Медициналық симуляция сценариі. Клиникалық жағдай:«Жедел сол қарыншалық жетіспеушілікпен, өкпе ісінуімен асқынған гипертониялық криз»

Клиникалық жағдай:«Жедел сол қарыншалық жетіспеушілікпен, өкпе ісінуімен асқынған гипертониялық криз»

Ситуационная задача:Сіз – қалалық кардиологиялық орталықтың дәрігерісіз. 60 жастағы ер адам түсті.

Ø Анамнез жинаңыз және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Лабораторлы – құралдық зерттеулердің мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу және емдеу тәсілін анықтаңыз

Соңғы қорытынды:

1. Науқасты сұрастырып және физикальді зерттеу

2. Зерттеу мәліметтерінің интерпретациясы: 12-әкетулердегі ЭКГң; ЖҚА; коагулограмманың; креатинин, глюкоза, ТТЛП холестерин, электролиттер, ТТГ; ЖЗА, кеуде клеткасы мүшелерінің рентгенографиясын, ЭХОКГ

3. Науқасты жүргізу және емдеу тәсілі

«Жедел сол қарыншалық жетіспеушілікпен, өкпе ісінуімен асқынған гипертониялық криз» клиникалық жағдай бойынша

бағалау парағы (check-list)

Емтихан тапсырушының коды ______________________ Емтихан күні _____________________

Емтиханды қабылдаушы___________________________________________________

Қадамдарды бағалау критерийлері Баллдар
Толық иеленеді Толық емес иеленеді Иеленбейді
1. Шағымдарды және анамнезді жинау, негізгі сұрақтар қойылды ма 1,0 0,5
2. Физикалді қарау 1,0 0,5
3. Тыныс алу жүйесін зерттеу 1,0 0,5
4. Жүрек қан тамыр жүйесін зерттеу 1,0 0,5
5. ЭКГ интерпретациялау 1,0 0,5
6. Алдын ала қойылған диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу 1,0 0,5
7. Науқастың жағдайы мен алдында жүргізген терапияның бағалауы 1,0 0,5
8. Жедел жәрдем жүргізу тактикасын анықтау 2,0 1,0
9. Кеуде клеткасы мүшелерінің рентгенографиясын тағайындау және интерпретациялау 1,0 0,5
10. Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5
11. Құралдық зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5
12. ЖҚА, ЖЗА, биохимиялық анализді және ТТГ интерпретациялау 1,0 0,5
13. Коагулограмманы интерпретациялау 1,0 0,5
14. Салыстырмалы диагностиканы жүргізу 1,0 0,5
15. Қорытынды диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу 1,0 0,5
16. Әрі қарай жүргізу тактикасын анықтау 2,0 1,0
17. Базисті гипотензивті терапияны тағайындау 1,0 0,5
18. Коммуникацияның эффективтілігі 1,0 0,5
  Баллдар қорытындысы 20,0 10,0

Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлінің сипаттамасы:

Бас ауруына, айқын ентігу, жөтелу, кзеңді түрде көп мөлшердегі бөлінетін көпіршікті қызғылт түсті қақырыққа, жалпы әлсіздікке шағымданады.

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты тұжырымдау Жауап
АГ анамнезін анықтау Бұрын АҚ жоғарлады ма? Егер жоғарласа қандай сандарға дейін? Ия, 10 жыл ауырамын, АҚҚ 190/110 мм с.б. дейін жоғарлайды. Бірақ бұрын қазіргідей нашар өзімді сезген емеспін
Базалық гипотензивті терапияға бейімділігі Қандай дәрілер қабылдайсыз? Оларды атаңыз. Оларды жүйелі түрде қабылдайсыз ба? Лозап плюс, конкор. Соңғы апта бойы қабылдай алмадым. Құжаттарымды жоғалтып едім, соны уайымдағаннан қысымым жоғарлады, басым ауырып, айнала бастады, кейін дем алуым қиындай түсті, ауа жетпегендей болды, жөтел мен қақырық пайда болды – әйелім жедел жәрдем шақырды. Бұрын ондай болған емес.
  Криз басталған соң қандай уақыт аралығында жедел жәрдем шақырдыңыз? Қатты бас ауыруы пайда болғаннан 30 минут кейін жедел жәрдемді шақырдық
ЖКС болуы Төс артында ауыру сезімі бар ма? Кеуде торында жағымсыздық, ауыру сезімі бар ма? Жоқ

Анамнезінде:10 жылдай АГ-мен ауырады. Тағайындалған дәрілік заттарды ретсіз қабылдайды. 2 сағат бұрын эмоциональді жүктемеден кейін гипертониялық криз дамыды, интенсивті бас ауыруы, бірінші рет бас айналу, ауа жетпеу сезімі пайда болып, кейін қызғылт қақырықты жөтел қосылды. Қатты бас ауыруы пайда болғаннан 30 минут кейін жедел жәрдемді шақырған.

Жедел жәрдем бригадасы шақырудан кейін 10 минуттан соң келді.

Қабылдау бөліміне науқас шақырудан кейін 30 минуттан соң жеткізілді.

Жедел жәрдемнің сигнальді парағы: АҚ 230/140 мм с. б. Жасалынды: Фуросемид – 40 мг т\і ағызып (струйно) Эналаприлат 1,25 мг – 1,0 т\і ағызып (струйно)

Объективті:Жағдайы ауыр, жедел сол қарыншалық жетіспеушілікпен асқынған гипертониялық кризбен негізделеді. Тынысы беткейлі, шулы. Тамақтануы жоғарлаған. Тері жабындылары боз, аяқ-қолдары ылғалды, акроцианоз. Перифериялық ісінулері жоқ. ТАЖ – 28 рет мин. Өкпесінде тынысы әлсіреген, көптеген ылғалды әр түрлі калибрлі сырылдар. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы солға ығысқан. Жүрек үндері тұйық, ырғағы дұрыс, ЖСЖ – 136 рет мин. АҚҚ - 200/120 мм сб.б. Бауыры қабырғы доғасы бойымен.

Электрокардиограмма

Медициналық симуляция сценариі. Клиникалық жағдай:«Жедел сол қарыншалық жетіспеушілікпен, өкпе ісінуімен асқынған гипертониялық криз» - student2.ru

Кпе рентгенограммасы

Медициналық симуляция сценариі. Клиникалық жағдай:«Жедел сол қарыншалық жетіспеушілікпен, өкпе ісінуімен асқынған гипертониялық криз» - student2.ru

Жалпы қан анализі:

эритроциттер–4,7х1012/л,гемоглобин 144 г/л, ТК– 0,95

тромбоциттер – 224 х 109

лейкоциттер–6,5х109

таяқшаядерлі – 2%, с

егментядерлі– 63%,

эозинофилдер- 2%,

лимфоциттер–28%,

моноциттер 5%,

ЭТЖ-11 мм/сағ.

Жалпы зәр анализі:

көлемі 150,0 мл, түсі – сары, салыстырмалы салмағы – 1019, белок - жоқ, лейкоциттер – 0-1-3к/а.

Биохимиялық қан анализі:

креатинин – 87мкмоль/л

глюкоза – 5,4ммоль/л

холестерин ТТЛП – 4,3ммоль/л

калий – 4,4ммоль/л

натрий– 140ммоль/л

Коагулограмма:

АЖТУ – 22 сек

тромбинді уақыт-8 сек

протромбинді уақыт-8 сек

протромбинді индекс – 108%

МНО – 0,63

РФМК – 9,8 мг/100мл

фибриноген-4,2 г/л

Тиреотропты гормон – 3,2 мЕД/л

Наши рекомендации