Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлқының негізгі түрлерінің психологиялық сипаттамасы

Жоспар:

1. Шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі агрессия мен агресивтілік мәселелері.

2. Тәуелді мінез – құлықтың негізгі формалары.

3. Өзіне – өзі қол жұмсау әрекетінің мотивтері мен себептері.

Дәріс тезистері:

Адамзат тарихы агрессияның тұлға мен қоғам өмірінің бөлінбес бөлігі екендігі сенмді түрде дәлелдейді. Бұған қоса, агрессияның ,,, тартатын күші және жұғымталдық қасиеті бар: көптеген ұғымдар сөз жүзінде агрессияны жоқа шығарады, ал іс жүзінде оны күнделікті өмірінде кеңінен көрсетеді.

Латын тілінен ауарғанда “агрессия” – “шабуыл” деген мағына береді. Қазіргі уакытты “агрессия” сөзі аса кең мағынада қолданылады. Аталмыш құбылыс жағымсыз эмоциялармен (мысалы, ашумен) және жағымсыз мотивтермен (мысалы, зиян келтіруге тырысу), сонымен қатар жағымсыз нұсқаулармен (мысалы, нәсілдік қате түсініктермен) және бүлдіруші әрекеттермен байланыстырылады.

Психологияда агрессия деп өзгелерді өзіне бағындыру немесе олардан басым болу мақсатында шынайы іс – әрекетте немесе қиялдауда көрініс табатын үрдісті (ұмтылысты) айтады. Аталмыш үрдіс әмбебап сипатта болады.

Ал “агрессия” термині тұтас алғанда бейтарап мағынаға ие. Шынында, агрессия өмірлік мүдделер мен тірі қалуға қызмет етіп, жағымды мәнге ие болуы да мүмкін немесе өзінің агрессивті құштарлығын қанағаттандыруға бағыталып, жағымсыз мәнге ие болады.

Агрессияның психологиялық ақиқат ретінде нақты сипаттамалары бар: бағыттылық, көрініс табу формалары, интенсифтілік. Агрессияның мақсаты жәбірнеушіге (қастандық агрессия) жапа шектіру (зиян келтіру) және басқа мақсатқа жету тәсілі (инструменталды агрессия) болуы мүмкін. Агрессия сыртқы нысандарға (адамдарға, заттарға) немесе өзіне (денеге, тұлғаға) бағытталуы мүмкін. Қоғам үшін басқа адамдарға бағытталған агрессия ерекше қауыпті болып табылады. А.Бандура және Р.Уалтерс бұндай агрессияны асоциалды деп атайды және әлеуметтік – деструктивті сипатты іс әрекеттермен байланыстырылады. “Бұндай қарым-қатынасты қаламайтын, басқа тіршілік иесін қорлауға немесе оған зиян кеотіруге бағытталған” агрессивті мінез- құлық формалары айқын әлеуметтік – жағымсыз бағаға ие болады. (Бэрон Р., Ричардсон Д. “ Агрессия ”). Бұндай агрессивті-асоциалды мінез-құлық міндетті түрде зорлық – зомбылықты қамтиды ауру тудыратын вербалды немесе физикалық іс-әрекеттер. Қағида бойынша, ол агрессордың жағымсыз эмоциялары фонында (ашу, долылық, біреуді азаптауға, қорлауға құмарлық, байыпсыздық,) және өз кезегінде, жәбірленушінің жағымсыз әсерленушілігін тудырады (қорқыныш, қорлану). Бұндай мінез-құлықтың дұрыстығын мақұлдайтын нұсқаулардан қолдау табады (нанымдар, мифтер, сенімдер).

Агрессивті мінез-құлық сипаты көбінесе адамның жасына қатысты ерекшеліктерімен анықталады. Әр жас кезеңі дамудың спецификалық ерекшелігі оның үлкендердің бедел – абыройының төмендеуі фонында құрдастарының тобына тәуелділігі болып табылады. Бұл жаста агрессивті болу “мықты болып көрінуді немесе мықты болуды” білдіреді. Кез келген жасөспірімдік топтың көшбасшылары қолдайтын, өзіне тән рәсімдері мен мифтері бар. Мысалы, топқа мүшелікке қабылдау рәсімдері кең тараған (немесе жаңа келгендері сынау). Топтың таң қаларлық “униформасы” да (тұтас алғанда жасөспірімдердің киім үлгісі) рәсімді сипатта болады. Рәсімдер белгілі бір топқа жату сезімін күшейтеді және жасөспірімдерде қауіпсіздік сезімін тудырады, ал мифтер оның өмірлік әрекетінің идеялық негізіне айналады. Мифтер топ ішіндегі және сыртқы агрессияны ақтау үшін кең қолданылады. Мәселен, “ топ мүшесі еместерге ” қатысты жасалған кез келген зорлық – зомбылық мынадай байымдаумен ақталады: “олар сатқындар ... біз өзіміздікілерді қорғауымыз керек..., біз басқаларды өзімізді сыйлауға мәжбүр етуіміз қажет”. Топтық мифпен “ рухтандырылған ” зорлық – зомбылықты жасөспірімдер өздерінің күшін бекіту, батырлық және топқа шын берілгендік ретінде түсінеді. Сонымен бірге жекелеген жағдайларда агрессивті мінез – құлық бастаушылары әртүрлі себептермен бұзылған және өзін – өзі танытуды агрессия көмегімен жүзеге асыруға тырысатын жекелеген жасөспірім – аутсайдерлер болуы мүмкін.

Осылайша, агрессивті мінез – құлық балалық және жасөспірімдік жас үшін әжептеуір үйреншікті құбылыс. Оған қоса, тұлғаның әлеуметтену үдерісінде агрессивті мінез-құлық маңызды қызметтер атқарады. Қалыпта ол қорқыныштан арылтады, өз мүдделерін қорғауға көмектеседі, сыртқы қауіптн қорғайды, бейімделуге септігін тигізеді. Осыған байланысты агрессияның екі түрі туралы айтуа болады: зарарсыз – бейімдеуші және деструктивті – дезадаптивті.

Агрессия мен делинквентті мінез – құлық өзара шарттас екендігі анық. Шынында, заң бұзушылық әрекеттер көбінесе агресивті әреккеттермен бірге жүреді. Бұл пайдакунемдік мақсатта жасалған қылмыс болуы мүмкін, бұл жағдайда агрессия инструменталды сипатта болады, басқаша айтқанда, қандай да бір мақсатқа жетуге септігін тигізеді (тұрғын үйді алу үшін өлтіру, тонау барысында физикалық зорлық жасау, ақша тартып алу үшін қорқыту). Басқа зорлық-зомбылық қылмыстар жағдайында дұшпандылық мінез – құлықтың ең қауыпты формасы ретінде заңдармен тыйым салынған жәнемемлекеттік бақылауында болады.

Тұлғаның деликвентті мінез-құлқы мен агрессияның арасындағы өзара байланыс біркелкі емес. Заңдарды бұзу деңгейіне жеткен агрессивті мінез-құлықтың ең қауіпті формасы ретінде заңдармен тыйым салынған және мемлекеттік бақылауында болады.

Тұлғаның делинквентті мінез-құлқы мен агрессияның арасындағы өзара байланыс біркелкі емес. Заңдарды бұзу дегейіне жеткен агрессивті мінез-құлық еліктеудің салдары болуы мүмкін. Еліктеудің үлгілері туысқандар, құрдастар, басқа да маңызды адамдар бола алады. Агрессивті мінез-құлыққа еліктеуде делинквентті субмәдениет ерекше рөл атқарады. Асоциалды топ, қарақшы топ, бостандықтан айыру орны – бұл барлық әлеуметтік институттар тұрақты агрессивті мінез-құлық қалыптастырады.

Заң бұзушылық мінез – құлыққа қатысты әртүрлі әдістер мен ұғымдық аппарат қолданылады. Психологиялық әдебиетте, көбінесе оны “делинквентті” мінез-құлық ретінде түсіндіреді, яғни белгілі қоғамда және “белгілі бір уақытта бекітілген заңдарын ауытқушы нақты тұлғаның іс-әрекеттері, басқа адамдардың амандығына немесе әлеуметтік тәртіпке қауіп төндіретін және шамадан асып кетсе, қылмыстық тұрғыдан жазаланатын іс әрекеттер”. Заң бұзушылық әрекет жасаған тұлға делинквентті тұлға (делинквент), ал іс-әрекеттер делинктілер деп бағаланады.

Криминалды мінез-құлық – деликвентті мінез – құлықтың бұрмаланған формасы болып табылады.Тұтас алғанда делинквентті мінез- құлық қоғам ережелерінде (заңдарында) айқын көрініс тапқан, мемлекеттік өмірдің қалыптасқан нормаларына тікелей қарсы бағытталған.

Арнайы әдебиетте осы қарастырылып отырған термин әртүрлі мағынада қолданылады. “Делинквенттілік” ұғымын жасөспірімдік психиатрия тәжірбиесінде енгізе отырып, А.Е.Личко бұл ұғыммен қылмыстық жауапкершілік жүктемейтін, қоғамға қарсы ұсақ әрекеттерді шектейді. Бұл, мысалы мектепте сабақтардан қалу, асоциалды топқа ену, ұсақ бұзақылықтар, тіл тигізу азғантай ақша тартып алу, мотоциклдерді ұрлау. В.В.Ковален деликвентті мінез-құлық қылмыстық әрекет болып табылатындығын көрсетті. Шетелде кең тараған термин, көбінесе кәмелетке толмпған жасөспірімер жасайтын қылмысты білдіру мағынасында қолданылады.

Аса күрделі және әртүрлі “тұлғаның ауытқушы мінез-құлқы” санатының ішінен тәуелді мінез-құлық немесе тәуелділік деп аталатын тоа бөлініп шығады. Тұлғаның тәуелді мінез-құлқы маңызды әлеуметтік мәселе болып табылады, өйткені ол жұмысқа жарамдылықты жойып алу, айналасындағылармен қақтығыстар, қылмыстар жасау секілді жағымсыз салдарғаәкеліп соқтыруы мүмкін. Бұған қоса, бұл қалай болғанда да кез келген отбасының басына келетін, девиацияның ең кең тараған түрі болып табылады.

Көне заманнан бері тәуелді мінез – құлықтың әртүрлі формаларын зиянды немесе жағымсыз әдеттерді атаған, бұндай әдеттерге: ішімдікке салыну, артық жеу, құмар ойындар және басқа да әуестіктер жатқызылған .Қазіргі заманғы медициналық әдебиетте патологиялық әдеттер термині кеңінен қолданылады. “ Тәуелділік” ұғымы медицина саласынан енген, қазіргі таңда салыстырмалы тұрғыда жаңа және танымал болып табылады.

Барлық адамдар ауа, су, тағам секілді өмірге маңызды обьектілерге “қарапайым” тәуелділікті сезінеді. Адамдардан көбінде ата-анаға, достарға жұбайларына қатысты жақсы көрушілік сезімі болады. Кейде тәуелділіктің әдеттегі қатынасын бұзу байқалады. Мысалы, тұлғаның аутикалық, шизоидтық, қоғамға қарсы бұзылуы басқа адамдарға жеткіліксіз үйірліктің салдарынан туындайды.

Шамадан тыс тәуелділікке бейімділік, керісінше, мәселелік симбиотикалық қарым-қатынастар немесе тәуелді мінез-құлықтың тұлға тарапынан бір нәрсені немесе біреуді тегіс пайдаланушылықпен және оның мұқтаждықтарының бұзылуымен тығыз байланысты болып табылады. Арнайы әдебиетте қарастырылып отырған ақиқаттың тағы бір атауы қолданылады – аддиктивті мінез-құлық, ағылшын тілінен аударғанда “бейімділік, өлтіретін әдет” деген мағына береді.

Тәуелді (аддиктивті) мінез-құлық жеке тұғаның девиантты мінез – құлық түрі ретінде, өз кезегінде, көбінесе аддикция нысаны бойынша анықталатын көптеген түрлерге бөлінеді. Теориялық тұрғыдан (нақты жағдайларда) бұл кез келген нысандар немесе белсенділік формалары болуы мүмкін – химиялық зат, ақша, жұмыс, ойындар, физикалық жаттығулар немесе жыныстық қатынас.

Шынайы өмірге тәуелділіктің мынадай түрлері түрлері кең тараған:

а) психоактивті заттар (заңды және заңсыз есірткі заттары):

ә) ішімдік (көптеген сыныптамаларда бірінші топқа жатқызылады);

б) тағам;

в) ойындар;

г) жыныстық қатынас;

ғ) дін және діни ғибаттар.

Осы аталған нысандарға байланысты тәулді мінез-құлықтың төмендегі формалары анықталады:

· Химиялық тәуелділік (шылым шегу, токсикомания, есіркіге тәуелділік, дәрі-дәрмеккке тәуелділік, ішімдікке тәуелділік);

· Тамақтану тәртібін бұзу (артық жеу, ашығу, тамақтан бас тарту);

· Гэмблинг – ойындарға тәуелділік (компютерлік тәуелділік, құмар ойындар)

· Сексуалды аддикациялар (зоофилия, фетишизм, пиггмалионизм, трансвестизм, эксбиционизм, вуайеризм, некрофилия, садомазохизм (глоссарийді қараңыз));

· Діни деструктивті мінез-құлықтар (діни фанатизм, секталарға қатысу).

Адамдардың өмірінің өзгеруіне байланысты тәуелді мінез-құлықтың жаңа формалары пайда болады, мысалы бүгінгі таңда компьютерлік тәуелділік өте тез тарап бара жатыр. Бұған қоса, кейбір формалар өзінің девианттылығын жоғалтады. Мәселен, біздің ойымызша, гомосексуализмді қазіргі әлеуметтік жағдайда девианттылыққа жатқызуға болмайды, әрине ол күмансіз маргиналды мінез-құлық ( норманың шеткі шекарасынанорын алатын және әзірге адамдар қабылданған мінез- құлық) қатарында қала береді. Тәуелді мінез-құлыққа шынайы зиян келтірмейтін, белсенділікпен күнделікті формаларын жатқызудан аулақ болу қажет.

Сонымен, тәуелді (аддиктивті ) мінез-құлық өзін-өзі реттеу немесе бейімдеу мақсатында бір нәрсені немесе біреуді теріс қолданумен байланысты, тұлғаның ауытқушы мінез- құлқының формаларының бірі.

Өлім тақырыбы әрқайсымыздың санамызда орын алады және жас өскен сайын мәселеге айналады. Кейбір адамдар үшін ол ерекше маңызды болып табылады. Бүгінгі таңда өз-өзіне қол жұмсау әрекеті ғаламдық қоғамдық мәселе болып табылады. Әлемде жыл сайын 400-500 мыңға жуық адам өзін – өзі өлтіреді, ал өзіне – өзі қол жұмсау әрекеті он есе көп. Өзіне өзі қол жұмсау еуропа елдерінде өлтіруден шамамен үш есе көп.

Өзіне-өзі қол жұмсау немесе суицид (латын тілінен аударғанда: “өзін өлтіру”) – әдейі өз өмірін қию. Өзінің іс-әрекеттеріне есеп бере алмайтын немесе оларды басқара алмайтын адамдар жасаған өлім, сонымен қатар субьектінің абайсыздығы нәтижесінде болған өлім өзіне-өзі қол жұмсауға жатпайды, қайғылы оқиғаға жетеді.

Біздің заманымызда өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері біркелкі патологиялық әрекет ретінде қарастырылмайды. Көптеген жағдайда бұл психикалық тұрғыдан қарапайым адамның мінез-құлқы. Бұған қоса, суицид туралы өзін өзі құрту мінез құлқының ең шеткі нүктесі деген көзқарас қалыптасқан.

Өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлқы өзінің өмірін қию туралы түсініктермен басқарылатын саналы іс әрекеттер қарастырылып отырған мінез-құлық құрылымын төмендегі топқа бөлінеді:

а) өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті;

б) өзіне-өзі қол жұмсау көріністері;

Осылайша өзіне-өзі қол жұсмсау мінез-құлқы бір мезгілде ішкі және сыртқы деңгейде жүзеге асады.

Өзіне-өзі қол жұмсау ерекшеліктеріне адам жасы елеулі әсер етеді. Мысалы, бозбалалық немесе қартаюдың басы секілді дағдарыс кезеңдері өзіне-өзі қол жұмсауға дайындықтың жоғары екендігімен сипатталады.

Жасөсірімдердің арасында өлтіруге әрекет жасау балаларға қарағанда жиірек кездеседі, олардың кейбіреулері ғана мақсаттарына жетеді. Аяқталған суицидтердің жиілігі барлық өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттернің 1 % - нан аспайды. А.Е.Личко 10 % жасөспірім ғана өзін-өзі өлтіруді шынымен қалайды, 90 % жасөспірім үшін бұл көмекке шақыру ғана екендігін атап көрсеткен. Б.Н.Алмазов 14-18 жас аралығындағы өзін-өзі жас аралығындағы өзін – өзі әдейі жаралған жасөспірімдерге зерттеу өзін – өзі өлтіру ойы болғандығын айқындаған. Көптеген экцесстер құрдастарымен ұрсысып қалғаннан кейін, сонымен қатар, батырлық немесе “ бауырласу ” салты ретінде жүзеге асқан. А.Е.Личко, А.А.Александров, 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге зерттеу жүргізе отырып, өзіне-өзіне қол жұмсау іс әрекеттінің 49% қатты аффектілі реакция кезінде болған деген қорытындыға келген. Сонымен қатар жасөспірімдер тобына психикалық бұзылулар рөлі артады, мысалы, депрессия. Депрессияның “балалық ” белгілеріне іші пысу және шаршау сезімдері, ұсақ – түйекке баса назар аудару, бүліккке және тіл алмауға бейімділік, ішімдік пен есірткіні шамадан тыс қолдану жатқызылады.

Тұтас алғанда жасөспірімдердің ата – аналарымен және құрдастарымен тұлғааралық қарым – қатынастарының олардың өзіне – өзі қол жұмсау әрекетіне маңызды ықпалы туралы айтуға болады. Л.Я.Жезлованың пікірінше, өтпелі кезкң алдында “отбасылық” мәслелер басым болса, пубертаттық кезеңде жаста “сексуалды” және “махабаттық” мәселелер басым болады.

Өкінішке орай, аз зерттелген басқа маңызды фактор жасөспірімдік субмәдениеттің ықпалы. Міне, “Иванушки Интернешнл” тообының көшбасшының өзін-өзі өлтіруге туралы 1999 жылы БАҚ жарияланған хабарламаға жауап ретінде бірнеше жасөспірім қыздар өз кумирін үлгі етіп, өз -өздеріне қол жұмсаған.

14 жастан кейін өзіне-өзі қол жұмсау қыздар мен бозбалаларда шамамен бірдей болады. Жас кезде өзін – өзі өлтіру көбінесе интимдік – жеке тұлғалық қатынастармен, мысалы, махаббаттағы сәтсіздікпен байланысты болады. Сырқы және ішкі жағдайлар өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін жеңілдетеді, бірақ оны алдын ала анықтамайды.Суицидті “ асқындырушы” болатын шынайы себептері ішкі мотивтерге байланысты.

Жағдайға байланысты өзін-өзі өлтірудің әртүрлі мотивтері пайда болуы мүмкін: наразылық, кек, үндеу, назар, көмек, жазадан қашу, азап шегу, өзіне – өзі жазалау, өмір сүруден бас тарту.

Мысалы, жасөспірімдердің өзіне – өзі қол жұмсау әрекеттеріне мынадай ниеттенулер бөлінеді.Бұл дистресс сигналы болуы мүмкін: “ Маған көңіл аударыңыздар, маған көмек қажет”. Сонымен қатар, жасөспірімнің басқаларға манипуляция жасауы, мысалы, қыз бала дәрі дәрмек ті үлкен көлемде ішіп, өз досын оған қайтып оралуға мәжбүр етуге тырысады.Басқа вариант – ата – аналарына айту арқылы, басқаларды жазалауға тырысу: “Сіздер мен өлгенде өкінесіздер”. Қатты құят және кінә сезідерге реакция, жанға жара салатын жағдайлармен кездесуден қашуға тырысу; түрлі есірткілердің әсерлері – бұның бәрі себепкер факторлардың мысалы. Осылайша, өзіне-өзі қол жұмсау мінез – құлқы өлуді қалаудың дәрежесін дәл бағалауға негізделуі керек.

Наши рекомендации