Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Сұраныс деген не? Сұраныстың функциясы? Сұраныс заңының және сұраныс заңдар парадоксының (оғаш пікірінің) мәнін ашып көрсетіңіз.
2. Ұсыныс заңын түсіндіріңіз. Ұсыныс қисық сызығы және оның пішіні.
3. Нарық тепе-теңдік моделі (үлгісі). Вальрас бойынша және Маршалл бойынша теп-теңдік.
4. Тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) мәнін ашып көрсетіңіз.
5. Тұтынушы мен өндірушінің артығы дегеніміз не? Баға белгілеудің мемлекеттік реттеу шаралары оларға қалай әсер етеді?
Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Кесте бойынша әр тұтынушыға жеке сұраныс қисық сызығын шығарып, нарық сұранысының кестесін жасап, оның негізінде нарық сұранысының қисық сызығын шығарыңыз.
Тауар бірлігінің бағасы | Сұраныс | ||
1-ші тұтынушының | 2-ші тұтынушының | 3-ші тұтынушының | |
2. Осы мәліметтер негізінде сатулардың тепе-теңдік бағасы мен көлемін анықтаңыз. Бағасы 200 болған жағдайда сатулар көлемі қандай болады? Бағасы 280 болса?
Баға | Сұраныс көлемі | Ұсыныс көлемі |
3.Тауарға деген сұраныс функциясының түрі: QD = 250 – 4P1. Ұсыныс функиясы: QS = 200 + 4P. Өндіріс тепе-теңдік көлемі мен тепе-теңдік бағаны анықтаңыз.
4.Ұсыныс функциясының түрі: QS = 200 + 4P. Егер сұраныс – қисық сызығы көлденең болса, QD = 320 жағдайда тепе-теңдік баға қандай?
5. Сұраныс функциясы QD = 200 – Р, ұсыныс функциясы – QS = 2Р + 20. Тауардың тепе-теңдік бағасы мен тепе-теңдік санын анықтаңыз. Егер тауар данасына (бірлігіне) 15 шамасында акциз салығы енгізілсе, олардың мағыналары қандай болады?
6. Графикте нарық моделі (үлгісі) берілген:
P D S
12 20 Q
а) сұраныс пен ұсыныстың теңдеуін жасаңыз
б) сатушы мен сатып алушының және қоғамдық пайданың ұтыс шамаларын анықтаңыз.
в) 2 доллар шамасында тауар салығын енгізу нәтижесін графикте көрсетіңіз.
г) салық енгізгеннен кейінгі сатушы мен сатып алушының тепе-теңдік бағаларын анықтаңыз.
д) мемлекет алатын салықтың жалпы сомасын есептеңіз.
е) салық енгізуден сатушы мен сатып алушының ұтысын анықтаңыз.
7. Ұсыныс артығы әдетте:
а) бағаның көтерілу жағына ықпал жасайды
б) бағаға ешқандай ықпал көрсетпейді (жасамайды)
в) бағаның төмендеу жағына ықпал етеді
г) сұраныс көлемін үлкейтеді
д) сатып алушыларды тауар сатып алуға ынталандырады
8. Тауар тепе-теңдік бағасы Р дейік. Егер мемлекет бағаның төмеңгі деңгейін 2Р деп белгілесе, нәтижесінде:
а) тауарға ұсыныс азаяды
б) тауар артығы пайда болады
в) ұсыныс қисық сызығы оңға жылжиды
г) барлық жауаптар дұрыс
д) дұрыс жауап жоқ
9. Тауарға сұраныс азайды, сонымен бірге тауарға ұсыныс көбейді. Тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік санға бұл қандай әсер етеді:
а) тепе-теңдік сан азаяды, ал тепе-теңдік бағаның өзгеруін болжау қиын
б) саны азайып, бағасы көтеріледі
в) саны көбейіп, бағасы төмендейді
г) бағасы төмендеп, саны көбееді не азаяды
10. Сұраныс қисық сызығының жылжуы мына себептерден болуы мүмкін:
а) тауар өндірісі технологиясының жетілдіруінен
б) тұтынушы табысының азаюынан
в) тауар сатып алу көлемінің өсуінен
г) тауар бағасының өзгеруінен
Тақырып. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ.
САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ