Эссе. Жахандану жағдайындағы бағалы қағаздар нарығындағы даму перспективалары мен проблемалары

Қазақстан қор биржалары өзінің дамуы жөнінен әлемнің ірі қор биржаларынан әлі де болса қатты артта қалуда. 1999 ж. биржалық айналыстың қарқынды түрде өсуі байқалды. Бағалы қағаздармен мәміле арасында МҚО жасалған мәмілелер алғашқы орынға шықты (жалпы сатылған қағаздардың 30%-ы)[9, 5 бет].

Қазақстанның бүгінгі таңдағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы оның дамуды қажет ететіндігін көрсетеді. Инвестициялық салымдардың тиімділігі мен сенімділігі тұтастай алғанда мемлекеттің экономикасының дамуын көрсететін негізгі көрсеткіш болып табылады және де біз үнемі соған ұмтылуымыз қажет.

Бүгінігі Қазақстандағы қор нарығы артық ақша ресурстарын тарту функциясын атқармайды десе де болады. Қазақстан қор нарығы нашар дамыған, өтімділігі төмен, сондай-ақ белсенді трейдерлер де аз. Халық көбінесе оның жұмысы жайлы көп біле бермейді.

Көптеген қазақстандық брокерлер нарыққа енудің минималды сомасын орнатпайды, мұнда кез келген қаражат сомасы бар клиентті құшақ жая қарсы алады, тек брокерлік қызметті төлеуге қаражты жетсе болды.

Қазақстан қор нарығңының негізігі кемшілігі - өтімділіктің жоқтығы. Бұл жердегі ең басты себеп – еркін айналыста акциялардың жетіспеуі. Айналыстағы бағалы қағаздар мөлшері де аз, өйткені олар тез арада институционалды инвесторлардың қолына түседі де қайтадан еркін айналысқа шығарылмайды. Нарықтағы бағалы қағаздардың негізгі бөлігін банк секторының бағалы қағаздары құрайды.

Қор нарығының жалпы проблемасына келер болсақ, бизнес онсыз да жақсы дамуда. Күні бүгінге дейін елімізде халық жинақтарын тартатын және қаражаттарды инвестициялау үшін қызықты құралдары бар алаң жоқ.

Қазіргі таңда қор нарығы эмитенттерді, жаңа енгізулерді және өтімділікті қажет етеді. Қор нарығын ынталандырушы болып мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру табылады. Мемлекеттік компаниялар үшін ол өте тиімді, бираға енудің қиындығымен қатар, бұл оларға қаражат тартудың жаңа көздерін табуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар нарыққа жаңа перспективті компаниялардың бағалы қағаздарын енгізу – тар нарықты жандандыру мүмкін, әсіресе де ол компаниялар өңдеу саласынан болса.

Өкінішке орай, қазіргі таңда қор нарығына тартылған жаңа компаниялардың тартымдылығын бағалау мүмкін емес болып отыр. Себебі, көптеген жекеменшік компаниялар жиі жағдайда өздерінің қаржылық есептерін жарияламайды. Бірақ өндіру және өңдеу саласындағы компаниялар Қазақстанда үнемі қызығушылық тудырды.

Қор талдаушыларының ойынша, компаниялардың қор биржасына шығуына басты кедергі болып олардың акцияларының Қазақстан қор биржасы (KASE) индексі талаптарына сай келмеуі. Сондықтан мамандардың пікірінше, үкімет оларға KASE акциялары индексіне кіріуі үшін белгілі бір уақыт аралығын беруі қажет. Көп уақыт қаржылық кеңесшілерді таңдау жөнінде тендерлерді ұйымдастыру мен өткізу үшін кетеді. Кәсіби мамандардың айтуынша, компанияны қор нарығына шығару үшін орта есеппен 3 айдан 9-11 айға дейін қажет. Соның өзінде компанияда сәйкес аудит бөлімі және олардың алғашқы нарыққа орналастыруға дайындығы болуы шарт.

Бүгінгі таңда қазақстандық биржаларды ұлғайту, биржа арқылы өтетін барлық операциялар клиенттер үшін тәуекелсіз болатындай жүйені ұйымдастыру мәселесі алда тұр. Өйткені бағалы қағаздар нарығының болашақтағы дамуы негізінен біздің елімізде қор биржаларының даму дәрежесіне тәуелді. Ол үшін алдыңғы қатарлы мәселелерді шешу қажет.

Дәл қазіргі таңда Қазақстан инвестициялық деңгейі жоғары емес елдер қатарында тұр. Сондықтан мемлекетіміздің басты мақсаты экономиканың даму қарқынын үдету, сол арқылы бағалы қағаздарға бөлінетін салымдар көлемін ұлғайту.

Сонымен қатар қор биржасының инфрақұрылымын дамыту: қор биржаларын және биржадан тыс ұйымдық жүйелерді жандандыру.

Болашақта қор биржасын ұйымдастыру деңгейін көтеру қажет және де инвесторларды алаяқтықтан қорғаудың тиімді жүйесін ойлап табу, қор биржасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру, дамыған мемлекттердің қор биржаларымен байланыс аясын кеңейту қажет.

Тек осы жоғарыда аталған мәселелрді шешкен кезде ғана қазақстандық қор нарығы басқа өркениетті елдердегі қор нарығы тәрізді өзінің негізгі қызметін – қаржы саласынан өнеркәсіп саласына капитал ағымын жасауды жүзеге асыра алады.

Қазақстандық қор нарығының даму мәселесін қарастыра отырып, оның екі құраушы бөлігін қарастыру қажет, олар – биржалар саясаты және бағалы қағаздар нарығын реттейтін мемлекетттік басқару органдарының саясаты.

Биржалар саясаты. Жалпы Қазқстан Республикасында қор биржаларының дамуы олардың нарығы тұсынан алып қарағанда екі бағытта болды. Алдымен ол – қор биржасын құру, ал екіншіден әр түрлі қаржылық құралдар мен валюталар нарығын қалыптастыратын, сонымен қатар қатысушыларға толық қызметтер жиынтығын – сауданы ұйымдастырудан, есеп айырысуға дейінгі қызметтер көрсететін әмбебап институттарды құру.

Алғашқысының мысалы ретінде - «Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі» ЖАҚ , ал екіншісіне «Қазақстан қор биржасы» АҚ жатқызуға болады.Бағалы қағаздар нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар саясаты. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасы әлемдік беталыстан қалуда. Мысал ретінде қазақстандық реттеушілердің коммерциялық емес серіктестіктерге ерекше көңіл бөлуін айтуға болады, мысалы қор биржасы, клирингтік орталық, депозитарийлердің кейбір түрлері тек қана осы ұйымдық-құқықтық форманың шеңберінде ғана қалыптаса алады. Бағалы қағаздар нарығында түрлі кәсіптік қызметтерді қиыстыруға шектеулер saktaluda.

Наши рекомендации