Азақстан Республикасындағы өзекті әлеуметтік мәселелер және оларды әлеуметтік –саяси жолмен шешу ерекшеліктері

Негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы өзекті әлеуметтік мәселелер және оларды әлеуметтік –саяси жолмен шешу ерекшеліктерін түсіндіру

Негізгі түсініктер:жүйелілік принцип, нақтылыққа көшу

Жоспары

1. Қазақстан Республикасының қорғау жүйесі

2 Трансформация кезеніндегі өзгерістер

3. Негізгі стратегиялық бағыттар

Әлеуметтік саясаттың басты өлшемі: үйымдастырушылық, экономикалық, ғылыми техникалық, адамгершілік-қүқықтық жағдайлар жасай отырып, қоғамдық қатынастарға жарасымдық табу оларды реттеп отыру. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңдегі мемлекеттің элеуметтік саясатының бірнеше бағытын атап көрсетуге болады. Олардың жиынтығы әлеуметтік саясатының мазмүның ашып береді. Жоспарлы экономиканың өзін-өзі басқарудың нарықтық механизміне толық бет бұрған жағдайда мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі өлшемі жеке бастық. Ол адамның күн көрісіне, элеуметтік кепілдігіне жағдай жасау, яғни нарықтық қатынастардың экономикаға жасайтын қолайсыз ықпалынан халықты қорғау. Ол ең алдымен халықтың ақшалай қарызы тек товар қорлары арасындағы байланысты сақтап түру болса, екіншіден азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту, үшіншіден халыққа қызмет көрсету саласын жетілдіру, ал төртіншіден халық денсаулығын нығайтудың материалдық базаларын кеңейтіп, біліммен мәдениетін көтеру. Жоғарыда айтылған әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік байланыстың мәні ерекше. Экономикалық дамудың өндірістік жэне ғылыми техниканың қуаты қаншалықты жоғары болса,оған эсер ететін элеуметтік факторлар күшті де басым болуы керек.

Мәселен, зейнетақы жүйесі елдің әлеуметтік қамсыздандырудың маңызды құраушысы болып табылады. Зейнетақы жүйесінің дамуын және болашақ перспективаларын, сондай-ақ зейнетақы жарналарын қалыптастыру және инвестициялау тәртібін қарастыру көзделген. Зейнетақымен қамсыздандыру кез келген ел үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында да азаматтардың қартайғанда әлеуметтік қамсызданды­руға құқықтары Конституцияда бекітілген. Әлеуметтік кепілдік берудің патерналистік схемасын адам дамуының қажеттіліктеріне, саяси реформалар мен экономиканы ұйымдастырудың жаңа нарықтық қағидаттарына қарай қайта өзгерту қажеттігі туындады

Қазіргі таңда зейнетақы қызметі нарығында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде. ЖЗҚ-лардың аймақтық желісі 79 филиал және 51 өкілдікпен сипатталады. 13 заңды тұлғаның қорлардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға лицензиясы бар. Есепті күнде 10 екінші деңгейдегі банк кастодиандық қызметті жүзеге асырды, оның ішінде 6 екінші деңгейлі банк ЖЗҚ-лардың кастодиан банктері болып табылады. Жинақтаушы жүйедегі зейнетақы салымшыларының, ЖЗҚ аймақтық желісінің, кастодиан банктер санының өсуі аталған жүйенің институционалды дамығанын көрсетеді. Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің қысқа мерзім аралығында көптеген тосқауылдарға тап болды. Қазіргі таңда зейнетақы жүйесінде шешуді талап етететін көптеген мәселелер орын алуда.

1. Инвестициялық саясаттың жетілмеуі. ҚР зейнетақы нарығын реттеуші құқықтық-нормативті заңнамалық базасы ЖЗҚ-лар активтерін инвестциялауда қаржылық инструменттерге шектеулер қойылған. Оның салдарын біріншіден, қарапайым халық көруде, себебі ЖЗҚ-лар рұқсат етілген қаржы құралдарынан орташа табыстылыққа ие болып, зейнетақы салымшылары ДЗШ-ға тек кішігірім бөлігін аударуда. Бұл ретте шетелдік тәжірибені ескеріп, зейнетақы салымдарын инвестициялауда заңнамалық түрде қаржы құралдары аясын кеңейтіп, ЖЗҚ-ларға зейнетақы салымшылары шоттарына «әділ» инвестициялық табысты аударуды ретке келтіру қажет. Жапония, Германия және бірқатар басқа мемлекеттерде мемлекеттің араласуы біршама жоғары. Сонымен, Жапония мен Германияда ЖЗҚ үшін өзіндік инвестициялау шегінің 10%-нан басқа, келесі активтердің түрлеріне инвестицияланатын құралдардың жоғарғы шектері бекітіледі; яғни: өнеркәсіптік фирмалардың акциялары, мүлік салымдары, шет елдік инвестициялар. Қазіргі кезде бұл лимиттер Германия мен Жапонияда, сәйкесінше, 20 және 30% акциялар бойынша, 5 және 20% мүліктік инвестициялар бойынша, 4 және 30% шет елдік инвестициялар бойынша үлестерін құрайды .

2. Зейнетақы салымшыларының (тұрғындардың) зейнетақы жүйесіне тікелей қатыспауы және қаржылық сауаттылығының төмендігі. Қазақстандағы зейнетақы жүейесінің реформасы 15 жылдық тарихқа ие, аталған шара әр кезде мемлекеттің уәкілетті органдарының шетелдік тәжірибені ескере отырып, шақырылған мамандардың қатысуымен жасалып отырды. Алайда бұл реформаларда қазақстандықтардың қатысуы шамалы болды десек те болады. Қазіргі таңда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру мәселесі талқылануда. Алайда бұл сауалды қарапайым халық арасында талдау, сауалнама өткізу, әлеуметтік сұрау, т.с.с. шаралар байқалмайды. Бұл ретте тұрғындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында, жүйені ортақ мүдделі жетілдіру мақсатында негізгі құндылық – адами факторды ескеру қажет. Бұл мәселе қарапайым халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігінен десек те болады. Себебі қазіргі зейнетақы салыымшылары өздерінің зейнеткерлік жасына жеткенінде қандай табысқа ие болатынын білмейді де, ол жайлы ойлануы да шамалы. Сондықтан елдегі әлеуметтік әл-ауқатты арттыру мақсатында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру қажет.

3. Қор нарығы даму деңгейінің төмендігі. Зейнетақы салымдарын тартудың басты мақсаты халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және инвестициялық табыс табу болып табылады. Еліміздегі зейнетақы жйесіне қатысты заңнама инвестициялаудың шектеулі қаржы құралдарын рұқсат етеді, оған қоса отандық Қор нарығы да қаржы құралдары мен қызмет ету механизмі жағынан әлсіз, ал шетелдік қор нарықтарға инвестициялауға, біріншіден шектеулер қойылған, екіншіден отандық қаражаттардың сыртқа ағымы қайта орын алады. Бұл ретте ЖЗҚ-лардың алған инвестициялық табыстары да төмен, ал комиссиялық сыйақылар есептелгеннен кейінгі зейнетақы салымшыларының инвестициялық табысы мардымсыз көлемде қалып отыр. Сондықтан Қор нарығының барынша дамуы жинақтаушы зейнетақы жүйесінін толыққанды жұмыс істеуін қамсыздандырады.

4. Халықтың қартаю үрдісі. Қазіргі таңда қаржылық дағдарыстан кейінгі әлемдік зейнетақы нарығындағы мәселесі – халықтың қартаюы. БҰҰ бойынша, 2025 жылы ҚР 8% 65 жас және одан үлкен азаматтар болады. Жалпы қазақстан «қартаюшы мемлекет» санатына жатқызылған. Зейнеткерлiк жасқа келу шектерi биологтармен, психологтармен, экономистермен, әлеуметтанушылармен әр түрлi бағаланатын шартты түрде кәрiлiктiң басталуы деп санауға болады. Егде жастағы адамның жалпы жылдамдығы мен физикалық жылдамдығының төмендеуi сөзсiз, бiрақ, бiлiмi, кәсiпқойлығы сақталады; жасының ұлғаюына байланысты шығындары көп жағдайда білімінің және тәжiрибесiнiң жоғары сапалылығымен жабылады. Зерттеулер бойынша 60-69 аралығындағы адамдардың барлық өмiрлiк тәжiрибесi 16-19 жастағылардың балама көрсеткiшiнен 19,8 рет жоғары; 20-24 жастағылардан – 4,34 рет, 25-29 жастағылардан – 2,74 рет, 30-34 жастағылардан – 1,83 рет жоғары екен. Егер әлемдегі барлық зейнеткерлердiң арасындағы жұмыс iстейтiндердiң үлесi 1965 жылы 12% құраса, 1975 жылы – 20,3%, 1995 жылы – 19,2 %, 2005 жылы – 15%, 2008 жылы-13% , ал 2011 жылы – 7,9%құрайды. Бұл мәлiметтер үлкен жастағы адамдардың шын мәнiнде қоғамның еңбек резервi болып табылатындығын куәләндырады. Жалпы елдегі зейнеткерлік жастың ұлғайту реформасын жасау қажет, алайда реформа сатылай түрде және халық әл-ауқатын ескеріле жүзеге асырылуы қажет .

Қорытындылай келе, Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың келешек Халықтың ұлттық экономиканың шикізат моделінен индустриялық-инновациялық моделіне өтуімен тығыз байланысты, оның басты құрамдас бөлігі қоғам мен мемлекеттің заманауи зейнетақы жүйесінің жалпы рентабель­дігіне тікелей әсер ететін тыныс-тіршілігінің барлық салаларын жаңарту болып табылады, ал мемлекеттік шығыстарды жоспарлаудың негізгі басымдығы халықтың тұрақты өсуі, өмір сүру деңгейінің артуы және олардың әл-ауқатын нығайту болған және бола да беретінін атап өтуге болады.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1. Әлеуметтік саясат пен зейнетақы жүйесі

2. Әлеуметтік мәселелерді атаңыз

Ұсынылған әдебиеттер

1. Мемлекет саясатының стратегиясының басым бағыттары-
баянды даму кепілі. Ақиқат. №10, 2001 ж.

2. Назарбаев Н.А. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы,Астана. 2013жыл14 желтоқсан.

3. НазарбаевН.А XXI ғасырлар тоғысында- Л, 2002

4. Рапатский Б.В Социальная политика, Социальная защита, самозащита
трудящихся в обществе. -М, 1998

5. Романов В.И. Социальная политика Казахстана. Саясат. №9, 1997 .

6. Сәрсенова Ж.Н.Әлеуметтік жүмыс - Алматы,2004ж

Тақырып 10.Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй мәселесі

мақсаты:Ғылым және ғылыми әдіс. Ғылыми зерттеулердің түрлерін жалпылыама тоқталу

Негізгі түсініктер: Қол жетімді тұрғын үй 2013- 2020

Жоспары

1. «Қол жетімді тұрғын үй 2012- 2020“ және де басқа бағдарламалар

Қол жетімді тұрғын үй 2013- 2020“ -Жаңа бағдарлама шеңберінде жоспарланған кең көлемді құрылыс қазақстандықтардың тұрғын үйге қол жеткізуін арттырады. Жылжымайтын мүліктің тез дамып келе жатқан нарығы республика экономикасының негізгі қозғаушы тетіктерінің біріне айналып, Қазақстанның құрылыс индустриясына жаңа серпін береді.

Мақсатты индикаторлар:

• 9 жыл ішінде жалпы ауданы 69 050 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

• Салынатын тұрғын үйлердің ауданы 35 пен 75 шаршы метр аралығында, бір шаршы метрінің бағасы 80-нен 100 мың теңгеге дейін, орташа айлық төлем 50 мың теңге көлемінде болады

• 2013-2020 жылдары тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы сатылатын 2 940 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй салынады

• Апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзудың ілкі жобасы шеңберінде 315 мың шаршы метр жаңа тұрғын үй салынады

Наши рекомендации