Азақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негізгі мәселелері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

АЗАҚСТАНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

1.1. Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негізгі мәселелері

1.2. Қазақстандағы сыбайлас жемкорлықпен күрес саясатының негізгі бағыттары

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР

2.1.Мемлекеттiк органдардың Сыбайлас жемқорлықпен күресудегі өкiлеттiлгi мен мәртебесi

2.2. Мемлекеттік басқару органдары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерi ретінде

Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөнiндегi қылмыстық iстердi қарау практикасы туралы

ОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

КІРІСПЕ

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен ірітіп, бұлғаңдататын, бастамалар мен жетістіктерді жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер ретінде қарастырылады. Сондықтан болар,Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу табылады.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 1979 жылы сыбайлас жемқорлықтың проблемалары бойынша аймақаралық семинарда (Гавана, 1990ж.) құқықтық тәртіпті қолдау бойынша лауазымды тұлғалардың мінез құлқы кодексінде сыбайлас жемқорлыққа жеке және топтық пайдаға жету үшін қызметтік жағдайын пайдалану сонымен бірге занимаемый қызметтік жағдайына байланысты мемлекеттік қызметкерлермен заңсыз пайда табу ретінде анықталған.

Тәуелсіз Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің даму тарихын жалпылай төрт этапқа бөліп қарастыруға болады

Бірінші этап – 1992-1998ж.ж. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің бастапқы кезеңі және нормативтік-құқықтық базаның қалыптасуы.

Екінші этап – 1998-2000ж.ж. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты құқықтық және әдістемелік негізі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы Заң.

Үшінші этап – 2001-2004ж.ж. Сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемаларын шешудің жүйелік көзқарастың қалыптасуы.

Төртінші этап – 2005 жылдың ақпанынан. Қазақстанның жылдам экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялау контекстінде сыбайлас жемқорлықпен күресі.

Біздің еліміз ең алғашқы болып посткеңестік кеңістікте «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңын (1998 жылы) әзірлеп, қабылдады.

Осы Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың,
сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Бұл Заңмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің негізгі қағидалары анықталып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық түрлері, сонымен бірге жауапкершілікке тарту жағдайлары бекітілді. Бірінші қадам болып 1998 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен әзірленген «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының жаңа редакциясы болды.

АЗАҚСТАНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

азақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негізгі мәселелері

Қазақстан сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтiк-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесiн баяулататынын және демократиялық мемлекеттiң саяси және қоғамдық институттарына керi әсер ететiндiгiн, елдiң даму болашағына айтарлықтай қауiп төндiретiнiн сезiнедi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстанның 2030
жылға дейiнгi Даму стратегиясын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi Заңын, "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарының 10.25-тармағын iске асыруға бағытталған. Еңбек пен қаржы ресурстарының теңгерiмдiлiгi және iс-шаралардың қосарлас жүргiзiлуiн болдырмау мақсатында осы Бағдарлама "Қазақстан Республикасындат көлеңкелi
экономиканың ауқымын қысқарту жөнiндегi экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негiзгi бағыттары" және "Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес" бағдарламаларымен үйлестiрiлген.

Осы Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың,
сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Бұл Заңмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің негізгі қағидалары анықталып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық түрлері, сонымен бірге жауапкершілікке тарту жағдайлары бекітілді. Бірінші қадам болып 1998 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен әзірленген «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының жаңа редакциясы болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы нормативтік құқықтық актілердің ішінде ең маңыздысы болып 2005 жылдың 14 сәуірінде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік органдардың қызметтеріндегі және оның лауазымды тұлғаларының дисциплинасы мен Жарлығы табылады. Берілген жарлықты орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен Мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс Кодексі әзірленді.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1686 Жарлығымен қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасыгың мақсаттары болып:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында ортақ мемлекеттік саясат жүргізу;

- қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімді одан әрі нығайту;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерді белсендендіру жолдары арқылы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралар жүйесін одан әрі жақсарту

Мемлекеттiк қызметшiлердi конкурстық iрiктеу рәсiмдерiнiң
айқындылығы мен объективтiлiгi, олардың мәртебесiне байланысты шектеулердi сақтау қамтамасыз етiлген, iскерлiк қабiлетi мен кәсiбилiгiне негiзделген қабылдау және iлгерiлету қағидаттары енгiзiлуде. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiбекiтiлдi

2005 жылғы 8 шiлдеде "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi, онда сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасаған тұлғаларды мемлекеттiк қызметке алуға тыйым салатын нормалар көзделген, саяси мемлекеттiк қызметшiлердi
ротациялау институты енгiзiлген, ол халыққа және ұйымдарға тiкелей мемлекеттiк қызметтер көрсету деңгейiнде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиiмдi құралы ретiнде қызмет етедi. Сыбайлас жемқорлықтың көзi - "көлеңкелi экономикаға" қарсы iс-қимыл жөнiндегi жұмыс жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi әзiрлеген "Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың ауқымын қысқарту жөнiндегi экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негiзгi бағыттары" бағдарламасын қабылдады. Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру мақсатында ұйымдар мен халықтың мемлекеттiк қызметшiлермен байланысын қысқартатын, сыбайлас
жемқорлықтың көлемiн азайтатын бiрыңғай ақпараттық жүйенi енгiзу жөнiндегi жұмыс жүргiзiлуде. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметi мемлекет пен Қазақстанның қоғамдық бiрлестiктерi арасындағы серiктестiк байланыстарды "мемлекеттiк сектордан қоғамдыққа, жекеге" деген қағидат
бойынша сындарлы дамыту мен нығайтуға бағытталған. Кәсiпкерлердiң
бiрыңғай пiкiрiн бiлдiретiн және олардың мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестiктердiң заңды құқығын күшейтуге
және арттыруға ерекше көңiл бөлiнген. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1401 қаулысымен сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтарына қарсы iс-қимыл жөнiндегi тиiстi iс-шаралар көзделген Қазақстан Республикасында экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға
қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлдi.
Өңiрлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәслихаттар бекiткен бағдарламалар шеңберiнде жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң,
сондай-ақ облыстық және оларға теңестiрiлген прокурорлар жанындағы құқық қорғау органдары үйлестiру кеңестерiнiң отырыстарында ұдайы қаралады.
Тәртiптiк кеңестер қабылдайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды жазалау туралы шешiмдердiң пәрмендiлiгiн арттыру және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерiнде тәртiптiк кеңестердiң қызметiн үйлестiрудi күшейту мақсатында олар Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң қарауына берiлдi.

2009 жылдың 22 сәуірінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін
одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының қабылдануы сыбайлас жемқорлықпен күрестің бірізділігінің аяғағы болып, ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың әлеуетін күшейтіп отыр. Бұл құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мемлекеттік органдар қызметінің басым бағыттары бірі ретінде айқындалған. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгіленіп, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Атап өту қажет, берілген жарлық елімізде қалыптасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жүйесіне толық келіскенімен қоймай, әлемдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибе есебімен әзірленген. Мысалы, оны азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу мен оны ашуға жәрдемдесуге бағытталған қызметін көтермелеу, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетін ынталандыру жөнінде идеясынан көруге болады. Немесе кез-келген мемлекеттік қызметшінің оған белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері туралы жеткізу міндеттерінің енгізілуі айғақ бола алады. Бұл қазақстандық заңнама үшін жаңа болып табылатын концептуалдық жолдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғарғы рейтингі бар дамыған мемлекеттерде бұрыннан және кеңінен қолданылуда. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықтар экономиканың жеке секторында да таралып келеді. Сондықтан жарлықта “корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа” қарсы іс-қимылдарға көңіл бөлінген. Соның ішінде, жарлықпен осы құбылысқа қарсы әрекеттер механизмін әзірлеу бойынша және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық кұқық бұзушылық жасау тәуекелі жоғары лауазымдар тізбесін айқындау қарастырылған.

Наши рекомендации