Зін өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар. 1.Тұтықпаның клиникасын түрлері бойынша сипаттаңыздар.

1.Тұтықпаның клиникасын түрлері бойынша сипаттаңыздар.

2. Салыстырмалы кесте құрастырыңыздар.

Тұтықпа балаларды клиникалық, психологиялық, педагогикалық тексеру

Логопедиялық және емдеу сауықтыру жұмысын тиімді жүргізу үшін және дұрыс жоспарлау үшін тұтықпа баланы барлық тұтықпаның симптомдарын ескере отырып толық зерттеу қажет. Зерттеу кешенді жүргізілу керек. Тұтықпаны зерттеу психологиялық педагогикалық және логопедиялық тексеруден тұрады, сонымен қатар медициналық тексеру нәтижелері ескеріледі.

Тексеру үш кезеңнен тұрады:

1. Анамнестикалық мәліметтерді жинау;

2. Жалпы, ұсақ, мимикалық және артикуляциялық моторикасын тексеру;

3. Тұтықпаның байқалуын тұлғалық ерекшеліктерін тексеру.

Бірінші кезең анамнестикалық мәліметтер жинау

Анамнезді кім арқылы (ата анасы, тұтықпа баланың өзі) жинағанын міндетті түрде көрсету қажет.

Тұқымқуалаушылық:

Ø Ата анасында алкоголизм бар ма?;

Ø Ата анасы жүйке психикалық сырқатпен ауырады ма?

Ø Тез сөйлейтіндер бар ма?

Ø Ата анасы, туыстарында кеш сөйлегендер бар ма?

Ø Ата анасында, аға, қарындастарында тұтықпа бар ма?

Ø Әке шешесінің мінез құлқының ерекшеліктері;

Ø Отбасының тұрмыс жағдайы

Шешесінің жүкті болуы және босануы:

Ø Нешінші жүктіліктен туған бала?

Ø Іште жатқан кездегі дамуы;

Ø Токсикоз, зақым алуы, басқа аурулар және зиянды факторлар;

Ø Босануы (тез, ерте, стимуляция т.б);

Ø Туу кезіндегі ерекшеліктер (бірден жылауы, асфикция) туу кезінде зақымдалуы;

Ø Емген уақыты (бірден, бірнеше күннен кейін).

Бір жасқа дейінгі дамуы:

Ø Тәрбие жағдайы;

Ø Ұйқысы, тәбеті;

Ø Инфекциялық аурулар;

Ø Ми аурулары;

Ø Мишық зақымдалуы;

Ø Моторлы дағдыларының қалыптасуы (отыруы, тұруы, жүру).

Мектепке дейінгі кезең:

Ø Тәрбие жағдайы;

Ø Инфекциялық аурулар;

Ø Соматикалық аурулар;

Ø Моторлық дамуы (кешеуіл, қалыпты, тең).

Ø Балабақшаға икемділігін үйренуі;

Ø Жетекші қолдың байқалуы, солақай болса, қайта үйренуі;

Ø Мінез- құлық (сабырлы, тимсыз, ашуланшақ, жылауық) т.б.

Сөйлеу анамнезі:

Ø Гуілдеуі мен былдырлауының мезгілі, ерекшеліктері (белсенділігі т.б.);

Ø Алғашқы сөзі;

Ø Қарапайым фразаны қай уақытта айта бастады;

Ø Байланыстырып сөйлеуге көшкенде қандай қиындықтар байқалады;

Ø Интерацияның байқалуы;

Ø Сөйлеудің бұзылуы(дислалия, дизартрия, ринофония т.б.);

Баланың тәрбие жағдайы:

Ø Әлеуметтік ортасы қайда тәрбиеленеді (балалар үйінде, балабақшада, үйде т.б.);

Ø Сөйлеу ортасы: тұтықпа немесе басқа тіл кемістігі бар адамдармен қатысы; екі тілде сөйлесе, қай тіл қатынасы басым;

Ø Баламен сөйлеу қатынасының ерекшеліктері (көп сөйлеспеуі), сөйлеу тілін дамытуға белсендіру (кітап оқып, өлең жаттау, түсінігі т.б).

Ø Отбасының мәдени тұрмыс жағдайы.

Тұтықпа баланың дамуы:

Ø Тұтықпа қай жаста байқалды?

Ø Тұтықпаның пайда болу себебі (бірден, психикалық зақым, себепсіз т.б)

Ø Мутизм кезеңі;

Ø Тұтықпаның байқалуы (тұрақты, кейде)

Ø Қандай жағдайда сөйлеуі жеңілдейді, нашарлайды;

Ø Тұтықпа пайда болғаннан кейін баланың тәртібі өзгерді ме (қалай? Ұйқысы, негативизм, үрейлену, энурез т.б)

Ø Баланың өз ақаулығына көзқарасы;

Ø Сөйлеу ақаулығын түзетудің қандай шаралары қолданды;

Ø Емдеу мен оқудың мерзімі мен нәтижесі.

Отбасындағы қарым қатынас ерекшеліктері

Ø Баланы тым еркелетуі немесе қатал қарауы, шамадан тыс көрілімдер (кино, телевизор, компьютер т.б);

Ø Отбасы мүшелерінің ақаулыққа көзқарасы (уайымдайды, көңіл бөлмейді т.б).

Қосымша деректер: мектепке дейінгі жастағы балалар үшін:

Ø Мінезінде қандай өзгерістер байқалады (жылауық, ашуланшақ, қорқақ т.б);

Ø Ойнау іс әрекетінің деңгейі, қандай ойынды сүйеді, ойнағанда сөйлей ме, үндемей отыра ма;

Ø Өзімен өзі ойнағанда, құрбыларымен ойнағанда тұтықпа байқала ма;

Ø Тұтықпаның байқалуы (жиі, кейде т.б).

Оқушылар үшін:

Ø Мектепке келгенде тұтығу азайды ма, күшейді ме;

Ø Оқу барысында тұтықпаның байқалуы (орнында, тақтаның алдында т.б);

Ø Үлгерімі;

Ø Құрдастарымен, ата анасымен қатынасы;

Ø Логфобия (қиын дыбыстар, сөйлеуге қорқу).

Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы моторикасын тексеру.

1. Статикалық координациясын тексеру

· Кезекпен оң аяқта, сол аяқта тұру;

· Аяқтың ұшымен тұру.

Қалыпты позаны ұстап тұруы анықталады.

2. Динамикалық координациясын тексеру

· Екі аяқпен кезек секіру;

· См жоғары жіптен секіру. Жеңіл секіре ме, секіре алмайтыны анықталады.

3. Бірдей қимылын тексеру

· Екі қолымен бірдей қимыл жасау (екі қолымен бірдей сіріңкенің ішін жинау)

· Аяғымен, қолымен бірдей қимыл жасау.

Жалпы қимылға көңіл бөлу (ептілігі, епсіз, икемсіз)

4. Қолдың ұсақ қимылын тексеру

· Оң қолдың үлкен саусағын қалған саусақтармен кезек түйістіру, сосын сол қолдың;

· Оң, сол қолдың саусақтарын жеке кезекпен бүгу;

· Екі қолдың саусақтарын түйістіру;

· Түймені, бауды баулау, шешу.

Қимылдың толықтылығы, нақтылығы, ептілігі анықталады.

5. Мимикалық ерікті іс қимылдарды тексеру

· Қабағын көтеру (таң қалу)

· Мұрнын жиыру

· Күлімдеу

· Ұртын үрлеу

· Ернін алға шығару

6. Артикуляциялық моториканы тексеру

· Ерінді жымиту

· Түтікше

· Күрекше

· Жіңішке тіл

· Жымию түтікше

· Сағат

· Ат шауып келеді

Қимылдық толықтылығы, көлемі, бір қимылдан екінші қимылға өтуі анықталады.

Сөйлеу функциясын тексеру

1) Дыбыс айтуының сипатамасы;

2) Сөз қоры

3) Сөйлеудің грамматикалық жағы

4) Сөйлеудің жылдамдығы (жылдам, баяу)

5) Сөйлеу тәртібінің ерекшеліктері (сөйлеу белсенділігі, ұстамдылығы, импульсивность, қатынасқа түсуі т.б.).

6) Дауысы (қатты, ақырын, қырылдақ, әуезділігі)

7) Демалуы (кеуделік, диафрагмальдық, терең т.б)

8) Сөйлеудің әр түрінде тұтықпаның байқалуы:

· Бірге сөйлегенде

· Қайталап сөйлегенде

· Жаттаған сөзде

· Тақпақ айтқанда

· Мәтінді оқығанда

· Сұрақ жауап кезінде

· Берілген тақырыпқа әңгіме құрастырғанда

· Оқығанын айтып бергенде

· Өз бетімен сөйлегенде

9) Тыртысудың түрі: тоникалық, клоникалық, аралас.

10) Тыртысудың орны:

· Демалу: инспираторлық, экспираторлық

· Дауыс шығару: вокальдық, діріл т.б.

· Артикуляторлық: еріндік, тілдік, жұмсақ таңдайлық.

· Күрделі беттік тыртысу.

11) Қиын дыбыстар

12) Эмоциональды маңызды сөйлеу ситуациялары

13) Сөйлеу амалдары (эмболофразия, сөздерді ауыстыру, сөйлеу қатынасын ерікті шектеу)

14) Еріксіз бірлескен қимылдар, оның сипаты

15) Тұтығу кезінде баланың сезінуі: бұлшықеттердің қатаюы, демалу қиындығы

16) Тұтықпаны күшейтетін факторлар: қысылу, шаршау, шу т.б.

17) Тұтықпаны жеңілдететін факторлар: өзін өзі бақылау, зейін қою, сөйлеуді қимылымен қостау.

18) Көмекті қабылдауы: жағымды, парықсыз, жағымсыз.

19) Өзінің ақаулығына көзқарасы: орынды, орынсыз

20) Тұтықпасыз сөйлеу кездері: ұзақтығы, жиілігі

21) Сөйлеуден қорқуы (логофобия)

22) Тұтықпаға эмоционалдық жағдайының әсері

23) Тұтықпаның өтуі: бірқалыпты, бірде азайып, бірде күшейеді.

24) Тұтықпаға қосымша сөйлеу бұзылыстары

25) Тыртысудың деңгейін анықтау: жеңіл, орташа, ауыр.

Қорытынды

Қорытындыда логопед орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдалуының белгілерін көрсетеді (медициналық қорытындының негізінде):

· Сөйлеу және моторлық онтогенездің ерекшелігін;

· Тұтықпаның байқалған уақытын;

· Тұтықпаның деңгейін;

· Тыртысудың түрін, орнын;

· Логофобияны барын;

· Тұтықпаның байқалуын;

· Басқа тіл кемістіктерін көрсетеді.

Мысалы, тұтықпа екі жарым жаста қорыққаннан кейін бірден басталды. Дыбыс айтуы мен лексикалық грамматикалық жағы қалыпты дамыған. Тұтықпаның тоно клоникалық түрі, орташа деңгейі. Тұтықпаның невротикалық түрі.

Наши рекомендации