Тақырып. ҚР-да коммерциялық банкті құру, оның қызыметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы

1. Банктерді ашу тәртібі

2. Коммерциялық банктер қызыметін ұйымдастыру

3. Коммерциялық банктердің басқару құрылымы

1. ҚР-дағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.

Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әриен бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінгі дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.

ҚР екінші деңгейдегі банктері ҚР Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін лицензяның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

ҚР-дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді,мысалға, инвестициялық-ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.

Банктік операцияларды жзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары иен өкілеттілігін ашуға құқық береді.

Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді.

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;

2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.

Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашу үшін рұқсат алуға өтініш береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

· Рұқсат алу үшін беретін өтініші;

· Құрылтайшылық шарт (түпнұсқа);

· Банктің жарғысы (түпнұсқа);

· Банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;

· Құрылтайшылар туралы мәліметтер (Ұлттық банктің белгілеген тізімі бойынша);

· Құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);

· Құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;

· Егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісімі;

· Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

· Банктің жетекшілік қызметіне тағайыедалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде – үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бүхгалтерінің кемінде – бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с.;

· Жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

· Жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

· Жаңадан құрылатын несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

· Жаңадан құрылатын банктің бизнес –жоспары, оның ішінде болуы керек, оның ішінде банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операцияондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары);

· Тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;

· Нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжатты;

· Басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтері.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай, әрі кеткенде алты ай мерзім ішінде Ұлттық банкте қаралады.

Ұлттық банк банк ашуға рұқсат алуға берілген өтініштердің есебін жүргізеді.

Екінші кезеңде жаңадан құрылатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркуге алынады. Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

§ Ұйымдастырушылық – техникалық шараларды орныдау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;

§ Жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

2. Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.

Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

· Заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

· Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

· Заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

· Кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұстау, сорттау, қаптау және сақтау;

· Аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

· Заемдық операциялар: ақы өлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

· Заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент – банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

· Сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

· Клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;

· Сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлемелерді жалға беру;

· Ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

· Төлем карточкаларын шығару;

· Банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;

· Төлем құжаттарын инкассаға қабылдау (вексельдерден басқаларын);

· Чек кітапшаларын шығару;

· Бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;

· Аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;

· Ақшалай формада орынлуды көздейтін банктік кепілдеме беру;

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

§ Брокерлік –мемлекеттің бағалы қағаздарымен;

§ Дилерлік – мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;

§ Кастодиандық;

§ Клирингтік.

Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензялар беріледі.

Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ банктерін аша алады.

Банктің филиалы – филиал туралы ережеде немесе лицензяда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:

· Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;

· Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;

· Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар тураыл мәліметтер.

Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады.

Банктің өкілдігі – банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Банк өкілдігі Ұлттық банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке мынадай құжаттарын тапсырады:

§ өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;

§ өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;

§ ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;

§ өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;

§ аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;

§ өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;

§ өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.

Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.

Есеп айырысу-касалық бөлімі (жинақ касасы) – ҚРаумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтық бөлімшесі.

ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсатын мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:

ü банк тарапынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім қабылдау;

ü банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешемінің қабылдануы;

ü мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;

ü мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;

ü банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;

ü мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеу.

Қазақстандық тәжірибесінде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық капиталдын айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50 пайыздан астам бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды құндылықтармен (ғимарат, техникалар, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50 пайызға жуығы жыл бойы салынуға тиіс.

Жарияланған жарғылық қордың 50 пайызының ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдық құндылықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрушы акционерлердің жалпы жиналысында акті бойынша қабылданады.

Тұжырымдамалар

Банктердің түрлері. Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылғысы. Коммерциялық банктердің жарғысы. Коммерциялық банктерді басқару органы. Коммерциялық банктерді ашу, жою және тіркеу реті. Қазақстандағы банктік заң шығару. Коммерциялық банктердің қызметі мен қағидасы. Шаруашылық субъектісінің қаржысын басқару

Наши рекомендации