Тазалаудың термиялық әдістері

Тазалаудың термиялық әдісі жанып кететін немесе механикалық беріктілігін жоғалтатын қызғанға дейінгі температурада ласты алып тастауға негізделген және бөлшектердің бетінен алынып тасталынады. Жөндеу тәжірибесінде көбінесе термиялық тазалауды ашық отта немесе балқытылған ерітінді мен тұзға батырып қолданады. Ашық отпен оттегі-ацетиленді немесе керосинді жалынмен шайырлы қыртыстырды және шығардағы шуды тұншықтырғыш күйікті, шығу жинағыштарын және дизельдің келтеқұбырларын тазалайды.

Мұндай тазалауға арналған қондырғы төрт шомылғыдан тұрады. 1-шомылғы 65% каустикалық содадан, 30% азот қышқылды натрийден және 5% ас тұзынан құралған ерітіндіден тұрады. Ерітіндінің температурасы 380-420 Тазалаудың термиялық әдістері - student2.ru С.

Бұл шомылғыда қара металдан жасалған бөлшектер 5 мин., ал алюминий ерітінділері 3-5 мин. ұсталынады, содан кейін оларды шомылғыдан алады да, 120-150 Тазалаудың термиялық әдістері - student2.ru С дейінгі ауада суытып, сумен шаю үшін торлы себетке салып, 2-шомылғыға батырады және сілтінің қалғандарын бейтараптандыру үшін бөлшектерді қара металдан жасалған бөлшектерге арналған 50% тұз қышқылы және алюминий ерітінділерінен жасалған бөлшектерге арналған (125г/л) хромдық ангидридтен және (85 г/л) фосфор қышқылы толтырылған 3-шомылғыға батырады.

Ең соңында қара металдан жасалған бөлшектерді тринатрийфосфат және калцийленген сода (3-5г/л) ыстық су ерітіндісімен, ал алюминийдің ерітіндісінен жасалған бөлшектерді ыстық таза сумен 4-шомылғыда жуады.

Тұз бен сілті ерітіндісінде бөлшектерді тазалау және майын кетіру тез және жақсы болады. Бірақ та бұл әдістің кемшіліктері де бар: тазалау металдың қасиетіне әсер етеді, ерітінді тез ластанады, күрделі формалы бөлшектерді тазалауға болмайды және олардың деформациясының жіңішкелік мүмкіндігіне байланысты тазалау әдісі қиындау болып, қол еңбегін қажет етеді.

Майлау жұмыстары

Майлау жұмыстары көлік техникасының жоғары сенімділігі мен ұзақ мерзімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында орындалады және техникалық қызмет көрсетуде едәуір үлеске ие. Бұл жұмыстарды уақытында және сапалы орындаған жағдайда детальдардың тозу деңгейі төмендеп, көлік техникасының күрделі жөндеуге дейінгі жұмыс мерзімін ұзартады.

Майлау жұмыстарының сапасына химмотологиялық картада (майлау картасы) көрсетілген майлау материалдарын қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

Майлау жұмыстарын орындау кезінде қолданылатын жабдықтар мен аспаптар:

- пластикалық майлау агрегаттың үйкеліс беттеріне пресс-майсауыт арқылы беріледі. Ең көп тараған пресс-майсауыт түрі басы конусты болып келетін, ал аз қолданылатыны – басы дөңгелек және жазық болып келетін майсауыттар;

- майлау-құю жұмыстарына арналған жабдықтар мыналарды атқарады: көлік қозғалтқыштарының картерлеріне мотор майларын құю, беріліс қораптарының картерлерін, артқы белдікті, рульдік басқаруды трансмиссиондық майлармен майлау, жеке тораптарды пресс-майсауыттар арқылы палстикалық майлау, салқындату және тежеу жүйесін жұмыстық сұйықтармен қамтамасыз ету, шинадағы ауа қысымын тексеру. Бұл жабдықтар алып жүретін, жылжымалы және тұрақты болуы мүмкін, ал жетектері – қолдық, пневматикалық және электрлік болып келеді.

- мотор майларын беруге арналған май тарату жабдықтарына әр түрлі май тарату бактары мен қондырғылар жатады.

- трансмиссионды майлармен майлауға арналған май тарату жабдықтары жылжымалы және тұрақты болуы мүмкін;

- көліктік техниканың агрегаттары мен тораптарын майлауға арналған жабдықтар пресс-майсауыт арқылы пластикалық майларды көлік құралдарының үйкеліс тораптарына беруге арналған. Бұған әртүрлі майлау сыққыштары жатады.

- тежеу сұйығымен қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды көліктің тежеу жүйесіне тежеу майларын құюға, оны жұмыс қалпына келтіруге арналған. Олар да алып жүретін, жылжымалы және тұрақты болып бөлінеді;

- ауа таратқыш жабдықтар шиналарға ауа беруге арналған.

Наши рекомендации