Иінді білік және маховик
Піспекке әсер ететін газдар күші ол арқылы иінді білікке берілетін, олар өз алдына трансмиссия арқылы автомобиль доңғалақтарына берілетін айналушы момент тудырады. Иінді білік сонымен қатар ілгері- қайтымды қозғалатын күштермен инерцияларды және қос иінді бұлғақты механизмнің айналмалы массасын өзіне қабылдайды. Иінді білікті легірленген болатпен штамптап немесе жоғары беріктікті магнийлі шойыннан жасайды (ЯМЗ, ЗМЗ, ВАЗ және т.б.).
Иінді біліктің құрылымына (6-сурет): түбірлі (6) және бұлғақты мойындар (5), қарсы салмақтар (17), маховик бекітушісінің ернеуі (13) және беріліс қорабының жетекші білігінің шарикті мойынтірегінде орналасушы артқы бітістік тесігі бар, алдыңғы бітістігінде қолмен оталдырушы храповигі (20) орналасқан және газ таратушы тісті доңғалағы (19), генератордың және сұйықтық торап желдеткішінің шкиві (1) орналасқан.
Жақтау (7) бұлғақтың түбірлі мойындарымен бірге қос иінді құрайды. Қарсы салмақ (17) түбірлі мойынтіректерді центрден тепкіш күштерден арылту үшін жасалған. Қарсы салмақтарды жақтаулармен бірге біртұтас қылып жасайды, каналдармен (8) бірге немесе оларды сомындармен бекітеді. Толық тіректі иінді біліктің бұлғағы мойынының (5) екі жағынан түбірлі мойындар орналасқан.
Қос иінді бұлғақты механизмнің жұмыс қабілеттілігі, толық тіректі иінді біліктің беріктігі арқасында жоғарылайды (ЗИЛ-4331, КамАЗ-740, ВАЗ-2108- автомобильдерінде). Түбірлі мойындардың саны қозғалтқыш цилиндрі мен және түріне байланысты. Мысалы: қатар орналасқан төрт цилиндрлі қозғалтқышта олардың саны үш немесе бесеу болады, ал алты цилиндрлікте- төрт немесе жеті, ал V- тәрізді сегіз цилиндрліде— бес.
6-сурет Иінді білік және маховик: 1-шкив; 2-май тойтарушы; 3- тіреуші тығырық; 4-түбірлі мойынтіректің төсемі; 5-бұлғақты мойын; 6-түбірлі мойынша; 7- жақтау; 8-майлауыш канал; 9- бұлғақ; 10-піспек; 11-маховиктің тісті тәжі; 12-май айдаушы ескек; 13- ернемек; 14- маховик; 15- майлы қуыс; 16- бітеуіш; 17- қарсы салмақ; 18-мойынтірек қақпағы; 19-газ таратушының тісті доңғалағы; 20-храповик.
Иінді біліктің жақтауынан (7) майды жіберу үшін көлбеу арналар бұрғыланған. (8) Олар түбірлі мойынтіректерден майлы қуыстарға (15) жіберу үшін қолданылады. Қуыстар бұлғақты мойыншаларда үлкен диаметрлі арналар және бұрандамалы жабылатын жапқыштары (16) бар етіп жасалған. Қоқым шайырдың жиналатын жері қуыстар болып табылады. Қозғалтқышты жинаған уақытта цилиндрлер шығырындағы ұяларын түбірлі мойынтіректерге арнап және олардың қақпақтары (18) белгілеріне қарап отырып, тек қана өз орындарына орналастырып отырған. Түбірлі мойынтіректердің жұқа қабырғалы төсемдері (4) антифрикционды қабатпен жабылған. Үш металдық болат алюминийлік және болат қорғасынды төсемдер көп қолданылады, өйткені антифрикционды қабат жақсы сырмаушылық және жоғары беріктілік қасиетке ие. Шығыр ұяларындағы және олардың қақпақтарындағы паздарға кіретін дөңестіктер төсемдерді көлденең ығысудан және айналып кетуден қорғайды. Дизельдердің иінді біліктері өстік жүктемені екі тіректік сақина арқылы қабылдайды. Карбюраторлы қозғалтқыштардың көбінде иінді біліктің өстік жүктемелері тіректі тығырық (3) және құрамында сурьма және сынап, қорғасын бар антифрикционды қоспамен ішкі жағынан құйылған болат тіректі сақиналармен қабылданады.
Маховикқозғалтқыштың оталдыруын жеңілдету және бос жүріс режимінде піспектерді өлі нүктеден жеңіл әкету, көп цилиндрлі қозғалтқыштардың иінді біліктерінің бірқалыпты жұмысын, автомобильдің жедел қозғалысы кезінде болатын қысқа жүктемелерді және қозғалтқыштың әртүрлі режимдерде жұмысы кезінде трансмиссия агрегаттарына айналдырушы моментті беру үшін қолданылады. Маховикті (14) (6-сурет) шойыннан жасап иінді білікпен құралған күйде динамика жағынан түрленеді. Ернемек центрі (13) маховикті штифтер немесе сомын бұрағыштар арқылы анықталады. ЯМЗ-236 және КамАЗ-740 дизелдерінде маховикті штифтер арқылы орталықтандырылып, оны иінді білікке тікелей бекітеді. Тісті тәж (11) қозғалтқышын оталдырған кезде, иінді білікті стартер арқылы айналдыруға арналған, ол маховик тәжіне престеліп орнатылған. Көп қозғалтқыштардың маховик жанында немесе оның құрсауында белгі қойылады, отын берілудің бастапқы моментін (дизелдерде) және от алу моментін (карбюраторда) орнату кезінде бірінші цилиндр піспегінің ЖӚН анықтайды.
4 «Газ тарату механизмі»
Газ тарату механизмі газ алмасу үрдісін басқаруға және цилиндрлердің оптималды толтырылуын қамтамасыз ету үшін арналған. Газ таратушының клапанды механизмдері жай құрылымға ие, жөндеу мен өндірудің аз құндылығы, сондай-ақ ол жану камерасын жақсы тығыздайды және жұмысының сенімділігіне байланысты қазір оның кең ауқымда төрт ырғақты қозғалтқыштарда қолданылуы кең таралған.