Ежелгі дәуірдегі медицина дамуы
Медицина (лат. medicina: medicus — дәрігерлік, емдік) — адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі. Археологиялық және этнографиялық деректер (Павлодар-Ертіс өңіріндегі Қараоба обасынан табылған әйелдің, Батыс Қазақстандағы Сайқын станциясы маңынан табылған ер адамның, Тараз қаласы төңірегінен табылған жауынгердің бассүйектері; Орталық Қазақстандағы Қарабие мекенінен табылған адамның қаңқасы) Қазақстанда өмір сүрген емші-дәрігерлер емдеу ісімен, әсіресе, хирургилық әдістермен ертеден-ақ таныс болғандығын көрсетеді. Орта ғасырларда қазіргі республика жерінде туған энциклопедист-ғалымдар (әл-Фараби,Әбу-Мансұр, Қожа Ахмет Ясауи, Мұхаммед Хайдар, тағыда басқа) медицина ғылымында елеулі із қалдырған.
Адамдар дами келе әр түрлі емдеу тәсілдерін ойлап тапқан. Мысалы, көне тас дәуірінде адамдар иненің орнына жануарлардың сүйектерін пайдаланған болатын. Ал жіптердің орнына жануарлардың сіңірлерін пайдаланған. Оңтүстік Африканың үңгірінен табылған сүйектерді зерттеу барысында, аяқ сүйегінің бір бөлігінің күйдірілгені анықталған. Ғалымдардың болжауы бойынша, бұл жер белгілі бір затпен, темірмен немесе таспен күйдірген. Кейбір деректер бойынша бұл жарадан аққан қанды тоқтату үшін таспен күйдірілген деп айтылған. Бұдан біз осы дәуірдегі адамдардың қолында ешқандай дәрі-дәрмектер болмағанымен, олар өз-өздеріне көмек бере алғандығын байқаймыз. Яғни, медицинаның даму тарихы бұдан миллиондаған жылдар бұрын өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігінен бері қарай дамығаны байқалады.
№4 «Қола дәуіріндегі Қазақстан»
Б.з.б. ІІ мыңжылдықта Еуразияның далалық аймақтарында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Адамзаттың алғаш игерген металы – қола (мыс пен қалайының қорытпасы). Металдан жасалған еңбек құралдары тас еңбек құралдарын ығыстырған кезең-қола дәуірі (б.з.б. 2-1 мыңжылдықтар)
Қола дәуірінің кезеңдері:
· Ерте қола дәуірі (феодоров кезеңі) – б.з.б. ХVІІІ-ХV ғасырлар.
· Орта қола дәуірі (алакөл кезеңі) – б.з.б. ХV-ХІІІ ғасырлар.
· Кейінгі қола дәуірі (замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІІ-VІІІ ғасырлар.
Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта ежелгі Қазақстан аумағында мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуеттік-экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал өсіруші тайпалар ір және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарында да жиі қолданылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.
Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола - әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қазақстан жеріндегі ертедегі адамдар түсті металдар өңдеуге, әсіресе мал өсіруге мықтап көңіл бөлген! Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеюіне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды.
Ерекшеліктері:
· Түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы).
· Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі – бақташылық мал шаруашылығы мен теселі егіншілік пайда болды.
· Әкелік отбасылық рулық қатынас орнады.
· Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.
· Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі –көшпелі мал шаруашылығына көшті.
Андронов мәдениеті
Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мәдениеті деген атау алды (1914 ж. археолог Б.В.Андриановтың қазба жұмысы (А.Я.Тугаринов))
1927 жыл-археолог М.П.Грязнов андронов мәдениетінің ескерткіштерін Батыс Қазақстаннан тапты.
Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы – Орталық Қазақстан.Бұл өңірден 30-дан астам елді мекен, 150-дей қабір (қорымдар) қазып зерттелді.
Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі - Қазақстан жері археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халықтың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жер төлелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық-егіншілікпен аралас шұғылданды.