Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылар

Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар деген бағалы қағаздарды сатушы, не сатып алушы, сонымен қатар олар бойынша есеп айырысуды және олардың айналымын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлғалар. Олар бағалы қағаздардың айналымдылығы бойынша өзара экономикалық қатынастарға түсетін жақтар.

Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды олардың нарыққа араласуына және нарықтағы позициясына қарай шартты түрде бес топқа бөлуге болады:

Бірінші топ, бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік органдары, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Бұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық ол қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, әсіресе, мемлекеттік және жергілікті әкімшіліктің қағаздары, сатып алушыға жоғары табыс түсірмейді. Дегенмен, халықтың кейбір топтары (мысалы, зейнеткерлер, жалғыз басты адамдар, асыраушысынан айырылған отбасылар және с.с. табысы аздар) беретін табысы аз болсада, сенімді қағаздарға өз қаржыларын жұмсауға мүдделі. АҚШ-та оларды «көк түбірлі» («голубые корешки») деп атайды.

Екінші топ, инвестициялық институттар, немесе бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы - несие институттары. Олар:

• коммерциялық және инвестициялық банктер;

• сақтандыру қорлары;

• зейнетақы қорлары және с.с. ұйымдар.

Бұл институттардың көпшілігі әртүрлі инвесторлардың, яғни заңды және жеке тұлғалардың қаржысын біріктіріп, оларды табысты бағалы қағаздарға жұмсау мүмкіндіктерін іздестіреді. Олар акцияның бақылау бумасын иемденуге немесе қаржысынан айырылып қалу қаупінен құтылу үшін өз капиталын әртүрлі шаруашылық салаларына жұмсауға ұмтылады.

Үшінші топ, жеке инвесторлар, яғни жеке адамдар, оның ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары әрқашан қауіпті. Статистика деректері дәлелдегендей олардың 3/4 бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек 1/4 бөлігі ғана кейбір табысқа қол жеткізеді екен. Кейбір шағын кәсіпорындар табысты қызмет көрсетіп, өздерінің болашағы бар екенін дәлелдеді. Мысалы, электронды-есептегіш техникалар, ракеталар, жоғары сапалы үй заттарын және сол сияқты өнім шығаратын шағын өндірістер. Сондай-ақ кейбір шағын кәсіпорындар экспорт операцияларымен де табысты шұғылдануда (мысалы, жүннен тоқылған және теріден тігілген киімдерді, галантерея заттарын шығарушылар). Сондықтан халықтың бірсыпыра тобы тәуекелге белбуып, жоғары дивидендтерден үміттеніп, осы кәсіпорындардың акциясын сатып алуда.

Төртінші топ, бағалы қағаздар нарығының делдалдары, яғни брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керекті байланыс құралдары оларға бағалы қағаздармен операция жүргізуге жеңілдік береді. Дилерлер қолында өз капиталы болғасын көптеген операция жүргізеді. Дағды бойынша, дилерлер сатып алған қағаздарды өзінде көп ұстамайды. Олар нарық конъюнктурасы қолайлы болғанын сезсе, бағалы қағаздарды сатып жібереді. Себебі олардың іс-әрекеті – алыпсатушылық (делдалдарға қойылатын талаптар және олардың қызметі туралы төменіректе кеңінен баяндалады).

Бесінші топ, бағалы қағаздар нарығын бақылаушы және қадағалаушы мемлекеттік органдар. Әрбір елде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды және оған қатысу жағдайларын мемлекет белгілейді. Себебі мемлекеттік заң актілерінде елдің экономикалық жағдайы аңғарылады. Мысалы, экономиканың дағдарысы кезінде заңдар мен ережелер тез өзгеріп отырады.

Билет

1. Проблемалық несиелерді жою әдістері.Проблемалық несиелерге мыналар жатады: 1. несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер; 2.сақтандыру, кепіл-хат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл-хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар; 3.несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер. Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады: а)қарыз алушының қызметін қайта құру; ә)несиені қайтару кестесін өзгерту; б)пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту. Отандық банктік тәжірибеде проблемалық несиелерге несиелердің жіктелу ережесіне сәйкес стандартты несиеден өзгелері, соның ішінде күмәнді және үмітсіз несиелер жатады. Кез келген коммерциялық банкте проблемалық несиелер Басқармасы немесе жұмыс жасау бөлімі ұйымдастырылуы қажет. Проблемалық несиелермен әрі қарай жұмыс жасау бағытын таңдауда мынадай факторлар ескерілуі тиіс: *қарыз алушының Банк алдындағы міндеттемені орындамау себебі; *проблемалық несиенің пайда болу себептері: дефолтқа итермелеген форс-мажор немесе нарықтағы жағдаяттың теріс өзргерісі, бизнес жоспарындағы жіберілген қателіктер, кәсіпорындағы менеджмент сапасының төмендігі және т.с.с.; *қарыз алушының іскерлік беделі, несиелік тарихының болуы. Проблемалық несиені анықтағаннан кейінгі банктің жұмысы мыналарды қамтиды: - қарыз алушыны қаржылық жағынан сауықтыру; - ссудалық қарызды төлеттіру (өндіріп алу). Қарыз алушыны қаржылық жағынан сауықтыру несиелік келісімшартты өзгерту арқылы несиені қайтаруға мүмкіндік беру, қарыз алушының қаржылық және шаруашылық жағдайын жақсартуы үшін оған қосымша несиелік ресурс беру немесе өзге шараларды қолдануды көздейді.

Несиелік тәуекел ұғымы. Кез келген банк қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдалық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәукелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару жүйесі екі субжүйеден тұрады:

- басқаратын субъекті;

- басқарылатын объект;

Басқару субъекті – бұл арнайы еңбек, ақпарат, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалана отырып, несиелік тәукелді басқару процесін жүзеге асыратын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Отандық банктер тәжірибесінде несиелік тәукелді басқару субъектілеріне мыналарды жатқызуға болады:

- Директорлар Кеңесі;

- Басқарма;

- Несиелік комитет;

- Активтерді және пассивтерді басқару жөніндегі комитет;

- Тәуекел басқармасы;

- Шағын және орта бизнесті несиелеу департаменті;

- Ипотекалық несиелеу департаменті;

- Ірі жобалар бойынша несиелеу тәеукел басқармасы;

- Несиелік тәеукел басқармасы;

- Проблемалық несиелер басқармасы;

- Несиелік бөлімдер;

- Несиелік менеджер;

- Несиелік – тәукел менеджері.

Басқарылатын объектіге банктың берген несиелері және олармен байланысты несиелік тәуекел жатады.

Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:

• несиелік қызметті ұйымдастыру;

• лимиттер белгілеу;

• несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

• несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг кою және белгіленген лимиттермен салыстыру;

• несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып сыйақы мөлшерлемесін анықтау;

• несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу – несиелерді авторизациялау;

• несиелік мониторинг;

• несиелік қоржынды басқару;

• проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

Мұндағы, несие шегі (лимиті) – 1) несие берушінің қарыз алушыға беретін несиесі бойынша несиелік қатынастын шекті деңгейі; 2) қарыз алушының өз айналымында несиелік қаражаттарды пайдаланудын ең жоғарғы шегі.

Несие шегі ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы лимит, ҚР Ұлттық банктің пруденциалдық нормативтер қатарында, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері ретінде белгіленеді. Ол норматив бойынша тәекелдің (несие мөлшерінің) банк капиталына қатынасы арқылы есептеледі және оның мәні екі жағдайда белгіленеді: 1) 0,01-ден аспайтын мөлшерде, яғни ол банкпен тығыз қарым – қатынастылар үшін; 2) 0,25-тен аспайтын мөлшерде, яғни ол қалған қарыз алушылар үшін (соның ішінде бланктік несиелер үшін -0,01)

Несиелік тәуекел менеджменті

Жалпы несиелік тәуекелді басқаруды отандық банктерімізде несиелік тәукел менеджменті жүзеге асырады.

Ал ішкі шегі несие беруші банктің өзі өзінің қолында бар несиелік ресурс көлеміне және қарыз алушының несие алу мүмкіндігіне қарай белгілейді.

Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуі және басқа да шығындарды ескере отырап анықтайлы. Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайлырға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай – ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін. Екіншіден, несиенің шегі экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:

• қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;

• несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы – материалды бағалылар қорыны және олардың өтімділік дәрежесіне;

• маржа деңгейіне;

• несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;

• банкте бар ресурс көлеміне және т.б.

Несиелерді авторизациялау – несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жұргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді.

Несие қоржыны – несиелік тәукелдің немесе одан қорғану тәсілдерінің әр түрлі факторларына байланысты критерийлері бойынша жіктелген несиелерге байланысты банктің қоятын талаптарының жиынтығы.

Несие қоржыны банктің берген несиелерінің негізінде қалыптасады. Несие қржынын жиі талдап отыру қажет, себебі, талдау арқылы ғана несиелік жұмсалымдарды әртарапдандыруға болады. Несие қоржынын талдау мына кезеңдерден тұрады: қарыздар сапасын бағалау критерийлерін таңдау, мұндай бағалаудың әдістерін анықтау (номерлік немесе балды жүйеде бағалау, тәуекел тобына қарай жіктеу, әрбір топ бойынша тәуекел пайызын анықтау, жалпы несие қоржыны бойынша әрбір топтың көлемінде тәукелдің абсолюттік шамасын есептеу, қарыздар бойынша мүмкін болар зияндарды жабуға арналған резервтер көздерінің шамаларын анықтау, қаржы коэффициентері жүйесінің, сондай – ақ оны құрылымдық талдау негізінде несие қоржынының сапасын бағалау). Қарыздың сапасын бағалау критерийлеріне әлемдік тәжірибеде мыналар жатады: несиенің тағайындалуы, несиенің түрі, қарыздың мөлшері, қарызды қайтару кестесі, іскерлік тәуекелді бағалаудың толықтығы, несиелік оперциялармен байланысты қарыз алушының сапасы, оның меншік нысаны, қарыз алушының несиелік қабілеттігі, ол тураы толық ақпараттың болуы, қарыздың бағасы, қарызда қамтамасыз ету тәсілі.

2. Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау ерекшеліктері.Бизнес-жоспар –бұл инвестициялық жобаны қабылдау туралы кəсіпорын іс-əрекетінің жоспарын сипаттайтын құжат болып табылады.Бизнес-жоспардың негізгі мақсаттары: • инвестициялық жобаның жүзеге асырылуының экономикалық негіздемесі;• кəсіпкерлік қызметтің алдағы қаржылық нəтижелерін есептеу;• қаржылық көздерді анықтау;• инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қабілетті мамандарды таңдау.Бизнес-жоспарлаудың негiзгi мiндеттерi келесідей:• жобаларды қабылдаудың мақсатқа сəйкестiгiн негiздеу;• кəсiпорынның күтiлетiн қаржылық нəтижелерiн есептеу;• қаржыландыру көздерiн дəлдеу;• инвестициялық жобаны жүзеге асыратын мамандарды анықтау.Елімізде 1990 жылдан бастап бизнес-жоспар шетелдік инвесторды тартуға мүмкіндік беретін құрал ретінде қарастырылып келді. Ал, қазіргі уақытта бизнес-жоспар кəсіпорының қызмет етуіндегі бірқатар мəселелерді шешу үшін қажетті ішкі басқарушылық құжат болып табылады. Сондай-ақ, бизнес-жоспар инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша кəсiпорынның қызметi мен стратегиялық мақсаттарының жоспарын енгiзетiн құжатты бiлдiредi. Бизнес-жоспардың түрлері:1) Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары – бұл бизнес-жоспар инвесторлар үшін жасалынады немесе инвесторлардың өздері де жасауы мүмкін. 2) Компанияның бизнес-жоспары – бұл директорлар кеңесінің немесе акционерлер жиналысының алдында компанияның алдағы уақыттағы даму болашағын сипаттайды.3) Құрылымдық бөлімнің бизнес-жоспары – бұл жоғары басшы органға кəсіпорынның шаруашылық қызмет бөлімінің даму жоспарын қарастырады. 4) Несиенің бизнес-жоспары – бұл кредиторлардың ақшақара жаттарын алуы үшін жасалынады.5) Гранттық бизнес-жоспар – бұл мемлекеттік бюджеттен,басқа да қорлардан қаражаттарды алуға арналады. 6) Аймақтық бизнес-жоспар – бұл аймақтық əлеуметтік-эко номикалық дамудың болашағын анықтауға жəне соған сəйкес қаржы ландыру бойынша бағдарламаларды жасауға негізделеді. Тəжірибеде бизнес-жоспардың əр түрлі нұсқалары берілген,олардың əр түрлі болуы инвестициялық жобаның ерекшелігіне байланысты. Əдетте, бизнес-жоспардың көпшілігінің көлемі 50 беттен аспайды. Солардың бірінің құрылымына тоқталайық: Бизнес-жоспардың құрылымы1) резюме;2) өндіріс объектісінің сипаттамасы;3) саланың сипаты;4) өткізу, нарықты талдау;5) ұйымдастырушылық жоспар;6) инвестициялық жоспар;7) өндірістік жоспар;8) маркетингтік жоспар;9) қаржылық жоспар;10) тəуекелдерді талдау; 11) қорытынды;12) қосымшалар.

Тəжірибеде бизнес-жоспардың əр түрлі нұсқалары берілген, олардың əр түрлі болуы инвестициялық жобаның ерекшелігіне байланысты. Əдетте, бизнес-жоспардың көпшілігінің көлемі 50беттен аспайды. Солардың бірінің құрылымына тоқталайық:Бизнес-жоспардың құрылымы1) резюме;2) өндіріс объектісінің сипаттамасы;3) саланың сипаты;4) өткізу, нарықты талдау;5) ұйымдастырушылық жоспар;6) инвестициялық жоспар;7) өндірістік жоспар;8) маркетингтік жоспар; 9) қаржылық жоспар;10) тəуекелдерді талдау;11) қорытынды;12) қосымшалар.Резюме – бұл ең маңызды бөлім. Ол бизнес-жоспарды жасаудың ең соңғы кезеңінде жасалынады жəне бизнес-жоспар мазмұнын қысқаша сипаттайды. Онда кəсіпорын, өнім, қызметкерлер туралы мəліметтер, кəсіпорынның негізгі мақсаты, кəсіпорынның қаржылық нəтижелері, тартылатын инвестиция көлемі, табыстары, өтеу мерзімдері туралы мəліметтер көрсетіледі.Өндіріс объектісінің сипаттамасы келесідей бөлімдерден тұрады:• капитал тарту қашан құрылды, қазіргі уақытқа дейінгі жетістіктері, заңды мəртебесі, объектінің орналасу орны,кəсіпорынның қаржылық қызметі; • кəсіпорынның ағымдағы жағдайы, тауарлар мен қызметтердің тізімі, кəсіпорынның басқа бəсекелес кəсіпорыннан ерекшелігі, тауар экспорты, клиенттермен, мердігерлермен есеп айырысу шаралары, өнімнің артықшылықтары;• жұмысты жүргізу стратегиясы, жақын уақыттағы кəсіпорынның мақсаты, кəсіпорынның даму болашағы.Саланың сипаты бөлімінде қарастырылатын мəселелер: • саланың шикізат базасы, инвестициялық климаты;• сала бойынша өнімді сату көлемі, кəсіпорынның сату көлемі, бəсекелестік жағдайы;• бəсекелестердің əлсіз жəне күшті жақтарын, бəсекелестікті ескергендегі өнімді сату жағдайлары.Өткізу, нарықтық талдау бөлімінде əлеуетті тұтынушыны анықтау, нарықтық сұранысын талдау, өнімді нарықта бөлу кестесі, сатылатын өнімді жетілдіру жағдайлары қарастырылады. Ұйымдастырушылық жоспар бөлімінде кадрлармен қамтамасыз етілу, қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары,олардың еңбекақы деңгейі қарастырылады.Инвестициялық жоспарда – инвестицияға қажеттілік жоспары қалыптасады, яғни, шикізаттарға, материалдарға қажеттілік,құрал-жабдықтар, жер учаскелеріне қажетті жəне капиталды тартудың көздері мен шарттары қарастырылады.Өндірістік жоспарда – өндірістік үдерістің толық сипаты қарастырылады жəне өнім өндірісінің көлемі анықталады. Өнім өндірісінің көлемі келесідей кезеңдер бойынша болжанады:• 1 жыл, əр тоқсан сайын;• 2 жыл, əр жарты жыл сайын;• 3 жыл, жылына байланысты əр жыл сайын. Маркетингтік жоспар – бұл жоспарланатын сату көлеміне жету мен максималды пайда алу үшін кəсіпорындардың іс-əрекетінің жоспары болып табылады.Қаржылық жоспар бөлімшелері:• табыстар мен шығындар жоспары;• ақша қаражаттарының түсімі мен төлем жоспары;• қолма-қол ақша ағымының жағдайы;• баланстық жоспар.Тəуекелдерді талдауда кəсіпорын қызметіне əсер етуі мен барлық тəуекелдер түрлеріне талдау жасалынады. Сонымен қатар,тəуекелдің əрбір түріне қатысты оларды төмендету жолдары қарастырылады.Қорытындыда кəсіпорынкəсіпорынға жоба бойынша ұсыныстар беріледі. Жобаны жүзеге асыру үшін капитал көлемі, инвестицияға берілетін кепілдемелердің түрлері, жобаның өтем мерзімі, сондай-ақ қаржылық көздерін талдау мүмкіндігі сипатталады. Қосымшаларда аталған бөлімдерге сəйкес графиктер, диаграммалар, кестелер, суреттер көрсетіледі.

Бағалы қағаздар нарығының түсінігі. Бағалы қағаздар нарығының жалпы нарықтық және арнайы функциялары

Бағалы қағаздар нарығы – нарықтың қатысушыларының арасындағы бағалы қағаздарды шығару, қайта сатумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын көрсетеді.

Бағалы қағаздар нарығы – бұл бағалы қағаздарды сату және сатып алу орны болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығының мақсаты – қаржы ресурстарын шоғырландыру және оларды нарыққа қатысушылардың әртүрлі операциялары арқылы қайта бөлу, яғни уақытша бос ақша қаражатының бағалы қағаздардың инвесторларынан эмитенттеріне ауысуына делдалдық ету. Осы мақсатқа жету үшін бағалы қағаздар нарығы мына міндеттерді жүзеге асырады:

• инвестициялау үшін уақытша бос қаржы ресурстарын тарту;

• әлемдік стандартқа сай нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру;

• екінші нарықты дамыту;

• маркетингтік зерттеулерді күшейту;

• мүліктік қатынастарды өзгерту;

• басқару жүйесін және нарықтық механизмді жетілдіру;

• мемлекеттік реттеу негізінде қор капиталын нақты бақылауды қамтамасыз ету;

• инвестициялық қауіпті азайту;

• портфельдік стратегияны қалыптастыру;

• баға белгілеуді дамыту;

• дамудың бағытын болжамдау.

Тіркеуден кейін бағалы қағаз бірінші ретті нарықта орналастырылады.

- Бірінші ретті нарық эмитентке қажетті ақшаны жинау мақсатында жаңа шығарылған бағалы қағаздарды инвесторларға сатуды.

Екінші ретті нарықта инвесторлар шығарылып қойған бағалы қағаздарды сатып алу немесе сата алады.

• Екінші ретті нарық биржалық және биржалық емес болып бөлінеді.

Бағалы қағаздар нарығы көптеген қызмет түрін атқарады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Біріншісі, жалпы нарықтық, яғни кез-келген нарыққа тән, екіншісі, ерекше, яғни осы нарықты басқа нарықтардан ажырататын қызметтер.

Жалпы нарықтық қызметтерге:

• коммерциялық, яғни осы нарықтағы операциялардан пайда табу;

• баға белгілеу, яғни нарықтық бағаларды қалыптастыру және олардың өзгеруін, қозғалысын қадағалау;

• ақпараттық, яғни нарыққа қатысушыларға қажетті ақпаратты жариялау;

• реттеу, яғни нарықтық сауда жүргізу, оған қатысу, қатысушылар арасында болған дауды шешу туралы Ереже шығару және бақылау органдарын құру қызметтері жатады.

Бағалы қағаздар нарығының ерекше қызметтері:

• қайта бөлу, яғни бағалы қағаздардың айналысы арқылы кәсіпорындар, мемлекет және халық, сондай-ақ салалар мен аймақтар арасында ақша қаражатын қайта бөлу. Бұл қызмет мемлекеттік және муниципальдық бағалы қағаздарды шығару және оларды орналастыру есебінен мемлекеттік, облыстық және жергілікті бюджеттердің кемшілігін қаржыландыруда мемлекеттік органдардың кәсіпорындар мен халықтың бос қаражатын қайта бөлу арқылы жүзеге асырылады;

• баға және қаржы тәуекелдерін сақтандыру, яғни туынды бағалы қағаздарды – фьючерстік және опциондық шарттарды сақтандыру.

Бағалы қағаздар нарығы ─ нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты жүзеге асырылады.

Билет

Наши рекомендации