Бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметi

1. Кез келген автор, оның мұрагерi немесе осы Заңның III тарауына сәйкес қорғалатын авторлық және сабақтас құқықтардың өзге де иесi өздерiнiң мүлiктiк құқықтарын мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымға беруге құқылы, ал ұйым, егер құқықтардың мұндай санатын басқару осы ұйымның жарғылық қызметiне жататын болса, бұл құқықтарды ұжымдық негiзде жүзеге асыруды өз мойнына алуға мiндеттi. Аталған ұйымдардың ұжымдық негiзде басқару үшiн алынған туындыларды және сабақтас құқықтардың объектiлерiн пайдалануға құқығы жоқ.

2. Осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес алынған өкiлеттiктер негiзiнде мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым туындыларды және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдаланудың тиiстi тәсiлдерiне пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасады. Мұндай лицензиялық шарттардың талаптары бiр санаттағы барлық пайдаланушыларға бiрдей болуға тиiс. Аталған ұйымдардың пайдаланушыға лицензиялық шарт жасасудан жеткiлiктi негiздерсiз бас тартуға құқығы жоқ.

3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң туындылар мен сабақтас құқықтардың объектiлерiн осындай лицензиялық шарттар бойынша пайдалану мен байланысты пайдаланушыларға қоятын барлық ықтимал мүлiктiк талаптарын лицензиялық шарттар жасасқан ұйым реттеуге тиiс.

5. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым талап етiлмеген сыйақыны бөлiнетiн сомаға қоса отырып немесе ұйым есепшотына түскен күннен бастап үш жыл өткенше өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң мүдделерiне сай басқа мақсаттарға айналымға сала отырып сақтауға құқылы.

Бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың атқаратын қызметтерi

Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң атынан әрi олардан алынған өкiлеттiк негiзiнде мынадай қызметтердi атқаруға:

1) мұндай ұйым басқарып отырған құқықтарды пайдалануға пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасуға;

2) сыйақы мөлшерiн және лицензиялық шарттар жасалған басқа да жағдайларды пайдаланушылармен келiсуге;

3) бұл ұйым лицензиялық шартын жасаспай, осындай сыйақы жинаумен шұғылданатын жағдайларда сыйақы мөлшерiн пайдаланушылармен келiсуге (осы Заңның 26-бабы және 39-бабының 2, 3-тармақтары);

4) лицензиялық шартта көзделген сыйақыны және (немесе) осы баптың 3) тармақшасында көзделген сыйақыны жинауға;

5) осы баптың 4) тармақшасына сәйкес жиналған сыйақыны өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiне бөлуге және төлеуге;

6) осындай ұйым басқаратын құқықтарды қорғауға қажеттi кез-келген заңды әрекеттердi жасауға тиiс.

Авторлық құқықтағы мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметiн бақылау

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың

қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдері) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарға (бұдан әрі - субъектілер) жоспарлы тексеріс жүргізу үшін әзірленген.

2. Осы өлшемдерде келесі ұғымдар пайдаланылады:

тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде авторлардың, сабақтас құқықтар субъектілеріне немесе құқық иеленушілердің заңды мүдделеріне нұқсан келтіру ықтималдығы;

тәуекелдерді бағалау жүйесі – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды тексеруді жоспарлау мақсатында жүргізетін іс-шаралар кешені;

тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері – бақылау субъектісі қызметімен тікелей байланысты, оны тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

бақылау субъектісі - «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар.

3. Субъектілер қызметінің тәуекелдерін бағалау субъектінің салдарлардың ауырлығы тұрғысынан маңыздылығы, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып, келесі тәртіпте жүргізіледі:

1) субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша бастапқы тиістілігі уәкілетті органда ұжымдық негізде басқару салаларында қызметті жүзеге асыру үшін алған аккредитация туралы және құқықтарын басқару туралы шарттарды жасасқан құқық иеленушілермен бірге осындай шарттар жасалмаған құқық иеленушілер үшін де сыйақы жинауды жүзеге асыруға құқық беретін куәліктің болуы ескеріле отырып, жүзеге асырылады;

2) субъектілердің тәуекел дәрежесі бойынша қайталама тиістілігі авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы және субъектілер қызметінің сапалық көрсеткіштеріне сәйкес тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

4. Маңыздылығы бойынша субъектілерді бөлу:

1) жоғарғы тәуекел дәрежесіне тексеру нәтижелері бойынша 15-тен 19-ға дейін бал алған субъектілер жатады;

2) орташа тәуекел дәрежесіне тексеру нәтижелері бойынша 5-тен 15-ке дейін бал алған субъектілер жатады;

3) маңызды емес тәуекел дәрежесіне тексеру нәтижелері бойынша 0-ден 5-ке дейін бал алған субъектілер жатады.

5. Субъектілердің тәуекел дәрежесі бойынша қайталама тиістілігі кезінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық өлшемдеріне байланысты субъектілер қайта бөлінеді.

6. Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық өлшемдерін қолдану мақсатында, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы деректері, тексерулердің нәтижелері пайдаланылады.

7. Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық өлшемдеріне байланысты субъектілер жоғарғы, орташа немесе маңызды емес тәуекел дәрежесіне өтеді.

Сапалық өлшемдер балдармен бағаланады:

1) авторлық құқық және сабақтас құқықтар иеленушілеріне жиналған сыйақыларды бөлмеу - 3 балл;

2) Ұйым жарғысының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға сәйкес болмауы - 3 балл;

3) лицензиялық шарттарды жасау талаптары туралы жалпы жиналыс шешімінің, сыйақы ставкаларының болмауы - 3 балл;

4) авторлық құқық және сабақтас құқықтар иеленушілеріне сыйақыларды бөлмеу және төлемеу - 3 балл;

5) уәкілетті органға есеп бермеу - 1 балл;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ең төменгі ставкалардан төмен емес сыйақы ставкаларын қолдану- 3 балл;

7) Жиналған сыйақыны аудару үшін авторларды, орындаушыларды, фонограмма жасаушыларды іздеу жөнінде шаралар қабылдамау - 2 балл;

8) Құқық иеленушілер, олардың оған басқаруға берген құқықтары, сондай-ақ авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері туралы мәліметтерді қамтитын тізілімдердің болмауы - 2 балл;

9) Ұйымның авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды иеленушілерге олардың құқықтарын пайдалану, соның ішінде жиналған сыйақылар көлемі және одан ұстап қалған сомалар туралы мәліметтерді қамтитын есептердің болмауы - 2 балл;

10) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның қызметі туралы пайдаланушыларды хабардар ету мақсатында Интернет-ресурсының болмауы - 2 балл;

11) Ұйымның Интернет-ресурсында авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектісінің атауын, автордың немесе өзге де құқық иеленушінің атын қоса алғанда, өзіне басқаруға берген құқықтар туралы ақпараттың болмауы - 2 балл;

12) Интернет-ресурста жергілікті жерлерде авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақыларды жинау, бөлу және төлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын өкілдердің болуы туралы ақпараттың болмауы - 1 балл.

Қайталама жоспарлы тексерулердің мерзімділігі мына тәртіпте белгіленеді:

1) жылына бір рет – тәуекел дәрежесі жоғары болғанда;

2) үш жылда бір рет – тәуекел дәрежесі орташа болғанда;

3) бес жылда бір рет - тәуекел дәрежесі маңызды емес болғанда

Наши рекомендации