Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office Access бағдарламасында бір кестеден тұратын мәліметтер қорын құру

Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office Access бағдарламасында бір кестеден тұратын мәліметтер қорын құру

Жұмыстың мақсаты:

1. Microsoft Office Access 2007бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерімен танысу;

2. Microsoft Office Access 2007бағдарламасында мәліметтер қорын құруды және өңдеуді үйрену;

3. Microsoft Office Access 2007бағдарламасында SQL сұраныс құруды үйрену.

Жұмыстың мазмұны:

Мәлiметтер қоры – бұл өзара байланысқан мәлiметтердiң интеграцияланған жиынтығы болып табылады. Әдетте мәлiметтер қоры бiр нақты пән саласы үшiн, қолданбалы есептердi ұйымдастыру үшiн құрылады. Мәлiметтер қорымен жұмыс iстеу үшiн мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) пайдаланылады. Бұл мәлiметтердi енгiзудi, iздеудi, сақтауды, түзетудi қамтамасыз ететiн және есеп берудi және мәлiметтер қорын пайдаланушылардың сұранысына жауап берудi ұйымдастыратын арнайы бағдарламалар жабдығы болып табылады. Сонымен қатар МҚБЖ мәлiметтердi қорғау мен олардың “жылжуын”, басқа бағдарламалық құралдар арқылы пайдаланылуын қамтамасыз етедi. Қазiргi уақытта көптеген экономикалық және ақпараттық-анықтамалық бағдарламалық кешендер қандай-да бiр МҚБЖ негiзiнде жүзеге асырылып отырғандығы баршаға белгiлi болып отыр.

Бүгiнгi таңда информатика пәнiнен оқу процесiнде орта бiлiм беретiн мектептерде мейлiше танымал бағдарламалық өнiм - MS Access мәлiметтер қорын басқару жүйесi оқытылып келедi. Ол өз жүйесiне мәлiметтер қорының реляциялық графикалық мұқабалы түрiн қамтиды. Мұндай қорлардағы мәлiметтер бiртектi жазбалардан тұратын бiр немесе бiрнеше кестелер түрiнде берiледi. Қызмет көрсету жүйесi ЭЕМ-ге мәлiметтердi енгiзу, мәлiметтердi қандай-да бiр белгiсi бойынша сұрыптау, мәлiметтер құрылымын түрлендiру, мәлiметтердi шығару және т.б. сияқты жұмыстарды қамтамасыз етедi.

MS Access 2007 бағдарламасының негізгі нысаналары:

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Мәліметтер қоры деген не?

2. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деген не?

3. Қандай мәліметтер қорын басқару жүйесін білесіздер?

4. MS Access 2007 негізгі қызметі?

5. MS Access 2007 нысаналары?

6. Реляциялық мәліметтер қорына анықтама беріңіздер?

1-тапсырма. Microsoft Office Access 2007бағдарламасының көмегімен топ студенттерінің мәліметтер қорын құру қажет. Кесте өрістері төменде берілген:

1. Код

2. Тегі

3. Аты

Нұсқау: Бастау=>Бағдарламалар=> Microsoft Office Access 2007 (Пуск=>Программы=>Microsoft Office Access 2007) әмірлер тізбегімен бағдарламаны ашу қажет:

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office Access бағдарламасында бір кестеден тұратын мәліметтер қорын құру - student2.ru

16.1-сурет.

Осы ашылған терезеден мәліметтер қорының дайын шаблоны арқылы кесте құруға болады немесе Файл=>Құру=>Жаңа мәліметтер қоры (Файл=>Создать=>Новая база данных) әмірінің көмегімен өз қалауыңызша кесте құруға болады. Файл=>Құру (Файл=>Создать) әмірін орындап файлға ат беру керек, мысалы:студенттер.mdb. Файлға ат бергеннен кейін Құру (Создать) батырмасын басу қажет (16.2-сурет):

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office Access бағдарламасында бір кестеден тұратын мәліметтер қорын құру - student2.ru

16.2-сурет. Жаңа мәліметтер қорын құру терезесі

Кесте құрудың екі әдісі бар: кесте тәртібі және құрылымдаушы. Егер кесте тәртібі таңдалса басты беттегі Өріс және бағаналар (Поле и столбцы) терезесімен жұмыс істеу қажет. Егер кесте құрылымдаушы көмегімен құрылатын болса мәліметтер қоры кестесінің өрістерінің аты және түрі жазылады. Office Access 2007бағдарламасын мәліметтер түрінің 11 түрі бар: мәтіндік, Мемо өрісі, сандық, күн/уақыт, ақшалық, есептеуіш, логикалық, OLE нысанасының өрісі, гиперсілтеме, ендіру және алмастыру шебері.

Студенттер туралы мәліметтер қорының өріс атауларын және түрін енгізу керек (16.3-сурет):

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office Access бағдарламасында бір кестеден тұратын мәліметтер қорын құру - student2.ru

16.3-сурет. Конструктор режимінде кесте құру

Енді кестені толтыру қажет.

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office Access бағдарламасында бір кестеден тұратын мәліметтер қорын құру - student2.ru

16.4-сурет. Кестені толтыру

Форма – берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдету үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады. Форма құрудың 3 тәсілі бар:

- Автоформа.

- Формалар шебері.

- Қолдан құру.

Осы кесте негізінде форма құру үшін Создание мәзірінен Форма батырмасын басу жеткілікті:

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office Access бағдарламасында бір кестеден тұратын мәліметтер қорын құру - student2.ru

16.5-сурет. Форма

Деректер қоры кестесінен не байланысты кестелерден белгілі шарттарды қанағаттандыратын нәтижелік кесте құруға болады. Негіздік кестемен жаңылыстырмау үшін оны сұраныс объектісі не жай ғана сұраныс деп атайды.

Access – те сұраныс құруға арналған құрал ( ішкі программа ) да сұраныс деп аталады.

Сұранысты өрістерін сортталғантүрде дайындау және оның сандық өріс мәндерінің қосындысын, орта мәнін табу да мүмкін, т.б. Сұраныстың және оны өндеудің негізгі кестеге не кестелерге әсері жоқ.

Сұраныс құрудың түрлі тәсілдері бар:

· Фильтрлеу.

· Қарапайым сұраныс шебері.

· Сұраныстар конструкторы.

Қарапайым сұраныс – кестеден не байланысты кестелерден таңдалған өрістер бойынша құрылатын нәтижелік кесте.

Сұраныс шеберінің көмегімен қарапайым сұраныс құруға болады. Мысалы негізгі кестеден информатика мамандығы бойынша оқитын студенттер тізімін бөліп алу қажет. Ол үшін Создание мәзірінен Мастер запросов батырмасын басып, Простой запрос батырмасын басып, ашылған терезеден қажетті өрістерді таңдау қажет:

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office Access бағдарламасында бір кестеден тұратын мәліметтер қорын құру - student2.ru

16.6-сурет. Қарапайым сұраныс құру

Ашылған терезеден Простой запрос таңдап аламыз. Келесі қадамда бізге қажет бағаналарды таңдап аламыз:

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office Access бағдарламасында бір кестеден тұратын мәліметтер қорын құру - student2.ru

16.7-сурет. Өрістерді таңдау

Келесі қадамда Далее-Готово батырмасын басу қажет.

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office Access бағдарламасында бір кестеден тұратын мәліметтер қорын құру - student2.ru

16.8-сурет. Тізімді шығару

Оқыту бөлімі бағанына барып, грант жазбасына жалауша қою қажет:

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office Access бағдарламасында бір кестеден тұратын мәліметтер қорын құру - student2.ru

16.9-сурет. Қажет жазбаны таңдау

Осы қадамдарды орындағаннан соң, ОК батырмасын басқанда бізге қажет грантта оқитын студенттердің тізімі шығады:

Зертханалық жұмыс. Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office Access бағдарламасында бір кестеден тұратын мәліметтер қорын құру - student2.ru

16.10-сурет.Сұраныс нәтижесі.

Өз бетінше мына тапсырмаларды орындау қажет:

1. Ақылы бөлімде оқитын студенттер тізімін шығарыңыздар.

2. 5-пен оқитын студенттер тізімін шығарыңыздар

3. Ақылы күндізгі бөлімде оқитын студенттер тізімін шығарыңыздар.

4. Математика мамандығында оқитын студенттер тізімін шығарыңыздар.

5. Информатика мамандығында оқитын студенттер тізімін шығарыңыздар.

MS Access 2007 бағдарламасында келесі кестелерді құрыңыздар:

1. Мектептегі бір сыныптың мәліметтер қорын құрыңыздар

2. Кафедра оқытушыларының мәліметтер қорын құрыңыздар

3. Банк қызметкерлерінің мәліметтер қорын құрыңыздар

4. Кітапхана қызметкерлерінің мәліметтер қорын құрыңыздар

5. Дүкен қызметкерлерінің мәліметтер қорын құрыңыздар

6. Қаладағы кинотеатр желілерінің мәліметтер қорын құрыңыздар

7. Сатылатын пәтерлердің мәліметтер қорын құрыңыздар

8. Сатылатын автомобильдердің мәліметтер қорын құрыңыздар

Наши рекомендации