Жедел сол қарыншалық жетіспеушілікпен, өкпе ісінуімен асқынған гипертониялық криз» клиникалық жағдайдың жауаптар эталоны
№ | Қадамдарды бағалау критерилері | |
1. | Шағымдарды және анамнезді жинау, негізгі сұрақтар қойылды ма | Кезекті және жүйелі түрде орындалды: 3 маңызды критерилерін бөлді: АҚҚ жоғары деңгейі, ортопноэ; көпіршікті қызғылт қақырық Қалған сұрақтары диагнозды нақтылауға арналған |
2. | Физикалді қарау | Криздің перифериялық симптомдары (тері жабындыларының боз және ылғалды болуы, акроцианоз) және өкпе ісінуі белгілері (ортопноэ, көпіршікті қызғылт қақырық) анықталған. |
3. | Тыныс алу жүйесін зерттеу | ТАЖ есептеліп және өкпе аускультациясы жүргізілді |
4. | Жүрек қан тамыр жүйесін зерттеу | Жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекарасын анықтау. Кезекті сақтап, жүрек нүктелерін тыңдап жүрек аускультациясын жүргізу. Кернеулі жиі пульстің анықталуы Ереже сақтап АҚҚ өлшеді |
5. | ЭКГ интерпретациялау | Айқын синусты тахикардия, систолалық күштемесі бар сол қарынша гипертрофиясы |
6. | Алдын ала қойылған диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу | Басының ауруы, ентігу, бас айналу, әлсіздік шағымдарын; кенет қызғылт түсті қақырықты жөтелдің және ентігудің пайда болуын; жүрек үндерінің тұйықтығын, айқын тахикардияны, АҚҚ жоғарлауы; ЭКГ – ЖСЖ 136 рет минутына тіркелген систолалық күштемесі бар СҚГ-ң болуын ескере отырып келесі диагноз қойылды: Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік, өкпе ісінуімен асқынған гипертониялық криз |
7. | Науқастың жағдайы мен алдында жүргізген терапияның бағалауы | Гипертониялық криз басылмаған, ЖСҚЖ белгілері сақталынған деп тұжырымдайды. Эналаприлат пен фуросемид АҚҚ-ды 30 мм с.б. (13%) төмендеткеніне қарай – ЖЖ бригадасының іс-әрекеті нәтижелі бірақ жеткіліксіз деп саналады |
8. | Жедел жәрдем жүргізу тактикасын анықтау | 4. РжәнеҚТ госпитализациялау 5. Көпіршікті басатын (этанол) ылғандандырылған оттегі 6. Қайталап фуросемид 40 мг т\і ағызып Эбрантил 5 мг/5 мл + 50,0мл физ.ер-дет\і тамшылатып 2 сағаттан кеш емес АҚҚ-ды 160/100 мм с.б.-дейін түсіру Әрі қарай базалық гипотензивті терапияға ауыстыру |
9. | Кеуде мүшелерінің рентгенографиясын тағайындау және интерпретациялау | Тамырлы компоненттің әсерінен өкпе суретінің күшеюі, жүрек көлеңкесінің сол шекарасының ығысуы, кіші қан айналым шеңберіндегі гипертензия |
10. | Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау | ЖҚА, ЖЗА. Коагулограмма; креатинин, глюкоза, холестерин ТТЛП, тиреотропты гормон, электролиттер деңгейін анықтау |
11. | Құралдық зерттеу жоспарын тағайындау | Эхокардиография Динамикада ЭКГ |
12. | Жалпы қан және зәр анализін, биохимиялық анализді және ТТГ интерпретациялау | ЖҚА және ЖЗА патологиясыз ТТЛП холестериннің жоғарлауы, глюкоза, креатинин, электролиттер, ТТГ деңгейі қалыпты. Бұл гипертониялық криздің, өкпе ісінудің себебін анықтайды – АГ. |
13. | Коагулограмманы интерпретациялау | АТЖУ (АЧТВ) , протромбинді уақыттың қысқаруы, МНО төмендеуі, фибриногеннің, РФМК, протромбинді индекстің жоғарлауы гиперкоагуляция белгісін дәлелдейді |
14. | ЭхоКГ–ны интерпретациялау | Сол қарыншаның гипертрофиясы, жиырылу қызметінің төмендеуі |
15. | Салыстырмалы диагностиканы жүргізу | Гипертониялық криз бен өкпе ісінуінің дамуына әкелетін мына аурулар анықталды ( АГ); гипертониялық криз емінің тәсілін анықтауда маңызы бар қалқанша безі, бүйрек ауруларының жоқтығы анықталды. |
16. | Қорытынды диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу | Алдын ала қойылған диагнозды, сонымен қатар ТТЛП холестериннің жоғарлауын, гиперкоагуляцияны; ЭКГда систолалық күштемесі бар СҚГ-нің, өкпе ісінуінің рентгенологиялық суретінің болуын ескере отырып мына диагноз қойылды: АГ, 3 дәрежесі, қауіп факторы ең жоғары. Гипертониялық криз, жедел сол қарыншалық жетіспеушілікпен, өкпе ісінуімен асқынған. СЖЖ IIA. II ФК NYHA бойынша. |
17. | Әрі қарай жүргізу тактикасын анықтау | АҚҚ, ЖСЖ, ТАЖ мониторингісі Қанның газдық құрамы 6 сағаттан кеш емес динамикада ЭКГ қайталау, кейін күнделікті жасау |
18. | Базисті гипотензивті терапияны тағайындау | ААФИ – мысалы, периндоприл 10 мг/тәу; Зәр айдағыштар – мысалы, индапамид 2,5 мг/тәу; Бета-блокаторлар – бисопролол 10 мг/тәу; АҚҚ мақсатты деңгейі 130/80 мм с.б. |
19. | Коммуникацияның эффективтілігі | Оптимальді қатынас орнатты. Дәрігерге сеніммен қарайды. |
Дайындаған:кафедра ассистенті И. Алмаскызы
Рецензент:ҒЗИКжәнеІА. Вуздан кейінгі кәсіби және қосымша білім беру орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы Тундыбаева М.К.
№ 1 терапия бойынша И және Р кафедрасы отырысында талқыланып және бекітілді
(27 қаңтар 2015, хаттама № 7).
Ішкі аурулар бойынша КІБ мәжілісінде талқыланып және бекітілді
(29 қаңтар 2015, хаттама № 5).