Ылыми әдістердің мәні және олардың әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі рөлі
Әлеуметтік жұмыс ғылыми білім жүйесі ретінде екі негізгі бөлімдерден тұрады: 1) әдістемелер, заңдылықтар, принциптер, категориялық аппарат қарастырылатын теориялық-әдістемелік, іргелі бөлім және 2) тәжірбиелік әлеуметтік міндеттерді шешуге теориялық және эмпирикалық білімнің қолданбалы, теориялық және әлеуметтік-тәжіриелік, басқарушылық бөлімі.
Әлеуметтік жұмыс бұл ғылыми білім жүйесі ретінде көбінесе қолданбалы сипатқа ие болады. Біз білетініміздей, барлық ғылымдар іргелі және қолданбалы болып бөлінеді. Олар әлеуметтік шындықты әртүрлі әдістері мен пәні, әртүрлі бағыттары мен әртүрлі тұрғыдан зерттейді. Қолданбалы ғылым іргелі ғылымнан өзінің бағыттылығымен ерекшеленеді. Егер іргелі ғылым жаңа ілімді туындатумен, оны апробациялаумен айналысса, қолданбалы ғылым апробацияланған білімді әлеуметтік тәжірибеде қолдану мәселесімен шұғылданады.
Іргелі әлеуметтік білімдер технологизациялауға бағынбайтын табиғи және қоғамдық ғылымдардың теориялық жағдайларына негізделеді. Мұндай зерттеулер нақты әлеуметтік жобаны құруға бағытталмаған. Олардың нәтижелері қоғамның әлеуметтік дамуының ұзақ уақытты тенденциялары мен бағыттарын анықтайды. Іргелі ғылымдар теорияларда жаңа бағыттарды аша бастады, ал қолданбалы ғылым – шынайылықты жаппай технологиялылыққа айналдыру-дың жолдарын іздеумен айналысады.
Айта кету қажет, қазіргі әлеуметтік технология тек қана белгілі-бір іс-әрекет түрін ұйымдастырудағы тәжірибе мен дағдылар және білімдер жиынтығымен шектеліп қана қоймайды. Технология әлеуметтік дамыту процесі және олардың модернизациясы мен рационализациясын басқару туралы білімдер жүйесі болып қалыптасады. Әлеуметтік технология әлеуметтік процестер дамуындағы экономикалық жағдай, мәдениет туралы, психологиялық, әлеуметтік-экономикалық және педагогикалық салдарларын қамтиды. Ол барлық білімдерді техникалық, құқықтық, саяси, әлеуметтік-психологиялық білімдердің біріккен жүйесімен байланыстырады. Демек, технология ғылыммен қосылып қана қоймай, өз бетінше де ғылым бола алады.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік технология мен білім жүйесінің саласы ретінде әдістемелік аппаратқа сәйкес теориялық тұжырымдарға (принциптер, заң, дәреже, зерттеулердің әдістері мен тәсілдері және т.б.), сонымен қатар тәжірибе мен эмпирикалық ақпаратқа сүйенеді.
Кез-келген ғылым үшін технологияларды қолданбалы зерттеу ауқымды іс-әрекетті қажет етеді. «Әлеуметтік технология» термині ғылыми салада 80-ші жылдардың басынан бастап нақты қолданыла бастады. Әлеуметтік технология әлеуметтік жұмыстың мәселелерін шешу үшін стандартты алгоритмдерді бірнеше рет қолдануға мүмкіндік берді. Әлеуметтік технологиялар инструментариді қолдануды жеңілдетеді, себебі оны дайындау өте күрделі болып келеді де, енгізу жолымен жүргізіледі.
Объективті шынайылықты тану тәсілдері, жолдары мен қайта өзгертуді - әдіс деп атаймыз. Әдістердің көмегімен әрбір ғылым өзінің зерттеу пәні туралы ақпарат алады, алынған мәліметтерді талдау мен өңдеу арқылы бізге белгілі білімдер қатарына қосып отырады. Алынған дәлелденген білімдер ғылыми теориялар құру мен тәжірибелік ұсыныстар дайындау үшін қолданылады. Ғылымның күші көп жағдайда әдістерге, олардың валидтілігі мен сенімділігі, осы ғылымның алдыңғы қатарлы, жаңа әдістерін тез және тиімді пайдалана білуіне тәуелді болып табылады. Оны орындай алған кезде сол жерде әлемді қайта құру мен тануда әлдеқайда алға жылжу процесі байқалады.
Әлеуметтік процестерді, әдісті дамыту мен қалыптастырудың әртүрлі аспектілерін тануда орталық рөлге алып келеді. Яғни, адам әртүрлі әдістерді игере отырып, ғылыми жетістіктер мен қоғамдық құндылықтарды жете меңгеру қабілетіне ие болады. Себебі, әлеуметтік даму процестері ерекше принциптер негізінде және арнайы әдістер көмегімен жүгезе асырылады.
Әдіс – грек тілінен «methodos» - қандай да бір мақсатқа қол жеткізу және нақты міндетті шешу тәсілі мен зерттеу жолы. Ол шынайылықты игерудің теориялық немесе тәжірибелік операциялар, тәсілдер, бағыттар жиынтығы ретінде көрінеді.
Әлеуметтік жұмыстағы әдіс екі жақты рөлді атқарады: 1) әлеуметтік тәжірибе мен адам өміріндегі әртүрлі аспектілерін зерттейтін және ғылым тудырған білімді қолдану мен таным жолдары, тәсілдері ретінде; 2) осыған дейін өмір сүріп келе жатқан обьектінің (субьектінің) сапалы өзгерісіне себепші болатын белгілі-бір нақты іс-әрекет ретінде.
Жаңа білімдер алуда ғылыми зерттеулер әдістері маңызды орынға ие болады. Әдістердің көмегімен ғылыми таным мен ақиқатты анықтау жолы айқындалады. И.П. Павловтың тұжырымдауы бойынша ғылымдағы әдіс – ең негізгі болып табылады, бастысы –әдістің дұрыс таңдалуы. Әдіс дұрыс таңдалатын болса, онда дарынды емес адам да жоғары нәтижеге қол жеткізе алады. Ал әдістің дұрыс таңдалмауынан данышпан адамның өзі де қажетті нәтижеге қол жеткізе алмайтынын ескерген жөн. Әдістің дұрыс таңдалуының маңыздылығына тағы басқа да ғылымдар, философтар да тұжырымдама берген.