Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау.

Информатика жоғарғы сыныптардан төменгі буынға көшіру қажеттілігін осы бағыттағы жүргізілген ғылыми зерттеулер көрсетті. Бұған дәлел ретінде информатиканы төменгі сыныптарда оқыту жөнінде жүргізіліп жатқан мұғалімдердің эксперименттері мен жарияланып жатқан мақалалары, сондай-ақ 1-4 сыныптар үшін информатикадан ұйымдастырылған үйірме жұмыстары мен факультативтік сабақтарды айтуға болады. Информатика курсының бастауыш сыныптарда оқытылуы жөнінде шетелдерде және тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерінде бірқатар жинақталған тәжірибелер бар. Көптеген әдіскер-ғалымдар мен оқытушылар информатиканы пән ретінде жоғары сыныптарда оқыту оқушылардың компьютерді пайдалану дағдысының қалыптасуын кешеуілдетеді, бұл пәнді оқу барысында қалыптасатын дағды бір ғана пәнге тән емес екенін, жалпы білім беретін мәні бар болып есептелінетінін атап көрсетеді. Сондықтан да, 12 жылдық мектептің бірінші сатысы бастауыш буынның оқу жоспарына 2 сыныптан бастап информатика пәні енгізіліп отыр. Информатикадан жалпы бастауыш білім стандарты бойынша бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесі мақсатқа жетуге бағытталған:

* оқушылардың ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру;

* интеллектуалды тұлғалық және эмоциялық-жігерлік сапаларын, қабылдау түрлерін және есте сақтауын дамыту;

- оқушылардың әлемдік көзқарасын қалыптастыру, азаматылыққа тәрбиелеу.

Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың екі аспектісін олардың жалпы білім берудегі мәні мен шығармашылық дәрежесінің өсуіне байланысты ерекшелеп көрсетуге болады:

1. Ақпараттық технологиялар курсы. Бұл курс нақты ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану жағдайында оқушыларды практикалық іс-әрекетке даярлау, компьютерлік сауаттылықты қалыптастырумен байланысты;

2. Алгоритмдік курс. Бұл курс оқушылардың алгоритмдік ойлауын дамыту мен қалыптастыру, компьютерді практикалық іс-әрекетке қолданудағы алғашқы біліктерін жалпылаумен байланысты.

12 жылдық мектепте оқытудың барлық кезеңінде оқу бағдарламаларын шығармашылық сипатпен қамту және пәнаралық байланыстар жүйесін өте тиімді интегралдау мектептің бастауыш сатысының оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды сәтті ендірудің басты шарты болып табылады. Бірінші кезеңнің (пропедевтикалық) бағдарламасы екі жүйені біріктіруге негізделген. 2-4 сыныптардағы әрбір сабақ екі жарты бөлікке (20-25 минуттан) бөлінген. Сабақтың бірінші бөлігі алгоритмдік жүйені (машинасыз әдіс), екінші бөлігі ақпаратттық технологиялар жүйесін (компьютерді қолдану) оқып үйренуге берілген. Екі жүйенің материалдарының мазмұны әрбір сабақта бірігіп сабақтың ортақ тақырыбына айналады. Логика және алгоритмдік жүйенің материалдарын оқып үйренуден ақпараттық технологиялар жүйесінің материалдарын оқып үйренуге көшуді шеберлікпен байланыстыра білу қажет. Бастауыш сыныптарда информатика пәнін осындай түрде оқыту кіші жастағы мектеп оқушыларына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. Информатиканы оқыту үрдісінде математика, қазақ тілі, ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, музыка, еңбекке баулу, дене шынықтыру пәндерімен пәнаралық байланыстар орындалады.

39. Алгоритмнің түрлері.

«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады.

Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді. Алгоритмді реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын амалдар тізімі деп ұғынған жөн. Оның көптеген анықтамасы бар. Соның бірі: алгоритм - берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны бағдарлама түрінде жазып шығу керек.

Алгоритмді орындаушының рөлін, негізінен адам немесе автоматтандырылған құрылғы, яғни компьютер, робот т.б. атқарады.

Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік. Студент болу үшін алгоритмнің мынадай қадамдарын орындау керек:

1. Мектепті тамамдау.

2. Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.

3. Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын, емтихан қорытындысымен бірге белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.

4. Конкурстан өту.

5. Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.

Бұл көрсетілген пункттердің орындарын ауыстыруға болмайды. Олар көрсетілген ретпен кезегімен орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген нәтижеге қолымыз жетеді.

Сонымен алгоритм – белгілі бір нәтижеге жету үшін қолданылатын амалдардың реттелген жиыны.

Қазіргі кездегі өнделетін ақпарат көлемінің тез өсуі көптеген мәселелердің (есептердің) шешуін адамды әр түрлі автоматтарға, компьютерлерге, роботтарға, техникалық құрылғыларға жүктеуге мәжбүр етіп отыр. Күнделікті тіршілікте біз күн сайын көптеген алгоритмдерді кездестіреміз және атқарамыз. Мәселен, мектепке бару, сабаққа даярлану, ас әзірлеу, ағаш отырғызу, нан пісіру, автобус, трамвай, троллейбуспен межелі жерге жету, сөздіктен қажетті сөзді іздеу кезінде белгілі бір алгоритмдерді атқаруға, яғни бірқатар қалыптасқан әрекеттер тізбегін орындауға тура келеді.

Сонымен алгоритм атқарушы – көрсетілген іс-әрекеттер тізбегін бұлжытпай орындай отырып, керекті нәтиже алуды жүзеге асыратын машина, құрылғы немесе адам бола алады.

Берілген мәселені шешу жолының түсініктілігін оның алгоритмінің түсініктілігі деп қарастырады. Алгоритмде алдыңғы әрекеттің нәтижесі келесі әрекетте пайдаланылады.

Алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында атқарушыға қандай әрекеттер жасау қажеттігін әрі түсінікті, әр дәл етіп көрсететін нұсқаулар ретін алгоритм деп атайды.

Алгоритмді орындау кестесін беруге мысал қарастырайық.

Мысалы: «Сабаққа дайындалу» алгоритмін жазайық.

Команда нөмірі Алгоритм командасы Алгоритм нәтижесі
1. Күнделікті қолға ал Күнделікті қолға алынды
2. Тиісті бетін аш Тиісті беті ашылды
3. Пәнді, тақырыпты, берілген тапсырманы анықта Пән, тақырып, берілген тапсырма анықталды
4. Үйге берілген тапсырманы орында Үйге берілген тапсырма орындалды
5. Тоқта Сабаққа дайындалу аяқталды

Барлық командалары бірінен кейін бірі ретімен орындалатын болса, оны сызықтық алгоритм деп атайды. Егер командалардың орны ауысатын болса алгоритм орындалмайды. Сызықтық алгоритмге мысал қарастырайық.

Мысалы: «Үй тапсырмасын орындау» алгоритмі.

1. Күнделікті алу.

2. Тиісті бетін ашу.

3. Үй тапсырмасын анықтау.

4. Үй тапсырмасын орындау.

5. Күнделікті орнына қою.

6. Тоқта.

Сонымен, әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм болды. Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген реті бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан тұрады. Амалдардың осылай бірінен кейін бірінің реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылуы дейді.

Күнделікті өмірде жиі кездесетін алгоритмдердің бір түріне есептегі белгілі бір шарттың орындалуына не орындалмауына байланысты командалар тізбегінің бірнеше тармақтарға бөлінетін тобы жатады. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік (теңдік) түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орындалса, онда алгоритм бірінші тармақпен, ал орындалмаса екінші тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмдерде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады.

Шарттардың орындалу нәтижелеріне байланысты атқарылатын іс-әрекеттер тізбегін тармақталған алгоритм деп атайды. Шарт схемасынан екі команда шығады. Сұраққа «иә» деп жауап берілсе, онда «иә» тармағынада тұрған команда орындалады. Егер сұраққа «жоқ» деп жауап берілсе, онда «жоқ» тармағында тұрған команда орындалады.

Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru

Малға қорада жем-шөп бер
Малды жайылымға жай
Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru
Малға қорада жем-шөп бер
Малды жайылымға жай
Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru
Малға қорада жем-шөп бер
Малды жайылымға жай
Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru
Малға қорада жем-шөп бер
Малды жайылымға жай
Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru Мысалы: «Мал азықтандыру» алгоритмі

Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru иә жоқ

       
  Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru   Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru

Алгоритмде бір іс-әрекет бірнеше рет қайталанса, онда оны циклдік алгоритм деп атайды. Бұл алгоритмнің орындалуы шартқа байланысты. Шарт іске асырылып тұрғанда, команда қайталанып орындала береді. Егер шарт орындалмаса, командаларды қайталау да тоқталады.

41. Жиын және оған қолданылатын амалдар. Бізді әртүрлі заттар және тіршілік иелері қоршайды, олардың көптеген әртүрлі белгілері бар және ортақ атпен біріктірілуі мүмкін. Әр заттың өзінің аты болады, мысалы, үй, бөлме, кесе, көйлек және т.с.с. Сонымен қатар оның ортақ аты да болады, ол заттар тобының атын білдіреді.

Мысалы:

- қияр, картоп, қызылша – көкөністер;

- алма, алмұрт, банан – жемістер;

- шортан, майшабақ, табан – балықтар.

Ортақ аты бар және бірге жинақталған заттардың (тірі организмдердің) тобын жиын деп атайды. Жиын сөзі біріктірілген деген мағынаны білдіреді. Жиында 1,2,3 және одан да көп заттар болады. Егер жиында бірде бір зат болмаса, оны бос жиын деп атайды.

Жиынды құрайтын заттарды жиын элементтері деп атайды.

       
  Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru
    Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік бақылау. - student2.ru
 

1.1 Негізгі анықтамалар. Жиын ұғымы фундаментальді анықталмаған ұғым. Интуициялық түрде ішкі жиын деп бір бүтін кез – келген жиынтық Жиын деп белгілі бір объектінің белгілі қасиеттеріне байланысты топтастырылуы. Ол объектілердің де өз айырмашылықтары болуы мүмкін. Жиындарға мысалдар ретінде бөлмедегі орындықтар жиынын, бір үйде тұратын адамдар, топтағы студенттер, натурал сандар жиыны, алфавиттегі әріптер жиыны, т.б. мысалдар келтіруге болады. Жиынның құрамындағы жеке объектілер оның элементтері деп аталады. Нақты жиындарды белгілеу үшін латынның үлкен әріптері қабылданған: A,S,X,..... Жиынның элементтерін белгілеу үшін кіші әріптерді a,s,x,... қолдану қабылданған. x объектісі X жиынына тиісті екенін көрсету үшін, яғни, x элементі X жиынының элементі екенін көрсету үшін, xÎ X белгісі қолданылады. Ал xÏX белгісі (жазбасы) x элементі X жиынына тиісті емес екенін көрсетеді. А жиыны В жиынының ішкі жиыны деп аталады, егер, А жиынының кез – келген элементі В жиында жатса. Бұл факт арқылы белгіленеді. (кейде, бұл жиындар әртүрлі екені нақты белгілі болса, онда: АÌВ деп белгіленеді). Бір де бір элементі жоқ жиын құр (бос) жиын деп аталады. Оны Æ деп белгілейміз.

1.2 Жиындарғы қолданылатын амалдар және қасиеттері. Жиындарға элементар алгебрадағы қосу, көбейту сияқты амалдарды қолдануға болады. Жиындарға қолданылатын амалдарды графикалық бейнеде кескіндеу үшін Эйлера-Венн деп аталатын диаграмманы қолданамыз. X және Y жиындарының бірігуі (кейде қосындысы) деп, X, Y жиындарыныңтым болмаса біреуінде жататын элементтер жиыны. X және Y жиындарының айырмасы деп, X жиынына тиісті ал, Y жиынына тиісті емес элементтердің жиынын айтамыз X және Y жиындары қиылыспайтын деп аталады, егер оларда ортақ элемент болмаса, яғни, егер XÇY = Æ. X және Y жиындарының симметриялы айырмасы деп, жиындардың біреуіне тиісті ал екіншісіне тиісті емес элементтердің жиынын айтамыз. A,B,C, X, Y, Z - кез – келген жиындар болсын. 1. Қиылысудың, бірігудің, симметриялық айырманың коммутативтілігі: а) A∩B = B∩A; б) AÈB = BÈ A; в) A÷B = B÷A. 2. Қиылысудың, бірігудің, симметриялық айырманың ассоциативтілігі: а) A∩(B∩C) = (A∩B)∩C; б) AÈ (BÈ C) = (AÈ B)È C; в) A÷(B÷C) = (A÷B)÷C. 3. Қиылысудың, бірігудің, симметриялық айырманың дистрибутивтігі: а) AÇ (BÈ C) = (AÇB)È (AÇ C), б) AÇ (B÷C) = (A÷B)Ç (A÷C).

42.Цилдік алгоритм:

Циклдік алгоритм-бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм.

Қайталау санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты екіге бөлінеді.Белгілі циклді-арифметикалық,ал белгісізді-командалық немесе интеграциялық цикл деп атаймыз.Циклдік алгоритмге апта күндерін жатқызсақ болады.Себебңі апта күндері қайта қайталанып отырады.

Наши рекомендации