаттың мақсаты негізінен орнықты экономиканың өсуін, жұмыстылықтың жоғары деңгейін, бағаның тұрақтылығын (құнсызданудың төменгі деңгейі), сыртқы экономикалық тепе-теңдікті (төлем балансы тепе–теңдігін) қолдауды қамтамасыз етеді. Валюталық саясаттың шеңберіне ішкі валюта нарығын бақылау да кіреді.

Валюталық саясаттың нақты міндеттеріне мыналар жатады: валюта жүйесі мен валюта нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету; валюта дағдарысын жеңіп шығу, валютаның және ұлттық валютаның бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету; валюталардың айырбасталымдылығына көшу, валюта операцияларын ырықтандыру және тағы басқалары.

Мемлекет әзірлеген салық-бюджет, ақша-несие және сыртқы экономикалық саясаттардың негізінде валюталық саясат қалыптасады. Олардың барлығы өзара байланысты болып, экономикалық мақсаттардың жалпы жүйесінен туындайды. Әрбір мемлекеттік саясат үшін өзіндік жеке жүйе құрылып, оларды іске асырудың әдістері таңдалады.

Валюталық саясатты үкіметпен бірлесе отырып Орталық банк ойластырып, ол заң негізінде бекітіледі. Валюталық саясатты валюталық стратегияның, валюталық реттеуімен ұштастырылуы ретінде қарастыруға болады. Валюталық стратегия саласына валюта бағамы тұжырымдамасын, сол бағамға ықпал ету әдістерін таңдау.

Валюталық саясаттың әдістері, нысандары мен бағыттары елдің валюталық-экономика жағдайына, әлемдік шаруашылықтың өрістеуіне, дүниежүзілік аренада күштерді орналастыруға байланысты. Әр алуан тарихи кезеңдерде валюталық саясаттың мынадай нақты міндеттері алғашқы жоспарға қойылады: валюта дағдарысынан шығу, валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, валюталық шектеу, валютаның айырбасталымдылығына көшу, валюта тәртіптемесін ырықтандыру және басқалары. Абсолютті дербес ұлттық экономикалық саясат, соның ішінде валюталық, несиелік, қаржылық елдердің өзара тәуелділігінің дамуымен және әлемдік шаруашылықтағы бірігуімен сыйыспайды.

Валюталық саясатты заңды түрде, яғни валюталық құндылықтармен ел ішінде және тыс жерде операцияларды жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нысандары жиынтығы – валюталық заңдармен, сонымен қатар валюта проблемасы бойынша мемлекеттер арасында жасалатын екі жақты және көп жақты валюталық келісімдермен рәсімделеді.

Валюталық саясатты жүзеге асырудың бір құралы – халықаралық есеп айырысуды және валюта операцияларын жүргізу тәртіптерін мемлекеттің реттеуі. Ол ұлттық, мемлекетаралық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады. Тікелей валюталық реттеу заң актілері және атқарушы үкіметтің әрекеті арқылы орындалса, ал жанама реттеу экономикалық, соның ішінде валюта-несие әдістерімен нарықтағы экономикалық агенттердің мінез-құлқына ықпал ету жолымен іске асады. Шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру мемлекетаралық валюталық реттеудің дамуына әсер етеді. Ол мынадай мақсаттарды көздейді: жекелеген елдердің валюталық саясатын үйлестіру, валюта дағдарысынан шығудың бірлескен шаралары, бұл турасында басқа елдерге қарағанда жетекші мемлекеттердің валюталық саясатымен келісу.

Экономикада сыртқы және ішкі баланстылықты қамтамасыз ету ақша-несие және валюта саясатының стратегиялық мақсаттары болып саналады. Оған жетудің жолдары 1-суретте көрсетілген.

Тақырып бойынша теориялық білімін бақылау үшін сұрақтар мен тапсырмалар - student2.ru

сурет 1- Ақша-несие және валюта саясатының стратегиялық мақсаттары

Осы мақсаттарды іске асыру үшін сұраныс пен ұсыныс тәуелділігінде бағамның ауытқуына себепші болатын теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының тәртіптемесін сақтау қажет. Бұл – сыртқы нарықта Қазақстан тауарларының баға бәсекесіне қабілеттілігін дамытуға мүмкіндік береді. Ұлттық валюта бағамын қалыптастыруға монетарлық биліктің араласуы аз шамада болу керек. Ішкі валюта нарығында айырбас бағамына алыпсатарлықтың алдын алу қажеттілігі туғанда оған монетарлық билік қатысады.

Тұжырымдамалар: Қаржы саясатының жүзеге асырылуы бюджет-салық саясаты мен ақша-несие және валюта саясатының стратегиялық мақсаттарын анықтау.

Наши рекомендации