Азақстан Республикасындағы валюталық қадағалау мен реттеу және жүргізілетін операциялар

Нарыққа өту кезеңінде Қазақстан егеменді ел ретінде өзінің саяси дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрады.

Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВК-ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямаика валюта жүйесінің құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыруы үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сол аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын. Қабылданған заң бойынша ырқына жіберу деңгейіне сәйкес келіп кейбір жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылданды.

Жоғарыда аталған заңға қоса, «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң, «Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы» 1995 жылдың 30 наурыздағы заң; «Асыл тастар және қымбат бағалы металлдармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы» 1995 жылдың 20 шілдедегі заң; сонымен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары үкімет қаулылары мен ұлттық банк басқаларымен нормативтік актілері.

Қазақстан заңдары бойынша валюталық объектісі болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, аффинирленген алтын мен басқа металдарды республикаға әкелу, алып кету және жіберу тәртібін белгілеу болып есептелінеді.

Валюталық қатынастардың субъектілері болып «резиденттер» және «резидент еместер» саналады. Резидентке жататындар:

- Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде уақытша шетелдерде мемлекеттік қызметте жүргендер;

- ҚР-ның заңдары бойынша құралған заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және тыс жердегі өкілеттері;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкілдіктер, сондай-ақ шаруашылық несиесі коммерциялық іспен шұғылданбайтын өкілдіктер.

ҚР-дағы «резидент еместерге» жоғарыда республика резиденттері түсінігінде көрсетілген заңды және жеке тұлғалар жатады.

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер:

- валюта бақылауы органдары мен агенттері жүргізген тексеру актілерімен танысуға;

- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен валюта бақылауы агенттері мен органдарының іс-әрекетіне шағым жасауға;

- Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер:

- валюта бақылауы органдары мен агенттеріне барлық сұраған құжаттар мен валюта операцияларын жүзеге асыру жөніндегі ақпараттарды беруге;

- валюта бақылауы органдары мен агенттеріне өздері жүргізген тексеру барысында, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша түсініктеме беруге;

- валюта бақылауы органдары мен агенттері жүргізген тексеру актілерінде баяндалған фактілермен келіспеген жағдайда, бұл актіге қол қоюдан бас тарту себебіне жазбаша түсініктеме беруге;

- өздері жүргізетін валюта операциялары бойынша есеп жүргізіп және есеп беріп, олардың кемінде бес жыл сақталуын қамтамасыз етуге;

- валюта бақылауы органдарының анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарын (нұсқауын) орындауға;

- Қазақстан Республикасының валюта заңдарында белгіленген басқа талаптарды орындауға міндетті.

Қазақстан валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органдары болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер жүргізеді.

Валюталық бақылау негізінен мына бақылауда жүргізіледі:

- Жүргізілетін валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және оған қажетті лицензиялар мен рұқсаттың болуы;

- Резиденттердің мемлекет алдындағы шетел валютасымен міндеттемелерін орындауын тексеру; сондай-ақ ҚР валюта нарығында шетел валютасын сату міндеттемелерінің орындалуын тексеру; шетел валютасымен жүргізілген төлемдердің фиелдігі, валюта операциялары бойынша есеп пен есептесудің толықтығы және объективтілігін тексеріп, сонымен бірге резидент еместердің теңгелермен жүргізген операциялары бойынша бақылау жүргізіледі.

Сөйтіп, валюта қатынастары халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастарға қызмет етіп, ол мемлекеттің төлем балансында төлем табады.

Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органдары болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер жүргізеді.

«Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес «валюталық операцияларға» төмендегідей түсінік берілген:

1) меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлімелер;

2) валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту мәмілелері;

3) ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің арасындағы операциялар.

Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

1. Шетел валютасы;

2. Номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдары;

3. Тазартылған құйма алтын;

4. Ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.

Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына бағалы металдар (алтыннан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрид және маржан) жатқызады.

Іс жүзінде валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты болып бөлінеді.

1. Ағымдық операцияларға жататындар:

- тауарлар жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

- 180 күннен аспайтын несиелер беру және алу;

- салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге де операциялар бойынша девидендтерді, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және аудару;

- гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік сомманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа соммаларды аудару;

- осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:

- инвестицияларды жүзеге асыру;

- интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;

- мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар;

- тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемінің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімгге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

- 180 күннен асатын несиелер беру және алу;

- өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банктеріне және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды жүзеге асыру;

- зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;

- жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуде ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.

Наши рекомендации