Нәрестелік және ерте сәбилік кезеңдегі баланың психикалық дамуы.

Нәрестенің негізгі ерекшелігі-жаңа тәжірибелерді игеру, адамға тән мінез құлық формаларына ие болу мүмкіндігінің шексіздігі. Егер органикалық қажеттілік дәрежеде қанағаттандырылса, онда олар кешікпей өздерінің жетекшілік мәнін жояды және дұрыс режим мен тәрбие жағдайында жаңа қажеттіліктер (әсер алу, қимыл, үлкендермен қарым-қатынас қажеттіліктері) қалыптасады: солардың негізінде психикалық даму жүзеге асырылады.

Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі мынада: оның көруі мен естуі дене қозғалысынан жылдамырақ дамиды. Баланы алдымен қозғалысы жетілетін хайуанаттар пәнінен осы ерекшеліктері ажыратады. Баланың жүйке жүйесімен сезім мүшелерінің дұрыс дамуына қажетті көру мен есту әсерінің түп негізі және бұл өте маңызды, осындай ықпалды ұйымдастырушы үлкендер болады.

Нәрестенің өмірі түгелдей үлкендерге тәуелді. Үлкендер сәбилердің табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады: тамақтандырады, шомылдырады, бір жағынан екінші жағына аударады. Үлкендер балалардың әр түрлі әсерленгіш қажеттігін де қанағаттандырады: оны қолына алғанда сәби біраз көңілденіп қалады. Далаға шыққанда үлкендердің көмегімен бала көптеген заттарды байқайды, олардың қозғалғанын көруге, қолын тигізуге, содан кейін ұстауға мүмкіндігі болады. Негізгі есту және сезіну әсерлерін үлкендерден алады.

Жадырау комплексінің өзінде-ақ баланың үлкендерге деген жағымды эмоциялық көзқарасы, онымен қарым-қатынас жасағаннан қанағат алатыны байқалады. Мұндай қарым-қатынас бүкіл нәрестелік кезең бойына ұлғая береді.

Егер бала қырсықтанып, ойнағысы келмесе, сол кезде қасына үлкен кісі жақындаса-ақ оның көңілі көтеріліп, ашуы басылады да, өзінен-өзі тағы да жалғыз қалып, алдыңғы ойыншығымен ойнай бастайды.Туғанына 4-5 ай болғанда үлкендерді таңдап, қарайтын болады. Сәби өз үйінің адамдарын басқалардан ажырата бастайды, таныстарына қуанып, бөтен адамнан қорқатын болады.

Дұрыс тәрбие әдістері үстінде, нәрестелік шаққа тән тікелей қарым-қатынас кешікпей белгілі бір затпен, ойыншықпен жасалатын қатынасқа ауысады да, үлкен кісі баланың бірлескен іс-әрекетіне айналады.

Үлкен адам мен баланың бірігіп қимыл жасауы үлкен адамның нәресте қимылын басқарумен, сондай-ақ сәби өзі орындай алмайтын іс-әрекетін атқару үшін үлкендерден жәрдем сұраумен сипатталады.

Бала мен үлкен кісінің бірлескен іс-әрекетінде бүкіл нәрестелік кезеңде ересектердің іс-әрекетінде еліктеу қабілеттілігі зор маңыз алады. 7-10 айда бала үлкендердің сөзін, қимылын бақылайды. Көбіне ол өзіне әсер еткен қимылды сол бойда емес, біраз уақыт өткен соң, кейде бірнеше сағаттан соң қайталайды. Бірнеше рет көрсеткеннен кейін ғана еліктеп, қайталайтын кездері аз болмайды.

Нәрестелік шақтың соңында балалар үлкендердің көптеген қимылдарын қайталап, оларда көптеген қимылдарын қайталап, оларда еліктеушілік пайда болады. Столға жайылған дастарханды шүберекпен қалай сүртетінін байқап, ыңғайы келсе, қолына түскен матамен сүрте бастайды. Баланың үлкендердің басшылығымен меңгеретін қимылдары дамудың негізін жасайды. Сонымен, нәрестелік шақтың өзінде баланың психикалық дамуының жалпы заңдылығы айқын көзге түседі, ондағы психикалық процестер мен сапалар тұрмыс жағдайының, тәрбие мен үйретудің шешуші әсері бойынша қалыптасады. Баланың болмысқа қарым-қатынасы әуелден бастап әлеуметтік, қоғамдық қарым-қатынас болады.

Үлкендермен қарым-қатынастағы қажеттіліктің артуы кейде қарама-қарсылыққа да әкеліп соғады. Бұл қайшылық сәби сөзге түсініп, өзі де сөйлей білген кезде ғана шешіледі.

Қарым-қатынастың қажеттілігі сөйлеуге еліктеудің пайда болуының негізін қалайды. Өзімен үлкендер сөйлескен кезде бала ерте бастан-ақ бірден тынышталып, көңіл қоя тыңдайды. Туғаннан кейін 3 айдан соң, егер баланың көңіл-күйі жақсы болса, ол уілдеп, дыбыс шығарады. Үлкендер балаға жақындап еңкейсе, бұл уіл күшейеді.бала өзі шығарған дыбысқа құлақ қойып тыңдайды. Кейде ол өзіне өзі еліктеп, ілкіде өзі кенеттен шығарған дыбысын ұзақ қайталайды. Бірқатар балалар дыбысты мейлінше, анық шығара алатын болады.

Үлкендер нәрестеге жақындаған сайын онымен сөйлесіп, оған кейде жылы сөздер айтады. Өзара сөйлеспейінше өмір сүру мүмкін еместігін білетіндіктен адамдар баланың жауап қатуына қол жеткізуге ұмтылады. Сөйлесудің эмоциялық үнін бала тез түсінеді. Дүниеге келген алғашқы жылдың екінші жартысында дұрыс дамып келе жатқан дені сау бала былдырлап, сөйлегіш келеді. Түрлі буынды дыбыстар шығарып, оны ұзақ уақыт қайталайды, үлкендер айтқан буындарды қайталап айтуға тырысады.

Былдырлау арқылы сәби қарым-қатынас жасауға әзірлігін білдіреді, жаңа сөздерді және айта білуді үйренеді. Осындай дыбыстар шығару балаға қызық, сондықтан ол кейде ұйықтап жатып та былдырлайды. Баланың сөздік қорының дамуы үшін бұл былдырлаудың, маңызын асыра бағалау қиын. Былдырлай жүріп, бірте-бірте ерін мен тілдің қимылы және тыныс алуы жетіле береді. Осындай әзірліктің нәтижесінде сәби келешекте кез келген тілді меңгере алады.

Егер бала дүниеге келегн алғашқы айларда үлкендер сөзді оған деген өзінің көңіл-күйін білдіру үшін пайдаланса, шамамен нәрестелік шақтың жартысынан бастап, олар баланың айтқанды түсіну үшін арнайы жағдай жасауда болады. Нәрестелік шақта балаға арналып берілген сұрақтың дауыс ырғағы сөзді түсінуіне әсер етеді.

Бала дүниеге келген бірінші жылдың соңында заттың аты мен заттың өзінің арасында байланыс болады. Байланыс сол затты іздеп табудан көрінеді. Мұның өзі сөзді түсінудің бастапқы формасы болып табылады.

Бала үлкендердің сұраған нәрсесін оған қарау үшін ғана іздемейді, қайта үлкендермен қарым-қатынасын жалғастыра беру үшін іздейді. Үлкен кісі «ана зат қайсы?»-деп сұрайды да, бала оған «ол міне!»-деп жауап беру үшін әлгі затты іздейді. Үлкендердің сөзіне түсінуге байланысты эмоционалдық қатынас жасау, әдетте, баланы зор қатынасқа бөлейді.

Заттың атын атаған сөзге құлақ асу бала мүмкіндігінің дамуына байланысты болады: әуелі бала әлгі нәрсеге жай ғана қарайды, біраздан соң оған ұмтылады, ақырында жаңағы затты үлкендерге алып береді немесе алыстан қолмен нұсқап көрсетеді.

Жылдың соңында сәби үлкендердің сөзіне жауап беруі және сөйлеу реакциясы пайда болуы мүмкін. Мұндайда көбіне-көп «Папаң қайда?»-деген сұраққа жауап ретінде сәби әкесіне бұрып: «Па-па»,-деп қуана тіл қатады.

Үлкендердің сөзін түсініп және алғашқы сөзді айта бастағаннан кейін бала үлкендермен өзі байланыс жасап, одан тағы да жаңа заттардың атын үйретуді талап етеді. Сөйтіп, нәрестелік шақтың соңында сәби сөйлеуге ықыластана кіріседі, сөйлеу баланың үлкендер мен қарым-қатынасын ұлғайтудың маңызды құралына айналады.

Бала дүниеге келген алғашқы бір жыл ішінде кеңістікте қозғалып заттар мен іс-әрекет жасауды үйрену арқылы елеулі табыстарға жетеді. Ол басын дұрыс ұстап, отырып, еңбектеп, тәй-тәй тұрып, қаз-қаз басуға үйренеді. Көзіне көрінген затқа ұмтылып, жармасады, ұстайды да, ақырында, оларды сілкілейді, лақтырады. Осы әрекеттердің бәрі адамға тән мінез-құлық формаларын біртіндеп игерудің баспалдақтары іспетті болады. Осындай прогрессивті қимылдар және іс-әрекеттермен қатар, дұрыс тәрбие болмаған жағдайда балада қимылдың тұйық түрлері қалыптасуы мүмкін, олар баланың одан әрі дамуына жағдай жасамайтыны былай тұрсын, қайта кедергі келтіреді. Қимыл мен әрекеттің прогрессивті түрлері үлкендер балаға үнемі көңіл бөліп отырғанда, оның мінез құлқына бағыт-бағдар бергенде ғана дұрыс қалыпиасады және оның психикалық дамуы үшін зор маңызы болады. Сонымен бірге, олар дамудың бала жеткен дәрежесінің көрсеткіші болып табылады. Әсіресе, кеңістікте еркін қозғалудың (еңбектеу, жүру), бір нәрсені ұстап әртүрлі қимыл жасаудың маңызы зор.

Еңбектеу баланың өздігінен бір жерден екінші жерге қозғалуының алғашқы түрі. Бақылаулар көрсеткендей көпшілік балалар алғашқы жарты жылдың соңында, екінші жарты жылдың басында, әлдебір тартымды ойыншықты алуға тырысқанда еңбектей бастайды. Бала ойыншыққа қарай біресе оң қолын, біресе сол қолын созып талпынады, оны ұстауға ұмтылып аздап ілгері жылжиды.

Өздігінен жүруді-бір жерден екінші жерге орын ауыстырудың адамға тән әдісін-үйрену үшін көп уақыт керек. Бұл мерзім ішінде сәби аяғынан тік басып тұруға, бірдеңені жағалап тәй-тәй басуға, ештеңеге сүйенбей тұруға, жүруге үйренеді.Еңбектеген бала ойлаған жеріне бару үшін жүруге асыға қоймайды. Сондықтан оны жүруге және қимыл жаттығуларына үлкендер әзілеуі тиіс.

Жүре бастаған балаеңбектеуін бірден қойып кетпейді. Әдетте оған жүруден гөрі еңбектегені оңай болады да, ол алысырақ жатқан нәрсеге тезірек жету үшін еңбектей жөнеледі. Алайда үлкендердің қолдауымен болған жүру әдісі кешікпей-ақ үйреншікті іске айналады. Бұл әдетте, нәрестелік шақтан кейін жүзеге асады.

Бірдеңеге жармасу туғаннан соң 3-4 ай өткенде басталады. Төсекте немесе манежде жатқан бала қолын кеудесінен жоғары көтеріп, бір қолымен екіншісін сипағандай болады.

Тек 4,5-5 айлық бала ғана ілулі тұрған ойыншыққа қолын еркін жеткізіп, көп кешікпей 6 ай болғанда бір қолымен ұстай алады. Әрине бұл бала жармасу әдісін толық меңгерді деген сөз емес. Мұның өзі әлі жетіліп болмаған. Затқа ұмтылған қол тура бармайды, доғаша иіліп, көбіне басқа жаққа ұмтылып бұрылып кетеді. Бала туғаннан кейінгі екінші жарты жылдықта жармасуды онан әрі жетілдіре түседі. 1-шіден, қолды затқа қарай тура созатын болады. 2-шіден үлкен саусақты қалған саусақтарға қарсы қоюы жетіледі., сөйтіп бала затты саусақтармен ұстауға көшеді. Қолды затқа біртіндеп жақындату шамамен балаға 8 ай болғанда, ал қолды көздеген нәрсесіне ауытқытпай тура апару 1 жасқа толғанда мүмкін болады. Затқа жармасып, онан соң саусақтардың көмегімен ұстап тұру 7-8 ай болғанда қалыптасады да, жасқа толғанша жетілдіріле береді. Саусақтардың қалай орналасуы, әдетте қандай нәрсені ұстайтынына байланысты: допты саусақтарын тарбитып, ал жіпті үлкен және сұқ саусақтарының ұшымен ұстайды, кубикті ұстағанда саусақтар оның қырларына жатады.Бірақ, кешікпей затпен қимыл жасау күрделене түседі. Тіпті қарапайым қимылдардың белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Түрлі қимылдар жасауды одан әрі дамыту дегеніміз мұнда нәресте бір емес, екі затпен бірдей әрекет жасай бастайды. Бір жастың соңына қарай баланың заттармен түрлі қимылдар жасауында жаңа маңызды ерекшелік пайда болады.

Бала қимыл мен әрекеттің жаңа түрлерін меңгеріп, оларды жетілдірген сайын, оның қоршаған кеңістіктегі, заттардың қасиеттері мен қатынасын бағдарлауы әлі де болса, бөлек сипатта болмайды. Нәрестенің мінез-құлқын сипаттаған кезде «бала бақылайды», «бала таниды», «бала түсінеді» дегенді жиі қолданамыз.

Нәрестелік кезеңнің басында көру аппараттары мен есту аппараттарының жұмысын дәлелдеу жүзеге асырылады. Оларды жаттықтыруға байланысты көру мен естуді шоғырландыру пайда болады. Нәрестелік кезеңнің басында көру мен естуді жетілдіру осы бағытта жүргізіледі. Бақылау көрсеткендей, 3-4 айға дейін, яғни еңбектегенге, бір нәрсеге жармасып, онымен түрлі әрекет жасағанға дейін бұл жетілдіру негізінен аяқталады.

Бала көріп және естіп қана қоймайды. Ол сонымен бірге көргеннен естігеннен әсералып, қанағаттанғандық сезімге бөленеді.Демек, баланың көру әлемі бірінен-бірі өзгеше ауыспалы әсерлерден тұрады. Олар кейде тартымды, 2-шісі тартымсыз болып келеді.

Нәрестенің сыртқы қимылдар мен іс-әрекеттердің көмегімен орындалатын қоршаған дүниені бағдарлауы психикалық процестердің көмегімен орындалатын бағдарлаудан бұрын пайда болады және оның негізі болып табылады. Тұрақты өзгеріп тұратын әсерден кейін заттар балаға өзін қоршаған кеңістікте тұрақты өмір сүретін және өзгермейтін белгілі бір қасиеті бар нәрсе болып көріне бастайды.

Ерте жастағы психикалық үрдістердің ішінде басты рөл атқаратын қабылдау болып табылады. Бұл жастағы балалардың тәртібі мен танымы қабылдауымен анықталады. Осылайша, ерте жаста есте сақтау тану формасында жүзеге асады, яғни таныс заттарды қабылдау. Баланың ойлауы 3 жасқа дейін бірбіткей мінезді болады, бала қабылдаған заттар арасында байланыс орнатады. Баланың барлық уайымы қабылдаған заттары мен құбылыстарына қарай негізделеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша «... баланың бұл жастағы барлық қызметі айналадағы қабылдаулардың айналасында өтеді, қабылдау арқылы және қабылдаудың көмегімен ешқандай да қызмет ерте жаста жақсыға ие болмайды ». Ерте жастағы қабылдау дамуының негізгі ерекшеліктерін қарастыралық.

Сәбилік жастың аяқталуына қарамастан балада жиынтық образдар пайда болады және ол айналасындағы таныс заттар мен адамдарды жеңіл тани алады.

Балалар көру әрекеті арқылы заттарды қабылдайды. Ерте жаста заттарды тану үшін түс ешқандай да мағынаға ие емес. Сәби боялған және боялмаған бейнелерді бірдей көреді, тіпті ең қарапайым түсті боялған затты да. Ол тек формасына қарап ажыратады. Бұл бала түсті тіпті ажырата алмайды деген сөз емес. Еске саламыз, нақты түстерді ажырату дүниеге келген алғашқы айлардың өзінде-ақ болады.

Ерте жастағы қабылдаудың дамуы заттық қызметтер мен жаңа әрекеттерді игеру аясында өтеді. Мағына ие әрекет, ол арақатынас болып есептеледі. Бұл әрекет екі не одан да көп заттармен, бұнда әртүрлі обьектінің көлемін, формасын, үлкендігін, қаттылығын, орнын және т.б. есте ұстау керек. Сәбилік кезеңнің соңында балалар екі затпен әрекеттер жасай бастайды, тізіп отырады, біреуін біреуінің үстіне қояды, орналастырады. Бірақ бұл әрекеттерде сәбилер заттың көлеміне мән бермейді, керек заттарды формалары мен көлеміне қарай таңдамайды, оларды нақты тәртіппен орналастыруға тырыспайды. Ерте жаста әрекеттің ара салмағы осындай есепті талап етеді. Ерте жастағы балаларға арналған көптеген ойыншықтар (пирамидалар, жай шаршылар, матрешкалар) осы әрекеттер арақатынасына арналған. Бала бір әрекет жасауға тырысқанда ол заттарды формаларына, көлемдеріне, түстеріне қарай оларды кеңістікте өзара орындары болуы үшін таңдайды және біріктіреді. Пирамиданы жинау үшін шеңберлерді үлкендіктеріне қарай орналастыру керек. Матрешканы жинағанда жартысын бірдей үлкендікте таңдау керек және әрекетті нақты тәртіппен ораналастыру қажет, ең алдымен ең кішкентайын жинау керек, сосын оларды үлкендеріне қою керек.

Бұл әрекеттер дайын пирамидалар мен марешкаларды алуға реттеліп және бағытталу керек. Бірақ бала әлі дайын қорытынды жасай алмайды және оған өзінің әрекетін тәуелді етеді. Бұл үшін үлкендердің көмегі, үйреткені керек. Әрекеттердің арасалмағы әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін, яғни оларға үлкендер қалай үйреткеніне байланысты. Егер бала үлкендерге еліктесе немесе т.б. сол секілді сол заттарпен олар жасаған әрекетті жасайды. Сонда ғана үлкендердің көрсетуімен олар қорытынды шығаруы мүмкін. Сондықтан ең маңызды нәрсе – баланың керек заттарды өзі таңдай алуы, қажетті тәртіппен таңдап және бөліктерді біріктіру үшін. Ең басында сәби бұл әрекеттерді тек практикалық сынақтардан кейін орындай алады, себебі ол көзбен заттардың формасы мен үлкендігін салыстыра алмайды. Мысалы, матрешканың төменгі бөлігін жоғарғы бөлігіне орналастырса, онда ол сай келмейтінін байқайды және басқасын қарай бастайды. Кейде ол нәтижеге күшпен жетеді, керек бөлшектерді таппайынша, барлық талпыныстарды жасап көреді. Бұнда ойыншықтардың өздері қандай бөлшек қайда тұратынын көрсетіп тұрады. Сондықтан оларды автодидактикалық (немесе өздері оқытатын) деп атайды. Ішкі реттегіш әрекеттердің көмегімен бала ерте ме кеш пе керекті нәтижеге қол жеткізеді.

Ішкі реттегіш әрекеттерден сәби заттарды көлемін көру арақатынасына ауысады. Бір заттың ауқымы үлгіге айналғанда, көру қабылдауының жаңа типі қалыптасады. Мысалы, пирамиданың сақинасының үлкендігінен басқаларының да өлшемдері байқалады. Бұл қабілет балалар заттық әрекеттерді орындай отырып, көру реттегішіне ауысады. Ол керекті бөлшектерді көзбен таңдап және дұрыс әрекеттерді әдеттегі практикалық сынақсыз орындайды.

Бала үшін 2-2,5 жас үлгі бойынша көріп таңдауға қолжетімді болады. Екі зат әр түрлі немесе үлкен болған кезде ол ересектердің өтінішімен үлгі сияқты затты таңдайды. Көру таңдауы үлгі бойынша қарапайым таным немесе өлшеуге қарағанда қиынырақ тапсырма екенін атап өту керек. Балалар ең алдымен заттарды бірдей формада таңдайды, сосын үлкендігіне қарай, сосын түс бойынша. Ерте жастағы балалар оларға екі затты ұсынса, немесе бірнеше заттарды, сол заттар күрделі формада болса және олар бірнеше бөліктерден тұрса, үлгіге қарап дұрыс таңдау жасай алмайды.

Ерте жастағы қабылдау заттық әрекеттермен тығыз байланысты. Егер бала қажетті әрекеттің орындалуы мен қолжетімжілігіне қол жеткізгісі келсе, заттарды формасына, үлкендігіне, түсіне қарай нақты анықтай алады. Күрделі әрекетті орындауда бала басқа белгілерді байқамайды да. Бала сурет сала бастағанда суреттің түсін байқамайды және кез-келген қарындашты пайдаланады немесе үлгіге қарап жасайды, негізгі түстерді ажырата алса да кез келген түсті шаршыны алады.

Өмірінің үшінші жылы салыстыру үшін үнемі үлгілер пайда болады. Бұл балаға жарық формаға ие жақсы таныс заттар. Мысалы, үшбұрышты формаларды бала «үй сияқты», ал дөңгелек заттарды «доп сияқты» анықтайды. Бұл балада заттар туралы ұғымның пайда болғандығын көрсетеді. Баланың заттар туралы ұғымдарын кеңейту үшін оларжы әртүрлі сипаттағы заттар мен белгілермен таныстыру қажет. Бала өзін белсенді сезінетін бай және түрлі сезімтал орта маңызды болып табылады.

Наши рекомендации