Азақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекет демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік болып табылатынын, оның басты байлығы адам, оның өмірі, құқықтары мен еркіндігі екендігін ресми жариялайды. Осыған сүйене отырып, мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті және оның тиімділігінің басты өлшемі халықтың үздіксіз өмір сапасын арттыруболып табылады.

Үдемелі индустрялық-инновациялық дамуға қазақстандық бағдар сондай-ақ, әлеуметтік даму үлгісіне жаңа жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік стратегияны әлеуметтік басымдықтар жағына барынша ығыстыру байқалады. «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына жиырма қадам» деген бағдарламалық мақаласында ел Президенті қоғамға елдің одан әрі дамуының тұжырымдамалық векторын - Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына құруды ұсынды, оған тек қана өндіруші еңбекарқылы іске асыырлатын әлеуметтік жаңғырту арқылы қол жеткізуге болады.

Ел Президентінің нұсқауына сәйкес біздің республиканың мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтары адам капиталының дамуы және халықтың өмір сапасын арттыру болып табылады және болып қалады. Бұл мақсаттарды іске асырылатын Үкіметі бағдарламалары ең алдымен, жұмыспен қамтылуды сақтауға және табыстар деңгейін арттыруға, халықтың барынша қауқарсыз санаттарын әлеуметтік қорғауға бағытталған. Тіпті құлаш жайған әлемдік қаржы дағдарысы жағдайларында мемлекет өзінің азаматтарын әлеуметтік қолдаудан бас тартқан жоқ. Ұлттық қор қаражаты түрінде қаржы «жастығы» арқасында мемлекет барлық әлеуметтік бағдарламаларға қол сұғылмаушылықты сақтаудың және тіпті олардың кейбірі бойынша қаржыландыруды ұлғайтудың сәті түсті.

Тәуелсіздік жылдарында өмір сапасы саласында қазақстандықтар орасан өтпелік кезеңдерді бастан өткерді. Кеңес Одағы және оның барлық мемлекеттік құрылымдары құлағаннан кейін халықты әлеуметтік қамтамасыз етудің тұтас жүйесі де құлдырады. Одақ құлағаннан кейін қазақстандық тұрғындар бұрынғы империяның қалған халқы сияқты өмір сапасын сипаттайтын көптеген әлеуметтік кепілдіктерден айырылды. Халық қиын жағдайларға тап болды: ескі экономиканың құлауы, тиісінше табыстардың күрт төмендеуі, жұмыссыздық, қалмыстың жоғары деңгейі және т.б.

Құлдырау бүкіл 90-жылдар ішінде жалғасты, бұл ретте Қазақстан айтарлықтай шамада құдырауды жұмсартудың сәті түсті, ол кезде бұрынғы Одақтың кейбір басқа да республикаларының жағдайы нашарлап кеткен еді. 2000-жылдардың басынан бастап ел экономикасының тұрақты өсуі басталды, бұл құлдырауды тоқтатып, өмір сапасының көрсеткіштерін жақсартуды бастауға мүмкіндік берді.

Ең алдымен,Қазақстанға кедейлікпен және жоқшылықпен күресуде айтарлықтай табыстарға жетудің сәті түсті. Егер 2006 жылы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар үлесі 18,2 пайызды құраса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 5,3% құрады.

Бұл ретте, қалалық және ауылдық жерлердегі табыстар айтарлықтай саралануы қауіпті белгі болып қалады. 2011 жылы ауылдық жерлердегі кедейлік деңгейі 3,7 еседен асып кетті, ал 2007 жылы айырмашылық тек қана 2,6 есені құрады. Бұл қала тұрғындарының өмірінің сапалық көрсеткіштері ауыл халқының көрсеткіштерінен айрамасы мемлекет қабылдайтын шараларға қарамастан ұлғайғандығын көрсетеді. Қазақстандық ауылда бүгінде шамамен 45,5 пайыз халық өмір сүретінін атап өту маңызды, сондықтан мұнда кедейлікпен күрес республиканың өмір сапасы бойынша көрсеткіштерін айтарлықтай жасқартуға ықпал етеді.[6]

Оң бетбұрыс мемлекеттің инвестиция саласындағы іс-әрекеттерімен байланысты. Жолдар, мектептер, балабақшалар белсенді салынуда, биліктің қолдауымен жаңа өндірістік кәсіпорындар құрылуда, жұмыс орындары ашылуда.

Елдегі орташаөмірдің ұзақтығы 69 жасқа жетті, ұзақ мерзімді пайдалануға арналған тауарлар сатып алуға қаражаттарды көп жұмсай бастаған халықтың әл-ауқаты көтерілді. Өмір сапасының басқа да индикаторлары және демографиялық көрсеткіштер жақсарды, оларға елдің тұрақты дамуы және оның сыртқы сахнада бәсекеге қабілеттілігі байланысты. Бұл ретте, өлім-жітімнің негізгі себептері жүрек-қантамырлары аурулары, бақытсыздық жағдайлары, жарақаттар, кісі өлтіру, жаңа құрылымдар болып қалуда.

Сонымен бірге, Қазақстанда шешілуі халықтың өмір сүруінің сапалық көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік беретінкөптеген проблемалар бар. Мысалы, ауылдарда қаладан қалып қоюдың елеулі себептерінің бірі сапалы ауыз судың жетіспеушілігі болып табылады. Халықтың жан басына есептегенде сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД-да соңғы орын алады. Сапасыз суды тұтыну ел халқының денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Мәселен, Қазақстан халқының 80,0% аурулары ҚР Денсаулықмині бағалауы бойынша судың сапасының төмен болуымен байланысты. АШМ Су ресурстары комитетінің Төрағасы баяндамасының деректері бойынша елдің көпшілік ауылдарының халқы (72,4% немесе 3 млн. астам адам) суды орталықсыздандырылған көздерден, яғни құдықтардан, бұлақтардан және артезиан ұңғымаларынан тұтынады.

Өмір сапасын сипаттайтын келесі аспект-өмір сүру орындарындағы экологиялық жағдай. Ауа – халық денсаулығының маңызды құрамдауышы. Атмосфералық ауа – адамның тіршілік етуінің негізгі орталарының бірі және оның сапасына көбінесе адам организмінің денсаулығы, тән дамуының деңгейі, репродуктивті мүмкіндіктер, ауру жұқтыру, өмірдің ұзақтығы, жалпы халықтың өмір сапасы байланысты. Барлық осы зиянды факторлар халықтың денсаулығына теріс әсер етеді.

Адам әлеуетінің жаңа сапасын қалыптастырудың басқа да маңызды индикаторы ел халқының білімділігі болып табылады. Бұл бағытта Қазақстан дамудың жоғары деңгейіне жетті. Жоғары деңгей қазақстандықтардың білім деңгейі 99,7% құрайды. Бұл жетістіктер көбінесе елдің мемлекеттік бюджетінің білімге шығындары айтарлықтай жоғары болғандығынан, 2011 жылы бұл көрсеткіш ЖІӨ-ден 4,2%-ды құрады. Осы арқылы Қазақстан ЮНЕСКО ұсынатын ЖІӨ-ден 5-6% нормаларына жақындап келеді.

Елдің бүкіл тұрғын үй қоры 2012 жылдың басында 283,9 млн.ш. метрді құрады, олардың ішінен 167,3 млн. ш. метр, немесе 58,9% қалалар және басқа да қалалық жерлерде, ал 116,6 млн. ш. метр (41,1%) – ауылдық елді мекендерде орналасқан. Бұл ретте, тұрғын үй қор барлығы дерлік (96,3%) ел халқының жеке меншігінде және тек қана 3,7% (10,3 млн. ш. метр) мемлекет меншігінде калды.[30]

Соңғы 6–7 жылдағы жаңа тұрғын үй ғимараттарының құрылыс көлемдерінің айтарлықтай өсуіне қарамастан ел халқының тұрғын үймен қамтамасыз етілуі елеулі өткір проблема болып қалуда. Көптеген отбасылар күтуде немесе тек қана тұрғын үй жағдайларын жасқартуға емес, шалғай ауылдық елді мекендерден соңғы онжылдықтарда қоныс аударған қалаларда меншікті тұрғын үй сатып алуға тырысуда. Мәселен, 2009 жылғы халық санағының деректері бойынша 2009 жылдың басында 12,0 мың үй шаруашылықтары жалпы коммуналдық пәтерлерде, 75,4 мың жатақханалардағы отбасылық пәтерлер жанынан жарақталған бөлмелерде, 46,9 мың – қалалар маңындағы саяжай поселкелерінің саяжай үйлерінде (үйшіктерде) (барлығы 134,3 мың отбасылар) тұрды. Қолданыстағы 25 мың отбасылар тұрып жатқан тұрғын үйлердің 2,1 млн. ш. метрдерлігі апатты деп танылған. Бұдан өзге, халық санағы кезінде тұрақты баспанасы жоқ (үйсіздер) 4253 (оның ішінде қалаларда - 4084) азаматтар тіркелген.

Қоғамның әлеуметтік саулық индикаторы ретінде халық денсаулығының жай-күйі тек қана елдегі денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің деңгейіне және ресурстарына емес, сондай-ақ, бірқатар басқа да факторларға - салауатты өмір салтын ұстану, адамдардың тіршілік ету және өмір сүру қоршаған ортасын қорғау және т.б. байланысты. Мәселен, халықтың белсенді құрт ауруымен ауру деңгейі 2011 ж. халықтың 100 000 адамына 95,3-тен 86,6-ға дейін төмендеді. Қазақстандағы өкпе құрт ауруына жұқпалы және паразиттік аурулардан өлу жағдайларының 80%-ға дерлігі келеді.

Қалыптасқан жағдайды таладу Қазақстандағы басқа да әлем елдеріндегідей құрт ауруының таралуы әлеуметтік және экономикалық факторларға, өңірлердің экология жағдайына, халыққа көрсетілетін емдеу-сауықтыру шараларының көлеміне және сапасына байланысты.

Қазақстандағы, соңғы онжылдықтың оң өзгерістері ел халқының өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерінің жақсаруынан көрініс тапты: табысы төмен халық үлесі, азық-түлік себетінің құнынан төмен табыстарға ие халық үлесі қысқарды. Барлық бақыланатын азық-түлік тауарлары бойынша олардың тауарлық баламасы арқылы көрсетілген халық номиналды ақшалай табыстармен сатып алу қабілеті өсті, орташа ел бойынша орташа жалақыға сатып алуға болатын ең төменгі күнкөріс деңгейі топтамасының саны ұлғайды – 2011 жылы 5,6 есеге.

Өткен жылмен салыстырғанда республикада жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалады, 2011ж. ол 5,4%-ды құрады. Соңғы 10 жыл ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың жалпы саны 2,6-2,7 миллион адам шеңберінде қалып отыр, бұл елдегі еңбекке қабілетті жастағы халықтың төрттен бірін немесе экономикалық белсенді халықтың жалпы санының 30%-дан астамын құрайды. Бұл ретте, қазіргі санның 70,5% өз бетінше жұмыспен қамтылған халық елдің ауылдық жерлеріне келеді, ал 29,5% – қалаларда.[30]

Ауыл мен қала арасындағы өмір сапасын теңестірудің басқа да аспектілері - сапалы және әртүрлі тамақтану, қызметтер саласының дамуы. Басқаша айтқанда, бұл үстіңгі бөліктегі бағыттар, оларда табысқа жеті елдің әлемдік рейтингтердегі позициясын жасқартуы мүмкін.

Алайда көбінесе халықаралық рейтингтер Қазақстанға қатысты өмір сапасын өзінің бағалауларында жеткілікті объективті емес. Әрине, Қазақстандағы және Еуропа елдеріндегі өмір сапасы индекстері әзірге салыстырып өлшеуге келмейді. Жоғарыөмір сапасыадам айлық жалақысына өзінің барлық ағымдағы физикалық және зияткерлік қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне ие болады және бұл ретте оның ұзақ мерзімді пайдалануға арналған заттарға инвестициялар үшін қаражаттары болады дегенді болжайды. Мұндай схема бойынша өмір сүру әрекеті адамды ортқа топқа жатқызуға мүмкіндік береді. Орташа, еуропалық елдерде орта топ барлық халықтың шамамен 60%-ын құрайды. Қазақстандағы бұл сан «Эксперт Консалт» зерттеуінің деректері бойынша шамамен 10%-ды құрайды.

Алайда, оның үстіне Қазақстанның Өзбекстан және Тәжікстан сияқты елдерден төмен позицияларды иеленуі күмәнді көрінеді, біздің еліміз көрсетілген елдерден тек қана экономикалық даму деңгейі бойынша емес, сондай-ақ, қоғамдық қатынастардың даму дәрежесі бойынша, азаматтық еркіндіктер деңгейі бойынша асып түседі.

Халықаралық рейтингтердің объективтілігіне осындай компаративтік зерттеулерде жеке мемлекеттердің ерекшелігін ескермейтін сыңаржақ рәсімдердің жиі пайдаланылуы әсер етеді, ал қорытындылар барлық елдерге таралады.

Осылайша, мұндай зерттеулерге жергілікті ерекшелікті ескере отырып, байыппен қарау керек жеген қорытынды шығады.

Өмірсапасының деңгейін анықтайтын халықаралық рейтингтердің көрсетілген кемшіліктеріне қарамастан басқа мемлекеттермен салыстырғанда елдің дамуын объективті бағалауға мүмкіндік беретін салыстырмалы талдауға жүгінбеуге болмайды. Сондықтан ағымдағы жылдың шілдесінде үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлімдегендей Қазақстанда Өмір сапасының стандарты енгізілетіндігі таң қалатын жағдай емес. Оның айтуы бойынша ағымдағы жылы Қазақстанда Өмір сапасының стандартын енгізу шеңберінде халықаралық сарапшылардың қатысуымен ең төменгі әлеуметтік стандарттарды жетілдіруге бағытталған зерттеулерді жүргізуді аяқтау жоспарланады. Зерттеулердің нәтижелері бойынша ең төменге әлеуметтік стандарттар ең төменгі күнкөріс деңгейі, ең төменгі жалақы мөлшерлері, зейнетақылар, әлеуметтік жәрдемақыларды жетілдіру бойынша тұжырымдама жобасы дайындалатын болады.

Бұл шешімде қолдау ретінде қазіргі заманғы мемлекет тек қана оның экономикалық саясаты азаматтардың өмір деңгейі және сапасының өсуіне өзінің бағдары болу шартымен дамуы мүмкін екендігі туралы деректемені келтіруге болады. Адам капиталы теориясына сәйкес халықтың еларалық көші-қоны қоныстанушының болжанатын қоныстану ауданында оларды өзгерту мүмкіндігімен қолда бар өмір деңгейі және сапасын ұтымды салыстыруына және мұндай қоныс аударудан күтілетін пайданы бағалауына негізелген. Мемлекеттің азаматтарына өмірдің қанағаттанарлық деңгейін және сапасын қамтамасыз етуге қабілетсіздігі осылайша, «ми ағысы» нысанында теріс көші-қон теңгерімін қалыптастырады. Соңғысы ең алдымен, еңбек ресурстарының сапасында теріс көрініс табады және экономикалық өсу және экономиканың шикізат бағытынан кету перспективаларын болдырмауы мүмкін. Осы теорияны бүгінде Қазақстанда сыртқы көші-қон сальдосы біршама жылдар ішінде оң шамаға ие болғандығы растайды. Мәселен, 2011 жылдың қорытындылары бойыншаелге 38 004 адам кірген, ал кері бағытта 32 902 адам шыққан, көші-қонсальдосы осылайша, 5 102 бірлікті құрады [30]

Қазақстандағы өмір сапасын сипаттайтын позицияларды қарастыруды жалғастыра отырып, халықтың білімділік деңгейі сияқты көрсеткішті атап өтпеуге болмайды. Қазақстанда халықтың біліммен қамтылуы кеңестік білім жүйесінің құлдырау сәтіндегі жай-күйі бойынша шамамен 95 пайызды құрады, және бұл көрсеткіш бойынша ел Әлемнің дамыған мемлекеттерімен қатарласты. Алайда тәуелсіздік жылдарының басында жүйенің жеткілікті қаржыландырылмауының ауыр кезеңінен кейін 2000-жылдардан бастап мемлекет білім жүйесіне шығындары жыл сайын өсіп отырғандығын ескеру керек. Мұның себебі сондай-ақ, КСРО-ның құлауы және экономикалық көрсеткіштердің күрт төмендеуі болды. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінің негізгі міндеті білім сапасын көтеру болып табылады. Осы міндетті шешу әдістерінің бірі әлемдік стандарттарға, оның ішінде 12 сыныптық оқыту жүйесіне өту болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сапасын талдау және бағалау мақсатында мемлекеттік даму бағдарламаларын, оның ішінде «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру мақсатында қабылданған стратегияны (өңірлік даму, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық саласы қызметтерінің сапасы және қол жетімділігі, көліктік инфрақұрылым, қоғамдық қауіпсіздік, экологиялық жағдай, демократиялық даму, саяси тұрақтылық, бос уақытты және демалысты ұйымдастыру, туристик саланы дамыту және т.б.) толық қарастыру қажет.

Осылайша, одан әрі біз өмір сапасының даму дәрежесін сипаттайтын қарастырылған көрсеткіштерді талдаймыз және мемлекеттік бағдарламалар және стратегиялардың жоспарланған нәтижелері тұрғысында Қазақстандағы осы санатты бағалау үшін олардың қолданылу дәрежесін анықтаймыз.

Қазақстандағы өмір сапасын талдау және бағалау шеңберінде қарастырылатын қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар және стратегиялар тізбесі.

1. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты ҚР Президентінің Жолдауы.

2. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық- инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.

3. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы.

4. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы.

5. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы.

6. 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы.

7. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2013-2020 жылдар арналған бағдарламасы.

8. Қазақстан Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы.

9. 2030 жұмыспен қамту бағдарламасы.

Келесі қадам қолданыстағы даму бағдарламаларында және стратегияларда анықталған міндеттерді іске асыру тұрғысында халықтың өмір сапасыының көрсеткіштерімен индикаторларының көріну дәрежесін анықтау болады.

Наши рекомендации