Тақырып бойынша теориялық білімін бақылау үшін сұрақтар мен тапсырмалар

Репродуктивті деңгей:

7. Қаржы саясатының мәні мен мазмұны

8. Қаржы стратегиясының анықтама

9. Қаржы тактикасының анықтама

10. Қаржы саясатының басқарудағы қызыметі

11. Қаржы саясатының әлеуметтік-экономикалық саладағы рөлі

12. Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары

13. Елдің қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштері

Шығармашылық жұмыс:

Қазіргі кездегі 2050 cтратегиялық бағдарламасының экномикалық-әлеуметтік салада жүзеге асырылуына шолу жасау.

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар: оқу сабағының нысаны, оның мақсаты логикалық формадағы пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру болып табылады.

Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу.

Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер - 1, 3, 4, 5, 6.

Заңдамалар мен нормативтік актлер

Мерзімді басылымдар

Тақырып Қаржы саясатының принциптері .

Сабақтың мақсаты:Қаржы саясатының мақсаттарын, міндеттерін және негізгі қағидаларын түсіне отырып қазіргі кездегі қарж саясатының жүзеге асырылуы негізінде қаржы мәселелерін жан-жақты зерделеу.

Дәріс жоспары

1. Қаржы саясатының мәселелері, мақсаттары

2. Қаржы саясатының негізгі қағидалары

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:қаржы ресурсы, экономикалық заңдар, макроэкономикалық тұрақтандыру, нарықтық реформа, қаржы және ақша-несие саясаты, мемлекеттік бюджет.

Қаржылық саясат – бұл мемлекет қызметінің негізгі саласы болып табылады. Қаржы саясаты қаржы ресурстарының шоғырлануына, олардың тиімді бөлінуіне және мемлекеттің үздіксіз және ұтымды қызмет етуі үшін пайдаланылады. Мемлекеттік қызметтің негізгі саласы ретінде қаржылық саясат тиісті нормативтік актілерді заңды құжатталуын талап етеді.

Қаржы саясатының негізгі субъектісі болып мемлекет әрекет етеді. Ол болашаққа қоғам дамуының қаржылық бағытының негізгі стратегиясын жасайды және алдағы кезеңдегі мақсаттарды және оларға жету жолдары мен оған тиісті қаражаттарды айқындайды.

Қаржылық саясатты жүзеге асыру процесінде қаржы жүйесімен шешілетін негізгі мәселелер бар:

1) объективті экономикалық заңдар қозғалысын есепке алу;

2) макроэкономикалық тұрақтандыруды қолдауға және нарықтық

реформаның тездетілуіне қаржылық қолдаудың көзделген әдістерінің

қажеттілігі;

3) ресурстар жұмылдырудың қайнар көздерін, олардың құрамын,

құрылымын, көбейту резервтерінің мүмкінділігін анықтау;

4) қаржы ресурстарын пайдалану және оңтайлы бөлуді қамтамасыз ету;

5) экономикалық және әлеуметтік даму бағытында оңтайлы салық жүйесін жасау көмегімен қаржы ресурстарының шоғырлануы;

6) қаржы және ақша-несие саясатында тепе-теңдік жасау;

7) мемлекеттік бюджет тапшылығын төмендету;

8) сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру;

9) Экономиканың тұрақты дамуына тиісті қаржылық базаны қалыптастыру;

10)мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыру барысында қаржы механизмінің тиісті нормативті актілер түрде өткізілуі.

Нарықтық экономика жағдайында қаржы саясаты ұзақ мерзімді болжамдарға негізделеді және қаржылық реттеушінің негізделген жүйесіне сүйенуі керек.

Мұндай реттеушінің қызметін салықтар атқарады. Салықтар – жалпы ішкі өнімді қайта бөлуді және алуды, сонымен қатар мемлекеттің ақшалай ресурстарының орталықтандырылған қорын қалыптастырады.

Қаржы саясатының көмегімен мемлекет экономиканы қайта құру құрылымдарын қалыптастыруда, жекешелендіруде, мемлекеттің негізгі стратегияларын жүзеге асырғанда бірқатар қиыншылықтарды жеңеді.

Шаруашылықты айн-у теориясы мен тәжірибесі қаржы саясатына бірнеше талаптар қояды:

- Қаржы саясатын қалыптастыруға ғылыми тұрғыдан қарау;

- Өткен шаруашылық және қаржы құрылысының тәжірибесін, жаңа

тенденцияларды және үдемелі құбылыстарды, халықаралық

тәжірибені мұқият түрде зерттеу;

- Қаржы саясатын жасағанда белгіленген кезеңнің даму мәселелерінің қайнар көзі және қаржы, несие, ақша құру саласындағы, сондай-ақ еңбекақы саясаты арасындағы кешенділік тәсілді сақтау;

- Қаржы саясаты әрекетінің нәтижелері ретінде қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды жетілдіру;

- Көзделген қаржы шараларын өткізудегі зардаптар мен жоғалтуларды

алдын-ала болжау;

- Мемлекеттің объективті мүмкіндігі туралы және экономикадағы істердің жағдайы туралы кең және шынайы хабардар болуы тиіс.

Сондай-ақ қаржы саясатын жүзеге асыру барысында ЭЕМ-сын кең қолдануы қажет.

Егер қаржы саясаты қоғам дамуының қажеттіліктерін, барлық қоғам топтарының мүдделерін нақты тарихи және экономикалық жағдайын ескерсе, онда жүргізіліп отыратын қаржы саясатының нәтижесі жоғары болады.

Мемлекеттің қажеттілігіне керекті қаржы ресурстарын толығымен жұмылдыру қаржы саясатының негізгі мақсаты болып табылады. Осыған сәйкес мемлекетте қаржы саясаты дамуына жақсы жағдайлар мен қолайлы резервтер жасалады. Сонымен бірге, мемлекет пайдасына кәсіпорынның табыстарын аударудың оңтайлы түрлерін және қаржылық ресурстарының қалыптасуына халықтың қатысуын анықтауда маңызды орын алады.

Тұжырымдамалар:Қаржы саясатының мақсаты мен міндеттерін қарастыра отырып мәселелерді шешу жолын қарастыру. Сол себептен, мемлекеттің қаржы ресурстарын жинақтай отырып мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саласын дамыту болып табылады.

Наши рекомендации