Азақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу және даму кезеңдері

1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын.

Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылдың 25 желтоқсанынан бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі қызмет ете бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың принциптерін, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл заңда да орын алды, яғни Қазақстан Республикасында алғашқы салық жүйесінде бірқатар шешімін таппаған мәселелер болды. Атап айтсақ, біз салық жүйесін құрғанда елімізде жиынтықталған ғылыми және практикалық тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі де, салық төлеушілер де мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді. Салық жүйесінде дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық салу принциптері сақталмады. Сондықтан бұл салық жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы, салық жүйесінің өндірісті дамытуға еш ықпал етпеуі, бюджет кірісін құрудағы өз ролін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс немесе пайда емес, керісінше тұтыну болды.

Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық түрі бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салу негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық жүйесін одан әрі реформалаудың қажеттігін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте – бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-нде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып қалды. Қазақстан Республикасының Президентінің 1999 жылғы шілденің 16-сындағы №440-I заңына сәйкес Заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы уақыт аралығында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2002 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің кірістерін негізінен 17 салықтар мен басқа да міндетті төлемдер құрады. Бұл заңда қамтылған барлық базалық принциптер 1995-1999 жылдар аралығында жүзеге асырылды. Бұл әлеуметтік салыққа, амортизация саясатына, айналымнан алынатын салықты жоюға, ҚҚС-ты халықаралық принциптерге сәйкестендіруге қатысты еді. Осы уақыт ішінде экономика, экономикалық қатынастар құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынасы, тіпті адамдардың ділі (менталитеті) де айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мемлекет, бір жағынан, салық саясатының мақсатын, міндеті мен қызметін терең түсінді, екінші жағынан, экономикалық қатынастардың көптеген тұстары қолданыстағы салық заңдылығында қамтылмай қалды. Осы және Қазақстан экономикасында болып жатқан оң өзгерістер жаңа салық заңын талап етті.(Қосымша 1-кесте)

1 кесте. Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері

Кезеңдер Ұлттық салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдерінің мақсаты Салық қатынастарын басқару стратегиясы мен тактикасы Орталық-тандыру деңгейі Қол жеткізілген (күтілетін) әлеуметтік-экономикалық нәтижелер
Бірінші кезең 1992-1994жж. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптас-тыруға бадарланған және экономикадағы және салықтық қатынастардағы тәртіпсіздікті реттейтін ұлттық салық жүйесін құру Ағымағы және қысқа мерзімді міндеттерді шешуге бағытталған Төмен Қарама-қайшылыққа толы ұлттық салық жүйесін құру. Салық салынатын базаны тарылту.
Екінші кезең 1995-1998жж Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу және барынша жоғары әлеуетті әрі бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды ынталандыру жолымен бюджеттің кіріс бөлігін барынша көбейту. Қысқа және орта мерзімді міндеттерді шешу. Орта мерзімді міндеттерге бағытталған. Орташа Экономикалық өсуге негіз болған макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткізу. Салық салынатын базаны тарылтуды тоқтату.
Үшінші кезең 1999-2001жж Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін арттыру және әлемдік салық тәжірибесі қызмет ететін тәртіп ескерілетін, салықтық реттеуді ұйымдастырудың жаңа принциптеріне көшуге байланысты экономикалық өсуге қол жеткізу Орта мерзімді міндеттерді шешу және «Қазақстан 2030» стратегия-сында қалыптастырылған ұзақ мерзімді мақсаттарға бағдарлану Жоғары Экономикалық өсуді бастау. Тұрақтандыру және салық салынатын базаны кеңейтуді бастау.
Төртінші кезең 2002-2008жж.   Әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыруды кеңейту мақсатында салық салу субъектілерінің капитализацияланған құ-нын ұлғайтуды ынта-ландыру жолымен бюджет-тің кірісін барынша көбейту Орта және ұзақ мерзімді міндеттерді шешу. Стратегиялық міндеттерді шешуге басым бағдарлану. Жоғары Мемлекет пен салық төлеушілердің мүддесін теңгеруге мүмкіндік беретін экономикалық өсуді тұрақтандыру
Бесінші кезең 2009 жылдан басталады   Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу және салық есебін жетілдіру жолымен бюджеттің кірісін барынша көбейту Ұзақ мерзімді міндеттерді шешу. Стратегиялық міндеттерді шешуге бағдарлану. Жоғары Мемлекет пен салық төлеушілердің мүддесін теңгеруге мүмкіндік беретін экономикалық өсуді тұрақтандыру  

(1-кесте жалғасы)

Наши рекомендации