Демографиялық қартаюдың негізгі сипаттамалары өз бетіңізше талдау жасаңыз

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, 1950 жылы әлемде 200млн. шамасында 60 және одан жоғары жастағы адамдар болса, 1975 жылға дейін олардың саны 550 млн-ға өскен. Болжам бойынша, 2025 жылы 60-тан жоғары жастағылар саны 1 млрд. 100млн. адамға 5 есе өседі, ол кезде планета тұрғындарының саны 3 есе өседі. Сонғы 10 жылда әлемнің дамыған елдерінде байқалып отырған үдеріс бірі- бұл халықтың жалпы санында және оның салмағында қарт адамдардың жылдан жылға өсіп отыруы .Халықтың жалпы санында балалармен жасөспірімдермен үлес салмағы азайып, қарттардың үлесі көбеюдің түбегейлі процесі айтарлықтай жоғарғы шапшандылықпен жүріп жатыр деп, толық негіз бар. Халықтың қартаюдың басты себептері – бала туудың кемуі,медицина прогресінің арқасында жасы үлкен адамдар топтарының өмір сүруінің жалғасуының көбеюі, халықтың өмір сүру деңгейінің артуына байланысты орташа жасы ұзақтылықтың өсуі.Экономикалық бірігіп қызмет істейтін және дамушы елдерде орташа есеппен ерлердің өмір сүру ұзақтығы 30 жыл ішінде 6 жылға, әйелдерде – 6,5 жылға өскен. Ал Ресейде соңғы 10 жылда өмір сүру ұзақтығының төмендегені байқалады. Экономикалық бірлесіп қызмет көрсету және даму елдерінде соңғы 30 жыл ішінде орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 6 жылға әйелдерде 6,5 жасқа өсті. Біздің елімізде соңғы 10 жылда ішінде бұл көрсеткіштердің тұрақты түрдің өсу тенденциясы қалыптасқан. Қарт адамдардың әлеуметтік- демографиялық категорияларға әлеуметтік жұмыстардың мамандары әртүрлі тұрғындағы көзқарастан анықталады: хронологиялық, әлеуметтік, биологиялық, психологиялық, функционалдық және басқалары. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуі бойынша 60 жастағы және одан да жоғары адамдарды үлкен егде жастағы адамдар деп есептейді. Бүгінде іс жүзінде осы мәліметтер қолданылады. Алайда көптеген елдерде зейнетке шығу 60 жастан іске асырылады. Демографиялық қартаю біздің елімізде балалардың туу санының кемуіне байланысты болып отыр. Соңғы 10 жыл ішінде жас ұрпақтың үлес салмағы 24-44 %-ға қысқарған. Осының нетижесінде зейнеткерлік жастың адамдардың үлес салмағы 15 жасқа дейінгі балалардың үйлесінен асып түсіп отыр. Болашақта бұл жағдай одан ары күрделене түсіп, егде жастағы адамдардың саны арта түседі .Халықаралың жіктеу көрсетіп отырғандай 2018 жылы өзінде еліміздегі халықтың құрылымы демографиялық қартаю кезеңіне сәйкес келетіндей болады. Балалар мен жасөспірімдердің үлесі 65 және одан да жоғары егдеадамдар үлесіне сәл ғана артылуы мүмкін. Жетпістен және одан да жоғарғы адамдар аралық халықтың 28,3 пайызын құрады. Бұл еңбекке жарамды қабілетті жастан біршама жоғары. Көп жасайтындар саланың тұрақты өсуіне байланысты. Жасы үлкен егде жастағы адамдар үшін мемлекеттің жауапкершілігі әсіресе жоғарлай түседі. Қарт адамдардың әлеуметтік-демографиялық категориясымен, олардың проблемаларының анализін әлеуметтік жұмыс теоретиктері мен практиктері әртүрлі көзқарас арқылы анықтайды – хронологиялық, социологиялық, биологиялық, психологиялық, функционалдық және тағы басқа. Қарт адамдардың жиынтығы айтарлықтай ерекшеліктері мен сипатталады, онда 60-тан 100 жасқа дейінгі адамдар жатады геронтологтар тұрғындардың осы бөлігін «жастар» және «қарттар» (немесе «тереңдер») кәрілер деп бөлуді ұсынады, осыған ұқсас Францияда «үшінші», «төртінші» жас деген түсініктер бар. «Үшіншіден», «төртіншіден» шекараға өту жасы 75-80 жаста шекара сыртын жеңіп шыққаны болып есептеледі. «Жас» кәрілер «қарт» кәрілерге қарғанда басқа проблемалар сезімді мүмкін, «қарт» кәрілерге қарағанда – мысалы, еңбекпен айналысу, жанұяда басты болу, үй міндеттерінің бөлінуі және тағы басқа .

47. Сіздің пайымдауыңызша ҚР-ғы соңғы онжылдықта тұрғындардың қартаю ерекшеліктері қандай болмақ

Қазақстандағы қазіргі кездегі ахуал орнықты үрдіс – ересек жастағы адамдар үлесінің серпінді ұлғаюымен сипатталады, ол халықтың қартаюының жалпыəлемдік үдерісіне сəйкестенеді. Егде жаста ғы адамдар үлесінің көбеюімен көрінетін халық тың қартаю үдерісі бала туудың жиынтық коэффициентінің төмендеуінен жəне өмір сүру ұзақтығының өсуінен туындайды: ол бүгінгі таңда жаппай дерлік байқалып отыр. БҰҰ болжамдары бойынша, 2050 жылға қарай егде жастағы адамдардың саны шамамен 1,5 миллиардқа жетеді де, ол жалпы өсудің 14,7 %-ына сəйкес болады. Тұтас қатардағы елдер мен аймақтардың болашақ дамуына елеулі ықпал ететін халықтың қартаюы маңызды үдеріс ретінде халықаралық ұйымдардың назарына алынып отыр. Қартаю проблемалары жөніндегі ең бірінші халықаралық құжатқа қартаю проблемалары жөніндегі іс-əрекеттердің Халықаралық жоспары жатады, осы құжатты 1982 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдады жəне ол халықтың қартаю проблемаларын тиімді шешу саласы мен егде жастағы адамдардың даму саласындағы мүмкіндіктерін қарауға қатысты үкіметтер мен азаматтық қоғамның əлеуетін күшейтуге нысаналанған. Халықтың қартаюы жөніндегі 2002 жылғы сəуірдегі екінші Дүниежүзілік Ассамблеяда БҰҰ мүше-елдері Саяси Декларация мен қартаю проблемалары жөніндегі Іс-əрекеттердің Мадридтік Халықаралық Жоспарын қабылдады, Жоспарда қартаю проблемалары жөніндегі стратегия мəселелері əлеуметтік қамсыздандырудың тар ауқымдарымен салыстырғанда анағұрлым кең мағынада қаралды жəне құжатта даму саласындағы саясат мəселелерін талқылау қажеттілігіне баса назар аударылады. Халықтың қартаю үдерісі – Қазақстан үшін біршама жаңа құбылыс жəне ол əзірше мемлекеттің стратегиялық құжаттары мен нормативтік-құқықтық актілерден жан-жақты сараптық бағасын жəне баламалы көрінісін тапқан жоқ. Сонымен қатар, қоғамда егде жастағы адамдар санының көбеюі Қазақстандағы əлеуметтік-экономикалық ахуалға əсерін тигізетін маңызды факторлардың біріне айналып келеді. Осы Есеп Қазақстандағы адам дамуы тұрғысында аға ұрпақ өкілдерінің ролі мен қажеттіліктерін тереңдеп зерттеген ең бірінші еңбек болып табылады. Есепте негізгі əлеуметтік жəне экономикалық сипаттамалар мен елде егде жастағы адамдар санының көбеюінен туындайтын салдарларға жəне осы үдерістің экономикаға, денсаулық сақтау жүйесіне, зейнетақы жүйесіне, ұрпақ буындары арасындағы, соның ішінде отбасындағы өзара қарым-қатынастарға тигізетін ықпалына талдау жасалады. Осы зерттеудің мақсаты – қоғамда орын алған əлеуметтік-экономикалық жағдайды жəнехалықтың қартаю призмасы арқылы оның перспективаларын талдау мен Қазақстандағы адам даму мүмкіндіктерімен байланысты проблемаларды анықтау. Есеп сондай-ақ халықтың қартаю жағдайларындағы адам дамуының өзекті проблемалары туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға, ұлттық жəне жергілікті деңгейлердегі арнайы бағдарламалар/іс- əрекеттер үшін қажет ұсыныстар əзірлеуге нысаналанады. Адам дамуы туралы Ұлттық есеп кіріспені, алты тарау мен қорытындыны қамтып, келесі аспекттердің шолуы мен талдауын береді: адам дамуы жəне егде жастағы адамдар; еңбек рыногы, табыстар жəне жұмыспен қамтылу; салауатты қартаю жəне сапалы медициналық қызметтерді қамтамасыз ету, барлық буындағы ұрпақтарға арналған білім; егде жастағы адамдардың саяси жəне қоғамдық өмірге қатысулары.

Наши рекомендации