Ii нұсқа
ИМУЛЬСТІҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ
I Нұсқа
1. Футболшы массасы m = 70 г допты теуіп. Оған υ=15 м/с жылдамдық береді. Соққының ұзындығын t=0,020 с деп есептеп, соққы күшінің орташа мәнін анықтаңдар.
2. Массасы 10 кг снаряд зеңбірек оқпанынан ұшып шығады. Оқ – дәрі газдарының орташа қысым күші 1,2 МН, ал снарядтың оқпан ішіндегі қозғалу уақыты 0,005с. Зеңбіректен снаряд қандай жылдамдықпен ұшып шығады?
3. 900 км/сағ жылдамдықпен ұшып келе жатқан ұшаққа массасы 2 кг құс кез болды. Егер соққы ұзақтығы 0,001 с болса, онда құстың ұшаққа соғылу күші қандай?
4. Массалары m1 және m2 екі шар бір – біріне қарама – қарсы υ1 және υ2 жылдамдықпен қозғалып келеді. Соқтығысуды абсолют серпімсіз деп есептеп, шарлардың соқтығысқаннан кейінгі жылдамдығын табыңдар.
5. Горизонталь ұшып келе жатқан оқ салмақсыз шыбыққа ілулі тұрған шарға тиеді де, оның ішінде тұтылып қалады. Шардың центрінен төбедегі ілу нүктесіне дейінгі аралық l=1м. Егер оқтың соққысынан шар бекітілген α=10о – қа ауытқыса, онда оқтың жылдамдығы қандай? Шардың массасы М оқ массасы m – нен 1000 есе үлкен.
6. Айнадай тегіс А шары υо жылдамдықпен қозғала отырып, дәл өзіндей бір – біріне жанасып тұрған В және С екі шармен бір мезгілде соқтығысады. Шарлардың соқтығысын абсолют серпімді деп есептеп, олардың әрекеттесулерінен кейінгі жылдамдықтарын анықтаңдар.
ИМУЛЬСТІҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ
II Нұсқа
1. Массасы 200 г доп 5,0 м/с жылдамдықпен ұшады. Доптың импульсі қандай?
2. Массасы 1,0 кг дене шеңбер бойымен бірқалыпты 2 м/с жылдамдықпен қозғалады. ол шеңбердің төрттен бірін өтсе, онда оның импульсінің өзгерісі қандай болады?
3. Тайғанақ мұз үстінде тұрған адам горизонталь бағытта қолындағы винтовкасынан оқ атқанда қандай υ жылдамдықпен кері тебіледі? Винтопкамен атқан адамның қаруымен қоса алғандағы массасы М=70 кг, оқтың массасы m=10 г, бастапқы жылдамдығы υо= 700 м/с.
4. Массасы m1=2 кг дене қарсы қозғала отырып, массасы m2=1,5 кг денемен серпімсіз соқтығысады. Соқтығысар сәттегі денелердің жылдамдықтары υ1=1 м/с және υ2 =2 м/с. Егер үйкеліс коэффициенті μ=0,05 болса, онда бұл денелер соқтығысудан кейін қанша уақыт қозғалады?
5. Қарама – қарсы қозғалған екі дене серпімсіз соқтығысады. Денелердің соқтығысуға деәінгі жылдамдықтары υ1=2 м/с және υ2=4 м/с. Соқтығысудан кейінгі жалпы жылдамдық u=1 м/с және оның бағыты υ1 жылдамдығымен бағыттас. Бірінші дененің кинетикалық энергиясы екінші дененің кинетикалық энергиясынан неше есе үлкен?
6. Массасы М кішкене арба горизонталь рельс бойымен υо жылдамдықпен үйкеліссіз қозғалады. арбаның алдыңғы жағына массасы m денені бастапқы жылдамдықсыз қояды. Дене арба бойымен біраз қозғалады да, тоқтайды. Егер дене мен арба арасындағы үйкеліс коэффициенті μ болса, онда дене қанша жол жүрген?