Шет ел педагогикасындағы әлеуметтік – педагогикалық идеялардың негізгі бағыттары (60 – 90 жыл) хронологиялық талдау жасаңыз.

Әлеуметтік педагогика» термині Реседе соңғы 70 жылдың ішінде қолданылмаған, бірақ әлеуметтік педагогиканың идеялары, тәжірибесі, қағидалары, балаларды қорғау және әлеуметтік тәрбие ертеден бар.Ресейдегі әлеуметтік жұмыстың тарихына, әлеуметтік педагогиканың мәселелеріне көз жіберсек, елде болған балаларды қорғау үйі, т.б. болғанын білеміз. ертедегі славян халқының тұрмыс- тіршілігін зерттеу орыс жерінде рухани және отбасы тәрбиесі қашанда негізгі мәселе болғанын көрсетеді. Славян жазбасының ескерткішіндегіт (II м.ж.) «Влесовой» кітабында: «Кәрі Илур өз балаларын әрдайым түнде оқытты. Себебі, гректер (Сурожды жаулап алған (Крым)) славян сауатын окуға тыйым салды». Олар бозбалаларды шынығуға, соғыста төзімді болуға үйретті, себебі: славяндарға толассыз жаулардан қорғануға тура келетін. Христиан дінін қабылдағаннан кейін, әйелді өлген күйеуімен бірге жерлеу дәстүріне тыйым салынды. Өйткені, жетім балалар көбейіп кетті. VIII-IX ғасырларда Ресей шағын отбасына көшеді. Ол жұбайлардан және балалардан құралған. Шағын отбасы кейін көп балалы болады әрі оларға ата –анасы қамқорлықпен қарайды. Сондықтан, IX ғасырда мемлекетте балаларды қорғау саясаты пайда болды. Кішкентай жетімдерге қауым емес, отбасылар қарады. Ата-анасының өлімінен кейін оларды қамқорлыққа алу, мүлікке ие болу мәселесі шешілді. Тақырыптың мәнін толығырақ ашу үшін, әдеби тұлғаларға зер салсақ. Владимир Мономах « Өсиетнамасында» балаларды тәрбиелеуді бір ғана үгіттің әсерімен тәрбиелей алмайсың деп ескертеді. Балаларды мінез-құлыққа және әдепке үйрету керек деді,яғни, «әңгімені қысқа айту», «үлкендер тұрғанда үндемеу», «сөзбен қаһар көрсетпеу», «үлкендерден ұялу», т.б. балаға үлкенді және өзінің құрдастарын сыйлау, адамдарға пайда көрсету, сөзге берік болу, жалқау болмау және басқалардың қайғысына ортақтасу, қайырымдылық жасау, т.б. насихаттап отырғаны дұрыс. XVIII ғасырға дейін Ресейде әлеуметтік тәрбиені отбасы, шіркеу, аймақтық және25 этникалық қауым іске асырды. Бұл кезеңнің әлеуметтік педагогикасы отбасылық, діни сословиелік және халықтық тәрбиені қамтиды. Отбасы тәрбиесінің өзіндік энциклопедиясы сол заманнан XVI-XVII ғасырдан бүгінгі біздерге жеткен әдеби ескерткіш «Домострой» болып табылады. Онда автор оқырманға шару жайын және өз шаруашылығын жүргізу керектігін үйретеді. Яғни,құдайды құрметтеуге, шіркеу мен патшаны сыйлауға, шыдамды болуға, жауыздықты жоюға, кек алмауға және баланы тәрбиелеуге шақырады. «Домострой» тұрмыста қаталдықты басшылыққа алуға, үнемдеуге үгіттейді, пайда табуды үйретіп, қарыздан қашу кеңестерін береді. «Домострой» бойынша балаларды «құдайдан қорқу» мен білім алу арқылы ақылды, сыпайылықты, шеберлікті меңгере аласың деп тәрбиелеу керек деді. Сондай-ақ, онда білімнің баланың жас ерекшелігіне, қабілетіне, нышандарына сәйкес болуын қадағалаған. Тәрбиенің тағы бір ерекшелігі балаларды, яғни, қыздарды анасы «қолөнершілікке» баулыса, әкесі ұлдарын шаруашылықты жүргізуге үйрету керек деп баяндалған. XVI ғасырда қоғамда, отбасында өзін-өзі ұстауға басшылыққа алатын кітаптар бірнешеу болған. Осы ғасырда пайда болған «Домострой» екі басылым түрінде жарық көрді: (новгородтық) кішкене толықтырылған және кейінгі аздап қысқартылған (мәскеулік). Бүгінде бізге жеткен «Домостройдың» әйгілі нұсқасы Иван Грозныйдың кеңесшісімен протопоп Сильвестермен түзетілген басылым болатын. Тәрбие үйлері (мәскеулік және петерборлық) император әйелден қомақты қаржы және жеңілдіктер алып отырды. Москва тәрбие үйін құрғанда император әйел және оның мұрагері 150 мың сом және жер алқабын берді. 1777 жылы сенат жарлығымен Петербургта тәрбие үйі ашылды. Император әйелдің басқаруымен қараусыз, аш қалған балалар тәрбие үйіне тіркеуге алынды. Кейін тәрбие үйлері Ресейдің т.б. үлкен қалаларында ашылды. Денсаулығы нашар балалар тәрбие үйінде тәрбиеленіп, онда 21 жасқа дейін қалдырылды. Тамақ және25 киімге төлем балалардың жас ерекшелігіне байланысты болды. Бұл балаларға дәрігерлер және тәрбие үйінің тәрбиешілері қарады. Үйде шеберханалар болды. 1892 жылы Санкт-Петербург тәрбие үйінде 33955 баланы және ересектерді (құрылғаннан кейін 100 жылда)қамқорлыққа алған. Олардың ішінде емшек еметін балалар, жетімдер т.б. болды. Тәрбие үйі қамқорлық орталығы болған. Ресейдегі әлеуметтік педагогиканың теориялық және практикалық тұжырымдарының өзара сабақтаса дамығандығы анық байқалады.

51. Әлеуметтік педагогиканың негізгі ұстанымдары әлеуметтік тұлғаға байланысты дегенді түсіндіріңіз.----- 52. Әлеуметтік педагогиканың қандай негізгі ұстанымдары тұлғаның қалыптасуы және дамуының әлеуметтік факторымен байланысты айқындаңыз.

Әдіснамалық ұстаным зерттеу нысанына алынып отырған педагогикалық құбылысты өзгертуге негіз болатын қағидалар жиынтығы. Ұстаным ізденушіге, алға қойған мақсатқа жету жолын, алға тартқан нәтиже сипатын және қолданатын тәсілдер мен құралдарды тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Осы себепті, ұстаным практика үшін реттеуші, бағыттаушы, болжаушылық күшке ие.Ұстанымның гнесеологиялық мәні-оның шындықтың мәнін объективті бейнелеуге мүмкіндігі, оның өзіне тән сипаттық ерекшелігі даму заңдылығын ашуында. Ғылым ретінде әлеуметтік педагогика ұстанымдары: ғылымилық , обЪективтілік, тарихилық, практикаға байланыстылық ; табиғатқа сәйкестік, гуманизм. Табиғатка сәйкестілік Ұстанымның мәні. Адам табиғи болмысқа жатады және табиғаттың, соның ішінде және де әлеуметтік табиғаттың заңдары бойынша дамиды. Бұл белгілі бір жағдайларда нақтылы адамның тиісінше бағыты, даму динамикасы және тәрбиесі болатындығын көрсетеді. Адамға деген көзқарас әлеуметтік-табиғи болмысқа деген көзқарас болуға тиіс. Ұстанымның екі түрлі құрамдас бөлігі бар: тұтастай табиғат және оның бір бөлшегі – адам (адамның өзіндік табиғат). Адамды оның табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып және оның шегінен асырмай ғана дамытуға және жетілдіруге болады. Олай болмаған жағдайда оның болмысын бүлдіріп, құрту басталады. Гуманизм ұстанымы Ұстанымның бастауы. Гуманизм идеясы қайта өрлеу дәуірінде (Италияда XIV – XVI ғғ., Еуропаның басқа елдерінде XV – XVI ғғ. соңында) пайда болған. Алайда, бұл идеяның жетілу үстіндегі адамның тәрбиесінде гуманистік қарым-қатынасқа қол жеткізуі үшін көптеген ғасырлар қажет болды.Әлеуметтік педагогикадағы гуманизм ұстанымының мәні – адамның әлеуметтік құндылықтарының басымдылығын, оның құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету, дамуы мен тәрбиесіне, өмірде өзін-өзі табуына, қоғамға сіңісуіне көмек көрсету үшін жағдай туғызуды білдіреді.Субъектілік фактормен байланысты әлеуметтік-педагогика ұстанымдарыСубъектілік фактор кімге нақтылы әлеуметтік-педагогикалық қызметті қалыптасқан жағдайға байланысты тапсыру қажеттігін және оның нәтижелілігіне қажеттіліктерді (талаптарды) анықтауда маңызды. Бұл фактор және әлеуметтік-педагогикалық қызмет үдерісін және (немесе) нәтижесін бағалауда да (талдауда) маңызды.Аталмыш фактордан туындайтын неғұрлым маңызды ұстанымдар: әлеуметтік-педагогикалық қызметтің (тәрбиенің) жеке тұлғаға, жеке тұлғаның өсуі және әлеуметтік педагогтың беделіне негізделуі, әлеуметтік-педагогикалық қызметтің кәсіби біліктілігі мен нәтижелілігінің өзара байланыстылығы.Әлеуметтік – педагогикалық қызметтің жеке тұлғаға негізделу ұстанымыҰстанымның бастауы. Жеке тұлға жеке тұдғаны қалыптастырады. Бұл - ежелден белгілі ақиқат. Бұл өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу бойынша мүғалімдер мен мамандарды арнайы даярлауға ұмтылудың мәнін түсіндіреді. Мұғалімдерді даярлау үшін оқу орындарын 1679 жылы - Брауншвейг (Германия), 1687 жылы – Везел, 1701 жылы Кенингсберг қалаларында құруға талпыныс жасалды. Еуропадағы алғашқы мұғалімдік семинария 1748 жылы Германияда, Берлиндегі Геккер реалдық училищесінің жанынан ашылды. Ресейде Екатерина ІІ императрицаның Жарлығымен (1729-1796) 1782 жылғы 7 қыркүйекте халық училищелерін құру туралы комиссияның міндетіне «қабілетті мұғалімдерді даярлау» енгізілдіҰстанымның мәні.Маманның жеке басы үлкендердің кішілерге мәдениеттілікті үйретуіне тікелей жұмыс істейтін адамдардың оған және оның қызметіне деген өзгеше қарым-қатынасын анықтайды. Ол әлеуметтік педагогтың беделін, оған деген сенімді, өзі бейнелейтін мәдениеттіліктің өзгешелігін сөзі және ісі арқылы көрсетеді. Шынын айтқанда, әлеуметтік-педагогикалық қызметті адам өзінің индивидуалдық стилімен жүргізіп, іске асырады. Қызмет үдерісінде объекті мен субъекті арасында мәдениеттерінің, ерік-жігер күштерінің, эмоционалдық өзгешеліктерінің өзара алмасуы жүреді. Нақтылы адамның, оның үстіне түрлі адамның педагогикалық қызметі жағдаятқа қарай ерекшеленеді. Басқаның еңбегін көшіруі, тәжірибесін қолдануы мүмкін, бірақ тура соның авторындай болуға болмайды. Игеру арқылы міндетті түрде орындаушының сүйкімі мен Мұндай құбылысты актерлік қызметтен байқауға болады. Бұл бір қарағанда, бір ғана көшірме жұмыс, бір ғана орта – сахна сықылды, нәтижесі міндетті түрде өзгеше. Өзгешелік актердің басқа актерлердің ішкі және эмоциялық көңіл-күйіне, көрермендердің актердің ойынын қабылдауы, оны түсініп-сезінуі және басқа факторларға байланысты. Педагог та актер сықылды кәсіби міндеттерді кез-келген күйінде шеше білуге тиіс деп саналады. Алайда, бұл олай емес. Әдетте, актер спектакль алдында кейіпкердің бейнесіне ену үшін өзін-өзі бағыттайды. Ол үшін киімін ауыстырады, гримденеді, өзінің осы сәтке дейінгі проблемаларынан, ішкі жай-күйінен қол үзіп, рөлге енеді. Тәрбиешіде мұндай мүмкіндік болмайды. Ол бірден жағдаятқа қарай әрекет етуге және шешім қабылдауға тиісті. Тәрбиенің бағыты және Педагогтың педагогикалық қызмет өнері индивидуалдық сипатта болады. Белгілі бір қызметтік тәжірибені қабілет деңгейінде игеруге болады, бірақ оның ұтымдылығы мен нәтижелілігі басқаша болмақ.Ол не артық, не кем болып шығуы мүмкін. Істің нәтижелі болуы көбіне педагогтың педагогтік шеберлігіне ғана байланысты емес, сонымен бірге, оның қызметін атқару өнеріне, тұлғалық өзгешелігіне де байланысты. Өзгенің индивидуалдық қызметінің стилін, іске деген ынтасын игерсе де, оның тартымдылығын көрсете алмауы мүмкін.Педагогтың жеке тұлғаға негізделу ұстанымы мынадай ұсынымдарды ескеруді талап етеді:әлеуметтік-педагогикалық қызмет объектісі; міндеттер шешілетін орта педагогтың ерекшеліктерін, оның істің нәтижелілігін қамтамасыз етуге қабілеттілігін ескеруді талап етеді;адаммен (топпен) жұмыс істеуде педагогқа өзін онымен (олармен) жұмыс істеуге және болжамды нәтижеге бағыттай білу - әлеуметтік педагог болжамды нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктеріне лайықты болмаған жағдайда, не оған жәрдемдесу, не оны ауыстыру қажет;педагогикалық қызметте әлеуметтік педагогтың тәрбиелеу қызметінің жеке даралық стилінің ерекшеліктерін бағалау маңызды және бұл оның өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуына негіз болып табылады;басқа адамның педагогикалық тәжрибесін игеруде оның тұлғалық өзгешіліктерін, ұсынған әлеуметтік-педагогикалық қызметі әдістерінің құралдары мен тәсілдерінің неғұрлым тиімділерін қандай дәрежеде меңгеруге болатынын ескеру қажет.Әлеуметтік педагогтың жеке тұлғалық өсу және беделділік ұстанымы.Ұстанымның бастауы. Әлеуметтік педагог (мұғалім, тәрбиеші, ата-ана) тәрбиеленушінің жеке тұлғасының қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Оның ықпалы көбінесе өзінің тартымдылығымен және беделділігімен айқындалады. Нақ осы факті С.Т.Щацкийдің мынадай пікіріне негіз болды: «Педагог өзін-өзі өсіруге (интеллектуалдық) тиіс, бұл балалар үшін де тиімді болмақ, өйткені, оларға деген қызығушылығы артады. Балалар мұны әрқашанда түйсіктерімен сезінеді».1 «Беделділік, – деп жазды А.С.Макаренко – қажетті нәрсе, онсыз жұмыс істеу мүмкін емес, ал отбасында бұл – ең бірінші қажет Ата-ананың беделі туралы педагог бедел, бұл - өмірге және ата-ананың жұмысына, олардың мінез-құлқына, өз балаларының өмірін білуіне және оларға өз пікірлерін таңбай, жалықтырмай, шаршатпай көмек беруге ұмтылуы – балаларына өздеріне тән мінездерін қалыптастыра отырып, қиыншылықтан дербес түрде шыға білуге мүмкіндік беруіне негізделгендігін жазды.3 Бұл сипаттама әлеуметтік педагогтың өзара қарым-қатынасы мен қызметіне толықтай сәйкес келді.Ұстанымның мәні. Әлеуметтік педагогтың (тәрбиешінің, ата-ананың) мәртебесі және мақсаты одан тұрақты түрде шығармашылықты тұрғыда өзін-өзі жетілдіруді, жетістікке жетуді талап етеді. Тап осындай білімдар, интеллектуалдық даярлығы мол, өзін-өзі үзбей жетілдіретін әлеуметтік педагог ғана өзінің тәрбиеленушілері үшін қызғылықты, тартымды әрі беделді болмақ. Балалар ондай педагогпен өзара белсенді араласып, жандарына жақын тұтады. Әлеуметтік педагогтың, ата-ананың, тәрбиешінің беделі тәрбиешінің өз тәрбиеленушілерінің алдындағы жеке қасиеттері мен өмірлік тәжірибесінің аса маңыздылығымен және осы арқылы олардың мінез-құлықтарына ықпал етуге негіізделуімен сипатталады. Әлеуметтік педагог қызметінің кәсіби біліктілігі мен нәтижелілігінің өзара байланысы ұстанымыҰстаным бастауы. Тәрбие қызметінің ықпалдылығы тәрбиешінің шеберлігіне байланысты екені жақсы мәлім. Кәсіби біліктілігі қаншалықты биік болса, соғұрлым ол әлеуметтік-педагогикалық қызметтің оңтайлы нұсқасын таңдап алуға және оның кәсіби түрде іске асырылуын қамтамасыз етуге қабілетті болмақ. Ежелден-ақ балалардың тәлімгері ретінде, оларға жақсы және нәтижелі тәрбие беретін, неғұрлым тәжірибелі және беделді адамды белгілейтін болған.Ұстанымның мәні арнаулы түрде айқындап беруді қажет етпейді. Ол әлеуметтік педагогтың кәсіби даярлығы мен жинақтаған тәжірибесін ескерудің қажеттігіне негізделеді. Бұл өлшемдер мына жағдайларда:кәсіби іріктеуде (талапкерден қандай дәрежедегі маманды қалыптастыруға болады);жас маманмен жұмысты ұйымдастыруда;болжамды нәтижені қамтамасыз етуде;мамандардың кәсіби қызметтегі жауапкершілігін көтеруде маңызды.Әлеуметтік педагогтың кәсіби дайындығы оның нақтылы жағдайда және белгілі бір объектіге байланысты, әлеуметтік-педагогикалық қызметте өзін-өзі танытуға деген ішкі дайындығымен анықталадыҰстанымның негізгі талаптары:субъект әлеуметтік-педагогикалық қызметтің болжамды мақсаттарына, оны іске асыру жағдайларына, объектінің өзгешелігіне байланысты анықталады. Практикада бұл талап ылғи да орындала бермейді (бұл ретте жұмыс тәжірибесі жоқ маман бұл қызметке жіберілмеуге тиіс);әлеуметтік-педагогикалық қызметтің субъектісін анықтауға сараланған тәсілдеме;Жұмыс тәжірибесі жоқ маман оны меңгеру және өзін-өзі кәсіби әлеуметтік-педагогикалық қызметте тәжірибесі бар мамандармен жұмыста кәсіби қызметіне жауапкершілігін ынталандыратын индивидуалдық тәсілдеме қажет. Орталық факторға негізделген әлеуметтік педагогика ұстанымдарыОрталық факторы педагогтың әлеуметтік-педагогикалық қызметінің ұтымдылығын не күшейтеді, не әлсіретеді. Әлеуметтік педагогика орталық факторлардың әлеуметтік педагогикалық қызмет үдерісіне оң әсерін пайдалануға ұмтылуды немесе олардың жағымсыз әсерін бейтараптандыруға немесе елеулі түрде азайтуға бағытталған әрекеттерді ұсынады.Орталық фактордан туындайтын неғұрлым маңызды қағидалар: мәдениетке сәйкестік, әлеуметтік шарттылық, орталық шарттылық, ортаны педагогикаландыру, өмір мен тәрбие бірлігі, тәрбиелеу ортасының ашықтығы болып табылады.Мәдениетке сәйкесті ұстанымыҰстанымның бастауы. Ф.-А.Дистервег тәрбиенің мәдениетке сәйкестік сипатының қажеттілігін негіздеді. «Ол тәрбиелеуде адамның туған жері немесе алда тұратын жері, орны мен уақыты, бір сөзбен айтқанда, сөздің кең және жалпы ауқымды мағынасында осы заманғы бүкіл мәдениетті, әсіресе, оқушы үшін отаны болып табылатын елдің мәдениет жағдайын назарға алу қажеттілігін»1 атап көрсетті. Әр адам «өзі жарық дүниеге келгенде өзі тұратын және ең болмағанда мәдениеттің белгілі бір сатысында тәрбиеленетін өз ортасын, өз халқын табады. Бірақ ол оны құруға, дамытуға тиіс, өйткені, ол қазірдің өзінде өмір сүруде және ол қазірдің өзінде бар болғандықтан, өмір сүруге құқықты» .Сондықтан, әр адам - өз уақытының, халқының және оның мәдениетінің өнімі. Аталмыш халық мәдениетінің жай-күйі «негіз, базис, деректі бір нәрсе және нақты, одан кейінгі жай-күйі дамиды... Басқаша айтқанда, біз мәдениетке сәйкес болуымыз қажет. Бұл мәдениетке сәйкес мінез қазіргі талаптарға жауап береді»

53. Әлеуметтік педагогиканың жеке тұлғаның, ортаның және тәрбиенің өзара байланысына негізделген негізгі ұстанымдары қандай?--------54. Әлеуметтік педагогика ұстанымдарының өзара байланысы неден көрінеді және олардың мақсатына, міндеттері, мазмұны және іске асыру тәсілдерін кесте түрінде көрсетіңіз.

Қағидалар әлеуметтік оқыту және тәрбиенің негізгі заңдылықтарын көрсетеді, солардан туындайды және сондықтан, өзінің өмір сүруі мен әрекеттерінің обьективтік табиғатын құрайды. Олардың әрқайсысы әлеуметтік педагогтың теориялық негіздемелері мен практикалық қызметінің міндетті ережелері мен талаптарын ұсынады. Қағида нормативтік-реттеуші функцияны атқарады.

Қағида көбінесе ережемен теңеседі. Алайда, өзінің көлемі жағынан ереже қағидадан тар шеңберлі. Ол қағидамаен салыстырғанда, жеке ұғымға жатады және жеке ережені, нақтылы жағдаятта қолданылатын әдісті көрсете отырып, содан туындайды. Педагогикада алатын орнына қарай, ереже рецептуралық ұсынымдар сипатында болады, Қағиданың құрамында көптеген ережелер орын алады, бірақ, олардың жиынтығы құбылыстардың жиынтығы ретінде олардың мәнін бере алмайтындықтан, әлі де қағиданы құрай алмайды.

Ереже – бұл маман қызметінің міндетті сипатын білдіретін белгілі бір норма.Ол қағидаға қарағанда, неғұрлым жеке сәттерде атқарылу міндеттілігін көрсетеді және оның (қағиданың) талаптарынан туындайды. Талаптар орындалуға міндетті ереже, шарт болып табылады.

Ұсыным – біреу немесе бір нәрсе туралы есепке алу, практикалық орындау үшін қажетті кеңес, тілек, жағымды пікір.

Өзінің мәні бойынша, әлеуметтік педагогика қағидалары әлеуметтік- педагогикалық қызметтің ұйымдастырылу мазмұнына және қылмыстық іс жүргізу жағына негізгі талаптарды білдіреді. Олар теория мен практиканың өзара байланысын анықтайды, болжалды нәтижеге жету проблемасын шығармашылықпен шешуге көмектеседі.

Қағида белгілі бір заңдылықтың, оның атқарылу шарттарын немесе практикалық қызметті күнделікті бақылаудың нәтижесін және одан туындайтын және белгілі бір ережелер, талаптар, ұсынымдар түрінде рәсімделген қорытындылар болып табылады.

Қағидалар былайша бөлінеді:

- ғылым ретінде әлеуметтік педагогика қағидалары. Олар: жалпы әдістемелік сипатта және жалпы ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогикаға тән болады. Мұндай қағидалар: ғылымның заңға теңесетін бастапқы қалпы; негізінде заңдардың тобы жататын неғұрлым жалпы ереже; занның жекеше іске асырылуы. Мұндай қағидаларға ғылымилық , обьективтілік, тарихилық, практикаға байланыстылық жатады;

- практика ретіндегі әлеуметтік педагогика қағидалары (тікелей айтқанда, әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастыруды негіздейтін қағидалар). Олар орындалуы әлеуметтік-педагогикалық қызметтің жоғары ұйымдастырылуын және тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал ететін бастапқы базалық ережелерді, талаптарды білдіреді. Бәрінен бұрын соларды әлеуметтік педагогика қағидаларымен теңестіреді;

- әлеуметтік саланың мамандарын даярлау бойынша білім беру қағидалары. Бұл жоғары (орта кәсіптік) мектеп қағидалары, олардың талаптарын орындау мамандарды даярлаудың сапасын қамтамасыз етеді: Мұндай қағидаларға, сондай-ақ, жалпы сипат тән, жоғары (орта кәсіптік) мектептің заңдылықтарын көрсетеді және олардың талаптарын жоғары (орта) кәсіби мамандарды даярлауда ескеру қажет.

Қағидалардың ерекшелігі сонда, егер әлеуметтік педагог олардың талаптарын ескеретін болса, онда олардың жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі мейлінше өте зор. Іс жүзінде маман жеке өз тәжірибесі немесе басқалардың тәжірибесі арқылы көптеген (ал, кейде тек бірнеше, тұрпаттық) әлеуметтік-педагогикалық қызмет қағидаларын көрсететін ұсынымдарды пайдаланады және бұл оған жұмыс барысында көп көмегін тигізеді. Бұл жағдайда игерілген ұстанымдар маманның практикалық қызметін анықтайтын нормалар, ережелер нысанында іске асады. Әлеуметтік педагогика қағидаларын арнайы үйрену маманға кәсіпті меңгеру үдерісінде оған практикалық жұмысында табиғи қажетті болып саналатын ұсынымдарды игеруге мүмкіндік береді.

Практика ретінде әлеуметтік педагогика қағидалары оның үдерісі мен нәтижесіне, тиісті қызметке, елеулі ықпал ететін факторларға сүйенетін топтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы өз заңдылықтарына сүйенеді және олардан тиісті қағидалар туындайды. Әлеуметтік педагогикада факторлардың рөлі жоғарыда қаралды. Бұл ретте, олардың әрқайсысы әлеуметтік педагогикалық қызметті іске асырудың тиімділігін негіздеуші қағидалардың жиынтығын анықтайтындығын атап көрсетеміз. Әлеуметтік педагогикада осы қағидаларды біліп, олардың талаптарын басшылыққа алу қажет.

Табиғатқа сәйкестік

Қағиданың бастауы. Педагогикаға қағиданы енгізген Ян Амос Коменский (1592-1670). Ол баланың дамуына табиғи және әлеуметтік ортаның өзара әрекеттестігіндегі индивид ретінде қарады. Мұның маңыздылығын көптеген педагогтар мойындады. И.Г.Песталоцци: «Өзімнің кемел жасымның көп бөлігін арнаған элементарлық білім беру идеясы, теориялық және практикалық түсіндіру... табиғатқа сәйкес даму және адамзаттың күші мен тума нышандарын қалыптастырудан өзге дәңеңе де емес» 1 - деп жазды.

Қағиданың мәні. Адам табиғи болмысқа жатады және табиғаттың, соның ішінде және де әлеуметтік табиғаттың заңдары бойынша дамиды. Бұл белгілі бір жағдайларда нақтылы адамның тиісінше бағыты, даму динамикасы және тәрбиесі болатындығын көрсетеді. Адамға деген көзқарас әлеуметтік-табиғи болмысқа деген көзқарас болуға тиіс. Қағиданың екі түрлі құрамдас бөлігі бар: тұтастай табиғат және оның бір бөлшегі – адам (адамның өзіндік табиғат). Адамды оның табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып және оның шегінен асырмай ғана дамытуға және жетілдіруге болады. Олай болмаған жағдайда оның болмысын бүлдіріп, құрту басталады.

Қағиданың негізгі талаптарына мынадай қажеттіліктерді жатқызуға болады:

- адамның дамуы мен тәрбиесінің заңдылықтарын білу және соларға

сәйкес бүкіл әлеуметтік-педагогикалық қызметті құра білу;

- адамның яғни әлеуметтік-педагогикалық жұмыс объектісінің жас

шамасы мен жыныстық жеке даралықерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар, жақын және алыс болашағының мүмкіндіктерін зерттеу, білу және ескеру;

- объектімен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың таңдалмақшы

мақсаттарын, оларға жету құралдарын оның бейімделушілігімен, жеке даралықерекшеліктерімен және мүмкіндіктерімен, сондай-ақ, өзгеру динамикасымен сәйкестендіру;

- ерекше мұқтаждықтары, жеке даралық, жеке даралық-түзеу және түзеу-қалпына келтіру арқылы даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыста, олардың әрқайсысы үшін жеке даралықтүрде өзін-өзі жетілдіруіне неғұрлым оңтайлы жағдайларды туғыза отырып, зерттеу;

- әлеуметтік – педагогикалық жұмыс үдерісінде адамның табиғатына

сәйкес дамуын және тәрбиесін ғана емес, сонымен бірге, мақсаттарын іске асыруға оның табиғи мүмкіндіктерін де ескеру.

Жеке даралыққа негіздеу (жеке даралық тәсілдеме) қағидасы

Қағиданың бастауы.

Түзеу-тәрбиелеу мекемелерімен байланысты индивидуализациялау идеясы жайлы Дмитрий Андреевич Дриль(1846-1910) XIX ғ, басында-ақ айтқан болатын. Кейіннен ол оның жалпы педагогика үшін маңызына көңіл аударды.

Қағиданың мәні. Қағиданың негізіне жататын нәрсе – адамды оның барлық жеке даралық ерекшеліктерімен, мүмкіндіктерімен, артықшылықтары және кемшіліктерімен, яғни ол қандай адам болса, сол күйінде қабылдау болып табылады. Адам - өзінің даму мазмұны, мүмкіндігі, тәрбиесі және соларға сай әрекеттері бар ерекше әлем. Бұл фактор нақтылы адаммен жұмыста оның дамуы мен тәрбиесінде жеке даралықәлеуметтік әлеуетін неғұрлым толығымен қамтамасыз ететін әлеуметтік-педагогикалық қызметтің өз әдістері мен тәсілдері, ерекше тәсілдемесі қажеттігін негіздейді.. Қағиданың мәні сонда - әлеуметтік-педагогикалық қызмет объектінің жеке даралығын, оның әлеуметтік жағдайы мен мүдделерін ескере отырып, құрылады және іске асырылады.

Жеке тұлға, жеке даралық тәсілдеме қағидасының талаптарын іске асыру мынадай ұсынымдардың есебімен қамтамасыз етіледі;

- адаммен (топпен) жұмыс жүргізу алдымен оны танып – білуден

басталады. Бұған бастапқы диагностика, әлеуметтік педагогтың объектінің жеке даралықерекшелігін неғұрлым толығымен білуге ұмтылысы ықпал етеді. Маманның бірінші кездесуінде-ақ адамның өзіндік ерекшелігін барынша толық бағалай білуге қабілеттілігі және өзінің онымен қызметін жеке даралығын танып-білген жеке тәжірибесі негізінде құруы ерекше мәнге ие;

- әлеуметтік педагогтың әлеуметтік-педагогикалық қызметтің үдерісіне

және өзінің де, оның да бір-біріне үйренісе бастайтын адаммен жұмыс жүргізуінің бастапқы кезеңіндеғі ерекшеліктеріне қарау қажет;

- объектінің жай-күйі мен оның жұмыс үдерісіндегі өзгеру динамикасын

ескеру қажет. Осы жұмыста объектінің жай-күйінің өзгеруі және іске асыру қызметінің талаптары есебімен мүмкіндігі жеткенше икемділігін көрсету;

- осы адаммен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс үдерісінде ол үшін

неғұрлым «жайлы» жағдайларды туғызуға ұмтылу және оны өзін мақсатқа сай түрде танытуға және өзін-өзі іспен көрсетуге бағыттау қажет.

Гуманизм қағидасы

Қағиданың бастауы. Гуманизм идеясы қайта өрлеу дәуірінде (Италияда XIV – XVI ғғ., Еуропаның басқа елдерінде XV – XVI ғғ. соңында) пайда болған. Алайда, бұл идеяның жетілу үстіндегі адамның тәрбиесінде гуманистік қарым-қатынасқа қол жеткізуі үшін көптеген ғасырлар қажет болды.

Әлеуметтік педагогикадағы гуманизм қағидасының мәні – адамның әлеуметтік құндылықтарының басымдылығын, оның құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету, дамуы мен тәрбиесіне, өмірде өзін-өзі табуына, қоғамға сіңісуіне көмек көрсету үшін жағдай туғызуды білдіреді.

Қағиданың негізгі талаптары:

- дамыту мен тәрбиелеу адамның мүддесін бағытталады және оның өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндік туғызуға тиіс;

- тәрбие адамды оның жеке даралықмүмкіндіктеріне неғұрлым сәйкес келетін және жеке тұлғаның өзін-өзі құртуына жол бермейтіндей белгілі бір жағдайларға жеткізуі тиіс;

- Гуманизм шектен тыс қамқорлыққа және бетімен кетушілікке айналмауға тиіс;

- Баламен өзара қарым-қатынаста оның өзімен-өзі болу құқығын тану, жеке басының қадір-қасиетін құрметтеу қамтамасыз етілуге тиіс.

Ерекше мұқтаждықтары бар балалармен өзара қарым-қатынас үдерісінде ерекше талаптар қойылады. Оның мәні - балаға мейіріміен қарай отырып, жеткілікті түрде қатал, бірақ өмірлік қажетті жағдайларда ұстау, оның неғұрлым толық және мақсатты дамуын, тәрбиесі мен өзін-өзі танытуын қамтамасыз ету болып табылады.

Леуметтік педагогқа практикалық қызметі барысында ескеруге тиісті әлеуметтік педагогика қағидаларының негізгі ұстанымдарын айқындаңыз.

Субъектілік фактор кімге нақтылы әлеуметтік-педагогикалық қызметті қалыптасқан жағдайға байланысты тапсыру қажеттігін және оның нәтижелілігіне қажеттіліктерді (талаптарды) анықтауда маңызды. Бұл фактор және әлеуметтік-педагогикалық қызмет үдерісін және (немесе) нәтижесін бағалауда да (талдауда) маңызды.

Аталмыш фактордан туындайтын неғұрлым маңызды қағидалар: әлеуметтік-педагогикалық қызметтің (тәрбиенің) жеке тұлғаға, жеке тұлғаның өсуі және әлеуметтік педагогтың беделіне негізделуі, әлеуметтік-педагогикалық қызметтің кәсіби біліктілігі мен нәтижелілігінің өзара байланыстылығы.

Әлеуметтік – педагогикалық қызметтің жеке тұлғаға негізделу қағидасы

Қағиданың бастауы. Жеке тұлға жеке тұдғаны қалыптастырады. Бұл - ежелден белгілі ақиқат. Бұл өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу бойынша мүғалімдер мен мамандарды арнайы даярлауға ұмтылудың мәнін түсіндіреді. Мұғалімдерді даярлау үшін оқу орындарын 1679 жылы - Брауншвейг (Германия), 1687 жылы – Везел, 1701 жылы Кенингсберг қалаларында құруға талпыныс жасалды. Еуропадағы алғашқы мұғалімдік семинария 1748 жылы Германияда, Берлиндегі Геккер реалдық училищесінің жанынан ашылды. Ресейде Екатерина ІІ императрицаның Жарлығымен (1729-1796) 1782 жылғы 7 қыркүйекте халық училищелерін құру туралы комиссияның міндетіне «қабілетті мұғалімдерді даярлау» енгізілді.

Қағиданың мәні.Маманның жеке басы үлкендердің кішілерге мәдениеттілікті үйретуіне тікелей жұмыс істейтін адамдардың оған және оның қызметіне деген өзгеше қарым-қатынасын анықтайды. Ол әлеуметтік педагогтың беделін, оған деген сенімді, өзі бейнелейтін мәдениеттіліктің өзгешелігін сөзі және ісі арқылы көрсетеді. Шынын айтқанда, әлеуметтік-педагогикалық қызметті адам өзінің индивидуалдық стилімен жүргізіп, іске асырады. Қызмет үдерісінде объекті мен субъекті арасында мәдениеттерінің, ерік-жігер күштерінің, эмоционалдық өзгешеліктерінің өзара алмасуы жүреді. Нақтылы адамның, оның үстіне түрлі адамның педагогикалық қызметі жағдаятқа қарай ерекшеленеді. Басқаның еңбегін көшіруі, тәжірибесін қолдануы мүмкін, бірақ тура соның авторындай болуға болмайды. Игеру арқылы міндетті түрде орындаушының сүйкімі мен эмоциясын, ерік күшін, мінезі мен сөйлеу өнерін сіңіріп алады.

Мұндай құбылысты актерлік қызметтен байқауға болады. Бұл бір қарағанда, бір ғана көшірме жұмыс, бір ғана орта – сахна сықылды, нәтижесі міндетті түрде өзгеше. Өзгешелік актердің басқа актерлердің ішкі және эмолциялық көңіл-күйіне, көрермендердің актердің ойынын қабылдауы, оны түсініп-сезінуі және басқа факторларға байланысты.

Педагог та актер сықылды кәсіби міндеттерді кез-келген күйінде шеше білуге тиіс деп саналады. Алайда, бұл олай емес. Әдетте, актер спектакль алдында кейіпкердің бейнесіне ену үшін өзін-өзі бағыттайды.

Ол үшін киімін ауыстырады, гримденеді, өзінің осы сәтке дейінгі проблемаларынан, ішкі жай-күйінен қол үзіп, рөлге енеді. Тәрбиешіде мұндай мүмкіндік болмайды. Ол бірден жағдаятқа қарай әрекет етуге және шешім қабылдауға тиісті. Тәрбиенің бағыты және ықпалдылығының қарқыны тәрбиешінің қызметіне байланысты.

Педагогтың педагогикалық қызмет өнері индивидуалдық сипатта болады. Белгілі бір қызметтік тәжірибені қабілет деңгейінде игеруге болады, бірақ оның ұтымдылығы мен нәтижелілігі басқаша болмақ.Ол не артық, не кем болып шығуы мүмкін. Істің нәтижелі болуы көбіне педагогтың педагогтік шеберлігіне ғана байланысты емес, сонымен бірге, оның қызметін атқару өнеріне, тұлғалық өзгешелігіне де байланысты. Өзгенің индивидуалдық қызметінің стилін, іске деген ынтасын игерсе де, оның тартымдылығын көрсете алмауы мүмкін.

Педагогтың жеке тұлғаға негізделу қағидасы мынадай ұсынымдарды ескеруді талап етеді:

- әлеуметтік-педагогикалық қызмет объектісі;

- міндеттер шешілетін орта педагогтың ерекшеліктерін, оның істің нәтижелілігін қамтамасыз етуге қабілеттілігін ескеруді талап етеді;

- адаммен (топпен) жұмыс істеуде педагогқа өзін онымен (олармен) жұмыс істеуге және болжамды нәтижеге бағыттай білу маңызды;

- әлеуметтік педагог болжамды нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктеріне лайықты болмаған жағдайда, не оған жәрдемдесу, не оны ауыстыру қажет;

- педагогикалық қызметте әлеуметтік педагогтың тәрбиелеу қызметінің жеке даралықстилінің ерекшеліктерін бағалау маңызды және бұл оның өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуына негіз болып табылады;

- басқа адамның педагогикалық тәжрибесін игеруде оның тұлғалық өзгешіліктерін, ұсынған әлеуметтік-педагогикалық қызметі әдістерінің құралдары мен тәсілдерінің неғұрлым тиімділерін қандай дәрежеде меңгеруге болатынын ескеру қажет.

Әлеуметтік педагогтың жеке тұлғалық өсу және беделділік қағидасы.

Қағиданың бастауы. Әлеуметтік педагог (мұғалім, тәрбиеші, ата-ана) тәрбиеленушінің жеке тұлғасының қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Оның ықпалы көбінесе өзінің тартымдылығымен және беделділігімен айқындалады. Нақ осы факті С.Т.Щацкийдің мынадай пікіріне негіз болды: «Педагог өзін-өзі өсіруге (интеллектуалдық) тиіс, бұл балалар үшін де тиімді болмақ, өйткені, оларға деген қызығушылығы артады. Балалар мұны әрқашанда түйсіктерімен сезінеді».1

«Беделділік, – деп жазды А.С.Макаренко – қажетті нәрсе, онсыз жұмыс істеу мүмкін емес, ал отбасында бұл – ең бірінші қажет нәрсе».2.

Ата-ананың беделі туралы педагог бедел, бұл - өмірге және ата-ананың жұмысына, олардың мінез-құлқына, өз балаларының өмірін білуіне және оларға өз пікірлерін таңбай, жалықтырмай, шаршатпай көмек беруге ұмтылуы – балаларына өздеріне тән мінездерін қалыптастыра отырып, қиыншылықтан дербес түрде шыға білуге мүмкіндік беруіне негізделгендігін жазды.3 Бұл сипаттама әлеуметтік педагогтың өзара қарым-қатынасы мен қызметіне толықтай сәйкес келді.

Қағиданың мәні. Әлеуметтік педагогтың (тәрбиешінің, ата-ананың) мәртебесі және мақсаты одан тұрақты түрде шығармашылықты тұрғыда өзін-өзі жетілдіруді, жетістікке жетуді талап етеді. Тап осындай білімдар, интеллектуалдық даярлығы мол, өзін-өзі үзбей жетілдіретін әлеуметтік педагог ғана өзінің тәрбиеленушілері үшін қызғылықты, тартымды әрі беделді болмақ. Балалар ондай педагогпен өзара белсенді араласып, жандарына жақын тұтады.

Әлеуметтік педагогтың, ата-ананың, тәрбиешінің беделі тәрбиешінің өз тәрбиеленушілерінің алдындағы жеке қасиеттері мен өмірлік тәжірибесінің аса маңыздылығымен және осы арқылы олардың мінез-құлықтарына ықпал етуге негіізделуімен сипатталады.

Әлеуметтік педагогтың жеке тұлғалық өсуімен беделділігі қағидасынан туындайтын ұсынымдар:

- өзін-өзі жетілдіруге тұрақты түрде мақсатты бағытталған жұмыстың өзін-өзі жетілдірудің қажеттігі. Әлеуметтік педагогтың бұл қасиеті білім беру мекемесінде тәрбиеленеді, уақыт өте келе бұл ұмтылыс жеке тұлғаның табиғи қажеттілігіне айналады;

- әлеуметтік педагогтың өзі жұмыс жүргізетін тәрбиеленушілерінің мүдделері мен кәсіби қызметі саласындағы жетістіктерден, нақтылы өмірден кеш қалуына жол беруге болмайды. Нақтылы өмірден қалып қою оп-оңай;

- әлеуметтік педагогтың беделі туралы тұрақты қамқорлық қажет. Педагог беделі оның бүкіл өмірі бойында және кәсіби қызметі жолында қалыптасқанымен, оны бір сәтте ғана жоғалтып алуы мүмкін.

Әлеуметтік педагог қызметінің кәсіби біліктілігі мен нәтижелілігінің өзара байланысы қағидасы

Қағида бастауы. Тәрбие қызметінің ықпалдылығы тәрбиешінің шеберлігіне байланысты екені жақсы мәлім. Кәсіби біліктілігі қаншалықты биік болса, соғұрлым ол әлеуметтік-педагогикалық қызметтің оңтайлы нұсқасын таңдап алуға және оның кәсіби түрде іске асырылуын қамтамасыз етуге қабілетті болмақ. Ежелден-ақ балалардың тәлімгері ретінде, оларға жақсы және нәтижелі тәрбие беретін, неғұрлым тәжірибелі және беделді адамды белгілейтін болған.

Қағиданың мәні арнаулы түрде айқындап беруді қажет етпейді. Ол әлеуметтік педагогтың кәсіби даярлығы мен жинақтаған тәжірибесін ескерудің қажеттігіне негізделеді. Бұл өлшемдер мына жағдайларда:

- кәсіби іріктеуде (талапкерден қандай дәрежедегі маманды

қалыптастыруға болады);

- жас маманмен жұмысты ұйымдастыруда;

- болжамды нәтижені қамтамасыз етуде;

- мамандардың кәсіби қызметтегі жауапкершілігін көтеруде маңызды.

Әлеуметтік педагогтың кәсіби дайындығы оның нақтылы жағдайда және белгілі бір объектіге байланысты, әлеуметтік-педагогикалық қызметте өзін-өзі танытуға деген ішкі дайындығымен анықталады.

Қағиданың негізгі талаптары:

- субъект әлеуметтік-педагогикалық қызметтің болжамды

мақсаттарына, оны іске асыру жағдайларына, объектінің өзгешелігіне байланысты анықталады. Практикада бұл талап ылғи да орындала бермейді (бұл ретте жұмыс тәжірибесі жоқ маман бұл қызметке жіберілмеуге тиіс);

- әлеуметтік-педагогикалық қызметтің субъектісін анықтауға

сараланған тәсілдеме;

- Жұмыс тәжірибесі жоқ маман оны меңгеру және өзін-өзі кәсіби тұрғыда таныту үдерісінде әдепті көмек пен қолдау қажетсінеді;

- әлеуметтік-педагогикалық қызметте тәжірибесі бар мамандармен жұмыста кәсіби қызметіне жауапкершілігін ынталандыратын индивидуалдық тәсілдеме қажет.

Наши рекомендации