Бұқаралық ақпарат құралдарының құндылықтарды қалыптастырудағы ролі

Қоғамның саяси институттар қатарында айрықша мәнi бар басқалармен салыстырғанда саяси әлеуметтiк билiгiмен қызметi бөлектеу тұрғаны бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдары дегенiмiз- түрлi хабар-ошарды көпшiлiкке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрi жария түрде жеткiзу үшiн құрылған мекемелер. Бұқаралық ақпарат құралдарына: баспасөз, радио, теледидар, кино, видио, үн-таспа және көпшiлiкке арналған анықтамалар жатса, соңғы кезде олардың қатарына ғылым және техникалық соңғы жаңалықтар - спутниктик байланыс, кабельдi теледидар және түрлi компьютерлiк интернет байланыс жүйелерi қосылып отыр.

Жалпы алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда маңыздылығы олардың тiкелей атқаратын коммуникативтiк, ақпарат таратушылық, танымдық, қоғамдық пiкiр туғызу арқылы саяси билiкке ықпал етушiлiк, қадағалаушылық, білім берушілік, әлеуметтендірушілік қызметтерімен тікелей байланысты. БАҚ-ның ақпараттық қызметі адамдарға түрлi әлеуметтік процестер және оқиғалар тұрғысында ой түйiндеуiне ықпал етедi, олар жөнiнде әр түрлi ақпараттар ағыны iшiнде бағдар алуына жәрдемдеседi.

БАҚ адамдарға әлеуметтік - саяси оқиғаларда және процестерде жөнінде мәлімдемелерді дұрыс бағалауға және түсінуге танымдық қызметтері арқылы қол жеткізеді. Бұл қызметі азаматтарға БАҚ және басқа ақпарат алу көздерінен алынған мәлімдемелерді дұрыс бағалауға және жүйелеуге, күрделі қарама-қайшы ақпараттар ағымында дұрыс бағдар алуға мүмкіндік беретін білімдерден хабардар болуынан көрінеді. БАҚ білім берушілік ролінің маңыздылығы олардың әлеуметтендіруші қызметімен тікелей байланысты. Әлеуметтендіру адамдардың әлеуметтік нормаларды, мәдени құндылықтарды және мінез-құлық үлгілерін меңгеруін білдіреді және қоғамдағы әлеуметтік шындыққа бейімделуіне мүмкіндік береді.Қоғамның дамуы, түрлi iшкi және сыртқы мiндеттер мен саяси-экономикалық процестердi мақсатты түрде реттеп, шешiп отыруы, қоғам мүшелерiнен басқа да қоғамдық институттармен ара қатынасы т.б күнделiктi ақпарат алмасуы БАҚ-ның коммуникативтiк қызметi арқылы жүзеге асады.

БАҚ-ның қадағалап отыру қызметі билiк пен оның субьектiлерi арасындағы байланысты реттеп отырады. Бұл әсiресе дамыған демократиялық қоғамдарға тән қасиет. Қадағалаушылық бақылаушы қызметi өздерi туғызатын қоғамдық пiкiрге арқа сүйенедi. БАҚ-ры мемлекеттiк ресми қадағалау орындары секiлдi әкiмшiлiк, экономикалық шара қолдану құқығына ие болмаса да, олар болған оқиғаға оған жауапты адамдарға тек құқықтық тұрғыдан емес моралдық та баға беруге мүмкіндіктері бар. БАҚ-ның қоғамдық өмiрiндегi маңызды әлеуметтік қызметтері мемлекет мүддесiн қоғам мүшелерiне жеткiзiп, олардың ой-пiкiрiн байқатады, қоғамдық институттар арқылы оның жүзеге асуын қамтамассыз етедi. Қоғамдық сананың өзгерiп, өсуi қоғам мүшелерiнiң мемлекет өмiрiмен күнделiктi мол, әрi обьективтi мағлұмат алу дәрежесiне тiкелей байланысты, қоғамдық сана өз кезегiнде қоғамдық пiкiр негiзiнде қалыптаспақ. БАҚ-ның «төртiншi билiк» аталуы оның осындай қызметтерінің маңыздылығынан туындаса керек.

БАҚ-ның маңызды рөлi қоғамның өмiршең даму жағдайын қамтамасыз ету. Қазақстандық ақпарат кеңiстiгiнде қоғамда болып жатқан экономикалық, демократиялық, саяси, әлеуметтiк өзгерiстердi түсiну, жаңаша қабылдап бағалау процестерi көрiнуде.

Жалпы ақпарат құралдарының қызметтiк жүйесi өтпелi қоғамның әлеуметтiк институттарының айрықша бiр түрi ретiнде ақпарат өндiрiп, оны адамдардың әлеуметтiк кеңiстiгiне арнайы қызметтiң формасына ие.

БАҚ-ның жоғарыда аталып өткен түрлi саяси-әлеуметтiк қызметтері демократиялық қоғамдарда мейленше толығырақ көрiнедi.

БАҚ-ры азаматтардың жекелеген әлеуметтік, саяси құбылыстар мен оқиғаларды қабылдауына, түсінуіне белсендi әсер етiп қана қоймай, оларды қоғамдағы жалпы көзқарасын қалыптастырады және халықтың белгiлi бiр мәселе бойынша белсендiлігiн арттыруға жағдайлар жасауда.

Қоғамдағы болып жатқан саяси-экономикалық әлеуметтік өзгерiстерге байланысты БАҚ -ның мәнi, маңызы, қоғамдағы орны қызметері мен принциптерiне жаңа көзқарастар мен қадамдар қалыптасқан. Пiкiрлер мен ойлардың сан алуандығы мақсат, талап, пiкiр қайшылығы, саяси және әлеуметтiк әр түрлi бағыт ұстанған ақпарат құралдары қоғам мүшелерiнiң рухани сұранысына, таңдауға, талдау, бағалау қабілеттіліктерін арттыруға қоғамда болып жатқан процестерді дұрыс түсіну мен шешім қабылдауларына септігін тигізеді. Бүгiнгi жаңаша даму жолына түскен Қазақстан халқы мен экономикалық, әлеуметтік, саяси өмірінде демократиялық жаңғарулар тереңдетiлiп қоғамды жалпы трансформациялау процестерiнiң қажеттi шарттары тұрақтандырылуда. Жас мемлекетіміздің алдында қоғамдық дамудың бүгiнгi кезеңде өркениеттiң жетiстiктерiн материалдық және рухани игiлiк ретiнде сақтау мәселесi туындап отыр. Мемлекеттiк тәуелсiздiк жаңа экономикалық саясатпен, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет құру мiндеттерi республика ақпарат кеңiстiгiне үлкен өзгерiстерді қалыптастырды. Ол мiндеттердi жүзеге асыру қоғамның өмiрiн дұрыс түсiнiп, қабылдап, шынайы суреттеу мүмкiндiгiнен соң жүзеге аспақ.

Демократиялық, құқықтық, азаматтық қоғам құруды баспасөз, сөз бостандығы мен пiкiрлер плюрализiмiнсiз көзге елестету мүмкiн емес. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарынан ақ бұған дейiн тегiс мемлекеттiк болып келген кейбір ақпарат құралдары бiрте-бiрте кооперативтiк, комерциялық, жекеменшiк басылымдарға айналып және жаңадан көптеген газет журналдар мен радио станциялар, телеканалдар ашылды.

Қазіргі кезде батыстық шетел елдерiнен көптеген ақпараттар легі әлем кеңістігіндегі әр түрлі мәдениеттің үлгілерін газет журналдар мен әдебиеттер, кино, телефильмдер, компъютерлік интернет жүйелері арқылы Қазақстан ақпараттық рыногына ағыла бастады. Бұл процес азаматтардың сан-саққа бөлiнiп кеткен рухани құндылықтарына сана сезіміне әр түрлi деңгейде әсер етті. Ақпарттық бұл процес әлеуметтік саяси өзгерістерге әкеліп әлеуметтік іс әрекеттердің реттеліп, адамдардың тиімді қарым- қатынастарын орнықтыру біртіндеп қалыптасты. Ақпарттық пікір алмасулар демократиялық жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, тұрақты саяси, әлеуметтік, демократиялық процестердің орнығуына әкеледі.

Сөз бостандығы, баспасөз бостандығы, пiкiрлер плюрализмi тәуелсiз жеке меншiк ақпарат құралдарының пайда болуы, Қазақстандық ақпарат кеңiстiгiнде демократиялық үрдiстердiң нәтижелерi.

Сөз бостандығы- бұл адамдардың өз пікірлерін еш қауіп-қатерсіз қоғамға, жалпы қауымға өз тарапынан, не болмаса бұқаралық ақпарат құралдары арқылы еркін жариялық түрде жеткізе алу құқығына ие болу мүмкіндігі. Еркін пікір алмасу демократияның құрамдас маңызды бөлігі ретінде қоғамның дамуына ықпал етті. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сөз бостандығының құндылығы арта түспек. БАҚ қоғамдағы рөлі тек қоршаған ортадағы шындықты және болып жатқан әр түрлі процестерді бейнелеумен ғана емес, адамдардың құндылық бағыттарына әсер ету арқылы танымдық позициясының өзгеруіне, қоғамдық пікірдің қалыптасуына әкеледі.

Тәуелсiз Қазақстанның демократиялық ақпарат кеңiстiгiн қалыптастыру барысында транзиттi қоғам басынан өткерiп отырған мұндай сапалық жаңа өзгерiстер прогрессивтi қызмет етерi анық.

Бұл жолда қаншама кемшiлiктер мен қайшылықтарды кездесерi сөзсiз. Өйткенi қоғам өмiрiн демократиялық трансформациялау ұзақ уақыты, күрделi процесс. Бұқаралық ақпарат құралдарының экономикалық, саяси, әлеуметтiк жағынан жiктелуi олардың қоғамдық пiкiр қалыптастыру арқылы қоғам мүшелерiне әсер ету деңгейлерiнiң әр қилылығын аңғартады. Қазақстан үшiн дамудың тұрақты демократиялық моделiн таңдауда қоғамды еркiн және құқықтық, демократиялық үлгiде трансформациялау жолдары мен әдiстерiн iздеу, обьективтi шынайы ақпараттардың маңызы зор.

Қазіргі таңда БАҚ жаңа жағдайда қалыптасуы және жұмыс iстеуiне саяси- экономикалық, мәдени, әлеуметтiк, құқықтық негiздерiнiң саралануы үлкен ғылыми iзденiстердi қажет етедi. Қазақстан халықтары алдында жаңа жағдай, жаңа құндылықтарды қалыптастыру, оларды қоғам өмiрiне енгiзу мiндетi тұр. Бұл құндылықтарды ең алдымен республикамыздағы халықтардың мәдени, тарихи, рухани қазыналарын бүгiнгi уақыттың күрделi өзгерiстердi талап етер жаңалықтарымен сабақтастыра қарастырған абзал.

Адамның күнделiктi өмiрiнiң жаңғыруы, жаңа прогрессивтi жетiстiктерге жету қоғамның жалпы мәдени өркениеттілік деңгейiне байланысты. Ал қоғамның мәдениетiн қалыптастырушы өзгертушi негiзгi субьект адам, мемлекеттің аумағында түрлi халықтар, ұлттар мен субэтникалық топтардың өзара ынтымақтастық бірлігі мен сыйласымдылығы болып табылады. Мәдениет әлеуметтiк дүниедегi терең тарихи құбылыс және оның негiзгi өзектерi, бағыттары, салалары әлеуметтiк субьектiнiң жетiлу процестерiмен негiзделе дамиды. Ақпарат кеңiстiгiнiң пiкiрлер плюрализмi мен әр түрлi көзқарастар тоғысып жинақтала келгенде обьективтiк қоғамдық пiкiр туғызып қоғамдық сананы қалыптастырып қана қоймайды, халықтың саяси-әлеуметтiк белсендiгiне де ықпал етедi.

Адамдар сапырылысқан сан алуан пiкiрлер төңiрегiнде өздерiнiң жеке түсiнiгiн қалыптастырады. Бұл жеке көзқарастар қоғамның басқа мүшелерiнен пiкiр алмаса келiп жалпы бұқараның көзқарасына ұласады. Одан әрi сұраптала келiп , қоғамдық пiкiр қалыптасады. Қазiргi кезеңде халық бір – бірінен бөлек оқшауланған күйде өмiр сүре алмайды. Себебi жер шарының барлық түкпiрiне хабар ошар бiрнеше сағат iшiнде тарайтындай бұл кезеңнiң ең қымбат капиталы ақпарат болып отыр.

Республиканы мекендейтiн халықтардың рухани бiрлiгi демократиялық құндылықтар мен мәдениетiнiң қалыптасуы, саяси -әлеуметтiк және этносаралық тұрақтылықты нығайту болып табылмақ.

Өтпелi қоғам дамуы бiр орында болмай үнемi өсу үстiнде болғандықтан бұл процесс ескi мен жаңаның күресiмен ерекшеленедi. Тарихқа жүгiнер болсақ жалпы мемлекеттiң түрлi қоғамда саяси институттар және басқа да органдармен қарым- қатынасы үнемi мамыржай толық түсiнiстiк жағдайда болмаған. Мемлекет басындағылардың iс әрекетi түрлi заң құқықтық нормалар мен ережелерге сүйенiп қана қоғамдық процестердi реттеп жүйелеуге, басқаруға бағытталады.

Басқаша айтқанда билiк басындағылар мен билiктiң қол астындағылар арасындағы саяси-экономикалық, мәдени құқықтық т.б толып жатқан қарым- қатынастар нормалар мен ережелер арқылы жүзеге асады.

Демократиялық мемлекеттерде БАҚ-мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас заңдылық негiзде белгiленiп барлық мәселелер тек құқықтық нормалармен ережелер арқылы шешіліп, баспасөз бостандығы, пiкiрлер алшақтығы және көзқарас еркiндiгiн мойындалады, сонымен бiрге ар-ождан бостандығы да сақталалуы қажет.

Баспасөз бетiнде ұлттық кемсiтушiлiк, елдiң территориясымен егемендiгiне қол сұғушылыққа, Конституцияны бұзуға тиым салынған. Мiне осындай негiзгi принциптердi басқа мемлекет БАҚ- ның қызметiне араласуды қажет таппайды.

Ақпарат құралдарымен мемлекет арасындағы байланыс өзара қарым қатынас формалары мен мазмұны құқықтық негiздерi даму үрдiстерi қалыптасу үстінде. Қазiргi экономикалық жағдайында еркiн бәсекелестiк принциптi ұстанған ақпарат құралдары қазiр меншiк түрiне үстанған әлеуметтiк саяси бағыты мен экономикалық мүмкiндiктерiне қарай бейiмделуде.

Қоғамдағы демократиялық өзгерiстердiң өсуiмен бiрге партиялар және қоғамдық қозғалыстардың олардың әрқайсының көпшiлiкке белгiлi бiр оқиғалар жөнiнде өз көзқарасымен пiкiрiн бiлдiруге талпынысын тудырады.

Ақпарат құралдарының жұмысына орынсыз қол сүғу, басқару, бұйрық беру т.б араласушылықтарға тиым салынған. Сөз бостандығы азаматтардың өз пікірлері мен көзқарастарын еркін білдіруге және заңды жолмен ақпарттарды алуға және таратуға кепілдігі Қазақстан республикасының Конститутциясында көрсетілген.

Ақпарат кеңiстiгiнде ресми саясатқа қарсы оппозициялық немесе оның жекелеген тармақтарымен келiспейтiн пiкiрлер көзқарастар жиынтығы құрайтын бөлiгi мен мемлекет арасындағы қарым- қатынас өзiнiң күрделiгiмен не үнемi өзгерiп отыруымен ерекшеленедi.

Қоғамдық пiкiр ресми саясат пен мұндай биресми көзқарастың арасындағы өмiрдiң обьективтiк көрiнiсiн iздейдi, оларда салыстыра отырып, даму заңдылықтары мен қиыншылықтарын мән мағанасын түсiнуге тырысады.

Қазақстан қоғамдағы демократиялық процестер БАҚ қызметiн түбегейлi өзгеруде. Ақпарат құралдары тақырып таңдауда, оқиғаларға баға беруде еркiн тәуелсiз бола түсуде.

Қоғамдық пiкiрдi ақшаға сатып алуға болмайтыны секiлдi оны қолдан қысым жасап өзгертуде мүмкiн емес. Алға қойылған негiзгi мiндеттер ел экономикасын жаңа жағдайда қалпына келтiрiп, одан әрi көтеру қоғамдық саяси тұрақтылықты нығайтып халықты әлеуметтiк жағынан қорғау құқықтық демократиялық мемлекет құру болып табылады Қазіргі кезеңде Қазақстанның ақпарат құралдары қоғамның демократиялық өзгерiстерге талпынуы мен тәуелсiз мемлекеттiлiгiн арттыруға белсене араласуда. Ақпарат кеңiстiгiнде мәдени, рухани жаңғыру процесi кеңiнен көрiнiс тапты. Елдегi бүгiнгi саяси- экономикалық жағдайды қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар ролi аз емес. Жаңа қалыптаса бастаған Қазақстандық ақпарат кеңiстiгiнде түрлi пiкiрлер, көзқарастар ағынына қарамастан түптеп келгенде қоғамды дұрыс қоғамдық пiкiр демократиялық тұрғыда қалыптасуға мол мүмкіндіктер жасалуда .

Баспасөз, радио, теледидар секiлдi күнделiктi ақпарат тарату көздерi пайда болған кезеңнен бастап алдымен түрлi қоғамдардың бiр-бiрiмен ақпараттың байланыс жасауда, хабар- ошар алысады бiрте- бiрте ақпараттық ықпал етуге ауыса бастады. Ғылым мен техниканың бұл жаңа мүмкiндiктерi түрлi саяси идеялармен мақсаттардың жүзеге асуын қамтамасыз ету құралдарына айналды. Ақпарат өнiмiн өндiрушiлер қоғамдық пiкiрдi өздерiнiң идеологиясына сай өзгертуге тырысады, дамыған елдердiң экономикалық мәдени ықпалы тәуелсiздiк жолына түскен мемлекеттерге арта түседi.

Ақпараттық билiк саяси экономикалық билiк секiлдi қоғам тарапынан қадағалауды қажет етедi. Өтпелi кезеңдегi саяси жүйе мемлекеттiң iшкi өмiрiндегi қоғамдық процестер обьективтi ақпаратты қамтамсыз етiп қана қоймай , одан сыртқа таратылатын керiсiнше сырттан iшке тасымалданатын ақпараттар ағымының сөз бостандығы мен басқа да демократиялық құқықтық негiздердi сақтай отырып тепе-теңдiгiнiң сақталуы қамтамасыз етуi тиiс. Яғни мемлекетке өзiнiң ақпараттық саясатын жүргiзуге негiз боларлық ақпараттық дербестiкті қалыптатыру қажет.

Әлемдiк байланыс жүйесiмен коммуникация құралдарының техникалық шарықтау дәуiрiнде қашан да бiр қоғамда болсын жабық ақпарат кеңiстiгi саясатымен жан-жақты гүлдену оның өскелең рухани мәдени сұранысын толық әрi сапалы қамтамасыз ету қиын. Тап осы себептерге байланысты дербес ақпараттық саясаттың транзиттi қоғам ерекшелiктерiне сай әрi икемдi, әрi болып жатқан өзгерiстер үрдiсiне бейiм жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бүгiнде тәуелсiз Қазақстан мемлекеттiлiгiн нығайтудың негiзгi факторларының бiрi ақпараттық дербестiк.

Ақпараттық дербестiк, бiрiншiден мемлекеттiң саяси экономикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз етiп отыр, оның құрамдас бөлiгi, екiншiден ол мемлекеттiң дамуымен тығыз байланысты, үшiншiден егемендi елдiң халықаралық беделiн қалыптастырып, әлемге таныстырады. Төртiншiден әлемдiк саяси экономикалық процестерге араласуға ықпал етедi және шетел мемлекеттерімен өзара түсiнуде ақпараттық байланыс орнатады. Яғни әрбiр тәуелсiз мемлекет өмiрiнiң барлық саласында болып жатқан оқиғалардың көпшiлiк халыққа бұрмаланбай таратылып түсiндiрiлуi және проблемалардың мемлекет пен ел мүдесiне сай қарастырып, обьективтi шешiлуi қажет. Бүгiнде республикамыз халықаралық деңгейде кең ауқымды ақпарат алмасу процесiне еніп отыр. Қазақстанда сырттан ақпараттық экспанция мүмкiншiлiгi өте жоғары және ол болашақтан үлкен қауiп тудыруы да мүмкiн.

Жас тәуелсiз мемлекеттер көбiнесе сырттан таңылатын пiкiрлердiң қатал қысымына ұшырайды нәтижесiнде өз қисыны бар аса күрделi iшкi процестер сырт көзқараспен бағаланып, көбiнесе үстiрт, ал кейде бiр жақты түсiндiрiледi. Бұл көптеген мемлекеттердiң шынайы тәуелсiздiктi нығайту жолында өзiндiк кедергiге айналды. Алайда сыртқы ақпарат көздерiн жабу бiз үшiн өзiмiздi -өзiмiз оқшаулау болар едi. Қоғамдық рухани келiсiм қарапайым адамдық өзара түсiнiсу этносаралық қатынастың жеткiлiктi жоғары мәдениетiнсiз жүзеге аспайды. Қоғамда мұндай мәдениеттi тәрбиелеу- оның белсендi өмiрлiк тұғыры мен қоғамдағы саяси өмiрiне қатысуын айғақтайтын жоғары және тұрақты адамгершiлiк сапалықтары мен сипаттарын тәрбиелеу.

Ақпараттық прогрес адамның тұрмыс бiтiмiн өзгертiп бiлiм, ғылым, мәдениет салаларын басым бағытқа айналдырып қана қоймай қоғам мүшелерiнiң ой санасын солай қарай бұрады.

Ақпараттық қоғам түрлi идеялар мен iлiм, бiлiм сан алуан өркениет пен құндылықтарды саралап адамдардың ой санасын кеңейтуге белгiлi бiр идеялар төңiрегiнде топтасуға, оларды тереңiрек түсiнiп бiлуге ықпал етедi. Егер экономика мемлекеттiң жұлыны болса оның ұлттық рухы мен санасы жүрегi iспеттес.

Қоғамдағы әлеуметтiк институттардың ерекше түрi саналатын БАҚ- мемлекет жүрегi арқылы оның бүкiл денесiне қажеттi нәр, азаматтардың мемлекеттiк бiрлiгi мен мақсат мүдде ортақтығына түйсiнуiн таратады.

Онсыз тәуелсiз мемлекеттiң болашағын баянды ету қиын. Обьективтi ақпараттар болмауы әдетте адамдардың идеалында қате көзқарас туғызып өмiршең емес заңдылықтарға қоғамды реформалауда үлкен қателiктерге ұшырауы мүмкiн.

БАҚ- ры пайдалану арқылы қоғамдық саяси сананы жасырын түрде басқаруға талпыну адамдарды өз еркiндiгiнен тыс мақсаттарға жұмылдыру, қоғамның обьективтi ахуалын жасыру демократиялық мемлекеттiк құрылыммен оның азаматтарына үлкен қауiп тудырады.

Бұл орайда қоғамдық өзгерiстерге сай болатын рухани ахуал туғызу керек. Мұның өзi мемлекеттiң барлық салаларында оның iшiнде идеология сияқты ерекше салада тек байсалды саясат арқылы ғана қолдау табады. Қазiр кезде қоғамда өткендi қайта бағалап, ертеңгi күннiң артықшылықтарын онымен салыстыра қарау процесi жүруде. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары тап болған талай қиындық, түсiнiспеушiлiк, шалағайлылық, ел арасына iрiткi салушылық т.б. артта қалды көбiсi оң шешiмдерiн тапты.

Қазiр кезеңде Қазақстан әлемдiк аренада тек экономикалық мүдделер нүктесi ғана емес, стратегиялық саяси, әлеуметтiк, экономикалық жағынан әлем елдерінің назарын аудартып отыр. Сондықтан да бүгiнгi таңда өмiрiмiздiң барлық саласында дендеп енiп келе жатқан ақпараттық дәуiр түрлi идеялар мен iлiм, бiлiм сан алуан өркениет пен құндылықтарды дұрыс саралап, адамдардың ой санасын кеңейтуге қандай бiр өздерiне жақын идеялар төңiргiнде тереңiрек түсiнiп бiлуіне ықпал етедi

Қоғамның өркениеттiлiгi мен зайырлылығы мемлекеттiң мәдениетке деген көзқарасымен өлшенедi. Бүгiнгi дамыған өркениеттi қоғамдағы бiлiм мен ақпарат билiгi қаражат пен мемлекеттiк күштеудi екiншi кезекке ысырып тастап, оны басқаруда шешушi ықпал ете алар саяси күшке айналып отыр.

Қазақстандағы экономикалық әлеуметтік мәдени дамуына ықпал ететін әртүрлi маңызды мәселелер ақпарат кеңiстiгiнен терең ашық жариялананып жариялық принциптерi тұрғысынан кеңiнен көрiнiс табуда.

Бүгiнде қоғамымыз нарықтық экономикалық, саяси, әлеуметтiк күрделi өзгерiстерге түсiп, жаңа жағдайға рухани психологиялық бейiмделу кезеңiн бастан кешiруде. Екiншi жағынан мемлекет идеологиясы жаңа азаматтық қоғам өркениеттi құқықтық құрылымға ұлттық бiрлiк пен теңдiк принциптерi арқылы гүлдену идеясын қолға алып отыр.

Қоғамның өмiрiнде БАҚ алар орны үлкен, әсiресе бүгiнгiдей өтпелi қоғамның экономикалық, әлеуметтiк салаларындағы тұрақсыздық жайсыздық орын алып отырған сәтте оның қоғамдағы iшкi қожыраудан сақтап қалуға қабiлеттiлiгi анық байқалуда. Қоғам өмiрiнде мәдени жинақталған түрлi құндылықтарды сақтау ғана емес, ендi олардың қалыптасқан жаңа жағдайға сай гүлденуi мен бiрiн- бiрi толықтыра түсуiнiң мәнi терең нақты тәуелсiздiкке жету күшті қолдауды қажет етедi.

Кез-келген мемлекеттiң iшкi сыртқы мiндеттерi мен мақсаттарын жүзеге асыру үшiн бұқаралық ақпарт құралдарының орны маңызды.

11 лекция Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі

кезеңдегі даму үрдiстерi

Мемлекеттiк тәуелсiздiк жаңа экономикалық саясатпен құқықтық мемлекет құру мiндеттерi республика ақпарат кеңiстiгiне де үлкен өзгерiстер ала келдi. Ол мiндеттердi жүзеге асыру қоғамның өмiрiн дұрыс түсiнiп қабылдап шынайы суреттеу мүмкiндiгiнен соң жүзеге аспақ. Егемендiк алған Қазақстан үшiн мемлекттiктi бiрегейлендiрумен байланысты көптеген мiндеттер мен проблемалар туды.

Жаңа мемлекеттi құруды мақсат еткен Қазақстан ең алдымен ескi тоталитарлық жүйенiң басты саяси идеологиялық қаруы болған баспасөзге, радио, теледидарға т.б.ақпарат тарату құралдарына цензурадан бас тартты.

Сөйтiп азаматтардаң әлеуметтiк саяси ақпараттардың кез- келгенiн еркiн таңдап қабылдау мүмкiндiгi туды.

Демократиялық, құқықтық, азаматтық қоғам құруды баспасөз, сөз бостандығы мен пiкiрлер плюрализiмiнсiз көзге елестету мүмкiн емес. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарынан ақ бұған дейiн тегiс мемлекеттiк болып келген ақпарат құралдары бiрте-бiрте либералдандырылып кооперативтiк, комерциялық жекеменшiк басылымдар шыға бастады. Жаңадан көптеген газет журналдар мен радио станциялар, телеканалдар ашылды.

Қоғамдық ақпарат құралдарына саяси цензураның алып тастауынан батыстық шетел елдерiнен көптеген тиым салынған әдебиеттермен кинофильмдер т.б. Қазақстан рыногына ағыла бастады.

Бұл процесс өтпелi кезеңде азаматтардың сан-саққа бөлiнiп кеткен рухани құндылықтарына әр түрлi әсер еттi.

Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпарат құралдарының қаражатпен және қажеттi техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету дәрежесiнде бүгiнде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Мемлекеттiк ақпарат құралдарының бұл салада көрсеткiштерi жоғары болып келгенiмен, нарық жағдайында өзiне де көрерменін оқырманын да жоғалтпай, экономикалық қаражат қиындығынан шыға бiлген меншiктiң әр түрiндегi ақпарат құралдарының қәзiр кадрларды таңдап алу мүмкiндiгi басым түсiп отыр.

Бұл үрдiс республикалық ақпарат кеңiстiгiнде сөз бостандығынан туындайтын көптеген жаңа демократиялық нышандарды ала келдi.

Қәзiргi таңда Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекет монополиясы жойылып отыр.

Алайда ақпарат тарату, тасымалдау, байланыс, транспорт, баспаханалық жүйе секiлдi ақпарат қызметiнiң құрамдас салалары бойынша ресми билiктiң ықпал ету мүмкiндiгi сақталып отыр.

Тәуелсiз Қазақстанның демократиялық ақпарат кеңiстiгiн қалыптастыру барысында транзиттi қоғам басынан өткерiп отырған мұндай сапалық жаңа өзгерiстердi түптеп келгенде сол ортаға прогрессивтi қызмет етерi анық.

Бұл жолда қаншама кемшiлiктер түсiнiспеушiлiктер кездесерi сөзсiз. Өйткенi қоғам өмiрiн демократиялық трансформациялау үзақ уақыты, күрделi процесс. Бұқаралық ақпарат құралдарының экономикалық, саяси, әлеуметтiк жағынан жiктелуi олардың қоғамдық пiкiр қалыптастыру арқылы қоғам мүшелерiне әсер ету деңгейлерiнiң әр қилылығын аңғартады . Қазақстан үшiн дамудың тұрақты демократиялық моделiн таңдауда қоғамды еркiн және құқықтық демократиялық үлгiде трансформация жолдары мен әдiстерiн iздеу обьективтi шынайы ақпараттардың маңызы зор.

БАҚ жаңа жағдайда қалыптасуы және жұмыс iстеуiне саяси- экономикалық, мәдени-әлеуметтiк, құқықтық негiздерiнiң саралануы үлкен ғылыми iзденiстердi қажет етедi.

Қоғамның саяси әлеуметтiк өмiрiнде жүрiп жатқан демократиялық өзгерiстер оның ақпарат кеңiстiгiне де тән. Сөз бостандығы , баспасөз бостандығы, баспасөз бостандығы, пiкiрлер плюрализмi тәуелсiз жеке меншiк ақпарат құралдарының пайда болуы Қазақстандық ақпарат кеңiстiгiнде демократиялық үрдiстердiң нәтижелерi.

70-жылдан аса уақыт бiр идеологияның шеңберiнде дәрiптелiп келген рухани құндылықтардың елеулi бөлiгi бүгiн өздерiнiң бар мағанасынан айырылуға мәжбүр болды. Қазақстан халықтары алдында жаңа жағдай, жаңа құндылықтарды қалыптастырды, оларды қоғам өмiрiне енгiзу мiндетi тұр.

Бұл құндылықтарды ең алдымен республикамыздағы халықтардың мәдени, тарихи, рухани қазыналарын бүгiнгi уақыттың күрделi өзгерiстердi талап етер жаңалықтарымен сабақтастыра қарастырған абзал.

Адамның күнделiктi өмiрiнiң жаңғыруы, жаңа прогрессивтi жетiстiктерiне жетуi қоғамның жалпы мәдени деңгейiне байланысты. Ал қоғамның мәдениетiн қалыптастырушы өзгертушi негiзгi субьект адам, түрлi халықтар болып табылады.

Мәдениет әлеуметтiк дүниедегi терең тарихи құбылыс және оның негiзгi өзектерi бағыттары салалары әлеуметтiк субьектiнiң жетiлу процесстерiмен негiзделе дамиды. Ақпарат кеңiстiгiнiң пiкiрлер плюрализмi мен әр түрлi көзқарастар тоғысып жинақтала келгенде обьективтiк қоғамдық пiкiр туғызып қоғамдық сананы қалыптастырып қана қоймайды, халықтың саяси-әлеуметтiк белсендiгiне де ықпал етедi.

Адамдар сапырылысқан сан алуан пiкiрлер төңiрегiнде өздерiнiң жеке түсiнiгiн қалыптастырады. Бұл жеке көзқарастар қоғамның басқа мүшелерiнен пiкiр алмаса келiп бұқараның көзқарасына ұласады. Одан әрi сұраптала келiп , қоғамдық пiкiр қалыптасады

Әлемдiк тәжиiрбеге сүйенсек БАҚ белгiлi-бiр адамдар немесе ұйымдардың, органдардың бақылап, қажет болса басқарып отыратыны белгiлi.Жекелеген адамдардың меншiгiндегiнi болмаса коммерциялық ақпарат құралдарында бұл мiндеттi әлгi меншiк иелерi атқарып мемлекеттiк ақпарат құралдарында онымен арнайы мемлекет органдары айналысады. Ал қоғамдық құқықтық негiздегi ақпарат құралдары бұл қызметтi егер баспасөз құралдары мемлекеттiк заңдар сақтап отырса, жұртшылық саяси ұйымдар мен бiрлестiктер қадағалайды.

Әлемнiң көпеген елдерiнде БАҚ этикалық нормаларын және заңдылықты сақтауын жалпы қадағалап отыратын арнайы органдар бар. Мысалы Франция коммуникация құралдары жөнiнде жоғары кеңес жұмыс iстейдi. Ол меншiк түрiне қарамастан елдегi барлық телерадиостанцияларының жұмысын қадағалап қана қоймайды, сонымен бiрге эфирге шығуға рұқсат ететiн мемлекеттiк рұқсат беру құқына ие.

Қазақстанда әзiрге мұндай демократиялық бақылау органдары қалыптасып үлгерген жоқ.

БАҚ қызметi негiзiнен мемлекеттiк Конституциясы және Баспасөз туралы заңға ақпарат құралдарының жарғылық бағдарламалық құжаттарына сүйенiп жүргiзiлуде.

Әрине бұл айтылғандардан бөлек бiздiң пiкiрiмiзше өтпелi қоғамда үлкен рөль атқаратын фактор ақпарат құралдары өкiлдерiнiң түрлi басылымдар мен теле, радио компанияларының саяси мәдениетi мен таным деңгейi, яғни бұқаралық ақпарат құралдарының өзiн- өзi қадағалауда ең тиiмдi әрi демократиялық түрi ретiнде саналады.

Өкiнiшке орай қоғамдағы жаңа рухани мәдени құндылықтар мен саяси әлеуметтiк нормалардың қалыптасып үлгере алмай жатқаны секiлдi ақпарат құралдарында да бұл қадағалау жеткiлiктi болмауда.

Қазақстанда орыс және қазақ тiлдерiндегi қатар таратылатын БАҚ ара тұра мәселеге екi түрлi көзқараспен келуi, бiр- бiрiне мүлде кереғар түйiн түйiп, ұсыныс бiлдiрудiң қоғамға пайдасы шамалы.

Бұл мемлекет iшiндегi күрделi мiндеттердi айқындау және оларды шешуге жұмылдырудағы бiрлiк пен өзара түсiнiстiктiң әлi де жетпеушiлiгiн аңғартады.

Жас егемендi мемлекет алдындағы қоғамдық дамудың бүгiнгi кезеңiнде өркениеттiң жетiстiктерiн материалдық және рухани игiлiк ретiнде сақтап ел ертеңi үшiн тиiмдi пайдаланудың артықшылықтарын халыққа тарату. БАҚ-ның рухани танымдық қызметiне сұраныс тумақ.

Қәзiргi кезеңде халық оқшауланған күйде өмiр сүре алмайды.

Себебi жер шарының барлық түкпiрiне хабар ошар бiрнеше сағат iшiнде тарайтындай бұл кезеңнiң ең қымбат капиталы ақпарат болып отыр.

Республиканы мекендейтiн халықтардың рухани бiрлiгi демократиялық құндылықтар мен мәдениетiнiң қалыптастырып, саяси -әлеуметтiк және этнос аралық тұрақтылықты нығайту болып табылмақ.

Өтпелi қоғам дамуы бiр орында болмай үнемi өсу үстiнде болғандықтан бұл процесс ескi мен жаңаның күресiмен ерекшеленедi. Әрқашан идеялық саяси өзгерiстер алаңы саналатын ақпарат кеңiстiгi ерекше роль атқарып келедi әлi атқара бермек.

Тарихқа жүгiнер болсақ жалпы мемлекеттiң түрлi қоғамда саяси иституттар және басқа да органдармен қарым- қатынасы үнемi мамыржай толық түсiнiстiк жағдайда болмаған.

Мемлекет басындағылар iс әрекетi түрлi заң құқықтық нормалармен мен ережелерге сүйенiп қана қоғамдық процестердi реттеп жүйелеуге, басқаруға бағытталады.

Басқаша айтқанда билiк басындағылар мен билiктiң қол астындағылар арасындағы саяси-экономикалық, мәдени құқықтық т.б толып жатқан қарым- қатынастар нормалар мен ережелер арқылы жүзеге асады.

Қоғамның саяси институттар қатарында айрықша мәнi бар басқалармен салыстырғанда саяси әлеуметтiк билiгiмен қызметi бөлектеу тұрғаны бұқаралық ақпарат тарату жүйелерi болып табылады. Бұл жүйе тiкелей өндiрушi сала болмағанымен қоғамдағы саяси әлеуметтiк ықпалы жағынан басым болатыны белгiлi. Қоғам өмiрiнiң қай саласында болсын мемлекеттiң ақпаратты саясаты болады, iшкi және сыртқы саясаттың күрделi мiндеттерiнен бастап, күнделiктi ауа райына дейiн ақпараттық қамтамасыз етпейiнше алдағы мақсатқа қол жеткiзу одан күткендей нәтиже тосу қиын. БАҚ-ның қоғам өмiрiндегi ақпараттық, коммуникативтiк, танымдық, қоғамдық пiкiр туғызушылық қызметтері мемлекет мүдесiн қоғам мүшелерiне жеткiзiп, олардың ой- пiкiрiн байқатады, қоғамдық институттар арқылы оның жүзеге асуын қамтамасыз етедi. БАҚ-ның пәрмендi саяси-әлеуметтiк ықпалымен, мүмкiндiктерiн осы себептерге байланысты да мемлекеттiң үнемi пайдалануына тура келедi. Бұл екi жақты байланыс ауқымы және формаларына байланысты өзгерiп отырады.

Тоталитарлық қатаң авторитарлық саяси режимдер БАҚ тұтастай мемлекеттiң бақылауында болады. Ондай қоғамдарда ақпарат кеңiстiгi мемлекет идеологиясына сай сол бағытта қана қалыптасады.

Баспасөз бостандығы, пiкiр алшақтығы болмайды. Қоғамда тек мемлекеттiк ресми көзқарас таратылып, қоғамдық пiкiр де сол бағытта қалыптасады.

Ал демократиялық мемлекеттерде БАҚ-мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас заңдылық негiзде белгiленiп барлық мәселелер тек құқықтық нормалармен ережелер бойынша шешiледi. Бұндай саяси режимде баспасөз бостандығы, пiкiрлер алшақтығы және көзқарас еркiндiгiн мойындайды, сонымен бiрге ар-ождан бостандығы да сақталады.

Баспасөз бетiнде ұлттық кемсiтушiлiк, елдiң территориясымен егемендiгiне қол сұғушылыққа, Конституцияны бұзуға тиым салынады. Мiне осындай негiзгi принциптердi басқа мемлекет БАҚ- ның қызметiне араласуды қажет таппайды. Ал осындай ақпараттық саясатты жүргiзу үшiн белгiлi- бiр басылымдармен теле-радиокомпанияларының қызметi пайдаланады.

Тарау. Жалпы ережелер

Наши рекомендации