Техникалық және кәсіби білім беру мекемелеріндегі тәрбиенің дамуы

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім алушыларының мәртебесі, сипаты бойынша ерекшеленетін оқу жүйелері, білім берудің түрлері, институционализация деңгейі бойынша оқу талаптарын айқындайтын бақылау түрлері, экономикалық қамтамасыз ету және қызметін жүйелейтін білім беру мекемелері жұмыс жасайды және дамиды.

Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің жүйесі қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік еңбектің белгілі бір түріне дайындайды және бұл мекемелердегі оқыту білім алушылардың шеберлігіне, кәсіби дайындығына қарай аттестациялау, біліктілік дәрежесін тағайындауды жүзеге асырумен аяқталады. Бастауыш, орта техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде қоғамдық өндірісті тек қана білікті кадрлармен қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар сол маманның білім жүйесінде әрі қарай дамуына жағдай жасайды.

Қазіргі барлық кәсіби білім беру жүйесінің деңгейі зерттелген мәселелерінің аздығымен сипатталады. Олардың бірі – тәрбие мәселесі, оның сапалылығы мен мақсатты түрде дамуы. Кәсіптік білім беру мекемесінде тәрбие жүйесіне кері әсер етуші жағдайлар мен қоғам дамуындағы саяси және экономикалық жағдаяттарда жастардың әлеуметтік стихияға басымдылығы, мекемелер мен ұйымдардың білікті мамандарды дайындауда жұмыспен қамтушылардың қызығушылығының болмауы, білім беру мекемелерінің ішінде қарама – қайшылықтардың, әлеуметтік шиеленістердің болуы.

Оқу үрдісінің дұрыс ұйымдастырылмауы, оқу бағдарламасының сәйкессіздігі, олардың пәндік – тәртіптік бөлінуі, уақыт талабына сай оқыту тәсілдері, басшылық және қарым – қатынастың субъективтік стилі, үстемдік басымдылығы, жастардың қызығушылығының ескерілмеуі, олардың оқу әрекетін ұйымдастыру түрлерін таңдау құқығы, мекемені басқаруға қатысымы келіспеушілік пен қарама – қайшылықтың негізгі көздері болып табылады.

Сонымен қатар қазіргі жастардың бойында әлеуметтік мәдени үрдістер мен өзінің жеке тұлғасын өзі анықтау қызығушылығының өсуі, олардың техникалық және кәсіби білім алуға ұмтылысы кәсіби білімнің тар аясынан шығумен сипатталады. Білім алушылардың жеке тұлғасының дамуына қолайлы жағдайлар жасау керек, өз тағдырын өзі шешуге, өз бетімен білім алуды үйретуге, әлеуметтік тәжірибені кең көлемде игере білуге, өзін – өзі тәрбиелеуде көмек көрсету керек.

Жоғарыдағы мәселелерді жүзеге асырудағы негізгі бағыттар:

- техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінде білім алушылар мен оқытушылардың арасындағы ынтымақтастық қарым – қатынасты бекіту;

- өзін – өзі басқаруды, жастардың өздері ұйымдастырған ұжымдық институттарын дамыту (білім алушылардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері);

- қосымша білім берудің мүмкіндіктерін, еңбек нарығындағы шынайы талаптар мен сапалы мамандар дайындаудағы алшақтықты жеңу үшін қоғамдық мамандықтар факультетінің мүмкіндіктерін пайдалану, болашақ маманның кәсіби мүмкіншілігін жүзеге асыру үшін нарық сұранысы мен жеке тұлғаның арасындағы қажеттіліктері, оның кәсіби қызметінің әлеуметтік салдары мен өзінің мансабын көтерудегі жауапкершілігінің артуы;

- аймақтық, ғылыми – техникалық өндіріс орталығы, ақпараттық орталықтардың жандануы, екінші рет жұмыспен қамту ;

- бос уақытын тиімді өткізуде жастардың өмірінде елеулі орын алатын клубтық іс- әрекеттер мен жастардың субмәдениетінің қалыптасуы;

- кәсіптік білім беру мекемелеріндегі жастардың әлеуметтік – психологиялық қызмет жүйесіндегі жұмыстарын жетілдіру және дамыту;

- әлеуметтік, мәдени, аймақтың тарихи салт – дәстүрлерінің мүмкіндіктері, ғылыми – кәсіби әлеует нәтижесін пайдалану, кәсіби білім беру мекемесі мен қоғамдық ұйымдарда білім алушыларды тәрбиелеуді ұйымдастыру тәжірибесін зерттеу және тарату.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жеке тұлғаның негізгі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелеу үрдісі төмендегі мәселелерді көтереді:

- оның әлеуметтік және өмірлік тәжірибесін, негіздеу саласын, әлеуметтік-коммуникациялық дағдысы мен іскерлігін әрі қарай дамыту;

- өзінің әлеуметтік қызметінде шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруда бірізділік пен жауапкершілікті жүзеге асыру;

- кәсіби өсуге қолдау көрсету;

- өзін-өзі азаматтық билеуі;

- әлеуметтік өмір салтын саналы түрде қалыптастыру.

Жоғарыда көрсетілген мақсатты жүзеге асыру бағдарлайды:

- әртүрлі типтегі кәсіби білім беру мекемелерінде құқықтық, әдістемелік, ұйымдастырушылық-экономикалық тәрбие негіздерін белсендіру;

- әртүрлі типтегі кәсіби білім беру мекемелерінің дәлме – дәл қызметін, тәрбие түрі мен әдістерін, мазмұнын өңдеу, сонымен қатар өздері дайындап жатқан мамандар үлгісі;

- кәсіби мүмкіншіліктер мен жеке тұлғалық қызығушылықтардың үйлесімділігі;

- әртүрлі салада білім алушы жеке тұлғалардың өзін-өзі жүзеге асыруына қажетті жағдай жасау (клубтық қызметі, екінші жұмыс жасау, спорт, туризм, педагогикалық икемділікті жүзеге асыру және т.б.).

Техникалық және кәсіптік білім беру мекемесіндегі тәрбие беру қызметінің маңызды бағытына тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың мамандарды кәсіби даярлау және қайта даярлауда көпдеңгейлі жүйені құруы жатады, оған оның мазмұны мен ақпараттық- әдістемелік қамтамасыз етуі қосылады.

Наши рекомендации