Медициналық симуляция сценарийі. Клиникалық жағдай:«Cозылмалы гастрит».

Клиникалық жағдай:«Cозылмалы гастрит».

Ситуациялық есеп: Сіз– ОАА қабылдау бөлімінің кезекші дәрігерісіз.Сізге 29 жастағы ер адам қаралады.

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Зерттеу жоспарын анықтаңыз

Ø Лабораторлы – құралдық зерттеулердің мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу және емдеу тәсілін анықтаңыз

Қорытынды нәтиже:

1. Сұрауды жүргізу (толықтылық, шағымдар, ауру және өмір анамнезін нақтылап, анықтау)

2. Асқазан-ішек жолдарының аурулары бар науқасты қарап тексеру

3. Cозылмалы гастрит ауруының (клиникалық мәліметтері) диагностикасы

4. Жалпы қан анализін, жалпы зәр анализін, биохимиялық қан анализін (АЛТ, АСТ, билирубин, глюкоза), нәжісті жасырын қанға тексеру, ЭФГДС

5.Созылмалы гастритті бар науқасты жүргізу тәсілі

«Созылмалы гастрит» клиникалық жағдай бойынша

бағалау парағы (check-list)

Тапсырушының коды: _______________________ Емтихан күні _____________________________

Емтихан қабылдаушы:_________________________________________________________

Қадамдарды бағалау критерийлері Баллдары
Дұрыс орындады Ескертулермен орындады Орындамады
Шағымдарды жинау Шағымдарды нақтылау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? 1,0 0,5
Анамнезін жинау Анамнезді, соның ішінде жанұялық анамнезді айқындау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? 1,0 0,5
Физикальді қарау (терісін, шырышты қабаттарын және т.б.) 1,0 0,5
АҚҚ өлшеу және ЖСЖ санау 1,0 0,5
Іштің пальпациясын жүргізу 1,0 0,5
Асқазан шекараларын анықтау 1,0 0,5
Бауыр пальпациясы 1,0 0,5
Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу 1,0 0,5
Лабораторлы – аспаптық зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5
Лабораторлы зерттеу анализдерін интерпретациялау 1,0 0,5
Жасырын қанға нәжіс анализін интерпретациялау 1,0 0,5
ЭФГДС тағайындауды және мәліметтерін интерпретациялау 1,0 0,5
H.pylori инфекцияны анықтайтын тесттерді тағайындауды негіздеу және сараптама беру 1,0 0,5
Қорытынды клиникалық диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу 1,0 0,5
Емдеу тәсілін анықтау 1,0 0,5
Өмір сүру және ем дәмді өзгерту бойынша ұсыныстар 1,0 0,5
Базисті терапияны тағайындау     1,0 0,5
1,0 0,5
1,0 0,5
Науқаспен коммуникация нәтижелігі 1,0 0,5
баллдардың қорытындысы

Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:

Сізге 29 жастағы ер адам қаралады.Тамақтанғаннан кейін 1 сағат өткен соң, аш қарынға және түнде, тамақты, әсіресе сүтті қолданғаннан кейін басылатын эпигастридегі (көбірек оң жақтағы) сыздаған ауыру сезіміне шағымданады.

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты тұжырымдау Жауабы
Ауру сезімінің сипатын, оның орналасуын анықтау Іштегі ауру сезімінің сипаты қандай: жедел, сыздаған, күю, ұстама тәрізді? Ауру сезімі іштің қай бөлігінде? Эпигастрийде, көбінесе оң жақтағы сыздаған ауру сезімі
Тамақ қолданумен ауру сезімінің байланысы Тамақтан кейін ауру сезімі қай уақытта пайда болады? Ауру сезімі тағам қолданғананан кейін 1 сағаттан соң пайда болады
«Түнгі» және «аш қарындық» ауру сезімі Түнде немесе аш қарында ауру сезімі мазалайды ма? Ауру сезімі жиі аш қарынға және түнде мазалайды
Ауру сезімінің ұзақтығы Ауру сезімі қанша уақытқа созылады? 1-1,5 сағат көлемінде
Ауру сезімін жою Неден кейін ауру сезімі басылады? Тамақтан, әсіресе сүттен кейін басылады. Кейде Алмагель қабылдаймын, ол маған көмектеседі
Іштегі ауру сезімінің иррадиациясы Ауру сезімі оң, сол жақ қабырға астына, арқаға, жауырын ортасына беріледі ме? Жоқ
Диспепсиялық белгілер Кекіру, қыжылдау мазалайды ма? Ия, қышқылмен кекіру, қыжылдау, жүрек айну қатты мазалайды..
Ауру сезімінің физикалық жүктемемен байланысы Физикалық жүктемеден кейін ауру сезімі пайда болады ма? Жоқ
Үлкен дәретінің сипаты Іш қату, іш өтуге бейімділік бар ма? Соңғы кездері мені іш қатулар мазалайды
Ем дәм ерекшеліктері Сіздің ас үлесіңізде қандай тағамдар жиі болады? Қанша рет тағам қабылдайсыз? Бұрын ащы, тұзды, майлы тағамдарды, қою кофе жақсы көретінмін. Бірақ соңғы кездері бұл тағамдар ауру сезімін және қыжылдауды туындатады. Кейде тамақты 2 рет ішемін.
Ішімдік Сіз ішімдік қолданасыз ба? Қаншалықты жиі және қанша мөлшерде қолданасыз? Аптасына 2 рет 1 литр сыра қолданамын.
Темекі тарту Сіз темекі тартасыз ба? Қанша жыл? Күніне қанша темекі тартасыз? 10 жыл тартамын. Күніне 2 қорап темекі тартамын.
Науқаста және туыстарында басқа да созылмалы аурулардың болуы Сізде, туыстарыңызда АІЖ, бауырдың, жүректің созылмалы аурулары бар ма? Мен 5 жыл бұрын гастрит бойынша емделгенмін

Анамнезінде: Тамақтанғаннан кейін 1 сағат өткен соң, аш қарынға және түнде, тамақты, әсіресе сүтті қолданғаннан кейін басылатын эпигастрийдегі (көбірек оң жақтағы) сыздаған ауру сезімі 1 ай мазалайды. Сонымен қатар қыжылдау, қышқылмен кекіру мазалайды. Дәрігерге қаралмаған, аталған симптомдар ем дәмді сақтағаннан кейін басылады. Жағдайының нашарлауы ем дәмді бұзғаннан кейін бірнеше күн мазалайды. Алмагель қолданғаннан кейін эпигастрийдегі ауру сезімі басылды, бірақ кейін түнде және аш қарында қайта мазалайтын болды.

Объективті: Жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Бойы 175 см, салмағы 75 кг. Тері жабындылары таза, қалыпты түсте. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 74 рет мин. АҚ 120/80 мм сб.б. Тілі ал-қызыл, ылғалды. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастрийде ауру сезімді (әсіресе оң жағында). Бауыры, көк бауыры ұлғаймаған. Үлкен дәреті таңертең болған, қалыпты. Зәр шығаруы еркін, ауру сезімінсіз. Ісіктері жоқ.

ЖҚА:

Эритроциттер 4,3х1012

гемоглобин 120 г/л,

ТК 0,9

лейкоциттер 6,2х109

с/я 62%,

т/я – 2%,

эозинофилдер 3%,

лимфоциттер 28%,

моноциттер 5%,

ЭТЖ 10 мм/с.

ЖЗА:

мөлшері 100,0 мл,

салыстырмалы салмағы – 1020,

түсі – сары

лейкоциттер – 0-1 к/а.

Биохимия:

жалпы билирубин 12,7 ммоль/л

глюкоза – 4,3 ммоль/л

АЛТ – 18 Ед/л

АСТ – 14 Ед/л

Уреазды тынысты тест - +++ (оң)

Нәжістегі жасырынды қан сынамасы – қорытындысы теріс

ЭФГДС: Өңештің өтімділігі еркін, шырышты қабаты ал-қызыл түсті. Инсуффляция кезінде асқазан қатпарлары еркін ашылады. Асқазанның антральді бөлігінде шырышты қабаты қызарған. Асқазанда шамалы мөлшерде шырыш анықталады. Қақпа қалты еркін өтімді, қызарған, ісінген. Он екі елі ішек пиязшығының кілегейі қызарған. Эрозиялар мен ойық жара анықталмайды.

«Созылмалы гастрит»

Наши рекомендации