Медициналық симуляция сценариі. Клиникалық жағдай: «Жедел коронарлық синдроммен асқынған гипертониялық криз

Клиникалық жағдай: «Жедел коронарлық синдроммен асқынған гипертониялық криз, госпитализацияға дейінгі кезеңде шұғыл көмек көрсету»

Ситуациялық есеп:Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сізге 65 жасар ер адамның үйіне шақыру келді.

Ақырғы нәтиже (outcomes):

Ø Жүрек-қан тамыр жүйесінің патологиясы бар науқасты сұрастыру және физикалық тексеру.

Ø Гипертониялық криздің және ЖКС-ның клиникалық диагностикасы.

Ø ЭКГ жасау және талдау

Ø Гипертониялық криз, ЖКС кезінде шұғыл көмек көрсету

Ø Артериялық гипертензиясы, ОКС бар науқасты жүргізу тактикасы.

«Жедел коронарлық синдроммен асқынған гипертониялық криз,

госпитализацияға дейінгі кезеңде шұғыл көмек көрсету»

клиникалық жағдайы бойынша бағалау парағы (check-list)

Қадамдарды бағалау критерийлері Балмен бағалау
Дұрыс орындады Дұрыс орындамады Орындамады
Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? 1,0 0,5
Науқас жағдайының ауырлығын бағалау 1,0 0,5
Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру 2,0 1,0
Жүрек-қан тамыр жүйесін физикалық тексеру 2,0 1,0
Болжама диагноз 1,0 0,5
Зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5
Салыстырмалы диагностика 1,0 0,5
ЭКГ түсірді 2,0 1,0
ЭКГ талдады 2,0 1,0
Кризді және ауыруы сезімін басу тактикасы 2,0 1,0
АҚҚ бақылау 1,0 0,5
Одан әрі емдеу тактикасын анықтау 2,0 1,0
Науқаспен және оның туыстарымен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі 1,0 0,5
Шұғыл көмек көрсету кезінде өзін ұстауы – өзіне толық сенімді, өзін дұрыс ұстайды 1,0 0,5
  ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛ

Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:

Шағымдары: басының қатты ауыруы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, ентігу, жалпы әлсіздік.

Сұрақтың мәні Актер үшін сұрақ құрастыру Актердің жауабы
Ауыру сезімінің сипатын, локализациясын анықтау Бас ауыруының сипаты қандай: өткір ме, тұрақты ма? Қай аймақта: Ауыру сезімі қай жерде: басыңыз түгел ауырады ма? Не желкеңіз бе? Желке аймағында өткір ауыру сезімі
  Жүрегіңіздегі ауыру сезімінің сипаты қандай: қысады ма? Шаншиды ма? Күйдіреді ме? Қысады (жұдырығымен төсін көрсетеді)
Ауыру сезімінің ұзақтығы Басыңыздағы ауыру сезімі қанша уақытқа созылады? Жүрек аймағындағы ауыру сезімі ше? Басым 4 сағаттан бері, жүрегім 1 сағаттан бері?
Аурыу сезімінің себебі Ауыру сезімі неге байланысты пайда болады? Эмоционалды стреске
Жүректегі ауыру сезімінің берілуі Жүрегіңіздегі ауыру сезімі басқа жеріңізге беріледі ме? Сол қолыма
Ауыру сезімі немен басылады? Ауыру сезімін басу үшін бірдеңе қабылдадыңыз ба? Нитроглицериннің 2 таблеткасын тілімнің астына салып көрдім, бірақ көмектеспеді
Ентігу пайда болу шарты Ентігу қашан пайда болады? Үйімнің ішінде жүрген кезде

Анамнезінде: Артериалды гипертониямен 10 жылдан бері, ЖИА-мен 5 жылдан бері ауырады, «Д» есепте тұрады. АҚҚ максимум 180\100 мм сын. бағ. Кардикет, диротон, кардиомагнил ішіп тұрады. ҚКО-та жыл сайын стационарлы ем алады. 30 жылдан бері күніне 10 темекі тартады. Осы жағдайының нашарлауы 4 сағаттан бері, жоғарыда айтылған шағымдар пайда болған соң үйіне дәрігерді шақырған.

Объективті: бойы 176 см, салмағы 84 кг. Науқас мәжбүрлі қалыпта – жартылай отыр, қолымен жүрек аймағын ұстап отыр.

Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Дене бітімі гиперстеникалық. Тері жабындыларының түсі қалыпты, акроцианоз. Перифериялық ісінулер жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТЖ минутына 22 рет. Жүрек үндері тұйық, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ минутына 88 рет. АҚҚ 220\120 мм сын. бағ.

ЭКГ: Ритм синусты, 88 рет мин. ST сегментінің депрессиясы I. AVL,V5-V6. Q тісшесінің, ST сегментінің жоғарлауы II,III,AVF. Сол қарыншаның гипертрофиясы.

Медициналық симуляция сценариі. Клиникалық жағдай: «Жедел коронарлық синдроммен асқынған гипертониялық криз - student2.ru

«Жедел коронарлық синдроммен асқынған гипертониялық криз, госпитализацияға дейінгі кезеңде шұғыл көмек көрсету»

Наши рекомендации