Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ілімдер

Сұрақнама:

  1. Платонның саяси және құқықтық ілімдері
  2. Аристотельдің саяси және құқықтық ілімдері
  3. Цицеронның мемлекет және құқық туралы ілімдері
  4. Құқық және мемлекет туралы рим юристерінің ілімдері
  5. Ерте христиандық саяси және құқықтық идеялар. Августин Блаженный

Тапсырмалар:

  1. Семинар сабағының сұрақтары бойынша ауызша жауап дайындау
  2. «Ежелгі Грецияның саяси және құқықтық ілімдері» тақырыбы бойынша жазбаша тұжырымдама жасау. Онда ежелгі грек ойшылдарының саяси-құқықтық көзқарастардың дамуына, мемлекет пен құқық мәселелерін теоретикалық қарастыруға сіңірген еңбегі көрініс табуға тиісті.
  3. «Ежелгі Рим саяси және құқықтық ілімдері» тақырыбы бойынша мемлекет және құқық туралы ілімнің бірқатар тұғырнамалы ережелерін жасаған рим ойшылдарының шығармашылық жетістіктерін көрсете отырып жазбаша тұжырымдама жасау.

Әдістемелік нұсқаулар:

Ежелгі Грецияның идеялық, саяси және құқықтық мұрасын игеру барысында оның ежелгі грек полистерінің дамыған қоғамдық қатынастары жүйесіне негізделгендігін ескеру қажет. Құл иеленуші демократия, аристократия, олигархия, тирания режимдері бірқатар теоретикалық идеялардың: мемлекет түсінігі мен мақсаттары, мемлекеттік құрылымның көптүрлілігі, сондай-ақ мемлекет нысанының көптүрлілігі, мемлекеттік құрылымның тап күресіне бағыныштылығы, мемлекет пен құқық, заң мен әділеттілік, күш пен құқық арақатынасы идеяларының қалыптасуының практикалық астарын құрады. Ежелгі Греция адамзатқа авторлары аға софистер болып табылатын алғашқы демократия теориясын берді. Перикл. Демосфен.

Ежелгі Грецияның саяси-құқықтық ойларына мемлекет пен құқық мәселелеріне тереңдетілген философиялық және әлеуметтік талдау тән болып табылады..

Саяси-құқықтық ойлар тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі - Платон. Платон теориясын оқып-зерттеу барысында оның «мемлекет идеясы» ілімі философиялық алғышарттарға негізделгендігін түсіну шарт. Платонның «Мемлекет», «Заңдар» еңбектерін талдай отырып, оның мемлекет пен заңдарға қоғамды және жеке тұлғаны экономикалық, әлеуметтік, рухани өзгертудің құралы ретінде қарайтындығын түсінуіміз керек. Платонның мемлекетке берген анықтамасын білу керек, себебі ол дұрыс ұйымдастырылған мемлекет пен заңдар еркіндікті емес, әділеттілікті жүзеге асырушы деген дәстүрлі көзқарастың негізін қалады.

Аристотель теориясы оның тәжірибелік (эмпирикалық) әдістемесімен таныстырады. Оның мектебі мемлекет және құқық тәріздес құбылыстарды түсіндіру барысында тарихи фактілерге, географиялық, материалдық және рухани факторларға сүйену дәстүрін қалыптастырды. Аристотель теориясы – жүйелендірілген, діннен ажыратылған, тұтас саяси ілім. Оның мемлекеттің пайда болу теориясын, мемлекет түсінігін, мемлекеттік төңкерілістер туралы ілімін, мемлекет нысанын жіктеу принциптерін сипаттай білу қажет.

Аристотельдің мемлекет нысанының «дұрысы» ретінде сипаттаған «политиясына» назар аудару керек. Ол Аристотельмен «бұрыс» деп танылған екі нысанның: олигархия мен демократияның қосындысы ретінде қаралады.

Ежелгі Римнің саяси-заңдық конструкциясынан рим юристерімен жасалынған түсініктерді білу керек. Ежелгі Римнің өзіндік саяси ойларын қалыптастыруда танымал рим ойшылы және мемлекеттік қайраткері Цицеронның сіңірген еңбегін ерекше атап өту керек. Цицеронның саяси шығармаларын сипаттау барысында оның мемлекеттің аралас нысаны (демократия, аристократия, монархия элементтерін біріктірген) теориясына назар аудару керек. Цицерон Рим мемлекеттілігінде ерікті тұрғындардың барлық топтарына «жалпы келісімді» қамтамасыз етуге қабілетті саяси институттар (халық жиналысы, сенат, консулдар) барлығына сенді. Оның республиканы «халық ісі» ретінде анықтауы келесі дәуірлерде көптеген саяси ағымдармен пайдаланылды. Цицеронның табиғи құқық туралы ілімін түсіну қажеттілігі бар.

Христиандық ежелгі Римнің саяси идеологиясындағы маңызды құбылыс десек жаңылмаймыз. Бұл тақырыпты қарастыру барысында студенттер өз қатарына әлеуметтік, саяси және ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан қаналған топтарды біріктірген христиан қозғалысының әлеуметтік-саяси идеологиясы туралы көзқарас қалыптастыра білуге тиісті. Ертехристиандық ұрандарының жалпы демократиялық мазмұны қаналған таптардың бірігуіне, нәтижесінде барлық қозғалысқа және оның идеологиясына әмбебаптық сипат берді. Қозғалыс екі кезеңге бөлінеді: ерте христиандық (І-ІІ ғғ.) және мемлекетке, үстем тапқа қызмет еткен ресми философиялық-діни жүйе.

Бұл тақырыпта орта ғасырда кең таралған теократиялық теорияның негізін қалаған Августиннің саяси көзқарастары да қарастырылады. Ол рухани биліктің мемлекеттік биліктен сөзсіз басымдылығын уағыздаған және еретиктерді мемлекет күші мен құралы көмегімен қуғындау талабын қойған.

Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;29;31;34;52;67;76;81;84,94-96;106;

136-148.

Наши рекомендации