Тақырып бойынша теориялық білімін бақылау үшін сұрақтар мен тапсырмалар

Репродуктивті деңгей:

21. Салық саясатының түсінігі

22. Мемлекеттің бюджетінің қалыптасуы

23. Бюджеттен тыс қаржы қорларының құрылуы

24. Қаржылық қатынастарындағы салық саясатының рөлі

25. Салық кодексінің жалпы ережелері

Шығармашылық жұмыс: Қазіргі кездегі салық саясаты және оның салық кодексімен жүзеге асырылуын зерделеу.

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Эссені жазу. Эссе еркін пайдаланумен қарастырады. Оның жалпы көлемі 5-7 бет. Материалдың зерделенген дәрежесі, мәселелерді өзінше талдау, аргуменмтілігі, дәлелділігі, өзіндік көзқарасы оны бағалаудың критерийлері болып табылады.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер - 1, 3, 4, 5, 6.

Заңдамалар мен нормативтік актлер

Мерзімді басылымдар

Интернет көздері.

Тақырып Қаржы саясаты аясындағы ақша, кредит пен қаржы

Сабақтың мақсаты:Қаржы саясаты аясындағы бағдарламалардың жүзеге асырылуын талқылау.

Дәріс жоспары

1. Ақша-кредит саясаты жүргізуде елдің 2015 – 2020 жылдарға арналған экономикалық саясаты және әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

2. Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты

3. Ақша-несие саясатын реттеудің механизмі

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:құрылымдық саясат, ақша-кредит саясаты, ЖІӨ, инфляция, макроэкономика, инвестиция.

1. Қалпына келтіру кезеңінде дағдарыс кезінде бәсеңдеген салалардың өсу қарқыны, дағдарысқа дейінгі деңгейге жетуі тиіс, одан кейін бірінші қатарға Қазақстанның өндірістік әлеуетін кеңейтуге арналған негіздің іргесін қалау көрініс табады.

2015 – 2020 жылдарға арналған экономикалықсаясаттыңмақсаты– экономиканың өсуін қалпына келтіру және экономиканың одан әрі сапалы және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.

ЖІӨ-нің нақты өсуін қалпына келтіру, экономиканың сапалы және теңгерімді өсуі қолайлы макроэкономикалық ортаны қамтамасыз еткен кезде мүмкін болады. Өз кезегінде, орта мерзімді кезеңдегі экономикалық өсудің сапасы мен тұрақтылығы экономиканың «өзегімен» қамтамасыз етілуі тиіс.

Экономикалық саясат шеңберінде қойылған мақсатқа жету үшін мынадай негізгі міндеттер шешілетін болады:

макроэкономикалық тұрақтылықты және экономиканың өсуін қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

«отандық экономиканың «өзегін» қалыптастыру.

Қойылған міндеттерді орындау үшін ақша-кредит, фискалдық және құрылымдық саясаттар құралдарын теңгерімді пайдалануды қамтитын, макроэкономикалық саясатты іске асырудың біртұтас жүйесін қалыптастыру қажет.

Құрылымдық саясатэкономиканыңтұрақты өсу қарқынынқамтамасыз етуде ішкі факторлар рөлін арттыруға бағытталатын болады. Бұл үшін ішкі сұранысқа бағдарланған, «шикізат емес» салаларды дамыту жағына қарай экономиканың құрылымын қайта құру жүзеге асырылады. Экономиканың өсуін қалпына келтіру шаралары бойынша әлемдік нарықта және «экономиканың өзегі» салаларында бәсекеге қабілеттікке ие салаларын жеделдете дамыту ынталандырылатын болады.

Құрылымдық саясатты іске асыру, экономиканың шикізат емес салалары үлесінің өсуін және экономиканы жаңғырту үдерісін жеделдетуді ынталандыратын жаңа Салық кодексінің жағдайында жүзеге асырылады.

Құрылымдық саясат шеңберінде:

елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына мемлекеттік инвестициялар;

экономиканың шикізат емес салаларын дамытуды, олардың инвестициялық тартымдылығын арттыруды мемлекеттік қолдау;

даму институттарының қатысуымен экономиканың шикізаттық емес секторларына ұзақ мерзімді инвестицияларды ынталадыру;

жеке сектордың инвестициялық белсенділігін ынталандыру;

мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетігін алуды да одан әрі дамыту көзделеді.

Экономиканың өсуін қалпына келтіру үшін экономикалық белсенділікті арттыру үшін қажетті ақша ұсынысының көлемін қамтамасыз етуге бағытталған, бірақ бұл ретте экономикаға инфляциялық қысым көрсетпейтін, ынталандыратын ақша-кредит саясаты жүргізіледі.

Алайда, «арзан ақшалар» саясатын ұзақ жүргізу инфляциялық үдерістердің жеделдеуіне ықпал етуі мүмкін. Сондықтан, экономиканың өсуін қалпына келтіру шаралары бойынша ақша-кредит саясатының екпіні инфляцияға қарсы реттеу жағына ауысады.

Ақша-кредит саясаты әлемдік және отандық экономикалардағы ахуалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады. Қысқа мерзімді ноталар шығару, екінші деңгейдегі банктер депозиттерін тарту, барынша аз резервтік талаптардың өзгеруі ақша-кредиттік реттеудің негізгі құралдары болып қала береді. Ұлттық Банктің операциялары бойынша ставкалар ақша нарығындағы қалыптасатын ахуалға байланысты реттелетін болады.

Ішкі валюта нарығында спекулятивтік факторлар мен шетел валютасының сұранысы мен ұсынысы арақатынасымен негізделген теңгенің айырбас бағамының қысқа мерзімді шұғыл құбылуына жол берілмейтін болады.

Фискалдық саясат құрылымдық және ақша-кредит саясатының шараларымен жиынтықта экономиканы қалпына келтіру және оның өсуін одан әрі ынталандыруға жағдайлар туғызуға бағытталады.

Экономиканың дамуын ынталандыру макроэкономикалық тұрақтылыққа зиянын тигізбеуді ескере отырып жүзеге асырылады.

Фискалдық саясат шеңберінде бір жағынан жиынтық сұраныстың деңгейін, басқа жағынан - экономиканың өсуін қалпына келтіру үшін қажетті мемлекеттік инвестициялар есебінен инвестициялық белсенділік деңгейін қамтамасыз ететін мемлекеттік шығыстар деңгейін қолдау көзделеді.

Мұнайдан алынған кірістерді тәртіпті және тиімді басқару жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа, құрылымдық, ақша-кредит және фискалдық саясатының шаралары экономиканың «төзімділік қоры» қалыптасуына, оның сыртқы күйзелістерге әлсіздігі дәрежесінің төмендеуі, экономиканың «қызып кетуі» қайталану қатерін және перспективада «голланд ауруы» дамуын бейтараптандыруға ықпал етеді.

Наши рекомендации