Дәріс тақырыбы. Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптаудың дистанциялық әдістері.

Сабақ жоспары.

1. Дистанциялық әдістердің түрлері, жетістіктері

2.Қоршаған ортаны қорғау стандарттары және жиынтық әсері.

3.Жер беті суларын сарқынды сулардың ластануынан қорғау ережелері.

4. Су айналым жүйесінің негізгі принциптері

5. Жер үсті сулары-гидросфераның ластану және оны бақылау мен бағалау.

6. Жер беті суларын сарқынды сулардың ластануынан қорғау ережелері, тазаланғаннан кейін сарқынды суларға қойылатын талаптар.

7. Жер бетіндегі сулардың ластану көздері.

8. Су сапасы, су айналым жүйесінің негізгі принциптері.

Сабақтың мақсаты.Бақылаушы мен ақпарат жинаушының зерттелетін обьектімен тікелей байланысының болмауы яғни ақпаратты жинау түрлі құрал-жабдықтар көмегімен әр түрлі обьектілерді электромагниттік сәулелерін тіркеп алу және т.б. жолдар арқылы жүргізілуін үйрету, сулардың тұздалуының негізгі себептерін, тазаланғаннан кейін су қоймаларына жіберілетін сарқынды суларға қойылатын талаптар және су айналым жүйесінің принциптерін түсіндіру.

Қысқаша теориялық мәліметтер

Дистанциялық әдістің ерекшелігі бақылаушы мен ақпарат жинаушының зерттелетін обьектімен тікелей байланысының болмауы яғни ақпаратты жинау түрлі құрал-жабдықтар (аспаптар) көмегімен әр түрлі обьектілерді электромагниттік сәулелерін тіркеп алу және т.б. жолдар арқылы жүргізіледі.

Табиғи ресурстарды зерттеу, оларды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешуде қазіргі кезеңде дистанциялық әдістер жиі қолданылуда.

Дистанциялық әдістерді визуальді, фотографиялық, фотографиялық емес, көп зоналы және ғарыштық деп бөледі. Бұл әдістердің ерекшеліктері әрқайсысы өз саласында терең қарастырылады. Біз тек табиғи ресурстарды зерттеу жиі қолданыла бастаған дистанциялық әдістердің бірі аэроәдістер мен ғарыштық әдістерге сипаттама береміз.

Аэроәдістер дегеніміз-жер бетіндегі құбылыстар мен обьектілерді, олардың орналасқан заңдылықтарын, дамуы мен байланысын аспаннан зерттеудің күрделі жүйесін айтады. Олар ұшақтар немесе тік ұшақтар көмегімен жүргізіліп, өзінің мазмұнына қарай аспаннан түсірілген фотосуреттерді зерттеуге негізделген (аэрофотосуретке түсіру) және ұшақтарда орнатылған әр түрлі аспаптар көмегімен (визуальді бақылау) зерттеу болып екіге жіктеледі. Іс жүзінде жер бетін зерттеу, төтенше жағдайларды анықтауда, климат өзгерістерін анықтауда және т.б. кешенді зерттеулерде қолданылады.

Аэроәдістер көмегімен табиғаттағы өзгерістерді терең және жан-жақты зерттеуге, табиғат қорғау жұмыстарын, апаттық сипаттағы өндірістік қауіптерді, түрлі карталар мен сызба-нұсқалар жасауға және т.б. зерттеп болжау жұмыстарын жоспарлауға болады. Аэрофотосуретке түсіру жергілікті жердің, түрлі обьектілердің ақпараттық моделі болып табылады.

Қазіргі кездегі түсті фотографиялық суреттер спектрозоналы аэросуреттердеген атпен топырақтану істерінде, географиялық және эколого-экономикалық мағлұматтар алуда статистика-геологиялық, геофизикалық, орман шаруашылық зерттеулер жасауда жиі қолданылады.

Аэрофотосуреттердегі ақпарат оның ақпараттық сиымдылығы деп аталады. Бірақ бұл әдіс зоогеографиялық зерттеулерде сирек қолданылады. Онан гөрі ірі масштабты инфрақызыл суреттер әлдеқайда мағлұматты болып саналады.

Инфрақызыл суретке түсіру нәтижесінде жер бетіндегі тірі обьектілердің жылы қанды жануарлармен адамдардың жылу сәулелерін тіркеу арқылы іс-қимылдарын суретке түсіруге мүмкіндік береді (жануарлардың қозғалысын, санын анықтау, шоғырлану және т.б.).

Спкектрдің көрінетін бөлімдерінде түсірілген аэросуреттердің табиғи ресурстардың қорын анықтауда, табиғат ландшафтының басқа да сипаттамаларын алуда, топографиялық, картографиялық негізде зоогеографиялық карталар жасауға, жабайы аңдар мен басқа жануарлардың тамақтық қормен қамтамасыз етілуі, қоршаған ортаға мерзімді және маусымды әсерлерді есептеп бағалауда, олардың адам тіршілігіне табиғат және су айдындарына келтіретін әсерлерін бағалауда маңызы зор.

Ғарыш дәуірінің басталуы мен адамзаттың өз қажетін, мүмкіншілігінің және қызметінің ғаламдық масштабы өзгергенін көруге мүмкіндік береді.

1970 жылдарда Американың “Сайенс” журналында “жер бетінде тіршілік бар ма?” деген парадоксалды атпен мақала жарияланды.

Бұл мақаланың мәні адам баласының антропогенді іс-әрекеті нәтижесінде қол тигізбеген, әсерін сезгізбеген, табиғаттың әлемдік проблемалармен қарсыласқаны, ал 70-жылдардың соңында олардың кейбіреулері адамның табиғатпен әсерлесуімен тікелей байланысты екенін, бұлардың көпшілігі ғылыми-техникалық жетістіктердің нәтижесінде табиғаттағы адамның шаруашылық қызметінің күшеюімен, табиғат қорлары жыртқыштықпен тоқтаусыз, шексіз пайдаланудан шикізат, энергетикалық ресурстары азық-түліктік және экологиялық проблемалар пайда болды. Ѓарыш саймандарының пайда болуы планетаның күйін, ғаламдық бақылау жасай білуге, жердің географиялық қабаты құрылысының заңдылықтарын, бүгінге дейінгі білетінімізді тереңдетіп, дәл және әлдеқайда дұрыс тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Бұл мүмкіндіктер геологиялық зерттеулерге бұрын белгісіз болған кен орындарының табылуы, түрлі минералды ресурстар мен энергия көздерінің ашылуы, ауыл шаруашылығында ғарыш суреттерін қолдану арқылы өнімділікті арттыру, зиянкестермен күресу үшін, климат пен түрлі табиғи көрсеткіштерді, дүниенің кез келген жерінен қажетті ақпарат ала білу және т.б. көптеген қажетті жаңалықтармен адамзатты қамтамасыз етті.

Айтылған мүмкіндіктердің ішіндегі әрине ең маңыздыларының бірі адамның антропогенді қызметінің нәтижесіндегі жердегі атмосфераның, акваторияның, топырақтың, ормандардың ластануының, тозуының және т.б. бұзылуының динамикасын бақылау. Мұның нәтижесінде планетаның ірі алқаптары мен материктердің экологиялық күйін бақылауға мүмкіндік туды. Сөйтіп, жер серіктерінің үлкен географиялық региондардың экологиялық күйлері туралы берген ақпараттары және оны талдау нәтижесінде, адамның табиғатпен қатынасын жетімді түрде жоспарлауға мүмкіндік туды.

Ғарыш сапарлары зерттеулерінің адамзатқа берген ең үлкен және өте маңызды жемісі, ол дүние жүзіндегі барлық елдердің адамдарының бірігіп қана планетамызға төніп отырған экологиялық апаттан құтқара алатынымызды дер кезінде көріп, оған баға бере білгендері және соның нәтижесінде көптеген ғаламдық әлеуметтік проблемаларды айқындап шешуге де мүмкін болатынына сенімнің қалыптасуы.

Шындығында да, экологиялық проблема-заманымыздың басқа ғаламдық проблемаларының түйісетін түйіні болып табылып отыр.

Ғарыш зерттеулерін қолдана отырып, су қоймалары мен айдындарының сарқынды сулармен ластануын бақылау арқылы тиісті шараларды қолданып олардың өздігінен тазалану процесі ластану процесінен басым етіп ұстауға болар еді, өйткені ғарыштан әрбір өзен, теңіз, көлге құйылатын суларға ағызылатын ластағыштардың көзін анықтап, жойылу алқаптарын, оған дер кезінде тосқауыл болатын жұмыстарды есептеу мен болжау арқылы Біріккен ұлттар ұйымы тарапынан жүргізілуші бағдарламаларды іске қосу арқылы апатты тоқтатуға болады.

Бұған ұқсас көптеген мұнай тасығыш кемелердің мұхиттарда өзендер мен көлдерде қирап, мұнайдың суға төгілуінен (АҚШ-тың жағалауларында 1978 ж. «Амако Кадис кемесі рифтерге соғылғанынан 200000 т мұнай теңізге төгілген, 1981 ж. Солтүстік теңізде «Экофискң кемесінен төгілген) 300 км2 алаңға жайылған, 1992, 1994 ж. бұл сияқты апаттардан мұнайдың 4800 км2 ауданға жайылғаны түрлі акваторийлерде байқалған.

Үлкен өндіріс орындарынан ағатын ластағыштар үлкен тұщы су қоймаларын жарамсыз етуде, мысалы, Нью-Йорк штатындағы Шомлейн көліне ірі қағаз комбинатынан шығатын сарқынды сулар көлге құйылып үлкен дақ болып көрінген. Ғарыш серіктері суреттерінің сондай айқын көріністер беруі Велмонт және Нью-Йорк штаттарының арасындағы көп жылдар бойы шешіле алмаған дауды шешуге дұрыс шешім қабылдауға негізгі материал болған. Сөйтіп кінәлі айыпталған. Осындай көптеген мысалдар келтіруге әбден болады.

Демек, қоршаған ортаға әсердібағалауда бұл әдістің қаншалықты жылдам, пайдалы және тиімді екені айқын көрініп тұр.

Адам өз қызметі кезінде өзендердің атырауының (дельтасын) өсуін жылдамдатады (Миссисипи дельтасы жылына 100м/жыл, соңғы 300-500 жылда бар болғаны 24м/жыл өскен); жерді айдаудың нәтижесінде топырақтың тозуы (эрозиясы) (соңғы 100 жылда тек АҚШ-ға 20 млн. га топырақ жарамсыз болған) құмдардың жуылуы және т.б.

Литосферадағы бұндай өзгерістер және олардың зардаптары жердің көптеген бөліктерінде әлі зерттеле қойған жоқ. Ғарыштан түсірілген суреттердің негізгі беретін нәтижелерінің енді біреуі-бұл әсерлердің кең көлемде және тіпті ғаламдық масштабта жиынтық (суммалық) эффектін бағалауға, сөйтіп литосферадағы, гидросферадағы, атмосферадағы өзгерістерге адам қызметінің тікелей ғана емес жанама әсерлерін бағалауға жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.

№ 8 Қоршаған ортаны қорғау стандарттары және жиынтық әсері.

Қысқаша теориялық мәліметтер.

Соңғы жылдары атмосфераның жер, су көздерінің ластануына байланысты, қоршаған табиғи ортаға да белгілі талаптар қойылып, оны стандарттау жұмыстары жолға қойылуда. Қоршаған ортаның сапасы ауа, жер, су көздерінің тазалығы, оларды бақылау мен қадағалау тәсілдері және бірыңғай терминология мәселелері қарастырылады.

Стандарттау дегеніміз дайын өнімдерге, материалдар мен шикізаттарға қойылатын нақтылы нормалар мен бірыңғай мемлекеттік талаптарды қамтитын ұғым.

Экологиялық жүйедегі бағытына қарай мемлекеттік стандарттар келесі түрлерге жіктеледі:

1. Терминдер, классификациялар, анықтамалар;

2. Ластағыштардың мөлшерімен шамаларын анықтау, табиғи ресурстарды қолдану интенсивтілігі;

3. Табиғатты қорғау ережелері және табиғи ресурстарды рационалды қолдану;

4. Шаруашылық қызмет әсерінің интенсивтілігі мен табиғи обьектілердің күйін анықтайтын параметрлерді анықтау әдістері;

5. Қоршаған ортаны бақылау және қорғау амалдарына қойылатын талаптар.

Стандарттың толық аталуында (ГОСТ) индекс, жүйе нөмірі, стандарт нөмірі мен шығарылған жылын қамтиды.

Белгілі бір аймақта бірнеше ластаушы заттар көзі бар болса, онда ауа сапасының тазалық нормативі «Санитарлық ережелер мен нормалар-СН-245-71-гең сәйкес есептелініп анықталады.

І. Сулардың тұздалуының негізгі себептерінің біреуі ормандардың жойылуы, шабындықтарды айдау, малдың жайылуы болып табылады. үйткені сулар топырақта тоқталмай, оны ылғалдандырмай, топырақ сулары қорын толықтырмай өзендер арқылы теңіздерге ағып қосылады. Бұл кері құбылыстардың алдын алудың шаралары ретінде орман ағаштарын тігудің үлкен маңызы бар екені тәжірибе жүзінде анықталған.

Экологиялық жүйенің қайтадан бастапқы қалпына келу процестері өздігінен тазалану процесі деп аталады. Олардың ішіндегі негізгілеріне:

1. Коллоидты қоспалардың каогуляциясы мен ірі дисперсті қоспалардың тұнбаға түсірілуі.

2. Органикалық қоспалардың тотығуы.

3. Минералды қоспалардың оттекпен тотығуы.

4. Су қоймасының буферлік сиымдылығы әсерінен қышқылдар мен негіздердің бейтараптануы.

5. Ауыр металдардың гидролизі нәтижесінде нашар еритін гидроксидтердің түзіліп, олардың ерітіндіден бөлінуі.

Жер беті суларын сарқынды сулардың ластануынан қорғау ережелерінең қарай тазаланғаннан кейін су қоймаларына жіберілетін сарқынды суларға қойылатын талаптар:

1. Судың лайлылығы-лайлылықты мутномер дейтін құралмен анықтайды. Зерттелетін суды эталонды сумен салыстырады, оны каолинді дистилденген суда еріту арқылы дайындайды. үлшем бірлігі мг/л.

2. Судың түсі-зерттелетін судың түсі стандартты шкаламен салыстыру арқылы анықталады. Стандартты ерітінділерді кобальт тұздарын еріту арқылы дайындайды. үлшем бірлігі түс-градусы деп белгіленген.

3. Құрғақ қалдық-суды буландырғаннан кейін қалған тұздармен басқа заттардың салмағымен анықталады, мг/л.

4. Қышқылдығы-сутектік көрсеткіші рН-метр көмегімен анықталады.

5. Кермектілігі. Кермектіліктің үш түрі белгілі: а) жалпы кермектілік; б) тұрақты кермектілік; в) уақытша немесе кетірілетін кермектілік.

6. Еріген оттек.

Жер бетіндегі сулардың ластану көздеріне мыналар жатады:

1. Өнеркәсіп өнімдері мен өндіріс қалдықтарын сақтайтын, тасымалдайтын орындар.

2. Тұрмыстық, тұрмыс қажетін өтеу барысындағы қалдықтарды жинайтын орындар, қоймалар.

3. Тыңайтқыштар, пестицидтер.

4. Жер асты суларымен байланыстағы, жер бетіндегі обьектілер.

5. Су көзімен жалғасқан лас орындар.

6. Жауын-шашынның ластанған жерлерді шайып жууынан пайда болған шайынды сулар.

7. Өндіріс, бұрғылау, қазу т.б.

Су сапасы зияндылықтың шектеуші көрсеткіші арқылы сипатталады. Зияндылықтың шектеуші көрсеткіші-су сапасына қояр талаптарды сипаттайтын шама.

Су сапасы, онда улы заттардың болуында ғана емес, сонымен қатар, өзге шамаларға да байланысты.

Судағы еріген оттегі, ондағы балықтар тіршілігі үшін басты көрсеткіш болғандықтан, оның судағы қызметі, оттегінің химиялық жұмсалуы-ОХЖ және оттегінің биохимиялық тұтынылуы-ОБТ арқылы сипатталады.

ОХЖ-құрамында көміртегі бар заттарды СО2-ге, Н2О-ға, NO3-ке дейін тотықтыруға, күкірті бар заттарды-сульфаттарға, фосфоры бар заттарды-фосфатқа дейін тотықтыруға қажетті оттегінің 1л судағы милиграммен немесе граммен алынған шамасы.

ОБЖ-тұрақсыз органикалық қосылыстарды, зерттелетін суда, белгілі уақыт аралығында аэробты биохимиялық тотықтыруға қажетті оттегі мөлшері (мг/л).

Су айналым жүйесінің негізгі принциптері:

1. Барлық технологиялық процестер мен өндіріс операцияларында қолданылатын сулардың сапасына ғылыми тұрғыда негіздеменің жасалуы. Көпшілік жағдайларда бұл мақсаттарға ауыз суды қолдану қажет емес.

2. Суды суытқыштардың орнына ауамен суытатын механизмдермен алмастыру. Сөйтіп суытудан үнемделген сумен, жылынған ауаның қайтара басқа технологиялық циклда жылытқыш ретінде пайдаланудан бір ғана мұнай өңдегіш комбинатында жылына 150-180 млн. м3/жыл. су үнемделеді.

3. Өндіріс орындарында суды көпсатылы қолдануға мүмкіндік беретін кешенді өнеркәсіптермен байланысты орналастыру сөйтіп суды бірнеше қайтара пайдалануға қол жеткізу.

4. Технологиялық процестерде суды көп қайтара пайдалану сарқынды сулардың терең ластанған көлемінің азаюына мүмкіндік береді.

5. Қатты бөлшектерден газды сумен тазарту тек жабық циклда және суда еритін компоненттерді бөліп алу үшін қолданған пайдалы деп саналады.

Судың сапасының негізгі көрсеткіші көптеген елдерде біздің еліміздегі сияқты ШМК болып табылады. Бірақ ол барлық заттар үшін әлі жасала қойған жоқ. Сондықтан біздің елімізге ШМК белгіленбеген заттарды су айдындарына жіберуге рұқсат берілмейді. Көптеген өндіріс орындары сарқынды суларды алдын-ала тазалап, содан соң сарқынды сулардың рұқсатты дәрежеге жеткен кезінде ғана қосудың орнына (бұл операция өте қымбат және көп уақыт қажет ететіндіктен) жай ғана таза сумен бірнеше есе сұйылту арқылы тазалайды. Сөйтіп, сапасыз тазалаудың нәтижесінде қоршаған ортаға, үлкен көлдер мен өзендерге түрлі металдар мен органикалық заттар, биологиялық өндірістің қалдықтары мен көптеген зиянды заттар барып құйылып араласып жатады.

Сөйтіп, адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде судың айналамына әсер етуінен жер бетіндегі су қоймалары азайып, олардың өздігінен тазалануы төмендеп, тіпті кейде мүлде жоғалып, табиғи сулардың деградациясы жүріп жатыр.

Бұл жағдайды жөндеу үшін қайтарымды суды пайдаланудың жабық жүйесін енгізу қажет. Бұл әрі экономикалық жағынан тиімді.

Бақылау сұрақтары:

1Дистанциялық әдістердің түрлері, жетістіктері

2.Қоршаған ортаны қорғау стандарттары және жиынтық әсері.

3.Жер беті суларын сарқынды сулардың ластануынан қорғау ережелері.

4. Су айналым жүйесінің негізгі принциптері

5. Жер үсті сулары-гидросфераның ластану және оны бақылау мен бағалау.

6. Жер беті суларын сарқынды сулардың ластануынан қорғау ережелері, тазаланғаннан кейін сарқынды суларға қойылатын талаптар.

7. Жер бетіндегі сулардың ластану көздері.

8. Су сапасы.

9. Су айналым жүйесінің негізгі принциптері.

10. Стандарттау ұғымы, стандарттау талаптары.

11. Стандарттау жүйесі, стандарттық функция.

Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі.

1. Бақылау сұрақтарына жауап.

2. А.Н. Каримов, Н.Р. Мажренова, А.Г. Сармузина Экологиялық сараптама бағалау, бақылау А., 2003, 90 бет.

Сабаққа қажетті әдебиеттер тізімі:

1. Демегенов А.Н., Жаңбыршин Е.Г., Экология. Тараз, 2000 ж.

2. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы: Ғылым, 1998ж

3. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1995 ж

4. Руководство о порядке проведения ОВОС.М., 1992 г

5. Букс И.И., Фомин С.А. Экологическая экспертиза и ОВОС. Программа курса и учебно-методические материалы. М., 1997 г

6. Баешов А., Дарібаев Ж.Е., Шакиров Б.С. Экология негіздері. Түркістан 2000 ж.

№15 Дәріс тақырыбы. Топырақтың биологиялық техногенді кешенді объектісін сараптаудағы объектілердің экологиялық паспорты.

Сабақ жоспары.

1. Экологиялық паспорттың қажеттілігі, мазмұны, мәні

2. Қаланың экологиялық паспорты.

3. Қоршаған орта объектілерін ластағыштардан тазалаудың физика-химиялық әдістері.4. Антропоэкологиялық аспектілердің болжауы және бағалануы.

5. Атмосфераны ластаушы көздер.6. Қоршаған ортаның антропогенді ластануы.

7. Ауаны ластағыштықтың жалпы және ақпаратты көрсеткіші.8.Атмосфера (ауа ортасы) бағалану аспектілері.9. Атмосфераның күйін бағалаудың оптималды компоненттерінің интегралды кешенді жүйесі.

Сабақтың мақсаты.Экологиялық паспорттың мазмұнын, экологиялық паспорт жасау жолдарын, мәнін түсіндіру. Қаланың экологиялық паспортының негізгі бөлімдері мен экологиялық паспорттағы ақпараттардың қолданылатын жерлерін оқып меңгертуге үйрету.

Қысқаша теориялық мәліметтер.

1990 ж. 30 қаңтарда бекітілген мемлекеттік стандарт ГОСТ 17.0.0.04-90 “Өндіріс орнының экологиялық паспортын ” табиғат қорғау қызметін мемлекет тарапынан реттеу немесе бақылау үшін бірінші талпыныс деп қарастыруға болады.

Экологиялық паспорт дегеніміз не? Өндіріс орнының экологиялық паспорты оның шикізат пен екіншілік ресурстарды пайдалануы деректері мен қоршаған ортаға ететін әсеріне қамтитын нормативті техникалық құжат. Экологиялық паспортта өндірістің сызба-нұсқасында келтірілген барлық бөлімдердің қоршаған ортаға ететін әсері туралы деректер көрсетіледі:

-өндіріс орны туралы жалпы мағлұмат;

-өндірісте қолданылып отырған технологиялар туралы деректер;

-қолданылатын ресурстардың сапалық және мөлшерлік сипаттамасы, өндіріс қолданатын шикізат, отын, энергия;

-шығарылатын өнімнің мөлшерлік сипаттамасы;

-өндіріс шығаратын ластағыштардың, қалдықтардың сапалық және мөлшерлік сипаттамасы;

-су тұтынудың сипаттамасы, өндіріс орнындағы сарқынды суларды тазалау және қайта тұтыну;

-өндіріс қалдықтарын көму полигондары мен қоймаларының сипаттамасы;

-бұзылған топырақ қабатының жаңалануы, бұзылған топырақ қабатын алып тастау;

-өндіріс көліктері;

-өндіріс қалдықтары (шығару, орналастыру, тасымалдау, төлем ақысы)

Бұл ақпарат кестелерінде келтірілгені сияқты ашық жазылуы қажет. Экологиялық паспорт 19 қосымшадан тұрады. Олардың әрқайсысы табиғат қорғау қызметтерін және олардың бағыттарын сипаттайды. Паспорт дайындалып болған соң оны өндірістің бас инженері бекітеді. Содан соң жергілікті жерлердегі табиғат қорғау органдары тарапынан келісіліп бекітіледі және бұл қызмет жылда бір рет қайтадан жаңартылып отырады.

Экологиялық паспорт жасау кезінде ауа және судың анализі, тазалағыш қондырғылардың көрсеткіштері, өндірістің технологиялық құжаттары қажет болады. Табиғат қорғау жұмыстарының егжей-тегжейлі кешенді қарастырылған қорытындылары, толық сипаттамасы, жақын орналасқан елді мекендер мен обьектілерге ететін әсері және т.б. сипаттамаларын қолдана отырып толыққанды паспорт жасалады. Бірақ, көбінесе бұл жұмыстарды өндіріс орындары мамандандырылған мекемелердің көмегімен (Алматы қалалық экология) жасайды.

Экологиялық паспорттың мазмұны. Экологиялық паспортта атмосфераның және жер үсті суларының ластағыштар көздері көрсетілген карта-нұсқа, су алынатын жерлер, қалдықтар орналасатын орындар, арықтар, санитарлық-қорғау зоналарының территориялары және басқа көрші обьектілермен шекаралары,ормандар мен ауыл шаруашылық алқаптар, магистральды жол тораптары, елді мекендер, демалыс зоналары, рекриациялық территориялар, қорықтар, мұражайлар және т.б. мен қатар орналасуы (үйлесімділігі), өнеркәсіптің қоршаған ортаға және оның ішінде атмосфераны ластауыштарын бақылаушы посттары. ҚР табиғат қорғау органдарының стационарлық посттарының болуы; өндіріс орны тұрған территорияның қысқаша табиғи-климаттық сипаттамасы, атмосфераға жайылатын ластағыштардың метрологиялық сипаттамасы.

Бұлар өндіріс орнының қоршаған ортаға шығаратын зиянды ластағыштар мөлшерін, яғни шекті шығарылу мөлшері (ШШМ) нормаларын (ПДВ) анықтау үшін қажет. үйткені қарастырылып отырған өндіріс орны қоршаған ортаға зиянды заттардың азғана мөлшерін шығаруы мүмкін, бірақ бұл территорияда осындай аз мөлшерде зиянды заттар шығаратын өндіріс орындары екі, үшеу болуы мүмкін. Сонда қоршаған ортаға түсірілетін жүктеме мөлшері мейлінше көп болуы ықтимал. Осындай жағдайларды болдырмау үшін, жергілікті жердегі табиғат қорғау органдары әрбір өндіріс орнының шығаратын ластағыштар мөлшерлерін алдын ала білетіндіктен, олардың әрқайсысына әрбір ластағыш үшін шығарыла алатын нормаларды есептеп, анықтап белгілейді.

Паспортта су тұтыну көзінің сипаттамасы және сарқынды суларды қабылдағыштары мен су обьектісінің орналасуы, өзеннен алынатын бір айлық ең аз су тұтыну мөлшері, су алынатын жерден жоғары және шығарылатын жерден төмендегі аралықтардағы судың сапасы. Бұл деректер обьекті үшін мейлінше шектелген ағызылым МША (ПДС) жобасын дайындауға қолданылады.

Қоршаған ортаның сапасы жоғарыда көрсетілгендей технологиялық процеспен тікелей байланысты болады, сондықтан экологиялық паспортта өндірістің қысқаша сипаттамасы, шығарылатын өнімнің көлемі туралы деректер, соңғы және аралық өнімдер мен шикізат түрі көрсетілген технологиялық нұсқа келтіріледі.

Жер ресурстары туралы деректерде ғимараттар мен қоймалар, жол, қатты қалдықтар қоймасына бөлінген жерлер, сарқынды су жинағыштар, санитарлық-қорғағыш зоналар көрсетіледі.

Эколгиялық паспортта шикізаттық құрамы мен жұмсалуы, шығарылатын өнімдер түріне қарай қосалқы материалдардың тұтынылуы мен энергиялық ресурстардың пайдалану мөлшері мен шығарылатын өнім мөлшері баланстық нұсқамен үйлесімді болуы қажет. Энергетикалық ресурстар электроэнергия, газ, көмір, мазут және басқа энергия көздерінің тұтынылу мөлшері талданып жеке-жеке жазылған болуы керек.

Атмосфераға шығарылатын заттар сипаттамасы кең түрде қарас-тырылады. Ол үшін, атмосфераға ластағыштар көздері жеке бағаланып әр біреуіне тән ерекшеліктер көрсетіледі.

Атмосфераны ластағыштың көзі-ластағыш заттың атмосфераға түсетін обьектісі.

Бөліну көзі - ластағыш зат түзілетін обьект (технологиялық қондырғы, шикізат немесе дайын өнімдер қоймасы). Ластағыш заттар ластағыш көзінен атмосфераға газ шығарғыш құбырлар арқылы ұйымдастырылған ластағыш көздері немесе тікелей атмосфераға шығарылуы мүмкін. Бұндай ластағыш көздер ұйымдаспаған болып саналады.

Егер ластағыш көздер газ тазалағыш қондырғымен жабдықталған болса, онда оның жұмысы туралы толық мағлұмат келтіріледі.

Экологиялық паспортта су пайдалану, қолданылған суларды шығару және сарқынды суларды тазалау сипаттамасы келтіріледі. Бұл деректер өнеркәсіп орнының су тұтыну көлемдерін анықтау, есепке алу үшін қажет. Бұған қосымша су тұтынудың балансы нұсқасы және су бөлу әрі тұтынудың сағат бойынша тұтыну мөлшері, сонымен бірге, шығындалуы да есепке алынады.

Экологиялық паспорттың мәні. Экологиялық паспорттың деректері есеп берудің басқа түрлерімен байланыста, яғни барлық ластағыш түрлерінің статистикалық есебі туралы деректер олардың аттары, мөлшері, қоршаған ортаға тікелей тастала ма әлде тазаланып шығарыла ма, залалсызданған және қондырылып ұсталған затардың көлемі, ластағыш қосылыстардың мөлшері, өндіріске қайта өндірілуге қайтарылатын өнімдер қалдықтары, ластағыш заттар мен тікелей шығарылатын немесе ағызылатын заттардың белгіленген нормасымен салыстырылуы.

Экологиялық паспортта өндірісте түзілетін қалдықтардың сипаттамасы: олардың мөлшері, құрамы, қасиеттері, олардың қоймаланатын орны, қайтара өңделуі және залалсыздандырылуы, жойылу әдістері.

Қорытынды бөлімінде ластағыш қалдықтарды жинау, орналастыру, тасу, шектеуші мөлшердегі нормаларға сәйкес шығару, ағызу төлемдерінің есебі көрсетіледі. үндіріс орнының экологиялық паспорты жергілікті экологиялық комитеттер тарапынан сараптамаға жіберілуі мүмкін.

Қаланың экологиялық паспорты-қаланың техногенді-табиғи жүйесіндегі сапалық күйді жанама бағалаудың және даму мен болжаудың қажетті тетігі болып табылады. «Қаланың экологиялық паспортың төмендегі бөлімдерден тұрады:

-қоршаған ортаның физика-химиялық параметрлерінің қала территориясының және азаматтардың денсаулығының күйіне әсерін бағалау;

-мониторинг жүйесіндегі комуналды шаруашылық пен инженерлік-шаруашылық қызметтердің нәтижесінде қалангың қоршаған ортасына ететін әсерін зерттеу, бақылау және болжау;

-қалалық шаруашылықтың қызметін жетілдіру: жоспарлау, басқару, құрылыс, табиғи-техногенді жүйені табиғат қорғау жұмыстарымен бірлестіре отырып пайдалану.

1990 жылда өндіріс орны стандартының бекітілуінен белсенді түрде басталған паспорт жасау жұмыстарының оң нәтижесі бірден байқала бастағанына тек бір ғана дерек жақсы дәлел болады, ол өндіріс орнының табиғат қорғау жұмыстарына түгелдей есеп жүргізіп аудан, қала, бүкіл территория бойынша қысқа уақытта көптеген қажетті нәтижелерді алуға қол жетті. Экологиялық паспорттағы ақпарат төменде келтірілген табиғат қорғау жұмыстарын шешуге қолданылады:

-қоршаған ортаға өндіріс орнының шығара алатын ластағыштарының бекітілген нормалары;

-өндіріс орындарының табиғат қорғау жұмыстарының жоспары мен олардың тиімділігінің бағасы;

-табиғи және материалдық ресурстарды пайдалаудың тиімділігін арттыру.

Мемлекеттік экологиялық сараптама органдары және жалпы бөлімдер қызметкерлері өндіріс орындарының экологиялық паспорттар жасау барысында территорияларындағы ластағыш көздері туралы өте бағалы ақпарат жинап алды. Бұл ақпарат нәтижесінде жасалған талдаулар негізінде табиғат қорғау жұмыстарының аудандарда, қалаларда, аймақтарда тіпті республика көлемінде ұзақ мерзімді экологиялық саясат қалыптастыруға мүмкіндік туды.

№16 Дәрістің жалғасы Қоршаған орта обьектілерін ластағыштардан тазалаудың физика-химиялық әдістері.

Қысқаша теориялық мәліметтер

Наши рекомендации