Ші дәріс. пайдаланушылар санаттары.
Интерактивті жүйелерді пайдаланушылар классификациясы. Оператордың қызмет түрлері. Адам-оператордың қызмет кезеңдері. Адам-оператордың әрекет түрлері. Оператордың қолданатын моделдер түрлері.
Осы сұраққа арналған оқулықтарда интерактивті жүйелерді пайдаланушылардың классификацияларының бірнеше нұсқалары келтірілген. Бірақ берілген әдістерде ерекшеліктер бар болғанмен, олардың классификация принциптері бірдей болады.
Пайдаланушының интерактивтік жүйеге қатынасы негізінде, онымен жұмыс істеу тәсілдеріне әсер ететін факторлар жатыр.
- адам қажеттілігі, яғни диалог жүргізетін серіктеспен түсіністікте болу;
- пайдаланушының қабілетілігі, оның шапшандылығымен (ең біріншіден пернетақта мен тышқанды қолдануында), лингвистикалық қабілеттілігі, есеп шығару қабілеттілігінен тұрады;
- өзіндік қасиет, яғни үйренуге қабілеттілігі, шыдамдылығы, қатеге төзімділігі, шығармашылық қабілеттілігі.
- компьютерлік білім деңгейі. Бұл жерде көбінесе программалаушы немесе программалаушы емес пайдаланушылар , соңғыларын үш санатқа бөлуге болады:
- дайындалған пайдаланушылар, шығармашылық есеп шығарушылар, аналитиктер және зерттеушілер (яғни, жұмыс іскерлігі толықтырылғандар)
- дайындалған пайдаланушылар, операцияларды орындаушылар (яғни, жұмыскерлігі тұйықталған)
- жай пайдаланушылар, компьютерлік білімі аз.
Пайдаланушының қолданбалы облысқа дайындығы оның тілді (мамандалған терминология) қолдануына және есеп шығару тәсілдеріне әсер етеді.
Жүйені қолданудың себебі келесілер болуы мүмкін:
- міндетті - жұмыстың керекті бөлігі;
- міндетті емес – кәсіби қызметтің қосымша құрамдасы ретінде;
- міндетті - жеке қажеттілік тұрғыдан (мысалы, белгілі ақпаратты тек компьютер арқылы ғана алуға болатын жағдайда)
- міндетті емес – жеке бас өмірінде (мысалы: ойын сауық ретінде)
Жүйеге деген қатынасын және жұмысқа талабын, оның компьютерлік білім деңгейімен және оны қолдану себебімен анықталады; ол келесідей болуы мүмкін:
- нейтралды - пайдаланушы компьютерді тек жұмыс құралы ретінде қарағанда;
- жағымды, пайдаланушы компьютерді ынтамен , яғни одан көбірек пайда алу мақсатында (немесе рахат алуда);
- жағымсыз, пайдаланушы компьютермен қолдануды шектеу ретінде қарастырса (техникаға деген сенімсіздікпен қарағанда).
Пайдаланушының мақсаты келесідей болуы мүмкін:
- компьютердің көмегімен есеп шығару (оның ішінде ойын сауық сипатында да болуы мүмкін );
- жүйемен жұмыс істеуді үйренуде;
Жүйенің сипаттамасына байланыссыз уақыт шектеулері (оның ішінде оның жылдамдығы) болады. Бұл жағдайда пайдаланушы уақыт тығыздығына бейімделенуіне себеп болады, бұл әсіресе есеп шығаруда және контекстік жұмыстарда кездеседі.
Адам оператор жұмыс істейтін басқару иерархиясының деңгейіне және басқару жүйесінің түріне (немесе ақпаратты өңдеуге) байланысты оператор қызметінің келесідей түрлерін атауға болады:
Оператор-технолог, технологиялық процесске толығымен кірісетін және де басқарудың стандартты процедураларын орындайды.
Оператор –манипулятор, механикалық әсерлерден тұратын басқару процедураларын іске асырады.
Оператор – бақылаушы, процесстің жағдайын және нақты уақыттағы жүйе ішіндегі ауытқуларды бақылайды.
Оператор – зерттеуші, қарым-қатынасы бар процедуралармен регламенттелмеген және ойлау қабілетке негізделген (программист) ;
Оператор – жетекші, ұйымдастырушы және директивтік сипаттағы қызметтерді орындайды.
Оператор – жобалаушы, АЖЖ құрамына кіретін, машинамен жобалауға қосылған.
Әр түрлі санаттағы операторлармен техникалық (немесе есептеу) жүйелер арасындағы өзара қатынасының ерекшелігі бар. Бірақ оператордың көпшілігіне тән төменде қарастырылатын бірнеше жағдайлар бар (мысалы, ойлау қабілетінің моделі ортақ және адамның шешім қабылдағаны, оның психофизикалық мінездемесі және т.б.).
Адам-оператордың қызметі:
Тапсырманы орындау барысында барлық деңгейдегі операторларға тән 5 кезең бөлінеді:
- анықтау – есептің шешілуін реттейтін белгілер тобын оператордың қабылдауы.
- классификация – жағдайды тану және бақылану процесінің және техникалық жүйенің жағдайын анықтау.
- жоспарлау – тапсырманың орындалуына әкелетін іс-шаралардың тізбегін құру және шешім қабылдау.
- орындау – бар ресурстарды пайдалана отырып, жоспарды орындау.
- тексеру – іс-әрекеттің орындалуын және оның тиімділігін тексеру.
Операторлармен шешілетін тапсырмалар 3 деңгейге бөлінеді:
- процессті реттеу, ол кішігірім динамикалық теңестіруді қарастырады және процесстің жеке параметрлеріне түзетулер енгізуді қарастырады.
- режимді өзгерту, ол процесстің түбегейлі өзгеруіне алып келеді және ауыспалы процесстерді қарастырады, операцияның көп бөлігін және оператордың іс-әрекетінің күрделі алгоритмдерін қарастырады.
Адам-оператордың өзін-өзі ұстау типтері.
Оператор есептің күрелігі және қойылымына байланысты 3 деңгейге бөлінеді.
- дағдыға сай ұстаным – ол болатын процесстерді алдын ала қарастыруы тиіс.
- ережеге сай ұстаным – оператордың қызметі басқару ережелерін пайдаланумен байланысты, жүйелерді эксплуатациялау инструкциясында көрсетілгендей.
- білімге сай ұстаным-болып жатқан процесстерге және ақпараттарды өңдеуге түніспеушілікпен қарауды талап етеді.
Оператордың қолданатын модельдің түрлері.
Оператор тапсырманы шешкенде 5 типті молдельді қолданады:
- физикалық, жүйедегі процесстердің математикалық баяндалуынан тұрады;
- функционалдық, негізгі ішкіжүйелерді, оның қызметін және өзара байланыстарын сипаттайды.
- экономикалық, негізгі басқару операциялардың құн шамаларын байланыстырады;
- процедуралық,қондырғыны басқару ережелерін баяндайды;
- когнитивтік, оператормен қалыптасатын, процесстің интуитивтік моделін сипаттайды.
Әдебиет: 3 нег.[15-29], 4нег. [30-63], 1қос.[5-14].
Бақылау сұрақтары:
1. Пайдаланушының интерактивті жүйелермен қатынасына қандай факторлар әсер етеді?
2. Оператор қызметінің түрлері қандай?
3. Адам –оператор қызметінің кезеңдері қандай?
4. Адам –оператор жүрісінің түрлері қандай?
5. Операторлар өзінің қызметінде қандай моделдерді қолданады?