Кредиттік оқыту жүйесінің мәнін ашып беріңіз. Кредиттік оқытуға SWOT – талдау жасаңыз

Еліміздегі жоғары оқу орындарында эксперимент ретінде енгізілген КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ – заман талаптарына сәйкес болашақ маман бойында толыққанды білім қалыптастыруға, өздігінен жұмыс істеу және білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасайтын жаңа оқыту жүйесі.

Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру жүйесіне ену үрдісі 2003 жылдан бастап еліміздің оқу орындарында және магистратурасында кредиттік оқыту технологиясының ендірілуінен басталды.

Кредиттік оқыту жүйесінің дәстүрлі «сызықты» оқыту жүйесінен ерекшеліктері:

v дәстүрлі жүйеде оқытудың мақсаты ақпарат пен нақты білім беру болса, жаңа жүйеде нақты білімнің негізінде шешім қабылдай білу дағдыларын дамыту, яғни шығармашылық әрекет пен өздігінен танып-білуді және

v кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру;

v білім алушылардың оқу жоспарындағы пәндерді таңдаудағы көп еркіндігі, әр студенттің өз жеке оқу жоспарын жасауға тікелей өзі қатысуы, оқыту бағдарламасының икемділігі және таңдау курстарының көптігі;

v студенттердің оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;

v «студент-оқытушы» қарым-қатынасының «субъект-субъект» болып өзгеріп, оқытушының ұйымдастырушылық және қосалқы рөл атқаруы;

v студенттерге пән таңдауда, оқу траекториясын таңдауда көмектесетін академиялық консультанттардың енуі;

v оқу үрдісін ұйымдастыруда факультеттердің еркіндігі, оқу үрдісін қажетті әдістемелік материалдармен (баспа және электронды) қамтамасыз ету қажеттігі;

v әр студенттің эдвайзер көмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін білім беру траекториясын таңдау арқылы оқытудың жекелендіруі;

v студенттің өздік жұмысының (СӨЖ) үлесінің артуы, оның оқытушы қатысуынсыз жүргізілетін СӨЖ және оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өздік жұмысы (ОСӨЖ) болып бөлінуі;

v игерген білім сапасының емтиханда бағаланып, сынақтың болмауы;

v оқу уәждемесінің артуы, шетелде оқу мүмкіндігі, академиялық мойындау кепілдігі;

v оқытуда интерактивті әдістердің кеңінен қолдану мүмкіндігі;

v білім деңгейінің нақтылығы, баға жүйесінде дәстүрлі бағалаудан өзгеше жинақталатын сынақтық жүйенің енгізілуі және дәстүрлі бағалау жүйесіне аудару механизмінің болуы, бағалау жатады .

Кредиттік жүйенің басты ерекшелігіне – әр пән бойынша студенттер мен оқытушылардың еңбегін бағалауға сынақ бірлігінің (немесе кредиттер жүйесінің) енгізілуі жатады. Оқу пәндерін студенттердің меңгеруін бағалау үшін міндетті түрде балдық-рейтингтік жүйе қолданылады.

А.Чучалин мен О.Боев кредиттік жүйенің мәнін білім беру бағдарламаларының мазмұнын сандық бағалау жүйесі ретінде, ал рейтингтік жүйені оны игерудің сапасын сандық бағалау жүйесі ретінде түсіндіреді.

Кредиттік оқыту жүйесі – даралану, білім беру траекториясының таңдамалылығы және білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу негізінде өз бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.

Кредиттік оқыту жүйесі сабақты жекелей жоспарлау негізінде өздігінен білім алудың және жекелендіру арқылы білімді шығармашылықпен игеру арқылы оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекше тәсілі болып табылады. Ол әлемдік стандартқа сай білім беруді қамтамасыз етуге, барынша сапалы білім беру арқылы біліктілігі жоғары және еңбек нарығында бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

Әлемдегі жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген кредиттік жүйенің үлгілері бірнеше типке бөлінеді:

1) кредиттерді жинақтауға бағдарланған кредиттік

жүйелер, мысалы USCS;

2) кредиттерді бір мезгілде ауыстыруға және

жинақтауға бағдарланған аралас типті кредиттік жүйелер,

мысалы CATS;

3) академиялық икемділікті қамтамасыз ету үшін

кредиттерді ауыстыруға бағытталған кредитік жүйелер,

мысалы ECTS.

SWOT талдау. Кредиттік жүйемен оқытудың күшті жақтары:

  • студенттер жекелей оқу жоспарын құра алады;

• педагогтың шығармашылық еңбегі, шеберлігі, педагогикалык жетістіктері, жаңашылдығы оқытудың алгоритмін жасау негізінде көрініс табады. Олар:

• оқытудың басты мәселесін іздеу, өзектілігін анықтауда;

• мәселені мәнділігі бойынша реттеуде;

• мәселені талдауда;

• мақсатты, міндеттерді және іс-әрекет бағытын айқындауда;

• мәселені шешу жолдарын белгілеуде;

• мәселені шешу механизмдерін нақтылауда;

• жоспар, бағдарлама жасауда;

• оқытушы білім алушылардан ортақ мақсатқа бағытталған шығармашылық топтар құрып, олардың таным процесін басқарады, ынталандырады, яғни интерактивті оқыту формасын жасайды.

Кредиттік оқыту жүйесінің мәнін ашып беріңіз. Кредиттік оқытуға SWOT – талдау жасаңыз - student2.ru

Кредиттік жүйе негізінде оқыту үдерісінің әлсіз жақтары:

Кредиттік жүйе бойынша оқыту үдерісінің негізгі кемшілігі ретінде оқу үлгерімі төмен немесе емтиханнан өте алмаған студенттердің пәнді қайта оқу барысында төленетін ақша көлемі студенттің сол пәнді қайта игеруі не сынақтан қайта өтуі кезінде қиындықтар тудыруы мүмкін. Олай деуге негізгі себеп бұл үрдісте студенттің әлеуметтік жағдайы да маңызды рөл атқарады.

Наши рекомендации