Танымдық іс-әрекеттің дамуы. 1) Көріп қабылдаумен зейіннің дамуы

1) Көріп қабылдаумен зейіннің дамуы

ƒ Жарқын айқын заттарды көзбен көріп бекіте алуға үйрету.

ƒ Үлкендермен көзбен байланысты ұстауға жағдай жасау (көзге және ауызға қарауға үйрету).

ƒ Үлкендердің бетіне ұзақ уақыт қарауға үйрету.

ƒ Қозғалыстағы заттарды немесе адамдарды бақылауды үйрету.

ƒ Айналадағы заттарға зейінін біріншісінен екіншісіне ауыстырып қарауға үйрету.

ƒ «Қайда ...?» деген сұраққа жауап таба алуға, суреттен өзін, таныс балаларды және үлкендерді табуға үйрету.

ƒ Таныс заттарды, ойыншықтарды таныс еместердің арасынан таба алуға үйрету (Доп қайда? Кубик қайда?).

ƒ Көлемді формаларды ажырата алуға үйрету (шар, куб, кесек); қораптың сәйкес ойықтарын жасау.

ƒ Бөлменің әр бұрышынан үстелде заттардың жұбын таңдауға үйрету.

ƒ Жазық геометриялық фигураларды ажырата алуға үйрету (дөңгелек, төртбұрыш).

ƒ Түстерді ажырата алуға, заттарды берілген түстері (қызыл, жасыл) бойынша біріктіруге үйрету.

2) Естіп қабылдаудың дамуы

ƒ Үлкендердің дауысын, музыкалық құралдармен ойыншықтардың дыбысын тыңдауды үйрету.

ƒ Дыбыстары бойынша олардың орналасауын таба алуға үйрету.

ƒ Музыкалық сигналдың басқы және соңғы дыбыстарын қабылдауды үйрету.

ƒ Үлкендердің дауыс интонациясын ажырата алуды үйрету (жылы, қатал, сұраулы).

ƒ Ақырын айтылған сөздерді тыңдатып үйрету.

3) Түсті қабылдаудың дамуы

ƒ Негізгі түстерді ажырата алуды үйрету (қызыл, сары, көк, ақ, жасыл).

ƒ Жинастыру кезінде түстерді алмастыруды үйрету.

ƒ Айналадағы заттардың арасынан таныс түстерді таба алуға үйрету.

ƒ Өнімдік және ойындық іс-әрекеттерде түстерді қолдануға үйрету.

ƒ Өзінің эмоционалдық күйін түстермен жеткізе алу.

4) Кеңістікте бағдарлаудың дамуы

ƒ Өз дене бітімін бағдарлай алуды үйрету.

ƒ Қуыршақтың дене бітімімен бет бөліктерін бағдарлай алуды үйрету.

ƒ Оң және сол қолын ажырата алуды үйрету.

ƒ Бір бағыттағы заттарды орналастырып үйрету.

ƒ Қағаз бетін бағдарлай алуды үйрету (оң, сол, жоғары, төмен).

5) Көлемді қабылдаудың дамуы

ƒ Үлкен заттарды екі қолмен ұстауды үйрету (шарлар, кубтар, доптар), кішкентайларын - бір қолмен.

ƒ Үлкендіктің екі, үш, төрт градациясын ажырата алуды үйрету: ең үлкен, үлкен, кішкентай, ең кішкентай.

ƒ Үлкендігі бойынша заттарды бір топқа біріктіруді үйрету.

5) Тактилді –қозғалысты қабылдаудың дамуы

ƒ Шар, кубты шамалап ажырата алуды үйрету.

ƒ Үлкендігі бойынша заттарды шамалап ажырата алуды үйрету.

ƒ Формасы бойынша заттарды шамалап ажырата алуды үйрету.

ƒ Таныс заттарды және ойыншықтарды шамалап таба алуды үйрету («Таңғажайып қап» ойыны).

6) Көрнекі-әрекетті ойлаудың дамуы

ƒ Практикалық және ойын сабақтарында құралдарды пайдалануды үйрету.

ƒ Көмекші заттарды пайдалануды үйрету.

ƒ Заттарды түсі, формасы, үлкендігі, салмағы бойынша салыстыра алуды үйрету.

ƒ Белгіленген белгілерін негізге алып заттарды жинақтауды үйрету.

ƒ Тапсырылған критерилер бойынша (қасиеті, сапасы, қызметі) заттық классификацияны орындауды үйрету.

ƒ Оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алуды үйрету.

ƒ Оқиғаның жүйелілігін анықтай алуды үйрету.

ƒ Бір топ заттан біреуін ерекшелеп алуды үйрету.

ƒ Жеке заттардан топ құруды үйрету.

ƒ Заттардың «аз» және «көп» деген түсініктерін қалыптастыру.

ƒ «Толық», «бос» ұғымдарын қалыптастыру. Топтан екі, үш затты бөліп алуды үйрету.

ƒ Заттардың санын саусақтар санымен салыстыруды үйрету.

ƒ Заттардан тапсырған заттар санын таба алуды үйрету.

ƒ «Сонша ... неше» ұғымдарын түсінуді үйрету.

ƒ Бір топтағы заттарды екіншісімен салыстыра алуды үйрету.

ƒ Қандай заттар көп, аз немесе бірдей екенін белгілей алуды үйрету.

ƒ Үшке дейінгі заттарды санай алуға, бір заттан жылжытып, әр затқа саусағының ұшын тигізіп, көз мөлшерімен заттар санын анықтай алуға және қортынды санын атауға үйрету.

ƒ Заттарды шамалап және дауыстап санай алуға үйрету.

7) Қоршаған ортамен таныстыру

ƒ Жақын адамдар туралы түсінікті қалыптастыру: мама, папа, апа, ата, аға, әпке. Олардың бала өмірінде алатын орыны.

ƒ Ойыншықтар туралы түсінікті қалыптастыру.

ƒ Үй туралы түсінікті қалыптастыру (ас үй, жатын бөлме, дәретхана).

ƒ Өзінің және өзгенің заттарын ажырата алуды үйрету.

ƒ Құстар, жануарлар және олардың төлдері туралы түсінікті қалыптастыру: қоян, аю, қасқыр, тиін, кірпі. Үй жануарлары – сиыр, мысық, ит, жылқы, қой.

ƒ Жеміс және көкөністермен таныстыру: сәбіз, пияз, қызанақ, картоп, алма, алмұрт, апельсин, лимон, банан.

ƒ Өз есімін атағанда жауап қайтаруды үйрету.

ƒ Айналады заттармен таныстыру: ойыншықтар, тұрмыстық заттар (киім, аяқ киім, жиһаз және т.б).

Тілдің дамуы

1) Белсенді артикуляциялық гимнастика өткізу:

ƒ Күлімсіреп, ерінді керу, оны түтік тәрізді созу, ауызды ашып тілді көрсету;

ƒ «Шыны аяқ» жасау, таңдайын қағу, сағат тілі бойынша және оған қарсы ерінін жалау;

ƒ Әуе ағысын дамыту: жеңіл заттарды үрлеу – ұлпабасты, шариктерді, көбелектерді т.б.

2) Сөйлемді түсінудің дамуы

ƒ Баланың алдында тұрған ойыншықты «Қайда?» сұрағына жауап ретінде көзбен немесе қолмен көрсетіп оны табуды үйрету.

ƒ Ойыншықтардың атауларымен балалардың, үлкендердің атын таныстыру.

ƒ Күнделікті тұрмыстық заттардың атауларымен таныстыру (киім, ыдыс-аяқ, жиһаз).

ƒ Ойындық және тұрмыстық іс-әрекетті білдіретін сөздерді түсінуді үйрету (бер, жина, жап, серуендет және .т.б.).

ƒ Тапсырманы түсінуді және орындауды үйрету: «Бері кел», «Қуыршақты бер» және т.б.

3) Белсенді сөздік қордың дамуы

ƒ Баланың айтқан дыбысын қолдау, баламен «үндесу».

ƒ Сөздерді айтуға итермелеу: мама, папа, әйел, бер, ал – өтініштері.

ƒ Еріннің қозғалысына еліктеуді үйрету «по – пу – пы», «мо – мы», «то – ту – ты».

ƒ Бірнеше рет айтылған сөздерді бекіту: Да – да – да, мы – ма – ма – ма, дыбыстық еліктеумен айтылатындарды бекіту: «Гав – гав», «му – му».

ƒ Музыкалық ойыншықтардың дыбысына еліктеуді үйрету: бам – бам, ля – ля – ля.

ƒ Көліктің айқайына еліктеуді үйрету: би – би, ту – у – у.

ƒ Үлкендердің күлімсірегенімен баланың эмоционалды – жағымды реакциясын қолдау.

ƒ Баланың өз жинақтарының ішінен дыбыстық ойындарды қолдану.

ƒ Ойын өткізу – әуелі шарлармен өткізілетін сабақ.

ƒ Айналадағылардың сөзін мұқият тыңдауға, әріптесінің көзіне тура қарауға, сұрақ қоюға және жауап беруге үйрету. «Ляля қайда?», «Сенің атың кім?» «Анаңның аты кім?», «Бұл кім?», «Мынау не?».

ƒ Заттардың белгілерін білдіретін (үлкен, кішкентай, көк) сөздерді түсінуді үйрету, есімдіктермен таныстыру: мен, сен, біз, ол, олар, сіз.

ƒ Зат жасалған материалды білдіретін сөздерді түсінуді үйрету: ағаштан, әйнектен, заттардың сапасы (бос, жұмсақ, тікенекті).

Наши рекомендации