Медициналық симуляция сценариі. Клиникалық жағдай: «Ревматоидты артрит диагностикасы және науқасты жүргізу тәсілі»

Клиникалық жағдай: «Ревматоидты артрит диагностикасы және науқасты жүргізу тәсілі»

Ситуациялық жағдай:Сіз – кезекші дәрігер.Қабылдау бөліміне 41 жастағы әйел келіп түсті.

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Зерттеу жоспарын анықтаңыз

Ø Лабораторлы – құралдық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу тәсілін және емдеу жоспарын анықтаңыз.

Соңғы қорытынды (outcomes):

Ø Сұрастыруды жүргізу (шағымдардың, ауру және өмір анамнезінің толықтылығы, детализациясы)

Ø Буын синдромы бар науқасты қарауды жүргізу

Ø Жалпы қан анализі, биохимиялық қан анализінің (жалпы белок, альбумин, креатинин, АЛТ, АСТ, глюкоза, липидты спектр),С реактивті белок, фибриноген, иммунологиялық анализ (РФ, АЦЦП, АNА, В,С вирусты гепатит маркерлері), Райт және Хаддлсон реакциясы, ЭКГ, буын РГ, кеуде қуысының РГ, сүйек тінінің денситометриясы мәліметтерін интерпретациялау

Ø Ревматоидты артритпен науқастарды жүргізу тәсілі

«Ревматоидты артрит диагностикасы және науқасты жүргізу тәсілі» клиникалық жағдайы бойыншабағалау парағы (check-list)

Емтихан тапсырушының коды ______________________ Емтихан күні______________

Емтиханды қабылдаушы___________________________________________________

Қадамдарды бағалау критерийлері Ұпайлық бағасы
Дұрыс орындады Ескертулермен орындадыиями Орындамады
Шағымдарды жинау: негізгі синдром анықталып, диагностикалық ізденіс жүргізілді 1,0 0,5
Анамнезін жинау 1,0 0,5
Физикальді қарау (терісін, шырышты қабаттарын, лимфа түйіндерін және т.б.) 1,0 0,5
Тыныс алу және жүрек қан-тамыр жүйелерін қарауды дұрыс жүргізу 1,0 0,5
Status localis. Артритті анықтау 1,0 0,5
Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу 1,0 0,5
Лабораторлық зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5
Иммунологиялық зерттеулерді тағайындау 1,0 0,5
Лабораторлы зерттеу мәліметтерін – интерпретациялау 1,0 0,5
Иммунологиялық зерттеу мәліметтерін – интерпретациялау 1,0 0,5
Құралдық зерттеу мәліметтерін –қолдың ұсақ буындарының РГ интерпретациялау 2,0 1,0
Құралдық зертеу- ККА Р-н, ЭКГ, сүйек тінінің денситометриясын интерпретациялау 1,0 0,5
Салыстырмалы диагноз 1,0 0,5
Қорытынды диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу   1,0 0,5
Емдеу тәсілін анықтау 1,0 0,5
Базисті терапияны тағайындау 1,0 0,5
Препараттардың жанама әсерлерін алдын алу 1,0 0,5
Келесі амбулаторлы бақылауды тағайындау жоспары 1,0 0,5
Науқаспен оптимальді қатынасты орнату және қобалжуды басу 1,0 0,5
ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛ

Стандартталған әртістің (науқастың) сценарий тексті және оның рөлі:

Шағымдары: ұсақ буындардың ауырсыну мен ісінуіне, ауруына байланысты қолдағы қимылдың шектелуіне, жалпы әлсіздікке, дене температураның 37,5 0С –қа жоғарылауына. Аауру сезіміне байланысты ұсақ заттарды ұстай алмайды.

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты құрастыру Жауабы
Негізгі шағымдарының пайда болу мерзімі Жоғарыда айтылған шағымдар қашан пайда болды? Шамамен 2- 3 апта бұрын
Немен байланысты Ауру сезімі неден кейін пайда болды? Мүмкін суық сумен кір жуғаннан кейін.Таңертең ұйқыдан оянғанда қолымды қысу қиын болды.
Таңертенгілік құрысу Ұйқыдан оянғанда құрысу сезімі,қиын қозғалу бола ма? (мысалы,бір нәрсе кедергі жасап тұрғандай, «гипстағы қол») Әсіресе бүгу мен жазудың қиын болуы-бір нәрсе кедергі жасайтындай, қолдың мақта сияқты болуы.
Құрысудың ұзақтығы Құрысу қанша уақытқа созылады? Таңертен тұру қиын болады. Аздап қолды қозғалту керек, түске таман қолымды жұма аламын.
Құрысудың пайда болу уақыты Таңертеңгілік құрысу қашаннан бері мазалайды? 2-3 айдан бері,одан да көп.Мән бермедім. Ал кір жуған кезімде-қатты ауру сезімі мазалады.
Басқа буындардың қосылуы Тағы қандай буындар ауырады? Тізе буындары , аса қатты емес.
Жалпы симптомдары Дене қызуының жоғарылуын қашан аңғардыңыз? Мүмкін ұзақ уақыттан бері жоғарылайтын шығар,тексермедім,бірақ,денемнің қызып жатқанын сездім. Ал қолым ауырғанда тексерсем -37,5 0С болды. Енді күніге кешке -37 0С болып жүр.
Жүйелік өзгерістер Бөртпелер болды ма? Бұлшықеттер ауырады ма? Тамағыңызда ауру сезім бар ма? Жұтынғанда ауырмай ма? Бұлшықетте әлсіздік бар ма? Шашыңыз түспей ме? Күнді қалай көтересіз? Тек қол саусақтарындағы әлсіздік.Күнді жақсы көтерем,өзімді жақсы сезінем.
Рейно Суыққа қолыңыз ауырып, жансыздана ма? Қыста қолғапсыз жүре аласыз ба? Суық алдында,одан кейін қолыңыздың тері түсі өзгере ме? Мысалы,суықта бозғылттанады, одан кейін күйдіру сезім бола ма? Ондайды байқамадым

Анамнезінде:

Бұрын буындар ауырды ма? – Жоқ
Мамандығыңыз - аудармашы
-Боткин ауруы, туберкулез, венерологиялық аурулармен ауырдыңыз ба? – Жоқ
- Қан қуюлар мен операциялар болды ма? – Жоқ
- Тұқым қуалаушылық аурулар бар ма? - Ия, анамның буындары ауырады (анам 70 жаста)
-Қанша жүктілігіңіз, босану болды? Етеккіріңіздің бұзылысы болған жоқ па? - 2 жүктілік, 2 босану болды. Етеккірдің бұзылысы жоқ.
- Аллергияңыз (шаңға,тамақтарға,өсімдіктерге, дәрілерге,тұрмыстық химикаттарға) бар ма? – Жоқ
Эпид.анамнез. Сүтті,етті қайдан сатып аласыз? Сүтті термоөңдеусіз қолданасыз ба? - Тек дүкеннен сатып алам. Етті ұзақ қайнатам.Сүтті міндетті түрде қайнатам.

Аанамнезінде: 2 апта бұрын участкелік терапевтке қаралған. Науқас айтуы бойынша жалпы қан анализінде ЭТЖ жоғарлаған (қаншаға дейін екенін білмейді). Ревматологиялық бөлімшеге жолданған. Анасы остеоартрозбен ұзақ аурады.

Қарап тексергенде:дене салмағы 60 кг, бойы 165 см.

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, буындық синдром әсерінен. Тері, шырыш қабаттары бозғылт, таза. Дене қызуы 37 0С. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ-18 мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ., ЖЖС-78 рет/мин.

Наши рекомендации