Азақстан ежелгі, ерте және кешкі орта ғасыр дәуірінде

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

АЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

Мемлекеттік емтихан сұрақтарының

ТІЗІМІ

“5В011400 – Тарих” мамандығы

Қазақстан тарихы пәні

азақстан ежелгі, ерте және кешкі орта ғасыр дәуірінде

1. Ежелгі және орта тас ғасыры дәуіріндегі Қазақстан (палеолит, мезолит).

2. Жаңа тас ғасырындағы Қазақстан (неолит және энеолит).

3. Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары. Андронов мәдениеті.

4. Қола дәуіріндегі шаруашылық, мәдениет және қоғамдық қатынастар.

5. Қола дәуірінің ескерткіштері: андронов және беғазы-дәндібай мәдениеттері.

6. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан ескерткіштері: б.з.б. VІІ-ІV ғғ.тайпалар және олардың

қоныстануы туралы ежелгі авторлар, этникалық құрамы, археологиялық мәдениеттері.

7. Сақтар тайпалық одағы: этникалық құрамы, шаруашылығы мен тұрмысы, қоғамдық

құрылысы, антропологиялық типі, тілі мен саяси тарихы.

8. Сақтардың мәдениеті мен өнері: тұрғын үй және киімі, діни-нанымдары мен

ғұрыптары, бейнелеу өнері.

9. Ғұндар: этникалық құрамы, орналасу географиясы, антропологиялық типі және тілі,

саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамы және материалдық мәдениеті.

10. Үйсін мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы, материалдық

мәдениеті және археологиялық екерткіштері.

11. Кангюйлер: қоныстануы,этникалық құрамы, әлеуметтік-экономикалық және саяси

тарихы, материалдық мәдениеті және археологиялық екерткіштер,тілі және жазуы.

12. Ұлы Жібек жолы.

13. Түрік этногенезі. Ежелгі түрік тайпа одағының құрылуы.

14. Түрік қағанаты: әлеуметтік-этникалық тарихы, саяси құрылысы, материалдық

мәдениеті.

15. Батыс-түрік және Түргеш қағанаттары: әлеуметтік-этникалық тарихы, саяси

ұйымдасуы, материалдық мәдениеті және өнері, арабтармен күресі.

16. Қарлұқ мемлекеті: этникалық және тайпалық құрамы, қоңыстануы, этносаяси тарихы,

шаруашылығы және әлеуметтік құрылысы.

17. Оғыз мемлекеті: этникалық және тайпалық құрамы, қоныстануы, этносаяси тарихы

және сыртқы байланыстары, шаруашылығы және әлеуметтік құрылысы, материалдық

мәдениеті.

18. Кимек қағанаты: этникалық және тайпалық құрамы,қоңыстануы, шаруашылығы

және әлеуметтік құрылымы, этносаяси тарихы және сыртқы байланыстары,

материалдық мәдениеті.

19. VІ-ІХ ғасырлардың бірінші жартысындағы отырықшы және көшпелі мәдениет.

Қала мен дала: қалалар мен қалалық қоңыстар, материалдық мәдениет, қолөнер,

архитектура және өнер, тілі, жазуы және әдебиеті, наным-сенімдері және діні.

20. Қарахан мемлекеті: территориясы және халқы, этносаяси тарихы, саяси құрылысы

және өкімет ұйымы, шаруашылығы және жер иелену түрлері.

21. Наймандар, керейіттер, жалайырлар: шаруашылық-экономикалық құрылысы, саяси

құрылысы және өкімет ұйымы, материалдық мәдениеті.

22. Қарақытайлар: шыққан тегі және этникалық құрамы, шаруашылық-экономикалық

және саяси құрылымы, басқару жүйесі.

23. Қыпшақ хандығы: этникалық және саяси тарихы, тайпалық және этникалық құрамы,

қоныстануы, шаруашылық-экономикалық құрылысы, саяси құрылысы және өкімет

ұйымы, мәдениеті.

24. Шыңғысхан шапқыншылығы: моңғол және татар тайпалары, олардың ХІІ-ХІІІ ғ.

басындағы қоныстануы мен қоғамдық-саяси құрылысы. Моңғол мемлекетінің

құрылуы, моңғолдардың Қазақстанға күштеп кіруі және Қазақстан мен Орта Азия

халықтарының жаулап алушылармен күресі.

25. ІХ ғасырдың екінші жартысы – ХІІІ ғасырдың басындағы отырықшы, қала және дала

халқының мәдениеті: қалалар, тұрғын үйлер, қолөнер, сауда мен ақша айналымы,

сәулет өнері және құрылыс, діні, тілі, ғылым және әдебиеті.

26. Қазақстан моңғолдардың билігінде: ұлыстардың құрылуы, Алтын Орданың саяси

және мемлекеттік-әкімшілік құрылысы, жаулап алудың экономикалық және әлеуметтік

зардаптары, Алтын Орданың әлсіреуі және құлауы.

27. Ақ Орда: мемлекеттің жоғарлауы, Ақ Орда Алтын Орданың құлдырау кезіңде,

алтынордалық империяның сол қанатының Дешт-и Қыпшақ хандарының көтерлуі.

Орыс хан, Тохтамыс, Күйырчық, Барак хан. Алтынордалық тақ үшін күрес,

Ақ Орданың құлауы.

28. Шағатай мемлекетінің құлдырауы: Моғолыстанның құрылуы: аумағы мен халқы,

алғашқы моғол хандыры және Темірдің басып кіру қарсаныңдағы саясаты, ХV ғ.

бірінші жартысындағы әлеуметтік-саяси жағдайы.

29. Әмір Темірдің мемлекеті: Моғолыстан, Алтын Орда билеушілерімен қарым

қатынастары, Дешт-и Қыпшақ пен Моғолыстанға қарсы жорықтары және олардың

зардаптары.

30. «Көшпелі өзбек мемлекеті»: Шығыс Дешт-и Қыпшақ билігі үшін екі әулеттік жолдары

мен қанатының күресі, Шайбанид әулеттік жолының күшеюі, этникалық құрамы,

халқы және Абілқайыр хандығының шекарасы, қоғамның әлеуметтік құрылымы,

әкімшілік орталығы, шаруашылық қызметі мен қалмақ тайшасы, Моғолыстан,

Мавераннахрмен жүргізген соғыстары.

31. Ноғай Ордасы: «маңғыт жұрты», аумағы мен халқы, шаруашылық қызметі және

қоғамның әлеуметтік құрылымы, Едіге мен Тоқтамыстың Батыс Сібір үшін

қақтығысуы.

32. ХІV-ХV ғғ. Қазақстан: әлеуметтік-экономикалық, жер қатынастары, салықтар мен

міндеткерлер, мемлекеттік-әкімшілік құрылысы, қалалар, қала және село қоныстары,

қолөнері, ақша айналымы, керуен жолдары.

33. ХІІІ-ХV ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті, діні және өнері.

34. Қазақ халқының этногенезі: кезеңдері, антропологиялық сипаттамасы, моңғолдар

жаулап алғаннан кейінгі этникалық процестер, Қазақстан аумағында этносаяси

қауымдастықтың қалыптасуы.

35. Қазақ халқының және мемлекеттіліктің құрылуы: «қазақ» термині туралы, қазақ

жүздері, этникалық аймағы және құрылудың алғы шарттары.

36. ХV ғ. Қазақ хандығы: қазақ мемлекетінің құрылуының этникалық, саяси,

экономикалық алғы шарттары және тарихы, Жәнібек пен Керей.

37. ХV ғ. соңғы үштен біріндегі Қазақ хандығының нығаюы: Жетісуда қазақ хандар

билігінің орнауы, мемлекеттік шекара аумағында қазақ жерлерінің бірігуі және

Сырдария қалалары үшін күресі, Жетісу, Орталық және Батыс Қазақстанда

Бұрындық билігінің нығаюы.

38. Қасым хан тұсындағы хандықтың өрлеуі: қазақ жерлерін біріктіру үшін күресі,

жер аумағының кеңеюі, маңғыттармен одақтасуы.

39. ХVІ ғ. басындағы Қазақ мемлекеті билеушілерінің Маураннахрдың өзбек хандарымен

өзара қарым-қатынастары: Сыр бойындағы қалалар үшін күресі, Шығыс Дешт-и

Қыпшақта ықпалын сақтап қалу үшін қазақ хандығына қарсы Шейбани және моғол

билеушілерінің одақтың құруы, Дешт-и Қыпшақ көшпелі өзбектердің Темір

мемлекетің жаулап алуы.

40. ХVІ ғ. екінші ширегіндегі қазақ әміршілері: Моғолыстан, Жетісу және Ыстықкөл

аймағында ықпал өрісінің күресінде Саидхан, Абд ар-Рашид, Тахир және Бұдайшаның

билік еткен кезіңде моғол хандарына қарсы қазақтар мен қырғыздардың әскери-саяси

одақтың құрылуы, Убайдулла ханның билік еткен кезіңдегі Мавераннахр өзбектерінің

және Абд ар-Рашид ханның тұсында Қажғариядағы моғолдардың іскери-

дипломатиялық одағы.

41. ХVІ ғ. 30-50 жылдарындағы қазақтар, моңғолдар және қалмақтар.

42. ХVІ ғ. екінші жартысында Хақназар ханның тұсында Қазақ хандығының нығаюы:

Сыр бойындағы қалалардың мемлекеттің құрамына кіруі, экономикасы және мәдениеті.

43. ХVІ ғ. соңы – ХVІІ ғ. басындағы Тәуекел ханның ішкі және сыртқы саясаты:

Шығайдың Абдаллахқа қарай өтуі, Тәуікелдің одан кетуі, 1588 ж. Ташкент көтерілісі,

қазақ-орыс келісөздері мен 1598-1599 жж. әскери оқиғалар.

44. ХVІІ ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы.

45. ХVІІ ғ. 30-50 жж. Қазақ хандығы.

46. Тәуекел хан тұсындағы биліктің нығаюы: Қазақ мемлекетінің құқықтық нормалары,

Тәуке ханның заңдары, үш жүздің күштерін біріктіру әрекеттері, көрші халықтармен

қарым-қатынастары.

47. ХV-ХVІІ ғғ.қазақтардың экономикасы мен тұрмысы: шаруашылығы, тұрмысы,

халық кәсіпшілігі мен қолөнері, әскери іс және қару-жарақ.

48. ХVІ-ХVІІ соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның қалалары мен қоныстары.

49. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық қатынастары: әлеуметтік топтар мен

категориялар, қалалардың әлеуметтік құрамы, меншік нысандары.

50. ХV-ХVІІ ғғ. қазақ халқының рухани мәдениеті.

Наши рекомендации