Эссе. ҚР-ғы бағалы қагаздар нарығының даму ерекшеліктері.

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы 1991 жылдан бастап қалыптаса бастады. Бағалы қағаздар нарығын жасақтау республикамыздың қаржы саласын тұрақтандыру бағытындағы міндеттермен тікелей байланысты. 1996 жылдың мамыр айында 1996-1998 жылдар аралығындағы бағалы қағаздар рыногын дамыту бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның осы кезеңдегі негізгі бағыты нарықтың тиімді қызмет етуі үшін инфраструктура жасау болып табылады. Халық мемлекеттік бағалы қағаздарға сенім артуда. 1996 жылдың қыркүйегінен бері Ұлттық жинақ облигациялары 6 рет шықты. Жалпы құны 2,25 млрд теңге болды. Сондай-ақ шетелдік инвесторлар да мемлекеттік құнды қағаздарға сенім арта түсуде. Бұл біздің қаржы жүйеміздің тұрақталу тенденциясына оң ықпалын тигізе бермек.

«Қазақстандық қор биржасы» Қазақстан Республикасындағы қызмет істеп тұрған жалғыз биржа.

Мамандардың пікірінше, Қазақстандағы құрылған қор нарығының инфрақұрылымдары ТМД елдері арасында ең үздіктердің бірі болып табылады. Бірақ олар қаржы секторымыздағы банк қызметі секілді жедел дамып кете алмай отыр. Сондай - ақ қаржы секторымыздың тағы бір құрамдас бөлігі сақтандыру қызметімен салыстырғанда да біздегі бағалы қағаздар нарығы халық арасында оншама танымалдыққа, яғни тартымдылыққа ие бола алмай келеді. Көптеген мамандар жоғарыдағы сұрақтың туындау себебін компаниялар мен акционерлік қоғамдар басшыларының өз кәсіпорындарының нақты қаржы жағдайын және осыған қатысты барлық есептерді халықтың алдында ашып көрсеткілері келмейтіндігімен түсіндіреді. Сонымен, экономиканың қарқынды дамуының нәтижесінде оның әр саласы бойынша үлкен өзгерістерге жол ашылып отырғанымен, Қазақстандағы қор нарығы әзірге оның кәсіпқой қатысушылары мен қаржы топтарының арасында ғана өріс алып келе жатқандығы сезіледі. Көптеген кәсіпорындар мен қарапайым халық бұл нарықтан тысқары қалуда.

1999 ж. биржалық айналыстың қарқынды түрде өсуі байқалды. Бағалы қағаздармен мәміле арасында МҚО жасалған мәмілелер алғашқы орынға шықты (жалпы сатылған қағаздардың 30%-ы)

Қазақстан қор нарығңының негізігі кемшілігі - өтімділіктің жоқтығы. Бұл жердегі ең басты себеп – еркін айналыста акциялардың жетіспеуі. Айналыстағы бағалы қағаздар мөлшері де аз, өйткені олар тез арада институционалды инвесторлардың қолына түседі де қайтадан еркін айналысқа шығарылмайды. Нарықтағы бағалы қағаздардың негізгі бөлігін банк секторының бағалы қағаздары құрайды.

Сонымен қатар нарыққа жаңа перспективті компаниялардың бағалы қағаздарын енгізу – тар нарықты жандандыру мүмкін, әсіресе де ол компаниялар өңдеу саласынан болса.

Қор талдаушыларының ойынша, компаниялардың қор биржасына шығуына басты кедергі болып олардың акцияларының Қазақстан қор биржасы (KASE) индексі талаптарына сай келмеуі. Сондықтан мамандардың пікірінше, үкімет оларға KASE акциялары индексіне кіріуі үшін белгілі бір уақыт аралығын беруі қажетХалықты қор нарығына тарту үшін алдымен дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Халықты даярлау және қаржылық сауатсыздықты жою шараларымен кәсіби қатысушылар, яғни, брокерлік компаниялар шұғылдануы тиіс.

Қор биржасындағы қызметтің табыстылығы көбінесе қаржылық ақпарат таратудың жеделдігіне байланысты, ал қазіргі таңда Қазақстан Республикасының қор биржасында эмитенттер және олардың бағалы қағаздары жайлы ақпарат толық емес. Болашақта қор биржасын ұйымдастыру деңгейін көтеру қажет және де инвесторларды алаяқтықтан қорғаудың тиімді жүйесін ойлап табу, қор биржасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру, дамыған мемлекттердің қор биржаларымен байланыс аясын кеңейту қажет.

Тек осы жоғарыда аталған мәселелрді шешкен кезде ғана қазақстандық қор нарығы басқа өркениетті елдердегі қор нарығы тәрізді өзінің негізгі қызметін – қаржы саласынан өнеркәсіп саласына капитал ағымын жасауды жүзеге асыра алады.

Қазақстан қор нарығыны дамуының негізгі тенденциялары.

Бағалы қағаздар нарығы әлемнің эконмикасы дамыған елдерінде қызмет атқарады және олар жиі эздері пайда болған мемлекет шеңберінен шығып кетеді.

Нарықтық қатынастары дамыған мемлекеттердің осы заманғы бағалы қағаздар нарығының даму тенденциялары болып келесілері табылады:

1. капиталды шоғырландыру және орталықтандыру – аспектіде көрініс табады: кәсіби делдалдар ұйымдарын ұлғайту және олардың санын қысқарту, бағалы қағаздар нарығы қоғам капиталын көптеп тартуда;

2. нарықты жаһандандыру – ұлттық капитал мемлекет шекарасын асып, әлемдік бағалы қағаздар нарығы қалыптасады, капитал қозғалысы жолындағы кедергілер алынып тасталады;

3. ұйымдастыру деңгейін көтеру мен мемлекеттік бақылауды күшейту;

4. бағалы қағаздар нарығын компьютерлеу – сауда жасау тәсілдері мен нарыққа қызмет көрсетуде көптеген жаңалықтар енгізуге септігін тигізді;

5. нраыққа жаңалық енгізу – жаңа құралдар, бағалы қағаздарды саудалау жүйесі, нарық инфрақұрылымы;

6. секьютирлеу – ақша қаражаттарының өзінің дәстүрлі формаларынан бағалы қағаздар формасына өтуі;

7. капитал нарығының басқа түрлеріне ену. [11, 280 бет]

Биржалық нарық сапаның ең жоғарғы деңгейі не кепілдік береді.

Наши рекомендации