Азақстан Республикасының құқықтың қайнар көздерінің қайсысы негізгі болып табылады?

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Институтут Экономика және құқық

Кафедра Мемлекет және құқық теориясы

2 курс студенттеріне арналған

5В010300-«Педагогика и психология», 5В010500-«Дефиктология»,

5В010100-«Мектепке дейін оқыту және тәрбиелеу», 5В012300 –«Әлеуметтік педагогика», 5В010200-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 5В012000-«Кәсіптік білім», 5В010800-«Дене шынықтыру», 5В060200-«Информатика», 5В070500-«Математиканы компьютерлік моделдеу»

«Құқық негіздері» пәнінен практикалық сабақтарға

әдістемелік нұсқаулық

Ақтөбе қ.

Орындаушы

Аға оқытушы, құқық магистрі ____________ Молдабеков Е.Б.

«___»____________ 20__ ж.

КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Хаттама № __ “__” _______________ 20 _ ж.

Кафедра меңгерушісі

З.ғ.к, доцент _______________ Нурлин А.Қ.

Алғы сөз

«Қазақстан Республикасының құқық негіздері» пәнің негізгі мақсаты – қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқытудың негізгі мақсаты заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтық жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік – құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси – құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.

оқу - әдістемелік кешенінің мақсаты - студент дәрістен алған білімдерін, семинар және өз бетіндік жұмыс сабағында ұштастыра білу үшін және тәжірибеде пайдалануды дағдыға айналдыра отырып, мынандай міндеттерді алға қою қажет:

А) түсінік болуы:

Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқытары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормалары туралы түсінік алу.

Б) білу керек:

Алған білімінің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды, оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық қағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімнің тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік – құқықтық құбылыстарды параллель мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студенттерге заң шығарушылық базаны құықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасынан ашу.

В) істеу алу керек:

- құқықтық құбылыстарды аналитикалық талдау жасауға;

- алған құқықтық білімді өмірлік тәжірибеде пайдалануға;

- өз беттеріңше құқықтық нәтижесі бар шешімді қабылдауға;

- кез-келген құқықтық жағдайдың мәнін түсінуге;

- таным көкжиегін кеңйтуге, заңдарда бекітілген құқықтарыңызды дұрыс қолдануға, заңды міндеттеріңізді толық орындауға қабілеттеріңізді дамытуға.

«Құқық негіздері»оқу курсы студенттердің құқықтық санасының дамуына және құқықтық мәдениеті деңгейінің өсуіне ықпал етеді.

«Құқық негіздері» курсы оқу жоспарына сәйкес, 2 кредит сағатқа есептелген. Аудиториялық сағат саны –30 сағат, оның ішінде: 15 сағат дәріс, 15 сағат практикалық сабақ, 60 сағат СӨЖ.

Бұл пәнді оқып - үйренуде студенттер Әлеуметтану, Философия, Саясаттану, Қазақстан тарихы, ҚР мемлекет және құқық тарихы. пәндеріндегі алған білімдерін негізге алады.

Құқық негіздер курсының пәні және жүйесі.

1-тақырып:Құқық негіздер курсының пәні және жүйесі

Практикалық сабақтың жоспары:

1.Құқықтың негізгі белгілері және анықтамасы.

2.Құқықтың түсінігін анықтауға нормативтік және кең қадам.

3.Құқықтың пайда болуы.

4.Құқықтың мәні.

5. Қоғам өміріндегі құқықтың ролі

6.Құқықтың әсер етуінің негізгі бағыты.

7.Құқықтық нормалардың түсінігі және

Сабақтың мақсаты: Құқықтың ұғымы мен негізгі категорияларына түсінік беру

Бақылау сұрақтары:

1. Құқықтың негізгі белгілері және анықтамасы қауымдық қоғамнан айырмашылық белгілері

2. Құқық нормасының алғашқы қауымдық құрылым нормасын ерекшелігі неде?

3. Құқық жүйесіне қандай элементтері кіреді?

4. Мемлекет механизмінің құрылысына қандай элементтер қіреді?

5. Құқық түсінігі және белгілерін атаңыз?

6.Құқықтың қайнар көздерін атаңыз?

7. Құқық қолдану актісі мен сатылары….

8. Коғамның саяси жүйесі…

9. Қазақстан Республикасы құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде?

10. Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы.

2. Глоссарий:

Өкілеттілік – лауазымды орнына байланысты және кейбір мәселелерді шешу үшін қажетті субъектіге берілген біртұтас комплексті құқық пен міндеттілік .

Қабілеттілік – заңмен белгіленген , өзінің құқығы мен міндетін өз әрекетімен жүзеге асыру.

Құқық жүйесі – құқықтың ішкі құрамы, бірімен-бірі тығыз байланыстағы нормалар, институттар, құқық салалары және оған қосымшалар.

Қоғам –экономикалық және рухани біртұтастықпен , өмір сүру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипаттайтын ,белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.

Құзірет- мемлекеттік орган, сондай-ақ , сол бір немесе өзге лауазымды тұлғаға иеленетін және тиісті заңды құжатта бекітілетін биліктік құқықтардың мазмұны мен көлемі.

Құқық бұзушылық- қылмыскерлердің кінәлі , құқыққа қарсы, қоғамға зиянды әрекеті, қоғамның мүддесіне мемлекетке , жеке адамға зиян келтіреді.

Қосымша нормативті акт-заңның негізінде және оны орындау үшін шығарылған нормативті акт.

Тапсырма:

Құқық қатынастарының субъектілері

Индивидтер (жеке тұлғалар ) Әлеуметтік қауымдастықтар Ұйымдар (заңды тұлғалар)
    Мемлекеттік Мемлекеттік емес
       
       
       

Тапсырма:

Кестені толытырыңыз.

Құқықтық мемлекеттің белгілері
   
   
   
   
   
   

Тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1.Алғашқы қауымдық қоғамда адамдардың мінез-құлықтарын қандай нормалар реттеп отырды:

A. діни нормалар; С. Әлеуметтік нормалар:

B. заң нормалары; Д. саяси нормалар; Е. Билікті.

2.Мына құбылыстардың қайсысы тікелей мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға жатады:

A. саяси сана және саяси мәдениет

B. заңдылық,нормативті- құқықтық актілер,құқықтық сана,мемлекеттік аппарат

C. салт-дәстүр,ізгілік,мәдениет

D. әдет-ғұрып,мораль,дін

E. экономика,өндіргіш күштер,қаржы,салықтар

3.Күштеу теориясы бойынша мемлекеттің туындауына басты себептерді атаңыз:

A. ақшаның пайда болуы,қалалардың,қолөнер кәсібінің дамуы,пайда болуы

B. тайпалардың бірін-бірі жаулап алуы,олардың жеңгендерінің үстемдік құруы

C. таптардың пайда болуы,олардың араларында ымырасыз,бітіспес күрестің туындауы

D. климаттық жағдайдың өзгеруі,өндіріс құралдарының дамуы

E. мемлекет құру үшін адамдардың арасында еркін,өз ықтиярларымен келісімдердің жасалуы

4.Мемлекеттің негізгі белгі- нышандары қандай

A. ұлттық валюта, әскер, полиция

B. мемлекет егемендігі,жалпыға бірдей ережелерді қабылдау,билік аппаратының және салық жүйесінің болуы

C. аумақ,халық,әдет-ғұрып

D. астана,жалау,елтаңба,әнұран

E. сан алуан саяси партиялар,абақты,банк,қоғамдық ұйымдардың міндетті түрде болуы

5.Гумплович, Дюринг, К.Каутский мемлекет және құқықтың пайда болуы жөніндегі теориялардың қайсысын зерттеп зерделеді?

A. Патриархалдық : В: күштеу теориясын : С: психологиялық . Д: таптық: Е:органикалық

6.Мемлекет пен құқықтың п.б.таптық теория тұрғысынан түсіндіруді ұсынған ғалымдар:

Нұсқа 2

1.Азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың басты қағидасы:

A. Мемлекет пен ҚР азаматының өзара жауапкершілігінің қағидасы

B. Теңдік қағидасы

C. Әрбір азаматтың міндеттілігі қағидасы

D. Азаматтың мемлекеттік билікке бағыну қағидасы

E. Азаматтың мемлекетке қатысты тек қана құқықтары басты қағидасы

2.ҚР аумағында шетелдік мемлекеттердің кәсіподақтарының қызметіне:

A. Жол беріледі

B. Шетелдік мемлекеттің кєсіби одақтары ҚР бекітілген халықаралық шарттар шеңберінде әрекет еткен жағдайда жол беріледі

C. Жол берілмейді

D. Шетелдік мемлекеттің кәсіби одағының жарғысы ҚР заңнамалық актілеріне қайшы келмеген жағдайда жол беріледі

E. Олардың қызметтері мемлекеттік қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмеген жағдайда жол беріледі.

3.Аумақтық сайлау комиссияларын мәслихаттар мыналардың ұсыныстары негізінде сайлайды:

A. Облыс әкімдерінің

B. ҚР азаматтарының

C. Депутаттыққа кандидаттардың

D. Саяси партиялардың

E. Мєслихат хатшыларының

4.ҚР Үкіметінің құрамына кімдер кіреді?

A. ҚР Премьер- министрі, Премьер- министрдің орынбасарлары, министрлер және өзге де лауазымды тұлғалар

B. Премьер – министр, министрлер, мемлекеттік комитеттердің төрағалары

C. ҚР Премьер-министрі, орынбасарлары, министрлер, мемлекеттік комиттер мен агенттіктердің төрағалары

D. ҚР премьер – министрі, министрлер, агенттіктермен басқа да ведомоствалар төрағалары

E. ҚР премьер – министрі, министрлер, агенттіктер төрағалары мен облыс әкімдері

5.ҚР Конституциялық Кеңесінің құрамына қанша адам кіреді?

А,7 адам В,15 адам С,4 адам Д,8 адам Е,10 адам

Нұсқа 3

1.ҚР Конституциясы бойынша берілген азаматтардың өлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтары:

A.денсаулықты сақтау, меншік иесі болу, білім алу

B.заң жобаларын талқылауға , қоғамдық және діни бірлестіктерді құру

C.өмір сүру, меншік иесі болу.отбасын құру

D.басқару істеріне араласу, діни бірлестіктерді құру

E.бірлестіктерді құру

2.Қазақстан Республикасының коституциясы егемендік алганнан бері неше рет қабылданды және қашан?

A.1993 ж. 25 ңазан, 1995 ж. 30 тамыз - 2 рет

B.1991 ж. 25 қаңтар - 1 рет

C.1992 ж. 1 шілде, 1993 ж. 15 қараша,1995 ж. 30 тамыз-3 рет

D.1993 ж. 15 қараша

E.1992 ж. 1 шілде

3.Қазақстан Республикасының Үкіметін кім құрады?

A.Президент B.Халық C.Конституциялық кеңес D.Сот E.Парламент.

4.Азаматтардың конституция бойынша берілген міндеттері:

A.Азаматтық борышын өтеу, салық төлеу, конституцияны сақтау

B.Еңбек ету, отбасын құру, білім алу

C.Өмір сүру, сайлауға қатысу

D.Орган арасындағы қатынас

E.салық төлеу

5. Нормативтік қүқықтық актілер неше топқа бөлінеді?

A,2 B.3 C.4 D.5 E.

Нұсқа 4

1.Заңның ең жоғарғы күші дегеніміз нені білдіреді?

A.Заңдылық мемлекеттің жоғаргы өкілеті мен заң шығарушы органы қабылдайды

B.Заңдардың күшін жоюды қабылдаған орган ғана жасайды

C.Барлық құқық актілер заңдарға қайшы келмеуі тиіс

D.Заң үстем E. өкілеттілігі

2.Мемлекеттің функциялары /қызметі/ нешеге бөлініп топталады?

A.3;В) 2; С) 4; D 5;Е) 6

3.Азаматтың құқық бұзушылық дегеніміз -

A.Кәсіпорындар мен мекемелердің ішкі тәртібіне нұқсан келтіретін құқыққа қарсы әрекет B.Белгілі бір тұлғаның әрекеті мен әрекетсіздігі

C.Мемлекеттік немесе қоғамдық басқару тәртібіне, азаматтардың меншігіне, құқығы мен бостандығына нұқсан келтіру мақсатында жасалған құқыққа қарсы кінәлі әрекет

D.Заңсыз әрекеттер, E.заңға қайшы келісім шарт жасау

4.Мәміле дегеніміз:

A.кездесоқ жағдайлардың шиеленісуінен пайда болатын мінез-құлық

B.заңға қайшы келетін белсендігі C.азаматтарға заңға сәйкес іс әрекеті

D.құқыққа қарсы кінәлі әрекет E. інез-құлық ережесі

5.Құқықтық реттеу тәсілдерін көрсетіңіз:A. Мәжбүр ету, сендіру

B.бастапќы тәсіл, туынды тәсіл C. позитивтік міндеттеу, тыйым салу, рұќсат ету

D.мемлекеттік-биліктік нұсќама, бұйрыќтар, жарлықтар, өкімдер

E.әкімгерлік, рұқсат ету, нормативтік

Нормативтік-құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы, 21.05.2007 ж.

2. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі» туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. 16.12.1991 ж.

3. Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бөліністері туралы Қазақстан Республикасының заңы 08.12.1993 ж.

Әдебиеттер:

1. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Жеті Жарғы: А,

2001 ж.

2. Дулатбеков Н, Амандықова С, ТурлаевА; Мемлекет және құқық негіздері. Фолиант. Астана; 2001 ж.

3. Алексеев С.С. «Государства и права» М, 1994 ж.

4. Жоламанов К; Мұхтарова А; Таукелев А; Мемлекет және құқық теориясы. А; 1999 ж.

5. Ағдарбек Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы 2003ж

2-тақырып: Құқық теориясының негіздері,мемлекет жәнеқұқық теориясының қалыптасыуы мен дамуының тарихы

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Мемлекет және құқықтың пайда болуы

2. Мемлекет пен құқық түсінігі және белгілері

3. Мемлекет нысаны. Мемлекет механизмі

4. Құқықтың қайнар көздері. Құқық жүйесі

5. Құқықтық қатынастар

6. Құқық бұзушылық түсінігі мен түрлері

Сабақтың мақсаты: мемлекет және құқықтың ұғымы мен негізгі категорияларына түсінік беру

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттің алғашқы қауымдық қоғамнан айырмашылық белгілері

2. Құқық нормасының алғашқы қауымдық құрылым нормасын ерекшелігі неде?

3. Құқық жүйесіне қандай элементтері кіреді?

4. Мемлекет механизмінің құрылысына қандай элементтер қіреді?

5. Құқық түсінігі және белгілерін атаңыз?

6.Құқықтың қайнар көздерін атаңыз?

7. Құқық қолдану актісі мен сатылары….

8. Коғамның саяси жүйесі…

9. Қазақстан Республикасы құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде?

10. Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы.

Глоссарий:

Абсолюттік монархия – монархиялық басқару нысанының бірі.бір адамның – монархтық шексіз мемлекеттік билігін сипаттайды

Автономия – мемлекет жерінің бір бөлігінің өзін - өзі билеу нысаны, ішкі мәселесінің шешудегі еркіндігі мен сипаты

Вето– парламент қабылдаған заң жобасына мемлекет басшысының қол қоюға қарсылығы

Заң– ерекше жағдайдағы заң шығару органдарының билігімен қабылдаған, халықтың еркін білдіретін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғары заңдылық күші бар нормативтік акт

Мемлекет – белгілі аумақ көлеміндегі саяси биліктің ұйымы

Азаматтық қоғам – адамгершілік, діни, ұлттық әлеуметтік – экономикалық, отбасы қатынастарының және институттарының жиынтығы

Мемлекеттік аппарат – мемлекеттің алдындағы негізгі мақсаттары, міндеттері іске асыруға қажетті мемлеекттік органдардың жиынтығы.

Демократиялық режим – мемлекеттік

Дуалистік монархия – шектклген монархия түріне жатады, конституция көлемінде әрекет етеді

Заң шығару билігі– халықпен сайланған орган, заң шығару арқылы қоғамның даму стратегиясын жасауға арналған.

· Тапсырма:

Төменде көрсетілген кестелерді толытырыңыз:

1. Заң ғылымдарының жүйесін талдап толтырып беріңіз.

Тапсырма: Әрбір заң ғылымының салаларына қысқаша анықтама беру.

Заң ғылымдарының жүйесі
Жалпы теориялық заң ғылымы    
Мемлекет пен құқық туралы жалпы тарихи ғылымдар: _____________________________   _____________________________   _____________________________
Салалық заң ғылымдары: ___________________________ _____________________________ ___________________________  
Қолданбалы заң ғылымдары:   _______________________________   ___________________________   ______________________  

Тапсырма:«Мемлекеттің пайда болу теориялар» атты тақырыпқа Портфолио дайындау.

«Мемлекеттің функциялары» деген тақырыпта кестені толтырыңыз.

Мемлекеттің ішкі функциялары Мемлекеттің сыртқы функциялары
   
   
   
   
   
   

Тапсырма: Мемлекеттің пайда бол теориялары ежелден-ақ адамдарды толғандырып, олардың қызығушлығын туғызып келді. Мәселен; Ж.Ж. Руссоның келісім теориясы:

- Мемлекет пайда болуы келісім шарт теориясы негізінде пайда болды.

- Озбырлық теориясы мәжбүрлеу факторларын мемлекеттің пайда болу және даму процестеріндегі бірінші себебі деп санады. (Дюринг, Гумплович, Кауцкий).

– Диалектикалық-материалистік теория мемлекеттің пайда болуын табиғи-тарихи себептермен- өндіріс қаржысына жеке меншіктің пайда болуымен, қоғамның тапқа бөлінуімен, шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың теңсіздігімен, таптық қарама-қайшылықтың ымырасздығымен түсіндіреді. (Маркс, Энгельс, Ленин).

– Мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністеріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғышқы қауымдық қоғамның жоғары топтарына тәуелділікті сезінумен, белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсіну мен және т.б. байланыстырады. Психологиялық теория өкілдерінің қатарынан Л. Петражицкий мен Г. Тардты атауға болады.

а). Жоғарыда келтірілген Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгі позициялар қандай еді?

б). Мемлекет пен құқықтың пайда болу негізгі теориялары не себептен көп деп ойлайсыз?

в). Барлық ұлттарда мемлекеттің пайда болуының жалпы алғы шарттары қандай деп санайсыз?

«Мемлекеттің пайда болу туралы теорияларының» анықтамаларын толтырыңыз.

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар:

Теологиялық -
Патриархалды -
Шарттық -
Күштеу теориясы
Психологиялық -
Органикалық  
Ирригациялық
Материалистік

Тапсырма: Парламентті монархияның белгілерін талдап беріңіз.

Кестені толтырыңыз.

Құқықтың белгілері
 
 
 
 
 

Тапсырма: Дуалистік монархияның белгілерін атаңыз.

Құқықтық реттеушіліктің негізгі құрамды бөліктерін атаңыз...

Тапсырма:

Кестені толтырыңыз. Құқық салаларының жіктеңіз.

Конституциялық құқық
Негізгі салалар  
     
Процессуальды құқық
     
Арнайы сала  
Кешенді сала  

Тапсырма: Мемлекет адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып қалыптасуына байланысты, мемлекеттің формаларымен, оның әлеуметтік жағы мен функцияларыда өзіндік қызмет атқарады.

а) Мемлекеттің формасы дегеніміз не?

б) Мемлекет формасындағы үш негізгі элементті атаңыз?

в) Басқару формасы дегеніміз не? Монархиялық және республикалық басқару формасын қысқаша мағлұмат беріңіз..

г) Беларусь Республикасында не себепті аралас республикалық басқару формасы? Аралас басқару формасының ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

Мәнжазба тақырыптары:

1. Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары

2. Мемлекет түсінігі және белгілері

3. Мемлекеттің құрылыс нысаны

4. Құқытық норма тісінігі мен құрылымы

Блиц-тесттер:

1. Мемлекеттік органдар әрекетінің аумақтық сипатына байланысты бола алады:

A) Федералды;

B) Жалпы өкіметті;

C) Алқалы;

D) Құқық жасаушы;

E) Өкілді.

2. Құқықтың негізгі қағидалары:

A) Демократизм, әділдік, бостандық, тендік;

B) Құқықтық міндеттерден басымдылығы;

C) Әлеуметтік әділетсіздік;

D) Моральдық міндеттілік;

E) Анархизм, цинизм.

азақстан Республикасының құқықтың қайнар көздерінің қайсысы негізгі болып табылады?

A) Нормативтік-құқықтық акт;

B) Сот үлгі ісі (прецедент);

C) Мононорма;

D) Құқықтық әдет-ғұрып;

E) Нормативтік шарт.

Наши рекомендации