Мұнай қорын есептеу
Жалпы мұнай қорлары мына формуламен анықталады:
Q = F h m β Ө d
F- шоғыр алаңы, м
h-қабаттың орташа эффективті қуаты, м
m-кеуектілік коэффиценті
β- таужыныстың мұнайға қанығу коэффиценті
Ө- қайта есептеу коэффиценті
d- қабаттық мұнай тығыздығы т/м3
2. Эстакадалар деп бұрғылау платформалардың автокөлік арқылы су үстінде үздіксіз байланысын қамтамасыз ететін созылыңқы құрылымды айтады.
Теңіз эстакада теңіз толқынының жағдайына қарамай объектар арасында құрлықты байланыс үшін қажет, және онда келесілер орындалады:
1. Теміржол транспортының, автокөлігінің қозғалысы;
2. Тағайындалуы әртүрлі (су, мұнай, газ, бу, топырақ ерітінділері үшін) қажетті құбырлар санын құру (орнату).
Свайлы типті негіздерді әртүрлі тереңдікте, снымен қатар су түбі релефтінің күрт өзгеру жағдайында қолданады. Свайлар астында теңіз түбінде ұңғыларды арнайы кемелерден бұрғылайды. әрбір осындай ұңғыларға құбыр түсіріп оны цементтейді. Осыдан кейін свайларды, олардың аяқтары су бетінің үстінде бірдей деңгейде болатындай кеседі. Құбырлар аяқтарын жазық металды фермалармен байланыстыратын, оған еден төсеп мұнара және бұрғылау қондырғысын орнатады. Свайлардың су деңгейінен биіктігі ең үлкен толқындар биіктігінен асуы керек.
Ірі блокты негіздер
Қазіргі кезде теңіз негіздерін құру үшін ірі блоктарды қолданады (МОС-1,2).
Межлумов, Оруджев және Саттаров конструкциялары су тереңдігі 8м, 14м, 22м-де қолдануға есептелген.
Теңіз түбіне блокты қондырғаннан кейін, оның ішкі қуысы арқылы теңіз түбінде ұңғыны бұрғылайды, одан кейін оған блоктарды түппен байланыстыратын темірбетонды свайларды хібереді.
Блоктың су үстіндегі блогы биіктігі бойынша реттелетін фермаларменқамтылған. Олар түп рельефтің 1м-ға дейін өзгеруінде қолдануға мүмкіндік береді.
Кеніш жылудың әрекет ету жолдары
Жылулық әдіспен әсер ету тек қана ұңғыманың түп аумағында қатты және тұтқыр көмірсутегілер, яғни парафиндер, шайырлар, асфальтендер қатып, тұрып қалған жағдайда, сонымен қатар тұтқыр мұнайдың сүзілуін жақсарту үшін қолданылады. Әсер етудің бұл түріне ұңғыманың түп аумағын тереңге арналған электр қыздырғыштармен, бумен және басқа да жылу тасығыштармен жылыту әдістері жатады.
Сонымен қатар ұңғыманың түп аумағына әсер етудің жоғарыда аталған үш әдіске ұқсас келетін басқа да әдістері бар. Мысалы: ұңғыманы термохимиялық өңдеуді қабат жынысына химиялық әсер ету әдісімен байланыстыруға болады, сол сияқты арнайы енгізілген заттардың химиялық реакциясы кезінде үлкен көлемде жылудың бөлінуінде жатқызуға болады.
Сол себептен, қабатқа әсер ету әдісін таңдамас бұрын, толық кен орны бойынша қабаттың термодинамикалық шарттарын, ұңғыманың түп аумағының жағдайын, сонымен қатар тау жынысының және сұйықтың құрамын мұқият түрде зерттеп алу қажет.
Билет № 9
Ыма классификациясы
Мұнай, газ кен орындарын геологиялық зерттеу, іздеу, барлау және пайдалану мақсатымен бұрғыланатын барлық скважиналар төмендегідей топтарға бөлінеді:
Тіректік скважиналар.Ірі аймақгардың геологиялык құрылымы мен гидрогеологиялық жағдайларын зерттеу, мұнай және газ жиналатын шөгінді тау жыныстары жинақтарының таралу заңдылықтарын анықтау үшін қазылады.
Параметрлік скважиналар.Төмен терендіктердегі тау жыныстарының геологиялық кұрылысын зерттеу және перспективалық кен орындарын анықтап, оларда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мақсатымен қазылды. Сонымен қатар, тау жыныстары тілмесінің геологиялық-геофизикалық сипаттамаларынан сейсмикалық, геофизикалык зерттеулер қорытындысын анықтайтын мәліметтер алу үшін.
Құрылымдық скважиналар.Тіректік, параметрлік скважиналарды бұрғылау барысында анықталған құрылымдарды мұқият зерттеу және осы құрылымдарды іздеу- барлау жұмыстары жобаларын дайындау мақсатымен қазылады. Құрылымдық бұрғылау және геофизикалық зерттеу нәтижелері тау жыныстарының орналасу ерекшеліктерін, физикалық қаситтерін анықтау үшін және құрылымдық картасын түрғызу үшін қолданылады.
Іздеу скважиналарынгеологиялық іздеу жұмыстары (геофизикалық суртке түсіру, күрылымдық бұрғылау, геофизикалық және геохимиялық зерттеулер) мәліметтер бойынша дайындалған кен орындарының мұнай мен газының барлығын анықтау немесе оның жаңа қорларын ашу үшін қазады. Іздеу скважиналары бүрғыларын бұрғылау барысында тау жыныстары үлгілерін, су, газ, мұнай сынамаларын алу арқылы кен орнының геологиялық тілмесі мүқият зерттеледі.
Барлама скважиналар.Өндірістік мұнай мен газдың бары анықталған кен орындарында, оның қорын есептеу, кен орнын пайдалануға дайындау мақсатымен қазылады.
Пайдалану (оішіру) скважиналарытолық барланған және пайдалануға дайындалған кен орындарында мұнай, газ өнімдерін өндіру үшін қазылады. Бұл скважиналар қатарына осы кен орындарын пайдалануда тікелей колданылатын бағалау, бақылау, қабатқа сұйық, газ айдаушы скважиналар да жатады.
Бағалау скважиналарықабат жұмысы режимін, кен орнын игерудің технологиялық көрсеткішін, игеру схемасын анықтау үшін қазылады.
Бақылау скважиналарынкен орнының игеру режимін үзбей қадағалап отыру үшін қолданады.
Айдау скважнналарыөнімді қабат қысымын түсірмей, қабатқа су, газ айдап белгілі бір шамада ұстап тұру үшін қолданылады.
Арнайы скважиналарөндірістік су калдықтарын жинау, жер асты газ қоймаларын дайындау, ашык мұнай, газ фонтандарын тоқтату, техникалық су қорларын барлау және пайдалану үшін қазылады.
Скважиналары бұрғылау мұнай, газ өндірісінен басқа да өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады.
Тау-кен және көмір өнеркәсібінде скважиналарды пайдалы қазбаларды іздеу, барлау, кен орнындағы суларды айдау, жер асты өрттерін сөндіру, шахталарды желдету, пайдалы қазбаларды пайдалану мақсатымен бұрғылайды.
Химия өнеркәсібінде скважиналар көмегімен кұрамында әр түрлі газдар, борм, йод және басқа да химиялық заттар кездесетін минерал суларды алады.
Медицина саласында скважиналарды шипалы суларды алу үшін колданады.
Өнеркәсіп және кұрылыс саласында скважиналар елді мекендері сумен камтамасыз ету, тас жол, темір жол, көпір, ірі зауыт салу мақсатымен бұрғыланады.