Медициналық симуляция сценариі. Клиникалық жағдай: «Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы, нейро-бұлшықеттік синдромы бар науқасты

Клиникалық жағдай: «Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы, нейро-бұлшықеттік синдромы бар науқасты диагностикалау және жүргізу тәсілі».

Жағдайлық есеп:Сіз – кезекші дәрігер. Бөлімшеге 44 жастағы ер адам келіп түсті.

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Зерттеу жоспарын анықтаңыз

Ø Лабораторлы – құралдық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу тәсілін және емдеу жоспарын анықтаңыз

Соңғы қорытынды (outcomes):

1. Сұрастыруды жүргізу (шағымдардың, ауру және өмір анамнезінің толықтылығы, нақтылығы)

2. Науқасты қарап тексеру

3. Диагностика (клиникалық мәліметтер)

4. Жалпы қан, биохимиялық қан анализдеріне, сүйек-буын жүйесінің патологиясы кезінде рентген суреттеріне интерпретация жасау.

5. Остеохондрозы бар науқасты жүргізу тәсілі

«Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы, нейро-бұлшықеттік синдромы бар науқасты жүргізу тәсілі»

клиникалық жағдай бойынша бағалау парағы (check-list)

Емтихан тапсырушының коды _____________________Емтихан күні ___________________

Емтиханды қабылдаушы ____________________________________________

Қадамдарды бағалау критерийлері Ұпайлық бағасы
Дұрыс орындад Ескертулер болды Орындамады
Шағымдарды жинау 1,0 0,5
Анамнез жинау 1,0 0,5
Физикалық қарау 1,0 0,5
Тірек-қимыл жүйесін зерттеу 1,0 0,5
Сакроилеитті анықтауға арналған тесттерді жүргізу 1,0 0,5
Омыртқа қозғалысын анықтауға арналған тесттерді жүргізу 1,0 0,5
Алдын ала диагнозды негіздеу және құру 1,0 0,5
Салытырмалы диагноз жоспары 1,0 0,5
Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5
Құралдық зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5
Лабораторлы зерттеу мәліметтерін интерпретациялау 1,0 0,5
Кеуде ағзаларының Р-граммасын интерпретациялау 1,0 0,5
Омыртқаның кеуде-бел бөлігінің 2 проекциядағы рентгенограммасын интерпретациялау 2,0 1,0
Қорытынды диагнозды негіздеу және тұжырымдау 2,0 1,0
Емдеу қағидаларын анықтау 2,0 1,0
Келешекте жүргізу тәсілі 1,0 0,5
Науқаспен коммуникацияның нәтижелігі 1,0 0,5
баллдардың ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Стандартталған әртістің (науқастың) сценарий тексті және оның рөлі:

Науқас ер кісі 44 жаста, 4 жылдай жүк тасымалдаушы болып жұмыс жасайды.

Шағымы:физикалық белсенділіктен кейін пайда болатын, демалыстан кейін басылатын арқасындағы ауыру сезіміне, бел аймағындағы және самның алдыңғы беткейіне берілетін қарқынды емес ауыру сезіміне, ұюып қалу сезіміне шағымданады. Арқасындағы ауыру сезімі физикалық күштемеден кейін (жүктерді көтергенде) күшее түседі. Соңғы айда жиі әр түрлі майларды (диклофенак, долобене) қолданады, бірақ нәтижесіз.

Анамнезінде: өзін шамамен 5 жылдай аурумын деп санайды, соңғы жылы ауыру сезімі күшее

бастады. 16 жастан бастап шылым шегеді, ішімдікті сирек қолданады.

Объективті:жалпы жағдай қанағаттанарлық. Дене бітімі қалыпты. Өкпесінде – везикулярлы

тыныс, сырылдары жоқ. Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 75 рет/мин. АҚҚ 115/75 мм сб.б Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз.

Сүйек-буындық жүйесі – омыртқаныңкеуделік және бел-сегіз көз бөлігін пальпациялағанда ауыру сезімді. Бел аймағында «көсем (вожжей)» симптомы анықталады және пальпация кезінде паравертебральді нүктелерде ауыру сезімі анықталды. Жүргенде, сондай-ақ алдыға қарай еңкейгенде науқас шектелмеген.

Кушилевский тесті – теріс

Томайера тесті – теріс

Шобера тесті – теріс

Форестье тесті – теріс

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты құру Жауабы
Негізгі шағымдарының пайда болу мерзімі Жоғарыда айтылған шағымдар қашан пайда болды? Шамамен 5 жыл бұрын, бірітіндеп өрши бастады
Жалпы көрінісі Басқа не мазалайды (әлсіздік, қызба, тершеңдік, қалтырау бар ма– дірілдейсіз бе)? жоқ
Арқасында және беліндегі ауырсыну Арқада және белде ауыру сезімі қашан мазалайды? Физикалық белсенділіктен кейін пайда болады, демалыстан кейін басылады, бел аймағындағы ауыру сезімі самның алдыңғы беткейіне беріледі
Таңертеңгілік құрысу Таңертеңгілік құрысу бар ма? жоқ
Түнгі ауырсыну Түнде қалай ұйықтайсыз? Ауру сезімі түнде мазаламайды, жақсы ұйықтаймын
Жаттығу көмектесе ме? Жаттығудан соң жеңілдік бола ма? жоқ
Қандай дәрілік заттарды қабылдайсыз? Соңғы уақытта қандай дәрі қолдандыңыз, үнемі қолданасыз ба? Иә әр түрлі жақпалар қолдандым, Фастум гель, долобене – айтарлықтай көмектеспеді
Омыртқадағы қозғалыс Еңкею қиын ба, немесе ұзақ отыру қалыпы қиын ба сізге? Иә, еңкею тым қиындау, әсіресе аяқ киімімді кигенде, ұзақ отыра алмаймын.
Жүрек-қан тамыр жүйесі Жүрек жағынан шағымдарыңыз болды ма? Жоқ, ешқашан
Көру мүшесі Көзіңізбен көру жағынан шағымдарыңыз бар ма? Жоқ
Энтезит Табаныңыз ауырмай ма? жоқ
Жалпы қан анализі Гемоглобин – 136 г/л Эритроциттер -4,34 х 1012 /л Түсті көрсеткіш- 1,0 Тромбоциттер – 280х109/л Лейкоциттер – 9,0 х 109/л Таяқша ядролы нейтрофилдер – 5,6% Сегмент ядерные нейтрофилдер – 66,4% Эозинофилдер – 4% Лимфоциттер – 25% ЭТЖ – 12 мм/сағ Жалпы зәр анализі Көлемі– 50 мл түсі – сары мөлдірлігі – мөлдір салыстырмалы тығыздығы – 1020 Реакция – қышқыл Белок – теріс қант - теріс жалпақ эпителий – 0 – 1 к/а Лейкоциттер - 0 –1 к/а
Қанның биохимиялық анализі жалпы белок – 67,6 г/л Билирубин 18,2 мкмоль/л АЛТ – 0,42 ммоль/л АСТ – 0,38 ммоль/л Мочевина 5,5 ммоль/л Креатинин – 64 мкмоль/л холестерин - 4,5 ммоль/л Глюкоза – 4,8 ммоль/л СРБ - теріс фибриноген 4 г/л Ревматоидты фактортеріс АСЛ-О – 50 ед ANA –теріс

Медициналық симуляция сценариі. Клиникалық жағдай: «Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы, нейро-бұлшықеттік синдромы бар науқасты - student2.ru

Медициналық симуляция сценариі. Клиникалық жағдай: «Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы, нейро-бұлшықеттік синдромы бар науқасты - student2.ru Медициналық симуляция сценариі. Клиникалық жағдай: «Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы, нейро-бұлшықеттік синдромы бар науқасты - student2.ru

Кеуде және бел аймағының рентген-суреттерінде тура және бүйір проекцияларында: омыртқаларының барлық тұйықтаушы пластиналарының қалыңдауы және тегіс емес шеттері анықталады. ТX-XII деңгейде омыртқа аралық дисктердің биіктігі төмендеген (сызықтар) және олар жайпақталған, көптеген остеофиттер (қалың сызық), омыртқалар бұрышының өткірленуі.

«Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы, нейро-бұлшықеттік синдромы бар науқасты жүргізу тәсілі»

Наши рекомендации